Электржабдықтау жобасын есептеу кернеуі 1000В дейінгі күштік бөлімнің электрқондырғыларын таңдау
Курсовая работа, 29 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Орталық электрлік станцияларда өндірілетін электрлік энергия үлкен арақашықтықтарда көптеген қабылдағыштармен беріледі. Қабылдағыштар арасындағы энергияның таралуы және қорек көздерінің жұмысын басқару электрлік аппараттардың көмегімен жүзеге асырылады, оларды екі топқа бөлуге болады:
электрлік энегияны таратуға арналған коммутациондық аппараттар электрлік энергияны генерациялайтын және оны тұтынушыға тасымалдайтын жүйелерде басты тізбектерді автоматты түрде іске қосу және автоматсыз сөндіруге арналған.
электрлік энергия қабылдағыштарын басқару аппараттары. Екінші топтың аппараттары (түйістіргіштер, контроллерлер, командоаппараттар, реостаттар, релелер) электржетектің жұмысын қорғауға және басқаруға арналған.
Содержание
Кіріспе..........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1.Электржабдықтау жобасын есептеу кернеуі 1000В дейінгі күштік бөлімнің электрқондырғыларын таңдау...................................................................................5
2.Электржабдықтау жобасын есептеу кернеуі 1000В қосалқы станцияның электрқондырғыларын таңдау.................................................................................15
3.Арнаулы тақырып
3.1.РВО айырғыштар.................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................41
Прикрепленные файлы: 1 файл
курсавой работа Пернебаева Динара.doc
— 524.00 Кб (Скачать документ)Жаратын айырғыштардың түрінде пышық қозғалмайтын түйіспелердің біреуінің айналасында айналады, қозғалыс пышаққа фарфорлық тартпалар арқылы білікке беріледі. Түйіспелердегі қысым пуржиналармен жасалады. жаратыын айырғыштар түрінің түйіспелі жүйесінің құрылысы көрсетілген. 1-оқшаулатқыш тік бұрышпен иілген мыс шина бекітілген, ал 2-қозғалмайтын түйіспе болып табылады. Түйіспенің бұйірлік бөліктері екі циліндірлік бет бойынша өңделген, сондықтан 6-пышақтың пластиналарымен бірге сызықтыұ түйіспе құралады. 5-стерженьге орнатылғын 4-пуржиналар болат пластиналарға басады, олар өзінің шығысымен пышақтарды қозғалмайтын түйіспеге қысады. Түйіспедегі қысым артқан сайын, өтпелі кедергі азаяды, ал түйіспелердің іске қосу және сөндіру барысындағы жанасудың нәтижесінде тозуы тез жүреді, яғни айырғыштармен жұмыс жасаған кезде көп күш жұмсау қажет.
Қысқа тұйықталу тоқтары
өткен кезде пышақтың пластиналарынан
түйіспеге өткен кезде
Айырғыштың екінші оқшаулағыштағы түйіспелі жүйесі дәл осындай конструкцияға ие болады, бірақ түйіспелер сырғанайтын, шарнирлік болады, ажыратылмайды, себебі пышақ остің айналасында айналады.
Сыртта орнатуға арналған айырғыштар. 10-75 кВ кернеуі үшін горизонталь бұрылатын түрі кең қолданылады. Бұл айырғыштарда басты пышақ екі бөліктен тұрады, олар оқшаулатқыштардың колонкаларын бұрған кезде горизонталь жазықтықпен орын аустырады. Бір поюсті жетекшіге жетек жалғанады. Екі басқа полюстерге (қосымша) тартпалармен беріледі. Айырғыштардың бір немесе екі жерге қосқыш пышағы бар. Айырғыштың түйіспелі бөліктері бір пышақтың соңында және басқа пышақ ұшының түйіспелі бетінде бекітілген ламельден тұрады. Іске қосқан кезде пышақ ламельдердің арасына кіреді. Түйіспедегі қысым пуржиналармен жасалады.
Горизонталь бұралмайтын айырғыштарда пышақ сөндірген кезде екі бөлікке сынатындай болады, сондықтан түйіспелер бозарған жағдайда жетектің жұмысы біршама жақсарады.
Кең таралған горизонталь бұралмайтын айырғыштардың РЛНД түрі қазіргі колонкалық жерге қосқыш пышақтары бар, сыртта орнатуға арналған айырғыштар) алмастырылады.
330-750 кВ кернеуіндегі
айырғыштарда түйіспелерді
500-750 кВ кернеуіндегі
қондырғыларда пантографиялық
Айырғыштар құрылымы бойынша мынадай типтерге бөлінеді:
- Кескішті – пышақтары оқшаулатқыш осінің жазықтарында айналады (3.1-сурет).
- Бұрылмалы – пышақтары оқшаулатқыш осінің жазықтығында перпендикуляр айналады;
- Шпенсельді – қосқанда және ажыратқанда оқшаулатқыштың өз осінде қозғалады.
3.1-сурет. Кескішті айырғыш (РВРЗ-2-20/8000).
1.Қозғалатын бас түйіспе. 2.Қозғалмайтын түйіспе. 3.Фарфорлы таратқыш. 4.Тіректік оқшаулатқыш. 5.Рама. 6.Жермен қосатын пышақтар. 7.Бас түйіспе мен жермен қосатын пышақтардың арасында механикалық блокиратор.
Айырғыштарда жұмыстық пышақтармен қоса жерге қосылатын пышақтар да болуы мүмкін, ал мұның өзі жөндеу жұмыстары кезінде қондырғы бөліктерінің фазасын қысқа тұйықталуға және жерге қосуға пайдаланады (4.36-сурет).
ТМД зауыттарында барлық кернеуге арналған, ішкі және сыртқа орнататын айырғыштар жасалынады.
Сыртқа орнатылатын айырғыштар қолайсыз ау райында (шаң, ылғал) жұмыс істеуге арналғандықтан, механикалық төзімділігі жоғары оқшаулатқыш болуы тиіс.
Энергетикалық өндіріс орындары шығаратын сыртта орнатуға арналған айырғыштардың ең көп тарағаны – пышақтары оқшаулатқыш жазығында айналып тұратын кескіш.
РЛН – сыртта
орнатуға арналған желілік
РЛНЗ – жерге
қосылатын бір немесе екі
РВО – ішке
орнатылатын бір полюсті
РВ – ішке
орнатылатын үш полюсті
Айырғыштарға шағын тоқтарды қосуға және ажыратуға рұқсат етіледі. Атап айтқанда:
- Кернеуі 10 кВ-қа дейін, қуаты 750 кВт; кернеуі 35 кВ-қа дейін, қуаты 20000 кВт; кернеуі 110 кВ-қа дейін, қуаты 40500 кВт трансформаторлар тоқтарына арналған;
- Ауа желісінің сыйымдылық зарядты тоғына қосуға болады. Желінің сыйымдылық тоғының ажыратылуының шектеу мүмкіндігі оның кернеуіне және желіден айыру типіне байланысты;
- Трансформатордың шағын магниттелінген тоғын қосуға болады;
- Жинақтаушы шиналарының сыйымдылық тоғы тексеріледі, осыдан кейін тексерілген шиналарға токты ажыратқыштармен беруге болады;
- бейтарап нүктелері бар тарансформаторлар мен доғаны өшіретін орауыштардың тізбектеріне;
- Айырғыштарға кернеу айырмашылығы номиналь шамадан -2% аспайтын жағдайда, желілердегі теңестіру тоқтарын;
- Жерге тұйықталу тоқтары: кернеуі 35 кВ-тан аспайтын желіде тоқ 5А-ден және 10 кВ желіде 10А-ден аспайтын жағдайда;
- Кернеуі 10кВ-тан аспайтын желілердегі жұмыстық тоқтың шамасы 15А-дан аспағанда.
Айырғыштар жетектері
Жетектерді қолдану өндірісте ажыратқыштармен жұмыс істеу қауіпсіздігін арттырады, өйткені жетектерді айырғыштардан қашық орналастырады, ал жабық тарату құрылғыларында жетектерді басқару дәліздеріне шығарады. Барлық фазалар бір мезгілде қосылғандықтан және ажыратылғандықтан жетектердің өндірістегі операциясын жеңілдетіп, тездете түседі.
Айырғыштарды басқару үшін: қол жетегін, электр қозғалтқышы жетектерін; пневматикалық жетектерді қолданады.
Ең көп тарағаны рычагты қол жетегі. Бұл номинал тоғы 3000А-ге дейінгі айырғыштарда қолданылады. Номиналь тоғы 3000А және одан астам болатын ауыр айырғыштарды басқару үшін тиісті доңғалақты (червякты) қол жетегін қолданады.
Айырғыштарды дистанциялық басқаруға тура келген жағдайда электр қозғалтқыш және пневматикалық жетектерді қолданады.
Электр қозғалтқыштары күрделі, әрі қымбат, сондықтан қолмен басқару қиынға түсетін немесе мүлде мүмкін болмайтын жағдайда ғана оларды тек өте ауыр айырғыштарды басқаруға қолданады.
Пневматикалық жетектер қарапайым, жинақты, арзан, әрі кез келген айрғыштарға қолдануға болады. Алайда, энергетика зауыттар әзірше оны жасамай отыр. Жетектердің түрлері:
ПР, ПРН, ПРНЗ –рычагты қол жетегі; ПЧ, ПЧН – червякты қол жетегі, ППВ – ішке орнатылатын электр қозғалтқыш жетек; ПДН – сыртқа орнатылатын электр қозғалтқыш жетек.
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
|
|
|
|
||||||||||||||
|
|
|
|
РВО-10/400 айырғышы УХЛ2 ішке орнатуға арналған:
- жүктеме тоғының жоғары кернеуін электр тізбегінің бөлімшелерін қосуға және ажыратуға және схема өзгерістерін қосу үшін;
- ажыратылған бөлімшеде қауіпсіз жұмыс жасауды қамтамасыз ету үшін;
- кабель желілерін және ауалы заряд тоқтарын ажыратуға және қосуға, трансформатордағы бос жүрістегі тоқтарды және аз жүктеме тоқтар үшін.
РВО-10/400 айырғышы УХЛ2- талабына сай:
Р - айырғыш,
В – ішкі қондырғы,
О – бір полюсті,
10- номинал кернеуі, кВ,
400 – номинал тоқ, А,
УХЛ – ГОСТ 15150 климаттық орындау,
2 – ГОСТ 15150 бойынша орналастыру дәрежесі.
Номинал кернеу, кВ |
10 | ||
Көбірек жұмыста кернеуі, кВ |
12 | ||
Номинал тоқ, А |
400 | ||
қысқа тұйықталу тоқтарын тесiп өткен күйіндегі орнықтылық, кА |
Амплитудада шекті тесіп өткен тоқ |
41 | |
Шекті тоқ жылулық төзімділік ағымында |
Бас пышақтар үшін, 4с |
16 | |
Жерлестіруші пышақтар үшін, 1с |
- | ||
Полюстардың саны |
1 | ||
Басқару әдісі |
Жедел штангамен | ||
Сандық жерлестіруші полюс пышақтары |
- | ||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Родштейн Л.А. Электрические аппараты низкого напряжения. – М.: Энергия, 1989
- Чухинин А.А. Электрически аппараты. – М.: Энергия, 1988
- Кузнецов Р.С. Аппараты распределения электрической энергии на напряжение до 1000 В. – М.: Энергия. 1970
- Таев. И.С. Электрические аппараты. Общая теория. – М.: Энергия
- Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Электрооборудование станций и подстанций. М.: Энергия, 1980
- Ермилов А.А. Основы электроснабжения промышленных предприятий. – М.: Энергия
- Справочник по электроснабжению промышленных предприятий. Электрооборудование и автоматизация. Под общей редакцией А.А. Федорова и Г.В. Сербиновского. – М.:- Энергоиздат, 1981
- Правила устройства электроустановок. – М.: Энергоатомиздат, 1999.