Иммунитетті калай нығайту керек
Реферат, 05 Января 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Осындай жағдайларда көптеген адамдарды өз иммунитеттерін қалай жылдам көтеру керек деген ойлар мазалайды. Бірақ та иммунитетті көтеру біршама уақытты талап етеді. Бұл үшін ең алдымен өз ағзаңыздың иммунитетін көтеруді талап ете ме, әлде жоқ па, соған көз жеткізіп алу қажет. Сондықтан өз жағдайыңызды бағалап алуыңыз керек.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Иммунитетті қалай нығайту керек.doc
— 28.00 Кб (Скачать документ)Иммунитетті калай нығайту керек.
Иммунитеті әлсіреген адамдардың көбінде жиі суық тигізіп алу аурулары,тез шаршағыштық пен әлсіздік шағымдары мазалайды.
Осындай жағдайларда көптеген адамдарды өз иммунитеттерін қалай жылдам көтеру керек деген ойлар мазалайды. Бірақ та иммунитетті көтеру біршама уақытты талап етеді. Бұл үшін ең алдымен өз ағзаңыздың иммунитетін көтеруді талап ете ме, әлде жоқ па, соған көз жеткізіп алу қажет. Сондықтан өз жағдайыңызды бағалап алуыңыз керек.
Иммунитеттің әлсіреуінің негізгі көрсеткіштері:
- тез шаршағыштық;
- үнемі ұйқышылдық;
- жиі суық тигізіп алу;
- әлсіздік және енжарлық.
Осы топқа сонымен қатар жақын арада хирургиялық операциялар жасалған және әр түрлі күйзелістерді бастан кешірген адамдар тобын да жатқыза аламыз.
Әлсіреген иммунитетті қалай көтеруге болады?
Бұл үшін келесі аталған іс шараларды міндетті түрде орындау қажет:
1. Дұрыс тамақтану.
Мұндай жағдайларда құнарлы, әрі уақытылы тамақтану әлсіреген иммунитеттің көтерілуі үшін жақсы денсаулықтың бірден бір қайнар көзі болып табылады.
Күнделікті ас мәзірінде міндетті түрде көкөністер мен жемістер болуы тиіс. Жиі табиғи шарандар ішу қажет. Әсіресе мұндай шаралар көктем және күз уақыттарында жүргізілуі тиіс,себебі қыстан кейін әрбір адам ағзасының әлсірейтіндігі баршамызға мәлім. Сонымен қоса балық және ет өнімдерін тек буға піскен күйінде қолдану қажет. Сүт өнімдерін күнделікті қолдану ішек микрофлорасын қалыпты ұстап тұруға көмектеседі. Жасыл шайды кунделікті қолдану ағзадағы артық радионуклидтерді шығарып тастауға көмектеседі. Сонымен қоса ұн өнімдерін пайдалануды шектеген дұрыс немесе оларды кебек қосылған және басқа да дәнді дақылдардан дайындалған нандармен алмастыру қажет.
2. Спортпен шұғылдану.
Егер сіз көп қимыл- қозғалыс жасаудың орынына, күні-бойы теледидар алдында жатып алатын болсаңыз, мұның өзі сіздің ағзаңыздың иммунитетінің әлсіреуіне біршама септігін тигізеді. Қорытындылай келе, "қалайша иммунитетті жылдам көтеруге болады", деген сұраққа,қысқаша былай жауап беруге болады:куні-бойы төсекте жатпау және көп қимыл-қозғалыс жасау. Ағзаға бірден аса күш түсірудің қажеті жоқ, тек өзіңізге сай күнделікті физикалық жүктемені таңдап алуыңызға болады. Бұл дегеніміз жеңіл жүгіру немесе үй жағдайында фитнеспен айналысу болуы мүмкін. Йогамен айналысу - иммунды жүйені қалыпты ұстауға септігін тигізеді.
Ағзаңызды қалған дәрілік заттардан,артық улы заттардан тазарту керек. Бұл мақсатта жиі моншаға бару керек және шынығу керек;
-Тағамға сүт тағамдарын күнделікті қолдану арқылы, ішек микрофлорасын қалпына
келтіру;
- Табиғи дәрілік заттарды қолдану керек ( лимонник,тамырдәрі, эхинацея, элеутерококк);
- Тағамға "C" витаминіне аса байытылған жемістерді көбірек қолданыңыз.
Ф.Ягофаров, Г.Ж. Абдрахманова, жмф студенті Сыйлыбаева А.Т