Ісікалды (ракалды) жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 02:34, реферат

Краткое описание

Ісік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. Жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Ісік. Тканьдердің құрамдық өзгеріске ұшырап патологиялық өсіп, ұлғаюына байланысты шырышты ткань ісігі, дәнекер тканінің ісігі, қан тамыры ісігі, сүйек ісігі деп аталады.

Содержание

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Ісіктер түрлері
2. Ісіктер этиологиясы
3.Ісікалды жағдай
III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Анатомия Ф.docx

— 48.62 Кб (Скачать документ)

       Ісікалды жағдайлар.Ағза деңгейіндегі онкогенез кезінде обыр алды жағдай дамиды. Бұл практикалық онкологияның ең маңызды мәселелерінің бірі. Өйткені обыр алды жағдайларды анықтау арқылы көпшілік жағдайда қатерлі ісіктердің дамуын алдын-ала ескертуге, б. а. қатерлі өспелерді алдын ала емдеуте болады. Обыр алды-өспе алдындағы ұзақ мерзімді болатын атрофиялық, дистрофиялық және пролиферациялық үрдістерден тұратын дерттік жағдайлармен сипатталады және көп жағдайларда қатерлі ісіке айналады.

Көп тараған обыр алды жағдайдың  бірі — ол асқазанның  ойылған жарасы. Бұл асқазанның шырышты қабығының ақауы, созылмалы ұзақ мерзімді қабынумен сипатталады, оның шеттері атрофиялық, дистрофиялық және пролиферациялық озгерген жасушалармен қапталған және сыртқы бейнесімен қажалған жерге ұқсайды. Бұл жара тым жиі обырға ауысады, сондықтан хирургиялық тәсілмен дер кезінде алынып тасталуы қажет.

Обыр алды жағдайға - жатыр мойынының жалақ жарасы (эрозиясы) оның шырышты қабығындағы ақауы жатады. Мұнда ұзақ мерзімді қабыну тіннің атрофиясымен және айналасындағы эпителийдің пролиферациясымен сипатталады. Бұл жара тез арада ұқыпты емдеуді қажет етеді. Өйткені ол жиі қатерлі өспегеайналады.

Обыр алды жағдайлардың ең жиі тараған түрі кистоздық-фиброздық мастопатия — сүт безінің ауруы. Бұл ауруда бездік тіндер ошақтанып ұлғаяды, тығыз фиброзды қапшықпен қоршалған қуыстар қалыптасады. Бұл ауру сүт безінің обырына жиі ауысады.

Үшінші кең тараған  обыр алды жағдай болып қатерсіз өспелер саналады. Мәселен, папилломалар обырға, жатырдың миомасы қатерлі ісіке, қалдар мен меңдер-қатерлі меланомаға ауысуы мүмкін.

Ісік  өсуін ескерту мен емдеу тәсілдерінің патофизиялогшілық негіздері.

Профилактиканың жалпы  принциптері обыр алды және дисгормондық жағдайларды ерте анықтап емдеу, сыртқы ортаның тазалығы үшін және темекі тартумен күресуді керек етеді.

Емдеу тәсілдерінің жалпы негіздері төмендегілерге бағытталған:

1. Хирургиялық емдеу — өспені сау тіннің көлемінде алып тастау.

2. Химиотерапия үшін жасуша бөлінуін тежейтін дәрі - дәрмек қолданылады. Қазіргі күні қуатты антрациклиндік антибиотиктер бар.

3. Иондағыш сәулелерді қолдануда жасуша бөлінуін шектеп, өспе өсуін тежейді.

4. Организмнің қорғаныстық күштерін көтермелеу және жетілдіру қажет. Ол үшін еркін радикалды тотығуды тежейтін антиоксиданттар, өспе өсуін туындататын вирустарға қарсы интерферондар, иммундық жүйені қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер, зат алмасудың бүзылыстарын жөнге келтіретін витаминдер ж. б. заттар қолданылулары керек. 

Ісік туғызушы вирустар, онкогенді вирустар (грек. onkos – масса, ісік, gennao – туғызушы және вирус) – қалыпты эукариот жасушаларын ісік жасушаларына өзгерте алатын қабілеті бар вирустардың бір тобы. Вирустардың қатерлі ісік тудыра алатын қасиеті бар екенін алғаш рет ғыл. тұрғыда француз ғалымы А.Боррель (1867 – 1936), т.б. зерттеген (1903). Одан сәл кейінірек (1911) америкалық онколог Ф.Раус (1879 – 1970) тауықтарда болатын саркома ауруын тудырушы вирусты алғаш ашты (Нобель сыйл., 1966). 1932 – 33 ж. америка ғалымы Р.Шоуп (1901 – 66) үй қояндарындағы вирусты фиброма мен папилломаны, 1936 ж. неміс онкологы Дж. Битнер (1904 – 1961) тышқандардың сүт безіндегі қатерлі ісік тудыратын вирусты, ал 1951 ж. неміс ғалымы Л.Гросс тышқандарда лейкоз тудыратын вирусты анықтап, сипаттап жазды. Онкогенді вирустардың сырын ашуға, орыс ғалымы Л.А. Зильбердің(1894 – 1966) қатерлі ісіктердің пайда болуының вирусты-генетик. теориясының ашылуы негіз болды (1949). Қазіргі кезде табиғатта 600-ден астам ауру тудыратын вирустар анықталған. Бірақ олардың 1/4-і ғана жануарларда ісік тудыра алатыны белгілі. І. т. в-ды биол. іс-әрекеттеріне қарай: ДНҚ және РНҚқұрамдас деп екіге бөледі. Көбінесе табиғатта РНҚ-құрамдас вирустар кездеседі. Олар морфологиясына қарай: А, B, С және D деп бөлінеді. Мыс., С вирусы сүтқоректілер мен құстарда лейкоз және саркоманы тудырады. Осы күнге дейін РНҚ-құрамдас вирустар адам денесінде пайда болған ісіктердің құрамынан табылған жоқ. ДНҚ-құрамдас вирустардың үш тобы бар: 1) паповавирустар (папилломалар, сүйел, полиомалар тудырады); 2) ұшық вирустары (әр түрлі ұшық инфекциялары, желшешек, белдеме теміреткі тудырады) және поксвирустар (шешек ауруы пайда болады). Вирус пен сау жасушаның өзара қарым-қатынасы аса күрделі. Вирустың өніп-өсуі жасушаға байланысты. Ол төзімді, иммунитеті жоғары болса, өзінің денесіне вирусты кіргізбейді. Егер жасуша ісік вирусына сезімтал келіп, төзімсіз болса, онда вирус белсенділік көрсете бастайды. Вирус өз денесінен нуклеин қышқылын босатып шығарады да, ол әуелі цитоплазмаға, одан кейін ядроға енеді. Сол жерде қолайлы жағдай туса, өніп-өсіп, жасушаның тіршілік ету қабілетін жояды. І. т. в-дың қасиеттері әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Кейінгі кездерде вирустардың бәрі емес, солардың ішінде онкогені бар вирустардың ісік туғызғыш қасиеті жоғары екені анықталды (америкалық ғалымдар Р.Хюбнер, Г.Тодаро, 1969). Бұрын ғалымдар жасушаға ісік тудырушы онкогенді вирустарды жұқтырғаннан кейін, жасушаның өзінің қалыпты жағдайын өзгертпейтінін, ешқандай аурудың дамымағанын байқаған. Тіпті бұл кезде жасушаның құрамынан вирустардың жоғалып кететіні анықталған. Онкогенді РНҚ-құ-рамдас вирустардың құрамынан ДНҚ-ны РНҚ-ға синтездейтін арнайы фермент табылған. Соның нәтижесінде пайда болған ДНҚ-көшірме нағыз ДНҚ-мен бірігеді де, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Міне, осы ісік туғызғыш вирустарды провирус деп атайды. Провирустарды алғаш рет ғылымда дәлелдеген америкалық ғалым Х.М. Темин (1975). Бұл ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Хим. канцерогендер, рентген, радий, ультракүлгін сәулелері, “мутация” жасайтын дәрілер немесе созылмалы аурулар провирусты тежейтін күштерді әлсіретеді. Соның нәтижесінде организмнің реттеуіне келмейтін дамылсыз өсіп-өнетін ісік жасушалары пайда болады. І. т. в. біріншіден көлденең, екіншіден төте (анадан балаға емшек сүті немесе жыныстық жасуша арқылы) жолдармен таралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қатерлі ісік неден пайда болады? Жалпы, ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, 30 пайыз жағдайда қатерлі ісіктің пайда болу қаупін дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және шылым шегуден бас тарту есебінен алдын алуға болады. Бұдан бөлек, мамандар теріге ультракүлгін сәулелердің әсерін төмендету мақсатында солярий қабылдау санын азайту керек екендігін айтады. Қәзіргі деректер бойынша өкпе қатерлі ісігінің 35 пайызы темекі шегуден пайда болады. Темекі түтінінің құрамында өте қауіпті зат-бензопирен бар. Күніне 20-30 талын шеккен адамда ол көбейіп, өкпені зақымдайды. Содан ісік туындайды. Бензопирен қуық қатерлі ісігін де тудырады екен. Ал өңеш қатерлі ісігі (оны халқымыз қылтамақ деп атаған) тағамды-шайды, кофені, майлы сорпаны өте ыстық күйінде ішкеннен, қақталған, қуырылған, тұзды, ащы және қатты тамақтарға әуестіктен, тамақты әбден шайнамай жұтудан, күйдірген майды бірнеше еет қолданудан пайда болатын көрінеді. Сүт безіндегі қатерлі ісік әйелдің жыныс мүшесінің созылмалы аурулары, тұқымқуалаушылық, жиі күйзелу мен гормондар деңгейінің бұзылуынан басталады. Осы кеселдің пайда болғаны бірден білінбейтіндіктен көптеген әйелдер ауруын асқындырып алады. Сондықтан әйелдер мүмкін болса сүт бездерін үнемі өзі тексеріп, қандай да болмасын күдік пайда болса маман-дәрігердің тексеруінен жүгінгені жөн.

Қазір әлемдік медицинада қатерлі ісікті емдейтін түрлі дәрі-дәрмектер  қолданысқа енуде. Бірақ олардың  ешқайсысы обырды 100 пайыз емдей  алмайды. Қатерлі ісікті кешенді  түрде, атап айтқанда, хирургиялық тәсіл, сәулені қолдану мен химиялық терапия, сондай-ақ иммунотерапия арқылы емдеу әдісетрі қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет.

  • 1.Струков А.И.Серов В.В.”Патологиялық анатомия”(Жалпы бөлім):Қазақшаға аударған доцент М.Т.Айтқұлов.Алматы,                     2013 ж.Медицина баспасы.
  • 2.Г.Н.Кисманова Жалпы патологиялық процестер Оқулық-Алматы:Эверо.2010ж.
  • 3.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия Алматы 1993ж.
  • 4.Нұрмахамбетұлы Ә.Патофизиология Алматы 2007ж.
  • 5.Серов В.В. Ярыгин Н.Е. Пауков В.С. Атлас патологической анатомий.М:Медицина 1986.
  • 6.www.google.kz.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ісікалды (ракалды) жағдайлар