Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 10:55, реферат

Краткое описание

Діңгекті жасушалар (стволовые клетки); (cytos trunci; лат. truncus — бағана, діңгек; грек, kytos — жасуша) - маманданбаған, сирек бөліну арқылы сан тұрақтылығы өздігінен реттеліп отыратын жас жасушалар популяциясы. Бұл жасушалардың ұрпақтары белгілі бір микроортада әртүрлі бағытта жетіліп, бір-бірінен құрылыс айырмашылықтары бойынша ажырап, әртүрлі жасушаларға айналады. Жануарлар эмбриогенезінде діңгекті жасушалар сарыуыз қапшығының қабырғасындағы мезенхима жасушаларынан дамып жетіліп, көпмүмкіндікті (полипотентті) жасушаларға айналады. Діңгекті жасушалар — жануарлар организмінің жасына қарамастан, әр уақытта бөлінуге қабілеттілігін жоғалтпайды, яғни бөлінуге бейім; бірнеше бағытта жетіліп, ұрпақтары әр - түрлі жасушаларға айналады.

Содержание

І) Кіріспе.
Бағаналық жасушалардың зерттелу тарихы.
ІІ) Негізгі бөлім:
Бағаналы жасуша түсінігі.
Бағаналы жасушаның негізгі сипаттамалары
Бағаналық жасушалардың медицинадағы маңызы
ІІІ) Қорытынды.
ІV) Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ref_mol.docx

— 623.65 Кб (Скачать документ)

Бірақ, жүрек трансплантациясына мұқтаж он адамның ішінде біреуі ғана сәйкес донор таба алады. Ал, көптеген дамыған елдерде ересек жастағы  адамдардағы жүректің ишемиялық  ауруы мүгедектікке ұшырап, өлімнің  жоғары болуының негізгі себебі болып  отыр. Ең тиімді перспективалық емдеу  әдіс медицинаның жаңа саласы регенеративті  және клеткалық қалпына-келтіру  терапиясы болып табылады. Жүрек  ауруларындағы жоғары летальділік  – миокардтың регенерацияға қабілетсіздігі.  

Некрозға ұшыраған  немесе зақымдалған жасушалардың  орнын дәнекер тіні басады, ол  миокард қызметінің бірте-бірте  жоғалуына, жүректің жиырылғыштық  қасиетінің төмендеуіне және 

жүрек жетіспеушілігінің қалыптасуына  әкеліп соқтырады. Жүректің ишемиялық  ауруын консервативті емдеу тек  симптоматикалық әдіс болып қалады. Мұндай жағдайда емдеудің ең  тиімді әдісі жүректі ауыстыру  болып табыла-

ды.Бірақ, соңғы жылдары  ағзаға сәйкес донордың тапшылығына  байланыс- ты әлемде кардиотрансплантация  операциясы азаюда. Сол себепті  Батыс Европа елдерінде гемопоэтинді  бағаналық жасушаларды ГБЖ трансплантациялаудың  клиникалық мүмкіндіктеріне қызығушылық  жо-ғарылады.

Көп жағдайда экономикалық дамыған елдерде 2000 жылғы 1 млн халық  арасында 400-ге жуық операция жасалды.

Батыс Европаның, Австралияның, Жапонияның, Қытайдың 90-нан аса орталықтары  бағаналық жасушалар мен миының трансплантациясын зерттейтін Еуропалық  топ құрамына енді. Еуропалық тіркеу мәліметтері бойынша склероз, қызыл  жегі, миастения, ревматоидты артрит, жүйелік васкулит, Крон ауруы т.б сияқты ауыр науқастарға ГБЖ-ды қондыру ойдағыдай табысты жүргізілді. ГБЖ-ды жүрек-қантамырлар ауруларында трансплантациялау жөнінде аздаған мәліметтер сыры ашылған. Бірақ бұл әдісті әрі қарай медицинада қолданып дамыту үшін көптеген қызықты экспериментальды және клиникалық мәліметтер қоры жиналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

King’s Сollege ауруханасы донорлардан  2 500-ге жуық плацент жинаған.  Осыдан бірнеше апта бұрын  орталықта жиналған қанды қан  рагымен ауыратын ересек адам  ем ретінде қолданған. Кіндікбау  мен жолдас қаны қазірдің өзінде  талай адамның өмірін сақтап  қалды. Зерт- теулер бұл сала  бойынша жалғасып жатыр.Ғалымдардың  ойынша, кіндікбау қанының құпиясы  ашылған сайын оны қолдану  мүмкіндіктері де молая береді. Guardian-ның жазуынша, кіндікбау қанын  пайдаланып жатқандардың басым  көпшілігі қан өнімдерін  тұтынатын  ата-аналар жыл өткен сайын  көбейіп келеді. Олар басқа қан  дертіне шалдыққандар . Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйенетін болсақ, кіндік қан құрамының тін жасушаларының мөлшері және репопуляция қасиетінің жоғары болуы планцетарлы қанның гемопоэтикалық жасушаларын аллогенді трансплантация жұмыстарына кеңінен қолдануға болатындығын көрсеті. Оңтүстік Кореяның ғалымдарының жүргізген зерттеу тәжірибелерінің мәліметтеріне сүйенсек, кіндік қанының тін жасушалары қан түзуші жасушалардан басқа жүйке жасушаларына да айнала алады. Омыртқа жарақатының әсерінен 19 жыл бойы жүру қабілетінен айырылған 37 жастағы әйел адамға кіндік қанының тін жасушаларын трансплантациялау арқылы жұлын миының жасушалары қалпына келіп, жүру қызметі қалпына келді.Науқастардың трансплантациядан кейін тірі қалуы трансплантаттың кері реакция беру дәрежесімен және оның дамуымен өлшенеді.Реакция донордың реципиент жасушаларына қарсы Т-лимфоциттің иммунокомпоненттілігінің агрессиясына сәйкес.HLA жүйесі бойынша донор мен реципиент арасында неғұрлым сәйкессіздік көп болса, соғұрлым трансплантаттың кері реакция беру әсері жылдам, әрі өткір түрде өтеді. Ал кіндік қанның тін жаушаларын трансплантациялау кезіндегі артықшылық жасушалар суспензиясындағы Т- лимфоциттердің иммундық жас болуы және концентрациясының аз болуы реципиентке трансплантаттың кері реакция беруі жеңіл және даму жиілігі төмен болады. Ұлыбританияда кіндік қанын тауып беріп қызмет көрсететін екі түрлі криобанк бар. Олардың біреуі - Энтони Нолан атындағы қайырымдылық қоры құрған банк, екіншісі NHS Blood and Transplant Service деп аталатын мемлекетке қарайтын орталық. Бұл екі орталық Денсаулық сақтау министрлігінен қаржылай көмек алып, дами түсуді көздеп отыр. Мұндай арнайы медициналық орталықтың банктерде жиналған кіндік қанын Ұлыбританияда сегіз айлық ақ қан ауруымен ауыратын балаға қолданғанда оң нәтижеге қол жеткізді. Гемопоэтикалық тін жасушаларын трансплантациялауға қолданылатын аурулар: гемотологиялық аурулар; Онкологиялық аурулар; Аутоиммундық аурулар; 2005жығы мәліметтерге сүйенсек бүкіл дүние жүзі бойынша кіндік қанынан бөлініп алынған тін жасушаларын 21 мемлекеттегі 35 криобанкте 175000 үлгі дайындалып сақталынады.2007 жылғы санақ бойынша кіндік қанынан бөлініп алынған тін жасушаларын криосақтауға арналған банктер саны Еуропада 20-дан астам, АҚШ-та 25.Ал 2010 жылғы санақ бойынша әлемдегі 47 ірі банктерде 260000 астам үлгілер сақталынған. 2000жылы әлемде кіндік қанының тін жасушаларын трансплантация жұмыстарының саны 1200 жетті, соның ішінде 200 туыстық трансплантация. 2001жылы алғаш рет ересек науқастарға кіндік қанының тін жасушаларын трансплантациялауға болатындығы жайлы ресми мәліметтер жарияланды. Трансплантация жұмыстарының 90%-дан астамы сәтті орындалды.Тіркеуші-банктерде сақталған тін жасушаарының әлемдік коллекциясының саны 72000 үлгіге жетті.2003 жылдың қыркүйек айындағы мәліметтер бойынша әлемдік кіндік қанын 2592 науқасқа, соның ішінде 1012 үлгісі ересек адамдарға трансплантацияланған.2006 жылғы жасушалық терапия бойынша Халықаралық бірлестік ұйымының (ISCT) мәліметтеріне сүйенсек жыл соңына қарай кіндік қанын трансплантациялау саны 6000 жетті. 2009 жылы кіндік қанын Европалық тіркеу-банктеріндегі ( EUROCORD) жетекшілердің мәліметі бойынша кіндік қанын трансплантациялау саны 20000 жетті.2010 жылы кіндік қанын Европалық тіркеу- банктерінде кіндік қанын трансплантациялау саны 28 000 жетті.                                         

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

Қолданылған әдебиеттер:

1. Корочкин Л.И. Что такое стволовые клетки // природа (Россия) -2005- №6.С. 3- 11

2. Репин В.С. Эмбриональная стволовая  клетка (от фундаментальной биологии  к медицине)//Успехи физиол.наук.- 2001. -№1. –С.3-18  

 


Информация о работе Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы