Эпидемиялық процесстің әр түрлі халық топтары арасындағы көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 17:40, лабораторная работа

Краткое описание

Эпидемиялық процесс – әлеуметтік – экологиялық жүйе, яғни паразиттік микроорганизмдердің халық арасында өмір сүруін, өсіп - өнуін және таоалуын қамтамасыз ететін көп деңгейлік бүтін күрделі жүйе.
Эпидемиология – адам қоғамындағы жұқпалы аурулардың пайда болу,таралу,даму заңдылықтарын зерттейтін және олардың алдын алу мен күресу шараларын іздестіретін ғылым.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Эпидемиялық процесс түсінігі
Әр түрлі халық топтары арасындағы көрінуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

срс жамбурбаева.pptx

— 422.19 Кб (Скачать документ)

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ 
ЖАЛПЫ ГИГИЕНА ЖӘНЕ ТАҒАМТАНУ КАФЕДРАСЫ

 

СӨЖ

 

Тақырыбы: Эпидемиялық процесстің әр түрлі  халық топтары арасындағы

                                     көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы .

 

Орындаған: Жамбурбаева Ә.

                      312 топ ЖМФ

 

Тексерген:Темирбекова  Б.Э.

 

Семей 2013 жыл

Жоспар:

 

    • Кіріспе
    • Негізгі бөлім
  • Эпидемиялық процесс түсінігі
  • Әр түрлі халық топтары арасындағы көрінуі
    • Қорытынды
    • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

 

Эпидемиялық процесс – әлеуметтік – экологиялық жүйе, яғни паразиттік  микроорганизмдердің халық арасында өмір сүруін,

өсіп - өнуін және таоалуын қамтамасыз ететін көп деңгейлік бүтін күрделі  жүйе.

 

Эпидемиология – адам қоғамындағы жұқпалы аурулардың пайда болу,таралу,даму заңдылықтарын зерттейтін және олардың алдын алу мен күресу шараларын іздестіретін ғылым.

 

Эпидемиологияның  негізгі зерттеу объектісі ол эпидемиялық процесс.

Негізгі бөлім:

 

Эпидемиялық процесс дегеніміз ерекше инфекциялық жағдайдың халық арасында пайда болуы мен таралуы. Эпидемиялық процесс адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік жағдайлармен байланысты өтетін болғандықтан, оның басқа процестерге  қарағанда өзіне тән сапалық ерекшеліктері бар.

Сондықтан эпидемиялық процесс, өзінің ішкі табиғаты жағынан, әлеуметтік биологиялық құбылысқа жатады. Эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғыш пен ие арасындағы әрекеттестік неше түрлі сыртқы көрінісімен сипатталады.

Эпидемиялық процесс   бір – бірімен  тығыз байланысты  3 компоненттен қүралады. Егер процесстің жүзеге асу  барысында 1 компонент жетіспесе  эпидемиялық процесс жүзеге аспайды

Қазіргі таңда эпидемиялық процесстің көрінуін  анықтау үшін  2 түрлі терминдер  мен ұғымдар қолданылады:

 

1)Эпидемиялық процесстің  сапалық   көрінісін айқындайтын терминдер

2)Эпидемиялық процесстің сандық  көрінісін айқындайтын терминдер

Эпидемиялық процесстің  сапалық  көрінісін айқындайтын терминдер

 

эндемия

Белгілі жерге ғана тән адам ауруы. Табиғи және  әлеуметтік жағдайлардың болуына байланысты осы жерге тән жұқпалы аурулар

Экзотикалық инфекция

Эпидемиялық барысты қолдайтын табиғи және әлеуметтік жағдайлардың болмауына байланысты  осы жерге тән емес, сырттан әкелінген жұқпалы ауру

спорадиялық

Бір реттік немесе кей кезде ғана көрініс беретін жұқпалы аурулар. Бір бірімен байланысы жоқ жұқпалардың көрініс беруі.

Эпидемиялық  сырқаттанушылық

Жұқпалы аурудың бүкіл халық арасында немесе оның кейбір контингенттерінің арасында таралуы

Эпидемиялық сырқаттанушылық көрініс  беруіне байланысты өз кезегінде  жіктеледі:

 

Эпидемилық  бұрқ ету

эпидемия

пандемия

 

Шектелген аумақта, жеке ұжымда немесе эпидемиялық байланысты  ұжымдардағы топтарда бір мезгілде адамдардың науқастануы.

 

Белгілі бір жұқпалы  инфекциялардың, немесе таралу жолы бірдей инфекциялардың бүкіл халық арасында таралуы

 

Эпидемияның қарқынды даму салдарынан жұқпалы аурудың  белгілі бір континеттерге немесе бүкіл жер шарына таралуы

Эпидемиялық процесстің сандық көрінісін айқындайтын терминдер

 

Эпидемиялық процесс интенсивтілігі

Эпидемиялық процесс динамикасы

Эпидемиялық процесстің халық арасында көрініс  беруі

Эпидемиялық процесстің территория бойынша көрініс  беруі

Уақыт бойынша

Жедел эпидемиялар

Созылмалы  эпидемиялар

 

Территория  бойынша

Локальды

 таралған немесе жайылған

Аурудың пайда болуы мүмкін аймақты нозоареал деп атайды.

 

 

Барлық  инфекциялық ауруларды территория бойынша таралу ерекшеліктеріне  байланысты былайша жіктейді:

  • Глобальды таралу
  • Зональды таралу
  • Региональды таралу

Эпидемиялық процестің көрінуін зерттеуде  халықтың қандай топтарында сырқаттанушылықтың жиі немесе сирек кездесетінін анықтаудың маңызы зор. Бір аумақтың ішінде белгілі  бір аурумен сырқаттанушылық  әртүрлі болып келеді. Оның себептерін анықтау қарсы шараларды алдын  ала атқару үшін қажет.

Сырқаттанушылықтың әртүрлі халық топтарындағы мөлшерін анықтау кезінде олардың осындай ерекшеліктеріне көңіл болінеді:

 

 

Жасына

кәсібіне

ұйымдасқан  немесе ұйымдаспаған топтарға жататынына

халықтың  тығыздығына

тығыздығына, санитарлық жағдайына

иммундылығына

алдын ала жұқпаларға қарсы егілуіне

Осы топтардың әрқайсысында эпидемиялық  процестің дамуы механизмі және оның көрінісі ерекше болады. Жұқпалы  аурулардың нозологиялық  түрінің  ерекшеліктеріне қарай және әлеуметтік табиғи жағдайдың әсеріне байланысты осы топтардағы сырқаттанушылықтың көрсеткіштері әртүрлі болады.

Қоздырғыштың берілу механизмдері мен оны іске асыратын факторлар қауіп- қатерлі топтарды анықтайды.

Мысалы жыныстық жолмен және трансмиссивті  жолмен  берілетін жұқпалар

үшін қауіп қатер факторы болып  гомо-, гетеросексуалистер, жезөкше әйелдер және нашқорлар  жатады.  

Бұл жұқпалы аурулар  қатарына вирусты гепатиттер (А,В,С,Д,Е) , СПИД, герпес,сифилис,гонорея,кандидоз және т.б. аурулар.

Аэрозоль механизмі бойынша  таралатын аурулар үшін (грипп,менингит) ұйымдасқан ұжымдардағы (балабақша, фабрика, зауыт ) адамдар тобының сырқаттанушылық  қаупі өте зор. Асханаларда қызмет істейтін адамдардың нәжіс ауыз механизмі арқылы берілетін инфекциялармен сырқаттану кауіптілігі басым

Қорытынды:

 

Эпидемиялық процесстің қазіргі кезде халық  арасында көрінуі көптеген факторларға  байланысты болып келеді, яғни адамдардың жасына, иммунитетіне,өмір суру салтына,қоршаған орта факторларына және т.б. Қазіргі  кездегі экологиялық жағдайдың  нашарлауы,адамдардың өмір суру салтының бұзылуы бұның бәрі жұқпалы аурулардың кең таралуына зор ықпал етеді. Жыл сайын жұқпалардың жана түрлері  шығып жатыр және олармен күресу оңай емес.

 

Эпидемиялық процессті білу оның компоненттерін тани білу, халық арасында қалай  таралатынын, таралу ерекшеліктерін білу халық денсаулығын сақтау және жақсарту ушін маңызы зор болып келеді.

  1. Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Т.1.  Жалпы эпидемиология. – Алматы: Ғылым 2000
  2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
  3. Ғаламтор желісі материалдары

www.google.ru

www.wikipedia.org

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Тізімі:


Информация о работе Эпидемиялық процесстің әр түрлі халық топтары арасындағы көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы