Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әд

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 08:47, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
Тақырыптың мазмұнын ашуға бағытталға педагогикалық-психологиялық еңбектерді жинақтау, оларға теориялық талдау жасау.
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыра зерттеу.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің жүйелі жолдарын көрсету.

Содержание

Кіріспе

І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.

ІІ-тарау. Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.
2.1. Музыка пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу жолдары.
2.2. Оқушылардың музыкалық шығармашылығын жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Сабақ жоспары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларның-шығармашылық-қабілеттерін.doc

— 257.50 Кб (Скачать документ)
  1. Оқытушы екі дауысты кішігірім әуенді күйсандықта орындап шыққан соң, оған оқушыларға талдау (екінші дауыс қай бағытта жылжиды? (жоғары, төмен, бір орында); ол ақнша дыбыстан тұрады; басты әуен қай партияда?) жасатыды;
  2. Сүйемелдеу музыкасында басты әуенді қайталамайтын шығармалардыайтқызу. Әншілер дауысын ақырынддата шығарып, сырнайдың сүйемелдеуін ылғи жақсы естіп отырулары тиіс. Дирижердың көрсету бойынша  хор әннің кез-келегн жерінде   тоқтап немесе оны қайта жалғастырып дағыдыланады;
  3. Таныс әндерге қосымша дауыс жасау. Яғни бір дауыс әнді аяғына дейін айтып шыққанша, екінші дауыс ұзақ нотаны созып тұрады;
  4. Таныс әуенді хорға әр түрлі дыбыстардан бастап айтқызу. Оны меңгерген соң, хорды екі топ бөлініп, бірінші дауыс әнді бастап кеткен соң, екінші дауыс дирижердың көрсетуі бойынша оны басқа дыбыстан (квинта, кварта, терция интервалдарына) бастап айтып, әнді екі дауысқа айналдырады.

Осындай әр түрлі жаттығуларды айтып, репетиция сайын жүйелі түрде дайындық жүргізу өз нәтижесін береді. Әншілердің құлағына сіңісті болып, гармониялық есту дағдысы қалыптасқан соң, екі дауысты ән айту хорға еш қиындық туғызбайтын болады.

Бір сабақтың бойында жаттығуларды жиі өзгертіп, немесе әр репетицияда міндетті түрде жаңа жаттығу үйрену дұрыс емес. Керісінше, бұрыннан айтылып жүрген хорғажақсы таныс жаттығуларды бірнеше мақсатта пайдалану тиімді.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тәлім-тәрбиенің негізгі бөлігі болып табылатын эстетикалық тәрбиенің жасөспірімдердің әсемдікті түсініп, ұға білуі және олардың дүниетанымының қалыптасып дамуы жолында атқарар маңызы зор.

Музыка мектептері мен жалпы білім беретін мектептер саласындағы әуесқой оркестрлер мен ансамбльдердің жұмысы оқушыларды әсемдік әлеміне жетелеп, оларғы эстетикалық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады. Сондықтан да бұл жағдай мектептерде әуесқой оркестрлер мен ансамбльдер үйірмесін батыл түрде ұйымдастырып, оларды оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстар жүргізу барысында кеңінен пайдалану қажеттігін тударады.

Бұл күндері Республикамыздың мәдени-ағарту мекемелері мен мектептерінде халық аспаптары оркестрімен жұмыс жүргізу жөнінде айтарлықтай тәжірибе жинақталған. Сонымен қатар, әуесқой оркестр ұжымдарын құрудың кейбір мәселелеріне, жеке аспаптарды ойнап үйренуге арналған жинақтар мен әдістемелік оқу құралдыры бар. Бұл орайда халық шығармашылығының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ қазақ халқының музыкалық аспаптарының шығу тегі мен тарихына арналған Б.Сарыбаевтың ңҚазақтың музыкалық аспаптарың атты кітабын атап өткен жөн.

Қазір Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі музыкалық және жалпы білім беретін мектептерде орындау мүмкіншіліктері тәп-тәуір әуесқой халық аспаптары оркестрлері мен ансамбльдері көптеп саналады. Дегенмен де, үйірме жетекшілерінің көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмысын бақылап, бағыт-бағдар беруде белгілі бір жүйеде жұмыс жүргізбейтін, оқушылаодың жалпы музыкалық ой-өрісінің дамуына жете мән бермейтін жайлары да кездеседі.  Кейбір мектеп оркестрлерінің жетекшілері өздерінің міндетін тек қана концерттер мен байқауларға репертуар даярлап беру ғана деп ұғынады. Ал кейбір мектептердегі көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыстарының белгілі бір мерекеге дайындықтың немесе байқаулар мен олимпиадалардың алдында ғана жанданып, қызу қолға алатынын өкінішпен айтуға тура келеді.

Жасөспірімдердің музыкалық-эстеткалық талғам-талаптарын дамытудағы ең маңызды фактор болып саналатын мектептегі музыкалық тәрбие жұмысын тиянақты жолға қоþдағы қиыншылықтар, біріншіден, бұл саладағы маман кадрлардың жетіспеушілігінен туындаған жай. Соңғы жылдарға дейін кадр мәселесіне тапышылық көп жерлерде, әсіресе, ауылдарда, шалғай елді мекендерде айтарлықтай орын алып келгені белгілі және қазірде бұл мәселе толық шешімін тапты деп айту қиын. Екіншіден, әлі де болса жер-жерлерде музыкалық тәрбиеге немқұрайлы қарау, жете бағаламау жайттары байқалады. Мектептегі ән-күй сабақтарына көп жағдайда да оқушылардың да, олардың ата-аналарының да ңқажетсіз пәнң деп, көңіл аударай келгені белгілі. Тіпті қазірдің өзінде де мамандар арасында цифрлы жүйе тұрғанда, нота үйрету міндетті емес деген теріс ұғым да кездесіп қалады. Алайда, соңғы жылдары республика мектептерінде бұл бағытта елеулі өзгерістер болып жатыр. Мектептегі ән-күй сабағы мен музыкалы сауаты жөнінде қазақ тілінде оқулықтар жарық көрді. Көркемөнерпаздар ұжымдарының жетекшілерін, мектептегі ән-күй сабақтарының мұғалімдерін даярлау мықтап қолға алынып, олардың кәсіби шеберліктерін арттыру жолға қойылды.

Мектептерде әуесқой халық аспаптар оркестрлерінің дайындықтарын ноталық сауат негізінде өткізетін уақыт жеткен тәрізді. Тиянақсыз, негізсіз білім алу, аспапта ойнау әдістерін ат-үсті меңгеру үйірме мүшелерінің біліміне, ойнау шеберлігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, олардың эстетикалық талғам-талаптарына  да әсерін тиігетінен жетекшілірінің білгені жөн. Мұндай жағдайға батыл қарсы тұру керек. Өйткені, сабақ өткізуді жеңілдетіп жіберу, үйірме мүшелеріне аспапты қалай болса солай үйрете салу репертуардың қарапайымдылығы мен қарабайырлығына әкеп соғатыны анық.

үйірме жетекшілерінің көркемөнерпаздармен атқарылатын жұмыстың өзіндік ерекшеліктері мол, қиын да жауапты міндет екенін ескере отырып, қара дүрсін әуесқой музыканттар тәрбиелеуден  және арзан қолды  музыка репертуарын таңдауда аулақ болғаны абзал. үйірме мүшелері оркестрга қатысу арқылы тиянақты музыкалық білім алып, жақсы ән-күй ойнай білумен қатар   рухани талап-тілеген қанағаттандыра алғаны жөн.

Мектеп көркемөнерпаздар халық аспаптар оркестрін немесе ансамблін құру үшін ең алдымен үйірмені басқаруға өз ісін жақсы белетін білімді жетекшіні қабылдау қажет. Ол өзінің ісін ұйымдастыру жұмыстарынан бастауға тиіс. Ең алдымен оркестрге керекті музыкалық аспаптарды сатып алуға жете көйіл аударғаны жөн. Жетекші сапалы ойнауға ыңғайлы аспаптары сұрыптай отырып, олардың әрқайсысын тікелей өзі тексеріп алуға тиіс. Республиканың түкпір-түкпірінде көп жылдар Осакаровка комбинатында шығарылған музыка аспаптары пайдаланылып жүрді. Бұл аспаптар дыбыс сапасы мен ойнауға ыңғайлылығы жөнінен қанағаттанғысыз еді. Мойыны жуан және дөрекі істелген бұл аспаптарға оқушылардың саусақтары жетпейтін, сондықтан олар көбінде сөрелерде шаң басып текке жататын.

Керекті аспаптарды сатып алғаннан кейін оларды сақтайтын және үйірме мүшелерімен сабақ өткізетін бөлмені дайындау қажет. Оркестр дайындығы өтетін бөлменің іші кең, ауасы таза, жарығы мол, температурасы бірқалыпты, бөтен у-шуы жоқ және акустикасы жақсы болуы міндетті. 

Бөлме ішінде орындықтар мен үстелден басқа оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, ноталарды, медиатор, канифоль, ішек, тиектер, сол сияқты оркестрге керекті басқа нәрселерді сақтайтын шкаф және пульттер болуы қажет. Екі адамға нота қоятын бір пульт болса жеткілікті. Музыкалық сауат сабығын өткізу үшін бетіне нота сызықтары сызылған кәдімгі сынып тақтасы керек.

Сынып ішін үйірме мүшелері тәлім-тәрбие алатындай көрнекі құралдармен безендіру қажет. Сонымен қатар магнитофон, радиолла тыңдауға арналған күйтабақтар жинағы болса тіпті жақсы.

Музыка аспаптарын сақтайтын бөлменің іші таза, құрғақ, температурасы аса көп өзгермейтіндей бірқалыпты болғаны жөн. Аспаптарды күн көзі түспейтіндей және жылу жүйелерінен қашығырақ сақтаған дұрыс. Өйткені, температураның кенет өзгеруі аспаптардың құлақкүйінің түсіп кетуіне әсер етеді, ал бөлме ішінің үнемі дымқылданып тұруынан аспаптардың желімі ажырап, темірден жасалған ішектері мен кейбір бөліктерін тот басып кетуі мүмкін. Осы сияқты зақымданып, бүлінуден сақтау үшін музыка аспаптарын міндетті түрде тығыз матадан тігілген тыспен қаптап қоþ керек. Аспаптың тысы екі қабат матадан тігіледі, сырты брезент, немесе сол сияқты басқа матадан, ал іші бөзге ұқсас жұмсақ матамен көмкеріледі. Аспаптар жерде жатып соғалып, сынып қалмау үшін қатар-қатар тізілген сөрелер жасап,  оларды соған қоþ керек, ал домбыра сияқты аспаптардың мойнына үзілмейтін жіптен бау тағып, ілңп қойған жөн.

Оркестрге оқушылар қабылдау жұмысын оқу жылының басында жүргізген дұрыс, алайда жыл бойғы оқу мерзімінің ішінде де талапкер оқушыларды қабылдап, ұжым құрамын толықтырып отыруға болады. Алдымен мектепте оркестрге талапкер оқушылар қабылданытыны жөнінде хабарландыру жазылған тақташа ілінуі керек. Егер оркестр жетекшісі әр сыныпқа кіріп, үгіт түрінде оркестр жайында әңгіме өткізіп, ынта-ықыласы бар балаларды іріктеп алса, нұр үстіне нұр.

Оқушылардың музыкалық қабілетін тексеруді олардың ырғақты  сезіне білу қасиеттерінен бастау керек. Себебі, ырғақты сезіне білмейтін адамды музыкаға үйрету өте қиын іс. Тексеру барысында ең алдымен ырғақтың жеңілінен бастап, бірте-бірте қиындата түскен жөн. Егер бала ырғақты екі-үш көрсеткеннен кенйін мүдірмей қайталап беретін болса, онда оның ырғақты сезіне білу қабілетінің бар болғаны.

Музыкалық  есту қабілетін тексеру кезінде үйірме жетекшісі бір аспапта әр түрлі дыбыстарды біртіндеп ойнап, оқушыдан әр естіген дыбысын анық, асықпай, дауыстап қайталап беруін сұрайды. Музыкалық есте сақтау қабілетін тексергенде, бұрын естімеген түрлі әуендерден үзінділер ойналып, сол әуенді дауысымен өзгертпей айтып беру талап етіледі. Егер оқушыға бұл әуендер қиындық тудырса, оларға бұрыннан таныс, сетіп жүрген әуенінен үзінді ойнап, қайталап, айтқызуға болады. Оқушы дыбыстароды дұрыс айтып берсе, онда, сөз жоқ оның бұл қойылған талапты қанағаттандырғаны. Кейде оқушылар дауысы жоқ екенін сылтау етіп, немесе көпшіліктен ұялып, қойылған талапқа дұрыс  жауап бермеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда қабілеті жоқ екен деп бірден шешім қабылдау ағаттық болады. Керісінше, жетекші оны асықтырмай, дыбыстарды қайта-қайта ойнап, керек кезінде өзі дауыстап пйтып көрсеткені дұрыс.

Үйірме мүшелерін оркестр аспаптарына бөлу кезінде олардың музыкалық қабілеттерімен қатар, дене құрылысын ескеруді, аспапты таңдау тілегене мұқият қарауды ұмытпау керек. Оқушылар оркестрге мүше болған соң, өздеріне ұнайтын музыкалық аспаптарды ойнап үйренгісі келгенімен, бұл талап оркестрді құруға, әр түрлі аспаптарды оркестрдің үндестігі бойынша пайдалануға кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан үйірме жетекшісі оларға оркестрді құру жөнінен мағлұмат беріп, оркестрдегі әр аспаптың маңызын түсіндіруі керек. Мәселен, бас, контрабас-домбыра немесе сырнай, сол сияқты басқа да аспаптардың біреуінің жетіспеуінің өзі оркестр дыбысына көп нұсқан келтіретінін айтқан жөн. Міне, осылай әр аспап жөнінен түсінікті бағдар алған оқушылар жетекші бөлген аспапты игеруге құлшына кіріседі. Егер оқушы айтқанға көнбесе, онда оған екі аспапта – біреуін өзінің қалауымен, ал екіншісін жетекшінің қалауымен ойнап үйренуді тапсыру қажет. Алайда, бұл талап оның көңілінен шықпаса, онда өзіне ұнаған аспабын қалдыру керек. Кейін, аспапты әжептеуіп игерген соң, оқушыға оркестрге қажетті аспапты үйрету оңайға түседі.

Осы сияқты көптеген әдістерді қолдану арқылы оқушылардың музыкалық шығармашылығын жетілдіруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

  Қорыта айтқанда, мектептегі барлық пәндер сияқты, музыка сабағы да оқушыларды азаматтық рухта тәрбиелеп, олардың дүниетанымын дамытып, ой-өрісін кеңейтуді, сонымен қатар музыка саласында білімін жетілдіруді мақсат етеді. Алайда музыка жай сабақ емес, өнер сабағы болғандықтан, оның өзіндік ерекшеліктері және атқаратын міндеттері бар. Атап айтқанда, оқушылардың дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы музыкалық шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде алған әсерлену сезімі арқылы тәрбиеленеді. Сондықтан музыка және өмір деген ұғым әр сабақтың ең өзекті мәселесі болып отыруы шарт. Олай болса, оқыушының сабақта қолданған барлық әдістері осы түйінді мәселені ашуға бағытталуы тиіс. Ал ән айту, музыка тыңдау дағдыларын үйрену музыкалық сұлулығын, әсем сазын терең түсініп, одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын жеңілдетеді. Демек, музыка сабағында сезім мен саналылық, көркемдік пен шеберлік шыңдау бірігіп, тұтасып кетуі тиіс. Сонымен қатар оқутушы сабақта жұмыстың ұжымдық , топтық, әрі жеке түрлерін алмастыра білуі тиіс.

Тыңдалатын музыкалық шығармалар және үйретілетін әндер негізінде бірінші сынып оқушыларына музыка саласындағы ең қарапайым, әрі жалпылама түсініктер беріледі. Мысалы, музыкадағы төрт алып (ән, би, күй, марш) өмірмен тығыз байланысты, сондықтан ол адамның көңіл-күйін, ойлаған ойын бейнелейді, бізді қоршаған табиғат көріністері мен құбылыстарын суреттейді. Осыған байланысты музыка көңілді, қайғылы, ойнақы, баяу, жылдам, ойлы, салтанатты болып келеді.

Музыкалық шығарма әр түрлі дыбыстадан құралып жазылады. Ал дыбысьардың түрі өте көп: жоғары, төмен, жуан, жіңішке, ұзақ, қысқа, жылдам, баяу, біртіндеп бәсеңдейтін немесе біртіндеп күшейетін т.б.  Сонынмен қатар музыкада ырғақ, саз, әуен, жылдамдық деген болады. Міне, осылардың бәрі музыка тіліне жатады. Бірінші сыныпта оқушылар оларды ажырата білуі тиіс.

Музыка сабағының барлық жүйелері бір-бірімен тақырыптық желі бойынша тығыз байланыста болып келетіні белгілі. Осыған байланысты оқытушы әрбір жаңа әнді үйреткен кезде, сабақтың негізгі тақырыбынан ауытқымай, қайта оны тереңдете, өрбіте түсуді мақсат еткені жөн. Түрлі ой салу, бағыт беру, іздендіру, көрнекі құралдарды пайдалану сияқты, балалардың ынтасын арттырып, қызықтыратын тиімді әдістерді көптеп қолданса, ол оқушылардың санасымен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Сонда олар зерек, ойшыл, аңғарымпаз болады. Бұл олардың басқа сабақтарды да жақсы үлгеруіне себін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күз - мереке, Күз – береке.

Қатысушылар: Күз (жоғарғы сыныптан алынады). Сыныптан 4 қыз бала, 4 ұл бала сынып бөлмесіне күзгі жеміс және биылғы астықтан жасалған тағамдардан көрме ұйымдастырады.

Мұғалім мерекелік бағдарламаны хабарлап ашады.  

І бөлім. Мерекелі, берекелі күз келді.

ІІ бөлім. Бар сыйымыз сізге, ңАлтын күз!ң 

 

І бөлім.

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Ортаға себет толы жемістері бар ңКүзң келеді. (қол соғып қарсы алу).

Күз: Сәлем, өрен достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Қымбатты сый алыңдар

Молайтыңдар шаттықты,

Ән айтыңдар бақытты.

2-оқушы:  Астық, жеміс жиылды

               Қамбамызға құйылды.

               Ардақты күз мың алғыс,

               Алдық өнім сыйыңды.

Хор:         Ардақты күз мың алғыс.

Күз: Мен күзбін. өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әд