Қазақстанның металлургия өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 05:51, реферат

Краткое описание

Жалпы Қазақстан көмірсутегінің мол қоры бар мемлекеттердің қатарына кіреді. Республика территориясында көмірсутегінің 208 кен орын ашылған болса, оның жартысы- мұнай, үштен бірі-мұнай-газ, қалғандары газ және газконденсаттары. Осылардың ішінен қазіргі уақытта 70-тен астам кен орындары игерілуде. Жалпы Қазақстандағы көмірсутегінің қоры 13млрд. мұнай және конденсат және 7,1 трлн. метр куб табиғи газ. Атырау және Маңғыстау облыстарының территориясында мұнай қорының 70 % орналасқан

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 23.56 Кб (Скачать документ)

Қазақстан республикасы металл шикізатына бай болғанымен, оны өндіру көлемі өте аз. 1991 жылдары экономикалық, шаруашылық қатынастардың үзілуіне байланысты өнімді өткізу орталықтары да болмай қалды. ТМД елдеріне республикада өндірілетін титан губкасының барлығы, металдық магний, уран, вольфрам, молибден, қалайы концентраттарының барлығы дерлік, мыс, мырыш, және басқа да түсті металдардың көп бөлігі экспортқа шығарылады. Қазақстанның металлды қолдануының ішкі үлесі тек 4-6 пайызды ғана құрайды.

Қазақстан минаралды-шикізат қоры бойынша дүние жүзінде алдыңғы орындарды алғанымен, оның сапасы бойынша дүние жүзінде соңғы орындарды иеленді. Осыған байланысты металлургиялық өнімді өндіру кезінде материал мен энергетикалық шығындар көп кетеді.

 

 

2.4. Металлургия кәсіпорындары

 

1994 жылдан  бастап, Қазақстанда  банкротқа ұшырау шегінде тұрған кәсіпорындарды шетел және отандық компаниялар қарамағына беру процесі басталды. Шетел компанияларына жеті ірі тау-кен металлургия кәсіпорындары берілді. Олар: Павлодар аллюминий заводы, «Жезказганцветмет» АҚ, Соколов-Сарыбай тау-өндіріс бірлестігі, Қарағанды металлургия комбинаты, «Казхром» корпарациясы, Дон тау-кен байыту комбинаты, Ақсу және Ақтөбе феррроқорытпа заводтары. Отандық компанияларға 3 кәсіпорын: «Риддер-инвест» Лениногор полиметалл комбинаты, Ақшатау Тау-кен металлургия комбинаты, Қарағайлы тау-кен металлургия комбинаты.

     Тау-кен металлургия комбинаттарын  шетел және отандық компанияларға  берудің басты мақсаты республика  экономикасына шетел инвестиицияларын тарту еді. Оларға жалға берудің негізгі шарттар мынадай  болды: карметкомбинаттан басқаларын 5 жылға берді және олар 3 айлық мерзімде кәсіпорынн қарызының барлығын жауып, өндірістің жоспарлы қарызын өтеу керек, өндірісті реконструкциялау және модернизациялау қажет, әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және жақсарту қажет.

Қазақстанда қазіргі таңда ең тауарлы  өнеркәсіп саласына металлургия өнеркәсібі  жатады. Ол қара және түсті металлургиядан тұрады. Қазақстанның бүкіл өнеркәсіп үлесінің 20 пайызы металлургия өнеркәсібіне тиесілі. Оның ішінді үштен екісін түсті металлургия, үштен бірін қара металлургия алады.

Түсті металлургия тәуелсіздік жылдары үлкен дағдарысқа ұшырады. 1999 жылдан бастап жаңа  кен орындар игеріле бастады. «Қазақмыс» корпарациясы әлемдегі ең ірі он мыс корпарациясының құрамына кіреді. Республикада мыс өнімін негізгі қолданушылар Павлодардағы «Казэнергокабель» және Балхаш тау-кен металлургия  комбинаты.

Қазақстанның мыс рудасы мен марганец концентратын өндіретін ірі кәсіпорын Жайрем тау-кен  байыту комбинатында марганец рудасын өңдейтін металлургия заводы салынуда. Ол мырыш және қорғасын өндіретін жпабық өндірістік циклдің қалыптасуына ықпал етеді. Ақмола облысында құрамында алтыны бар руданы өндіру қайта жолға қойылып, онда ЖШС «ГОК Казахалтын» жұмыс істейді [15].

Қазақстанда қара металды  шығарумен «Испат-Кармет» акционерлік қоғамы айналысады. Мұнда республикадағы барлық қара металл мен шойын және қара металдан жасалынатын трубаның 95 % шығарылады. 1999 жылдан бастап прокат, шойын, болат өндіру көлемі ұлғаюда. Қазіргі кезде мұнда өндірілетін өнімі әлемнің 97 еліне экспортқа шығарылады.

 

 


Информация о работе Қазақстанның металлургия өнеркәсібі