Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 22:21, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание

Кіріспе
9
1 Менеджмент әдістемесінің теориялық негіздері
1.1 Басқарудағы жүйелі тәсілдеменің негіздері
1.2 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерінің қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері

10

19
2. Қазіргі кездегі менеджменттің әдістемелерін талдау
2.1 Қазіргі қоғамдағы менеджменттің дамуының үрдістері
2.2 Басқару әдістемелері

22
23
3 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары
3.1 Менеджментті оқудың әдістемесі
3.2 Қазақстанда сапаны басқару


28
31
Қорытынды
33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері.doc

— 201.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе

9

1 Менеджмент әдістемесінің теориялық негіздері

1.1 Басқарудағы  жүйелі тәсілдеменің негіздері

1.2 Қазақстанда  менеджменттің әдістемелік негіздерінің  қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері

 

10

 

19

2. Қазіргі кездегі менеджменттің әдістемелерін талдау

2.1 Қазіргі қоғамдағы менеджменттің дамуының үрдістері

2.2 Басқару әдістемелері

 

22

23

3 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары

3.1 Менеджментті оқудың әдістемесі

3.2 Қазақстанда сапаны басқару

 

 

28

31

Қорытынды

33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

34


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін  қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.

Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады.

Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз ол ақпараттың кәсіпорынды басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процеспен байланысты. Ол басқарудың барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай, сонымен қатар кейбір жеке функционалды жұмыстарына, мысалы болжау және бағдарлау, есепке алу, талдау жұмыстарына  байланысты қарастырылады.

Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі басқаруда жаңа әдістерді қажет етеді: бірінші кезекте тиімділіктің экономикалық және нарықтық критериялары, икемділікке деген талаптарда жоғарлауда. Ғылыми-техникалық прогресс және сыртқы ортаның динамикасы кәсіпорындарды күрделі жүйеге айналуға мәжбүрлейді, ал олар басқаруда жаңа әдістерді керек етеді. Осы жерден кәсіпорынның тиімді қызметі қаржыны, қызметкерлерді, сату мен сатып алуды және өндіріс процесін басқаруды біріктіретін біртұтас күрделі жүйесі негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жүйелер бизнестің негізгі мақсаттарына (өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту, нарықта жетекші орынға ие болу және өз бәсекелестерін жеңу) жету құралдары ретінде қарастырыла бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Менеджмент әдістемесінің теориялық негіздері

1.1 Басқарудағы жүйелі  тәсілдеменің негіздері

 

Жүйенің жалпы теориясы - күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол басқару және ұйымдастыру теориясынын әдістемелік негізі болып табылады. Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі, басқару процесіндегі құралдар ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген: жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің объективті ерекшелігін білдірмек.

Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-ақ «Жүйенің жалпы теориясын» алға шығарды.

Жүйені біріктіруші (интегральными) қасиеттерге ие, өзара ықпалдасушы компоненттердің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал, біріктіруші қасиет жеке алғанда осы элементтердің (компоненттер) бәріне бірдей тән емес. (Берталанфи анықтамасы).

Кез келген жүйенің ерекшеліктеріне жататындар:

- тұтастық  (оның  элементтерін   құрайтын   ерекшеліктер жиынтығындағы жүйелердің ерекшеліктері);

- құрылымдығы   (жүйелерді  оның  құрылымын   белгілеу арқылы  сипаттау мүмкіндігі);

- иерархиялылығы (жүйенің әр бөлігі  белгілі бір дәрежеде өз сапасы  болатын қосалқы жүйе ретінде  көрінеді).

Жүйе, ең аддымен, тұтас білім ретінде қарастырылады.

Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде болатын, сыртқы әсерге жауап қататын тұтас организм секілді.

Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элементтердің құрамында болмайтын жаңа касиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.

Тұтастық нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп иландыратын үлгісіне еңбек процесіндегі жай кооперацияны жатқызуға болады. Жүйенің мүмкіндіктері оның құраушы элементтерінің жай жиынтықты мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда кең.

Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады:

-  техникалық;

-  биологиялық;

-   әлеуметтік, оның ішінде  әлеуметтік-экономикалық.

Бұл түрлердің өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін құрайтын жақтары бар.

Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы аса зор. Кез келген әлеуметтік жүйе әркелкі жүйелер болып табылады, оған белгісіздік тән.

Әсіресе, үлкен айырмашылықты әлеуметтік-экономикалық жүйеден кездеетіруге болады, оған өндірістік-шаруашылық кешендері (кәсіпорын, салалар, аймақтар, түтас экономика) қатысты. Бұлай болатын себебі (яғни, жүйелердің әркелкі болуы), адам оның (жүйенің) ажырағысыз бөлігі болып табылады. Адам осы жүйелердің белсенді қалыптастырушысы, жүйелердегі байланыстар мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс істетеді әрі дамытады.

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің басты ерекшелігі - оның басты компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі жатады. Мұндай жүйе дербестікке ие элементтерден тұрады. Бұл оның жүйе тармақтары (подеистема) мен қосалқы жүйе (субсистема) ретіндегі жүйе элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, жүйе тармағы жүйе элементі немесе осы элементтердің тобы болып табылады. Әлдеқайда жоғары иерархиялық жүйелер қатынасындағы жүйе-жүйенің тармағы бола алады.

Мәселен, кәсіпорын, бір жағынан дербес жүйені білдіретін болса, екінші жағынан оны салалардың жүйе тармағы ретінде қарастыруға болады. Бұдан шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе тармағы арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде де, абсолюттік сипатта да бола береді.

Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы мүмкін болмайтынын белгілейді.

Бұл жағдай экономикалық жүйеге де қатысты:

1. Жүйелер арасында, ең алдымен, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланысы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді: басқару ісі жүйе мен басқарылатын объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана мүмкін болады, яғни кері байланыс орнайды.

2. Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан екіншісіне өте алатындай қабілетке ие болуы керек. яғни бір сапалы жағдайдан екіншісіне өту барасында да, өтуден кейін де ол жүйе ретінде қалуы керек.

3. Жүйеде процесс ағымына әсер  ете отырып, оны өзгерте алатындай  параметрдің бар болуы.

4. Жүйенің басқару ықпалын күшейте  алатындай қабілеті, яғни осы  ықпалға жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке ие  болуы керек.

5. Басқару ақпаратын табыстау, жинақтау  және жаңғырту мүмкіндіктерін  қамтамасыз ету.

6. Жүйелердің тұтастай сипаты. Онеыз бақылау мен басқару мүмкін емес.

Жүйеде басқару барлық басқару жүйелеріне ортақ аты аталған шарттар орындалғанда ғана мүмкін болады.

Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі

Жүйелі тәсілдеме - экономикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.

Өзінің алғашқы мағынасында - грек тілінен аударғанда «жүйе» сөзі көптеген элементтерден құралатын, бөліктерден тұратын бір бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.

Жүйенің бұлайша ұғындырылуы экономикалық тұтастыққа да қатысты; өндіріс-пәндердің, саймандардың, еңбек түрлері мен өнімдердің жиынтығы ретінде болады.

Өндіріс - бұл әлеуметтік-экономикалық жүйе. Экономикалық деп аталу себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру нәтижесінде материалдық игіліктер пайда болып, қоғамның өндірістік күштерінің ұдайы өндірісі ұлғаяды. Оны басқаша былай анықтауға болады: «Белгілі бір қоғамдық-тарихи жағдайларда қалыптасатын өндірістік қатынастардың тұрпатын (типін) экономикалық жүйе деп ұғуға болады»,

Әлеуметтік жүйе деп аталуы адамдар құратын ұйымға байланысты. Экономикалық жүйеге басқа жүйелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктер тән.

Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі ретінде қарастырылады. Ондағы негізгі рөлді материалдық және рухани игіліктерді өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды.

 «Экономикалық жүйіс кең  мағынасындағы ұғымында қоғамдық  өндірістің жүйесі ретінде, яғни  өңдіріс күштері (табиғи және  еңбек ресурстары, өндіріс құралдары, өнім) мен өңдірістік қатынастардың  жиынтығы ретінде түсіндіріледі» (акад. Н.П. Федоренко).

Экономикалық қатынас, байланыс (салааралық байланыстар жүйесі), заңдылықтар (техникалық прогреетің, өндірісті ұйымдастырудың даму заңдылықтарының жүйесі), міне, осы аталғандар экономикалық жүйе болып табылады.

Жүйелі тәсілдеме арнайы ғылыми пәндердің мазмұнына жалпы теория жүйесіне қызмет етеді, ал басқару ісі жалпылай түрде жүйелерді ретке келтіруші ретінде анықталуы мүмкін.

Жүйелі тәсілдеме XX жүз жылдықта пайда болды деуге болады, әйтсе де, XVIII және XIX ғасырларда ғылым әр түрлі жүйелерді зерделемеді деп бір жақты ойлауға да болмайды. Әлбетте, астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау (есептеу) жүйелерін зерделеді. Жүйелі тәсілдеме әскери мақсаттарға (атом бомбасын жасау) қол жеткізу үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды, алайда жүйелі тәсілдеме одан ары азаматтық өндіріс саласындағы басқару қызметінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылды.

Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш тізбекті кезеңді қамтиды:

- бірінші кезеңде салалар анықталады, басқару субъектілері қызметінің ауқымы мен саласы нақтыланады. Қызметтің ақпараттық қажеттілігінің баламалы (бағдарлы) салалары мен ауқымдары белгіленеді;

- екінші кезеңде қажетті зерттеулер (жүйелі талдау) жүзеге асырылады;

- үшінші кезеңде белгілі мәселелерді  шешудің баламалы нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұсқа таңдап алынады (сараптық бағалаулар, оның ішінде, тәуеллсіз сараптама қолданылады).

Жүйелі тәсілдеменің негізінде басқару ісі жүйелердің құрылымдық және функциялық тұтастығын қамтамасыз етуге әрі жетілдіруге бағытталған. Мақсатка жеткізетін жолда кездесетін кедергілерді, кемшіліктерді анықтап, жою. Мұнда ең алдымен басқарудағы жүйелі тәсілдеменің принциптері алға шығады. Нақты тәжірибеде ол қабылданған шешімдерді жан-жақты пысықтап, оны жүзеге асыруы ықтимал барлық нүсқаларын талдайды. Әлеуметтік жүйеде бұл принцип басқарушылық міндетті шешу процесінде саяси және мәдени мәселелерді тығыз байланыстыруды ұйғарады.

Басқару процестері найда болғалы бері жүйелі талдау кеңінен қолданылып келеді. Экономиканы оның құрылымын, оның құрамдық бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын қоса ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерделеуді, экономиканың жалпы жұмыс істеу процесінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды міне, осыны жүйелі тәсілдеме деп ұғу керек .

Экономикадағы жүйелі тәсілдеме - басқару саласындағы ірі, кешенді мәселенің ғылыми негізделген шешімін әзірлеу әдісі болып табылады.

Жүйелі тәсілдеменің философиялық негізі оның негізгі принциптерін айқындап береді: жүйелердің динамикалығы, құбылыстардың байланысы, өзара ықпалдастығы мен өзара байланысы басты буын принциптерінің кешенділігі, тұтастығы және иерархиялығы.

Процестер мен құбылыстардағы жүйелі тәсілдеме өзара байланыстардағы зерделеудің екі формасын ұйғарады:

1) жай кездері (простом случае) қосалқы жүйелер немесе жүйе элементтерінің арасындағы өзара байланыстар қандай да бір аспектіде, көбінесе экономикалық аспектіде зерттеледі;

2) әлдеқайда күрделі жағдайда (бөлее  полной формой) көп аспектілі  тәсілдеме қолданылады. Бұл арада  өзара байланыстар басқарудың саяси, экономикалық, технологиялық, құқықтық, әлеуметтік-экологиялық және психологиялық аспектілері қоса ескеріліп, зерттеледі.

Өндірісті басқаруға басқарудың өз объектісі мен субъектісі тән. Басқару процесі көп қырлы қоғамдық қатынастардың кешенін қамтиды әрі объективті және субъективті факторлар жиынтығының әрекетімен анықталады.

Басқару процесінде объективті мен субъективтінің арақатынасы «анықтаушы» және «шешуші» ұғымдары арқылы анықталуы мүмкін. Оның өзінде де, «анықтаушы» құбылыстың қажетті шарты ретінде болғанда ғана анықталмақ. Алайда, мұнын өзі жеткіліксіз. Объективті процеске субъективті фактордың кері әсерін білдіретін «анықтаушыны» ұштастырғанда ғана процееті жүзеге асырудың нағыз шынайы шартын тудырады. Басқаруда субъективті фактор болған күннің өзінде басқару ісін субъективті ете алмайды.

Ықпал етудің тиімділігі адамдардың басқару объектісінің объективті жағдайын, оның ішкі заңдылықтарға бағынатын табиғатын қалай түсініп, қалай қабылдайтынын көрсететін деңгейімен анықталады.

Объективті мен субъективтінің өзара ықпалын талдау тек жалпы дүниетаныммен, гносеологиялық аспектімен ғана шектеліп қалмайды: объективті алғашқысы, субъективтісі оның көрінісі, сөйтсе де, оның шартын тудыратын белсенді кері әсер етуді көрсетеді.

Өндірісті басқару объектісінің жалпы түріне оның салалары мен аймақтарын құрайтын барлық халық шаруашылығы, өндірістің негізгі буындары - кәсіпорындар мен бірлестіктер жатады.

Информация о работе Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары