Қант диабеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 12:47, реферат

Краткое описание

Қант диабеті – эндокринді зат айналымы жүйесінің ауруы, оның негізінде абсолютті және біршама инсулиннің жетіспеушілігі жатыр. Инсулин – ұйқы безінен, дәлірек айтсақ, лангерганстың аралындағы жасушалардан бөлініп шығатын гормон. Қант диабетінің (қазақтар сусамыр деп те атайды) екі тұрпаты бар. Бірінші тұрпат – “жасөспірімдік диабет” туралы толығырақ айтсақ, ол инсулиннің абсолютті жетіспеушілігімен сипатталады, мұнымен негізінде балалар мен жасөспірімдер ауырады, аурудың дамуында тұқым қуалаушылық факторы айтарлықтай емес, қандағы май құрамы көбейіп, ауруды анықтағанда салмақтың азаюы байқалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қант диабеті.doc

— 31.00 Кб (Скачать документ)

Қант диабеті – эндокринді зат айналымы жүйесінің ауруы, оның негізінде абсолютті және біршама инсулиннің жетіспеушілігі жатыр. Инсулин – ұйқы безінен, дәлірек айтсақ, лангерганстың аралындағы жасушалардан бөлініп шығатын  гормон. Қант диабетінің (қазақтар сусамыр деп те атайды) екі тұрпаты бар. Бірінші тұрпат – “жасөспірімдік диабет” туралы толығырақ айтсақ, ол инсулиннің абсолютті жетіспеушілігімен сипатталады, мұнымен негізінде балалар мен жасөспірімдер ауырады, аурудың дамуында тұқым қуалаушылық факторы айтарлықтай емес, қандағы май құрамы көбейіп, ауруды анықтағанда салмақтың азаюы байқалады. Бұл науқастардың өмірі инсулинді сырттан егу арқылы алумен тікелей байланысты. Екінші тұрпаттағы қант диабеті (“ересектер диабеті”) шамадан тыс салмақпен сипатталады – бұл адамдар диета сақтау арқылы және 1 тұрпаттағы қант диабеті секілді қан құрамындағы қантты төмендететін таблеткалы препараттарды қабылдау арқылы емделеді. Диабет негізінде болатын функционалды бұзылыстар тек диагноз қою барысында жиі кездеседі. Дегенмен, уақыт өте келе мұндай науқастарға инсулин жетіспеушілігінің өсу деңгейіне байланысты, қажет жағдайда зат айналымын ретке келтіру үшін инсулин тағайындалады. Бірақ кейбір жағдайда “жасөспірім диабеті ересектер диабеті басында” және “ересектер диабеті балалық шақта басталуы” кездеседі. Қант диабетінде қан құрамындағы глюкозаның мөлшері (нормалық жағдайда 3,5-5,5 ммоль/л) көтеріледі. Қан құрамындағы глюкоза кез келген адамда кездеседі – ол көптеген ағзамызға қажет, ең алдымен орталық жүйке жүйемізге, қан жасушаларымызға, май жасушаларымызға, бауыр мен бүйрекке қуат көзі ретінде қажет. Инсулиннің көмегімен өте күрделі үдеріс – қан құрамындағы глюкозаның деңгейін ретке келтіру жүзеге асады, ал глюкозаның деңгейі тағам қабылдауға тікелей тәуелді. Нормалық жағдайда дені сау адамның 1 литр қанында шамамен 1 грамм глюкоза болады. Ағза өзінің глюкоза атты “биологиялық отынын” өте ұқыпты пайдаланады. Дені сау адамда тағам қабылдағаннан кейін глюкозаның деңгейі көтеріледі, ал 2 сағаттан кейін инсулиннің көмегімен нормалық қалыпқа келеді. Диабетпен науқас адамда инсулин тапшылығынан немесе оның аздығынан мұндай процесс болмайды. Көптеген науқастарға өз ауруларын біле тұра онымен күресу өте қиынға соғады. Уақытында эндокринолог-дәрігерге қаралмау немесе өз ауруын мүлде елемеушілік жиі кездеседі, кейбіреулері өздерін жақсы сезінетіндерін айтса, енді біреулері қолдары бос болмайтындарын сылтауратады. Өз денсаулықтарына деген осындай жүрдім-бардым қараушылық зағибтыққа, инфаркт миокардаға, бүйрек жетіспеушілігіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұндайды болдырмау үшін не істеу керек? Ең алдымен: * диабет өтелімі (қан құрамындағы глюкоза көрсеткішін қалыпты деңгейге жеткізу); * дұрыс тамақтану – дието-терапия; * мөлшерлі физикалық жаттығулар; * еңбек және демалыс режімі; * қалыпты салмақты сақтау; * АД, холестерин деңгейін қалыпты жағдайға келтіру. Әрдайым зат айналымын өзіндік бақылау, өз еркімен дәрігерге қаралу – қан тамырлары ауруларының өршімеуіне кепіл бола алады. Диабеттің өзі – оның салдарына қарағанда, қорқынышты емес екенін есте сақтағанымыз жөн. Адамадардың көбісі диабет емделе ме деген сұрақ қояды? Әрине, жоқ. Дегенмен, дибетпен көптеген жылдар бойы толыққанды өмір сүруге болады. Бұл дәрігер және науқас жағынан да қажырлы еңбекті талап етеді. Сондықтан да біз науқастарды аурудың салдарын алдын алу үшін қаралуға жиі шақырып тұрамыз. Науқасқа да күн сайынғы өмірде кездесетін қиындықтармен күресуге бар күшін салу талабы қойылады. Диабетшілер үшін “шартты денсаулық” түсінігі қалыптасқан – оған өз ағзамыздағы зат айналымын ретке келтіре отырып, қол жеткізуге болады. Мұны көптеген емхана негізінде ашылған “Диабет мектебінде” оқып үйренуге болады. Қант диабеті ауруы әлем бойынша жүрек-қан тамыр аурулары және онкологиялық аурулардан кейінгі үшінші орынды иемденеді. Қант диабеті бүгінгі күнде басты медициналық-қоғамдық проблемалардың бірі болып табылады. Әлемнің барлық елдерінде миллиондаған адамдар осы аурумен ауырады. Қарқынды зерттеулерге қарамастан, қант диабеті созылмалы ауру болып қалып отыр және де асқынулар мен ерте мүгедектіктің алдын алу мақсатында тұрақты түрде бақылауды қажет етеді. Қант диабетінің барлық асқынулары қандағы қант мөлшерінің көп болуына байланысты болады. Егер қант диабетімен ауыратын науқастар қандағы қантты қадағалап отырса, диабет аурудан өмір салтына айналады да, осылайша аурудың алдын алуға болады. Бұл өмір салты науқас диабеттің қандай түрімен ауыратынына байланысты ажыратылады. Қант диабетінің белгілері қандай дегенге келетін болсақ, мынадай жәйттерді айтуға болады. Қандағы қант мөлшерінің жоғарылауынан шөлдеу, ауыздың құрғауы, жиі дәретке шығу, тері құрғауы, терінің және кілегей қабаттың қышуы, денедегі жаралардың жазылып болмауы, әлсіздік, делсалдық болады. Егер қандағы қант өте жоғарылап кетсе, диабеттік кома болуы мүмкін, яғни адам естен танып қалады. Сондықтан қандағы қант мөлшерін қадағалап отыру керек. Қант диабетімен ауыру мүмкіндігі жоғары қауіпті топтарға тұқым қуалаушылық, семіздігі бар науқастар, құяң ауруы, жүрек-қан тамыр ауруы бар науқастар, панкреатит (ұйқы безінің қабынуы), шарана салмағы 4000 гр. жоғары болса, босанған әйел адамдар және басқа да адамдар жатады. Сонымен бірге жасы 40-50 жастан жоғары адамдар, балаларда қызылша, қызамық, шошқа мойын, т.б. инфекциялық аурулардан кейін пайда болуы мүмкін. Әртүрлі жүйке жүйесі аурулары, стресстер, уайым-қайғы жасырын диабеттің айқын диабетке ауысуына әкеледі. Сондықтан жоғарыда аталған қауіпті топтағы адамдар кезеңді түрде қандағы қант мөлшерін анықтап тұрғаны жөн. Мейлінше диабетті ерте анықтау асқынулардың және ерте мүгедектіктің алдын алуға көмектеседі. Осы мақсатта қала тұрғындарын жылына 1 рет қандағы қанттың мөлшерін анықтап тұруға шақырамыз.


Информация о работе Қант диабеті