А.Файоль бойынша басқарудың 14 принципі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 17:05, контрольная работа

Краткое описание

1. Басқару процесі және басқару функциялары
2. А.Файоль бойынша басқарудың 14 принципі

Прикрепленные файлы: 1 файл

МӨЖ4.doc

— 75.00 Кб (Скачать документ)

Жоспары:

1. Басқару  процесі және басқару функциялары

2. А.Файоль  бойынша басқарудың 14 принципі

 

1.Басқару  жүйесі  аса  күрделі,  әрі  жауаптылықты  қажет етеді.  Сондықтанда  бұл  мәселені  талдауда  ең  алдымен  оның  зерттеу  тәсілдеріне  ерекше  мәе  беріледі.  Отандық  және  шетел  баспаларында  көптеген  ғалымдардың  пікірі  бойынша  негізінен  басқару  жүйесінде  үш  тәсіл  қолданылады:  процестік,  жүйелі  және  ситуациялық  тәсілдер.

Процестік  тәсіл:  Бұл  концепция  басқару  жүйесіндегі  елеулі  өзгеріс,  жаңалық,  бүгінде  іс  жүзінде  кең  қолданып  жүр.  Мұнда  басқару  процесс  ретінде  қаралады.  Басқару  үшін  үздіксіз  өзара  байланысты  болатын  санқилы  әрекет  қажет  болады.  Бұл  іс-әрекеттің  әрқайсысы   ұйым  табысы  үшін  аса  қажет.  Мұның  бәрі  басқару  функциясы  деп  аталады.

Бұл  концепцияның  алғашқы  негізін  қалаған  Анри  Файоль  бес  функцияны  айрықша  бөледі.  Оның  айтуынша  басқару  дегеніміз – жоспарлау,  ұйымдастыру,  билік  жүргізу,  координациялау  және  бақылау  жасау.  Ал,  қазіргі  заманғы  баспада  жарияланған  туындыларды  қорытып  жинақтасақ,  басқарудың   мына  функцияларын  атауға  болады:  жоспарлау,  ұйымдастыру,  үкім  жүргізу,  мотивация(дәлелдеу),  басшылық  жасау,  координациялау,  бақылау,  коммуникация,  зерттеу,  бағалау,  шешім  қабылдау,  кадр  іріктеу,  өкілдік,  келіссөз  жүргізу  не  келісім  жасау.

Әр  автор  өзінше  басқару  функциясының  тізімін  жасайды.  Аталған  функциялардың  ішіндегі  барлық  ұйымға  ортақ  болатыны  мыналар:  жоспарлау,  ұйымдастыру,  мотивация,  бақылау.

Осы  функцияларға  қысқаша  сипаттама  бере  кетелік:

Жоспарлау.  Жоспарлау  функциялық -  ұйымның  алдына  қандай  міндет- мақсат  қоюға  болатыны  жайлы  шешім  белгілейді  және   ұйым  мүшелері  не  істеуге  тиіс,  қандай мақсатқа  жетуі  тиіс  екені  жобаланады.

Жоспарлау  функциясы  мына  негізгі  үш  сұраққа  жауап  бере  алады:

  1. Қазір  біз  қандай  денгейде  тұрмыз?
  2. Біз  қайда  бара  аламыз?
  3. Мұны   қалай  орындауға  болады?

Жоспарлау  тәсілі  арқылы  басшылар  ұйымның  барлық  мүшелерін  белгіленген  мақсатты  орындауға  жұмылдыруды   қамтамасыз  етеді.

Ұйымдастыру – деп,  белгілі  бір  құрылмды  құру.  Басшы  нақты  жұмыс  істейтін  адамдарды  тандап,  оларға  тапсырма  беріп,  ұйымның  ресурсын  пайдалануға  рұқсат  етеді  не  соны  атқаруға  делегат  жідереді.

Делегат  субъектісі  сол  міндетті  орындауды  өз  жауапкершілігіне  алады,  бірақ  ол  сол  басшыға  бағынады.

Мотивация-функциясының  міндеті  ұйым  мүшелері  жұмысты делегат  қойған  талабына  сай  белгіленген  жоспармен  орындалуы керек екені дәлелденуі  керек.

Бақылау жасау – басшылардың  алғашқы  белгіленген  міндетінен  күтпеген  ішкі және  сыртқы   жағдайлардың әсерінен ұйым  негізгі  бағыттан  ауытқуы  мүмкін. Сондықтан  белгіленген  тапсырманы  орындау  барысына бақылау  жасау  қажет  болады.  Бақылау  деп – ұйымның  өз  мақсатына  шын  мәнінде  жетуін  қамтамасыз  ету  процесі.

Басқару  тарапынан  жүргізілетін  бақылаудың  3  түрі  болады:

1.Стандартты  белгілеу – бұл  нақты  мақсатты  белгілі  бір  мерзімде  орындауды  анықтау. Бұл  тек  белгіленген  жоспарға ғана  сүйенеді.

2.Белгілі  бір  мерзім  ішінде  нақты  орындалған  істі — өлшеу  және  қол  жеткен  нәтижені, алдағы  орындалатын  нәтижемен  салыстыру.

3.Алғашқы  белгіленген  жоспардың  орындалу  брысында   көп  алшақтық  болса, онда  нақты  шара  қолданылады.

Жоғарыда  аталған  басқарудың  4  функциясы  — жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация  және бақылау  жасауға  ортақ  болатын  екі  сипаттама  бар:оның  барлығы  да  шешім  қабылдауды  қажет  етеді  және  бәріне  де  коммуникация  қажет  болады.

Шешім  қабылдау – ұйым  жақсы  жұмыс  істеу  үшін  басшы  әртүрлі  альтернативті  мнмкіндіктердің  ішінен  ең  дұрыс  дегенін  таңдауы  қажет. Альтернативтердің  біреуін  таңдау  бұл  шешім  қабылдау  деген сөз.  Демек  шешім  қабылдау  деп  таңдау, іріктеу, былай айтқанда, қалай  және  нені  жоспарлау  керек,  қалай  және  нені  ұйымдастыру, мотивация  жасау  бақылау  керек. Міне, жалпы  алғарда  басшы  адамның  қызметінің  негізгі  мәніне  осылар  жатады.

Коммуникация – бұл  информацияны  айырбастау  процесі , оның  мағынасы  бұл  екі не   одан да  көп адамдар  арасындағы  процесс. Басқару  тиімділігі  коммуникацияның  сапасына  байланысты. Мысалы , егер  жоспарды  басқа  орындай  алатын  адамға бермесе, онда  оны  орындауға  болмайды  не  егер  қызметкерлер  өзінің  алатын  көтерме  силығына  толық  хабардар  болмаса , онда  жұмысты  жақсы  орындауға ынтызар  болмайды.    Сондай-ақ, коммуникация  байқау  жүргізу  функциясы  үшін  де  аса  қажет.

Жүйелі  тәсіл — бұл  қандай да  болмасын  басқару  жүйесіндегі  жинақталған  тәсіл  не  ол  меңгерушілер  орындайтын  міндеттер  емес, бұл  ұйым  жөнінде  және  басқару  жөніндегі  ойлау  тәсілі.

Жүйе – деп  бұл  өзара  тәуелді  бөлшектерден  құралған  бір  тұтастылық. Орың  әр  бөлігі  тұтас  жүйеге  өз  үлесін  қоса  алады.Барлық  ұйым  жиынтығы  бір  системаны  құрайды.

Системаның  негізгі  екі  түрі  бар : жабық  және  ашық  жүйе.  Жабық  жүйенің  қатаң  сақталатын  шекарасы  болады, ол  өзін  қоршаған  ортаға  және  жүйеге  тәуелсіз  әрекет  жасай  алады.Ал, ашық  жүйе  сыртқы  ортамен  өзара  тығыз  байланыста  болады. Мұндай   жүйе  өзін-өзі  қамтамасыз  етпейді, ол сырттан  келетін  энергияға , информацияға  жәек  материалға  тәуелді  болады. 

                       Ашық  жүйедегі  ұйым  белгісі

Алынуы

Өнделуі

Түпкі  нәтиже, не  шығару

Информация                      Материалдар               Капитал                            Еңбек  ресурстары

Өндеу  және   алынған   материалдарды         қайта  өндеу

Өнім  не  қызмет  көрсету.    Пайда.   Әлеум.  Жауапкершілік.                      Нарық  үлесі.


Алдымен, ұйым  өзін  қоршаған  ортадан: информация, капитал, адам  ресурстарын  және

материалдар  алады. Бұл  компоненттердің  бәрі – алыну  деп  аталады.

Ұйым  бұл  алынғандарды  өндеу  және  қайеа  өндеу  процесі  нәтижесінде  өнімге  айналдырады  не  қызмет  көрсеіледі, мұны  ұйым  еңбегінің  түпкі  нәтижесі  не  оның  сыртқы  ортаға  шығарылуы  деп  аталады.

Егер  ұйым  тиімді  басқарылатын  болса, онда  қайта  өндеу  процесінде  алынғандарға  қосымша  күн  қосылады.Мұның  нәтижесінде  көптеген  қосымша  шығарылатын  мүмкіндіктер  болады:пайда, нарық  үлесінің  өсуі, сату  көлемінің  артуы, әлеуметтік  жауапкершілікті  жүзеге  асыру, қызметкерлерді  қамтамасыз  ету, тағы  басқа.

Ситуациялық  тәсіл. Мұнда  ұйымға  белгілі  уақытта  әсер  ететін  нақты  жағдайлар  жиынтығы  алынады. Ситуациялық  тәсілде  ұйым  өз  мақсатына  тиімді   жетуі  үшін  нақты  ситуацияда  дұрыс  жол  тауып , әртүрлі  концепцияны  іріктей, талдай  білу  талап  етіледі.

Ситуациялық  тәсілдің  методологиясы  мына  ережелерді  қамтиді:басшы  профессионалды  басқарудың  жолдарын, құралдарын  жақсы  білу  қажет;

Әрбір  басқару  концепциясы  мен  методикасының  жақсы  және  осал  жақтарыі  болады, нақты ситуацияда  қолданғанда  оның  нәтижесін  басшы  адам  алдын — ала  болжай  білу  қажет, оның  тигізетін  зиянында  және  пайдасында;

Сонымен  қатар, басқарушы  нақты  ситуацияда  кемшіліктерді  неғұрлым  азайта  түсетін  жол  тауып, ұйымның  алға  қойған  мақсатын  орындауды  қамтамасыз  етуі  шарт.

2.Басқарудың  әкімшілік  мектебі  пайда  болуынан  бастап  мамандар  ұйымды  басқару  тәсілдерін  жетілдіруді  үнемі  іздестіруде  болады.  Бұл  мектептің  авторлары  үлкен  бизнес  саласында  басқарудың  жоғарғы  деңгейінде  басшы  болып  көп  еңбек  тәжірибесін  өздері  жинаған  жандар.  Мәселен,  Анри  Файоль – осы  мектептің  негізің  қалаған,  оны  менеджменттің  атасы  деп  те  атаған.  Ол  кезінде  Франциядағы  көмір  өндіретің  ірі  бірлестікті  басқарған.  Линдалл  Урвик  Англияда  басқару  мәселесі  жөніңдегі  консультант  болса,  Джеймс Д  “Дженерал  Моторс”  бірлестігі  жұмыс  істеген.  Олар  ұйымды  жетілдіруге  аса  көп  көңіл  бөліп,  тиімділікті  арттырудың  жолдарын  табуға  ұмтылып,  ұйымның  жалпы  сипатын,  оның  зандылықтарын  анықтады.  Классикалық  мектептің  мақсаты  басқарудың  универсальді  принциптерін  жасау  болды.  Өйткені,  олар  ұйымды  нәтижеліжұмыс   істеуге  жеткізетініне  сенімді  болған  еді.  А.Файольдың  басқару  теориясына  қосқан  үлесі  мыналар.  Ол  басқаруды  өзара  тығыз  байлыныста  болатын  бірнеше  элементтерден  тұратың  универсальды  процесс  деп  түсінді.  Ол  элементтер:  жоспарлау  ұйымдастыру,  басқару,  координациялау  және  басқару  жүргізу.

Анри  Файоль  1916  жылғы  “жалпы  және  өнеркәсіпті  басқару”  атты  өз  еңбегінде  басқарудың  14  принципін  жан- жақты  дәлелдеп  берді.  Енді  сол  басқару  принциптерін  жеке- жеке  қарастырайық:

Еңбек  бөлінісі-еңбектің  бір  іске  мамандандырылуы  нәтижеге  жету  үшін  қажет.  Еңбек  бөлінісінің  мақсаты  — сол  бұрынғы  жұмсалған  шығынмен  өнім  өндіруді  арттыру  және  өнім  сапасын  жақсарту.

Билік  жүргіу – өз  қол  астындағы  адамдарға  жарлық  беру  құқы.  Билік  жүргізу   сөзсіз  жауапкершілікті  туғызады.  Жауапкершілікті  сезіну  әсіресе  бастықтар  үшін  аса  қажетті  принцип.

Тәртіп – кез –келген  ұжымды  ұстай  білу,  кәсіпорын  мен  оның  қызметкерлерігің  арасында  арқашанда  келісім  жасаушылықта  еңбек  нәтижесіне  елеулі  әсер  етеді.  Тәртіп  тыңдауды,  жасалған  келісімді  сыйлау  білуді  талап  етеді.

Дара  басшылық  принципі – жұмыске  өзінің  тікелей  бастығынан  ғана  жарлық  алып,  соны  орындауға  тиіс.  Іс  бірлігі – Әр адамның  ісі  белгілі  бір  бағытқа  жұмылдырылуы  қажет.  Әр  топ,  ұйым  бір  мақсатты  орындау  жолында  бірігіп,  бір  жоспармен  жұмыс  атқаруы  керек.

Көпшілік  мүддесіне  жеке  адамның  немесе  жеке  топтың  мүддесіне  кәсіпорын  мүддесінен  жоғары  болмауы  керек.  Сондай-ақ  от  басының  мүддесі  оның  әр  мүшесінен  жоғары  болады.

Қызметшілерге  ақы  төлеу – Атқарылған  жұмысқа  ақы  төлеу  әділетті  болуға  тиіс  және  бар   мүмкіндігінше  ол  қызметкерді  кәсіпорынды,  жалдап  алушыны  және  жалданушыны  да  қанағаттандыруға  тиіс.  Қызметкерлерге  ақы  төлеу  олардың  әрқайсысының  қосқан  еңбек  үлесіне  сәйкес  келуі  шарт.

Бір  орталыққа  бағындыру – Бұл  жалпы  табиғи  қажеттілік.  Әрбір  элементтік  ұйым  бір  орталыққа  бағынып  жарлықпен  кәсіпорынның  әр  құрылымы  жұмыс  істеуге  тиісті.  Бір  орталыққа   бағыну  принципі  жалпы   еңбек  өнімділігін  арттыруға  бағытталған.

Қызмет  иерархиясы – Бұл  ең  төменгі  деңгейден  бастап,  ең  жоғарғы  деңгейге  дейін  басқару  қызметінің  орны.  Мұның  негізгі  принципі  төменгі  қызметтегі  бастықтар  өзінен  жоғарғы  бастықтарға  бағынуы  керек.  Оның   жарлығымен  жұмыс  істейді.

Ретке  келтіру  (реттеп  ұстау) – Әр  адам  өз  орнында  болуы  керек.Белгілі  бір  орың  әр  адамға  белгіленеді.  Әр  адамды  реттеп  ұстау,  бәрінің  де  өз   орнында  ретте  болуы  деген  сөз.

Әділеттік – Шынындығын  айту,  әділетті  болуы,  зандылыққа  сүйену  басшыларға  тән  принциптердің  бірі.  Бұл  рақымшылықтың  және  адамгершіліктің  жиынтығы  деп  деп  айтуға  да  болады.

Қызметшілердің  тұрақты  жұмыс  істеуі – Бұл  ұйым  жұмысының  тиімділігіне  әсер  ететін  фактор.  Сондықтан  да  бастықтар  жұмыс  күшінің  тұрақсыздығымен  күресе  білуі  керек.  Ол  үшін  әр  адамның  жұмыс  орнына,  еңбек  етуіне,  өмір  сүруіне  мүмкіндігінше  жағдай  жасап,  оның  қажетін  қанағаттандыру  басты  міндет  болып  табылады.

Инициативалық  — әдетте  бұл  ұғымды  жоспар  жасап,  оны  жүзеге  асыра  білуді  айтамыз.

Бірлесу – қызметкерлердің  бірлесіп  атқарған  ісі  әрқашанда  жемісті  болады.  Бір  одаққа  бірігу – бұл  үлкен  күш.  Сондықтан  да  бірлесу  принципінің  маңызы  аса  зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

 

 Анри Файоль. «Жалпы және өндірістік басқару» 5 - бет.

  1. Т.И. Есполов, Ж.Ж. Сулейменов. Менеджмент – Алматы, 2003
  2. Веснин  В.Р. Основы  менеджмента – М: Триада  ЛТД, 1996
  3. Сатыбалдыұлы С., Байтанаева Б. «Маркетинг және менеджмент негіздері». Оқулық, 2 басылым. 2007.
  4. Жакенова Б.К., Тампишева К.Б., Максатова Л.М. Менеджмент негіздері: Оқулық (дәрістер курсы). - Астана: Фолиант, 2007. 

 


Информация о работе А.Файоль бойынша басқарудың 14 принципі