Туберкулездің таралу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 12:01, творческая работа

Краткое описание

Туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу үзіліссіз екі кезеңде жүргізіледі:
1) бірінші кезең - емнің қарқынды кезеңі негізінен стационарда жүргізіледі, науқасты амбулаториялық емдеу мүмкіндігін орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия шешеді
2) екінші кезең - емнің жалғастыру кезеңі негізінен амбулаториялық немесе шипажайда жүргізіледі. Емнің жалғастыру кезеңін стационарда өткізу мүмкіндігін ОДКК шешеді (негізінен бұл - әлеуметтік жағдайы қолайсыз, тұрмыстық жағдайы нашар науқастар).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Туберкулез.pptx

— 805.44 Кб (Скачать документ)

Туберкулез

аурудың  себептері  
эпидемиологиясы, жіктелуі,  
клиникалық белгілері,  
диагностикасы 
алдын алу  түрлері 

 

Жоспар

Туберкулездің таралу жолдары  

 

    • Адамға адамнан ауа арқылы тарайтын ауру
    • Туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады
    • Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, оқығанда, түшкіргенде бактерия шығару арқылы ауаға тарайды.

Туберкулез  арқылы тарамайды:

Туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу үзіліссіз екі кезеңде жүргізіледі:  
 
1) бірінші кезең - емнің қарқынды кезеңі негізінен стационарда жүргізіледі, науқасты амбулаториялық емдеу мүмкіндігін орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия шешеді  
 
2) екінші кезең - емнің жалғастыру кезеңі негізінен амбулаториялық немесе шипажайда жүргізіледі. Емнің жалғастыру кезеңін стационарда өткізу мүмкіндігін ОДКК шешеді (негізінен бұл - әлеуметтік жағдайы қолайсыз, тұрмыстық жағдайы нашар науқастар).

Туберкулездің 2 түрі болады

Жабық

Ашық

    • Ашық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды.

 

Туберкулез  бактериялары кез келген ағзада дами алады, бірақ көп жағдайда өкпенің жоғарғы жақтарында дамиды. 2-10 апта ішінде ағзаның иммундық жүйесі  микробактериялардың таралуы мен әрі қарай дамуын тоқтатады.

 

Туберкулез көбінесе 3 жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

Кез келген зиянды әдеттер – темекі шегу, ішімдік   iшy, есірткі пайдалану тіпті дені cay aғзaғa да әcep етеді. 
Туберкулезге шалдыққандарға аурудан айығып кетуі қиындыққа түседі.  

Атақты  неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылы Берлин академиясында сөйлескен сөзінде: «егер біз аурудың халық үшін зиянын айтқанда оның өлшемі есебінде әрбір аурудан өлгенде алсақ, онда адамзат өміріндегі ең қатерлі оба, тырысқақ сияқты аурулар туберкулезден әлдеқайда көп кейін тұрар еді», - деп атап көрсетті.

Туберкулез  микробы сыртқы ауа әсеріне айрықша төзімді. Қаранғы, күн түспейтін, ауасы сирек тазартылатын бөлмелерде микроб аурудың қақырығында 5-6 айға дейін, ауру ластанған киімдерде, жиhазда, кітаптарда 3-4 айға дейін өзінің тіршілік жайын сақтай алады. Лабораториялық анализдермен туберкулез микробын ылғалды топырақта, көше шаңында, әсіресе жай ағатын арық суларынан 4-12 айға дейін кездеседі. 
Көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстары арқасында туберкулез микробының майда – 30, айранда - 18, ірімшікте – 70 күнге дейін тірі қала беретіні анықталды. Бұл микробтың төзімділігі соншалықты, оларды пастеризация жасағаннан кейін де табуға болады. Ал тоңазытылған сүтте 2 айдан 8 айға дейін тірі қала береді. 

 Манту белгісін қою  үшін туберкулин препараты қолданылады. Белгіні білектің іщкі жағының ортаңғы бөлігіне тері ішіне, арнайы туберкулин шприці мен инесі арқылы 1 балаға 0,1 мл дозада егу түрінде жүргіземіз. Белгі дұрыс қойылса, егілген жерде лимонның қабығы тәрізді төмпешік ( папула) пайда болады. Манту белгісінің нәтижесі 48-72 сағаттан кейін оқылады. Ол үшін, мөлдір пластмасса сызғышпен  егілген жердегі пайда болған ісік (папула) немесе қызарудың диаметрін өлшеу керек

Туберкулезге  жол жоқ!!!

Назарларыңызға  рахмет!!!


Информация о работе Туберкулездің таралу жолдары