Цех дәрігері жұмысының гигиеналық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 12:45, реферат

Краткое описание

өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндiрiстiк объектілердi, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсiздігiнің, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жай-күйiн, еңбек гигиенасын айқындау және өндiрiстік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегi қызмет;

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
а. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы ҚР заңы
б. Цех дәрігерінің жұмысы
в. Кәсіптік ауруларды тексеру
г. Алдын ала және кезеңімен жүргізілетін жұмысшылардың медициналық тексерілуі
д. Жұмысшыларды диспансерлік қадағалауға алу
ІІІ.Қорытынды бөлім

Прикрепленные файлы: 1 файл

енбек гигиенасы.pptx

— 757.33 Кб (Скачать документ)

«Астана медициналық университеті»АҚ

 

Цех     дәрігері     жұмысының 

гигиеналық аспектілері

 

 

Орындаған:Ибраемова  А.Е

Қабылдаған:Ильясова Б.М

 

 

Астана - 2011

 

Жоспар

 

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

а. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы ҚР заңы

б. Цех дәрігерінің жұмысы

в. Кәсіптік ауруларды тексеру

г. Алдын ала және кезеңімен  жүргізілетін жұмысшылардың медициналық  тексерілуі

д. Жұмысшыларды диспансерлік қадағалауға алу

ІІІ.Қорытынды бөлім

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы ҚР заңы  
 

 

 

    • 1-тарау. Жалпы ережелер                                    
    • 2-тарау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
    • 3-тарау. Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
    • 4-тарау. Қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
    • 5-тарау. Еңбек қауіпсіздігін және  еңбекті қорғауды ұйымдастыру
    • 6-тарау. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заң сақталуын бақылау
    • 7-тарау. Қорытынды ережелер                                    

 

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  

 

    •   өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндiрiстiк объектілердi, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсiздігiнің, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жай-күйiн, еңбек гигиенасын айқындау және өндiрiстік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегi қызмет;
    • еңбек қауіпсiздiгi - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қызметкердiң қорғалу жай-күйi;
    • еңбектiң қауіпсiз жағдайлары - қызметкерге зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi жоқ не олардың әсерiнің деңгейi қауіпсiздiк нормаларынан аспайтын, жұмыс берушi жасаған еңбек жағдайлары;

 

    •     зиянды өндiрiстiк фактор - оның әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттiлiгінің төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;  
    •   зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайы - белгiлi бiр өндiрiстік факторлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;  
    •   еңбек гигиенасы - қызметкерлердiң денсаулығын сақтау, өндiрiстiк ортаның және еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнiң алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешенi;

 

    •   өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндiрiстiк фактордың әсерi; 
    • қауiпсiздiк нормалары - қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық биологиялық және өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамтамасыз ету тұрғысынан өндiрiс жағдайларын, өндiрiс және еңбек процесiн сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткiштер;
    • еңбек жағдайларының нормативтерi - еңбектiң қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететiн эргономикалық, санитарлық-гигиеналық және психофизиологиялық және өзге де талаптары бар нормативтер;

 

    •   еңбек жағдайларының нормативтерi - еңбектiң қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететiн эргономикалық, санитарлық-гигиеналық және психофизиологиялық және өзге де талаптары бар нормативтер;
    • еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе;
    •   өндiрiстiк санитария - зиянды өндiрiстiк факторлардың қызметкерлерге әсерiн болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру iс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесi;
    • кәсiби ауру - қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауымен байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы;

 

Цех дәрігерінің  жұмысы

 

    • Медициналық санитарлы бөлімнің цехтық- учаскелік терапевтті жұмысшылар арасындағы аурулармен күресуге үлкен назар аударады. Дәрігерлерден өнеркәсіптің технологиясын, жұмысшыларлың еңбек жағдайын білуді талап  етеді.
    • Цехтық терапевттің негізгі жұмысы- өзінің дәрігерлік учаскесіндегі жұмысшыларға  мамандық терапевттік қызметі.

Осыған байланысты дәрігердің негізгі қызметтері болып  мыналар саналады: 
- өз цехының жұмысшылары мен қызметкерлерін диспансерлік  қабылдау 
- Мамандық пен алдан алу және оқтын- оқтын тексерістер 
- цехтың учаскедегі жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек жағдайын оқу және цехтың санитарлы жағдайын, тұрмыс үй, тамақ обьектілерін бақылау.

  
Цехтың дәрігері өзінің учаскесіндегі жұмысшылар мен қызметкерлерге жалпы аурулар бойынша анализ жасап, цех әкімшілігі мен профсоюз комитетімен бірігіп аурулардың санының төмендеуіне шаралар жүргізеді.

    • 1. № 25 форма профмаршрут көрсетілген жеке дара карта Алдын- ала немеес оқтын- оқтын тексерістер
    • 2. Цехтың учаскедегі паспорты 1500-2300 адам
    • 3. Жағымсыз факторлардың әсерін төмендетуге бағытталған санитарлы- гигиена бойынша құрылған жоспарлар шаралар.

 

Кәсіптік ауруларды  тексеру

 

    • Алдын- алу шараларының жүйесіне мысалы:кәсіптік ауруларды тіркеу, анализдеу, тексеру- негізгі бастауыш звено болып табылады.
    • Кәсіптік аурулардың алдын- алу шараларын көтеру, соның ішінде тіркеу, тексеру.
    • 1.Хабарда нұсқау тәртібі,тексеру, тіркеу және кәсіптік есепке алу.
    • 2.Алғашқы медициналық құжаттардың үлгілері: улану және кәсіптік ауруларға хабарлама, кәсіптік ауруларды есепке алу картасы
    • 3. Кәсіптік ауруларды есепке алу картасын толтыру, автоматталған жүйеге кәсіптік аурулар жайлы хабар беру, есепке алу.

 

    • Өткір кәсіптік ауру сәтсіз оқиға болып есептелінеді. Осыған байланысты дәрігер тексереді. Егер санитарлық дәрігер тексеріске қатыспаса, онда ол өткір кәсіптік ауруға арнайы өзіндік  тексеріс жүргізеді.Комиссияға санитарлық дәрігер, әкімшілік өкілі, қорғаныс және кәсіподақ ұйымының өкілі, цех дәрігері, мекеменің денсаулық сақтау пунктінің медициналық қызметкерлері қатысады.
    • Өткір кәсіптік ауруды тексеру кезінде істің жағдайын, себебін анықтайды. Керек кезіндеаспапты- лабораториялы тексеріс жүргізіледі, санитарлық- гигиеналық еңбек жағдайына баға береді.Кәсіптік аурудың алдын алу шараларын қарастырады.№362 у-86 формасы бойынша 4 экземплярда тексеру актын  құрады.СЭС- ның кәсіпорын әкімшілігіне, емдік алдын- алу мекемелері кәсіподақ ұйымына акт жібереді. Тексеріс қорытындыларының нәтижесіненкейін СЭС санитарлық гигиеналық сұраныстар мен нормаларын жауапкершілік әкімшілік жағдайға әсер етеді.

 

    • Созылмалы кәсіптік аурулардың әр пайда болған жағдайын, хабарды алған соі 7 күн ішінде арнайы өзіндік тексеріс жүргізеді, өткір кәсіптік ауруларды тексергендей етіп, сұрақтардың басын ашып, ұажетті шаралар қолданады. Керекті жағдайда материалдарды алып, тергеуші органдарға жібереді. Созылмалы  кәсіптік аурулардың болған жағдайларын, себептерін тексеріс кезінде СЭС келесі матераиалдарды қолданады: мекемедегі санитарлық тексерістің актын, цехтың санитарлы- технологиялық паспортын, жұмыс орнының аттестациясын, алдын- ала және оқтын жүргізілетін медициналық тексерістерді, жағдайды жақсартуға арналған жылдық комплекстік  жоспардың орындалуы, еңбекті қорғау және санитарлы- денсаулықты жақсартатын шаралар.Жұмыс орнынан басқа жерге жұмсалып ауырған кәсіптік науқастарды тексеруді СЭС жүргізеді. СЭС науқасқа диспансерлі қадағалау жүргізеді және негізгі жұмыс орнынан емдік алдын – алу шаралары жүргізіледі. 

 

    • Жұмыс орнын өзгертіп ауырған созылмалы кәсіптік науқастарды жергілікті СЭС тексереді. Жұмыс орнында әсер ететін зиянды факторларды жою керек. Бұрынғы жқмыс орнына сауал жасайды:мұнда бұрынғы жұмыс орнының санитарлы- эпидемиологиялық, гигиеналық жағдайын, профмаршрутын және медициналық құжаттардың көшірмесін көру керек. Сауал бұрынғы бір- екі жұмыс орнына қойылуы мүмкін, мекемелерге сауал жасалған жағдайда бір ай ішінде керекті құжаттарды әкеліп тастауы қажет.
    • Жұмыс орнын өзгерткен кәсіптік науқастарды есепке алып, СЭС бұл жағдайда ескере жүреді.

 

СЭС-те, емдік алдын-алу  мекемелердегі кәсіптік науқастарды  есепке алып, тіркеу тәртібі.  

 

    • СЭС-те, емдік алдын-алу мекемелерде № 3631у 86 формалы кәсіптік науқастарды есепке алу журналы жүргізіледі, бұл жұмысты дәрігер жүргізеді.Журнал келіп тускен хабарлардың №0,03 у формалы тексеру актының мәліметтерінің науқастың жұмыс орнына санитарлық- гигиеналық сипаттамасының көмегімен толтырады.
    • Басқа емдік алдын алу мекемелерінде кәсіптік аурудың әрбір дәлелденген жағдайын амбулоторлы  мақсатты медициналық картасына жазылады.№0,25 у формалы емдік алдын- алу мекемелерінде кәсіптік ауруды тіркеу, есепке алу. №0,25 у формалы жұқпалы ауруларды есепке алу амбулаторлы науқастың медициналық көшірмесі және №0,27 у формалы стационарлы науқастың картасы және №0,25 у формалы  амбулоторлы науқастың медициналық картасының мәліметтерінің көмегімен есепке алынады. СЭС кәсіптік аурулардың тексеру фактысының көмегімен және оларды есепке алу журналының көмегімен  №0,25 у формалы Кәсіптік ауруларды есепке алу картасын толтырады. Бұлардың бәрін келесі есепке және кәсіптік ауруларды тереңдететін анализдерге қолданады.  

 

Алдын ала және кезеңімен  жүргізілетін жұмысшылардың медициналық  тексерілуі

 

    • Алдын ала және кезеңді  медициналық тексеріс № 278 1999 жылы ҚР денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының белгілеуі бойынша жүреді. Осы бұйрықтың бекітілуі:
    • 1.Кәсіптік аурулардың алдын алу мақстымен өнеркәсіптегі қатерлі және зиянды факторлардың тізімін жасау
    • 2. Еңбек қауіпсіздігін және сәтсіз оқиғаны болдырмаудағы жұмыстардың тізімі

 

 

    • 3.Еңбектің этиологиялық факторлары, қызметі, жұмыс турлері бойынша жүргізілетін медициналық тексерістердің бекітілген кәсіптік- дәрігерлердің тізімі
    • 4. Диспансерлік қызмет көрсететін кәсіптік аурулардың тізімі
    • 5. Аурумен байланысты қауіпсіздікті ұйымдастырудың медициналық қарсы дәлелдік тізімі
    • 6. Еңбекке түскен жұмысшылыларға  жүргізілетін алдын- ала немесе кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізу нұсқаулары.Еңбекке түскен жұмысшылардың алдын- алу медициналық тексерістердің мақсаты кәсіптік ауруларың алдын- алу, жұмысқа жарамдылығын тексеру.

Жұмысшыларды диспансерлік қадағалауға алу

 

    • Диспансердің мақсаты аурудың алдын- алу, аурулар санын төмендету, денсаулықты сақтаудағы активті шараларды қолдану, өмір сүру ұзақтығын активтендіру, аурулардың себептерін анықтау және әртүрлі алдын- алу тексерістерді, көп таралған ауруларды анықтау. Мысалы, ісік аурулары, жүрек- тамыр аурулары, туберкулез және кәсіптік аурулар.
    • Басқа тексерістерге  қарағанда диспансерлеу кең таралған, қйткені ол жаппай көпшілік сипат алған, мақсаты кез- келген ауруды анықтау, барлық ағзадағы жүйелер мен мүшелерге  сипаттама бере алады.  Диспансерлікке  сонымен бірге кәсіптік факторлар әсер етпейтін адамдар да алынады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Торгаутов Б.К.,Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена:Оқулық.-Шымкет,2009.-428 бет

2.Бектұрғанов Р.С., Сералиева  М.Ш.  Жалпы гигиена пәнінен  тәжірбиелік сабақтарға арналған  нұсқаулық:Оқулық-Шымкент;”Нұрдана-LTD” баспасы,2010- 400бет

Информация о работе Цех дәрігері жұмысының гигиеналық аспектілері