Анемиялық, геморрагиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромдарын дәрімен емдеуінің принциптері
Реферат, 10 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Тақырып: Анемиялық, геморрагиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромның терапиясының қағидалары
Мақсаты: Тақырыпты меңгергеннен кейін, студенттер анемиялық, геморрагиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромдарында қолданылатын заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерін қысқаша мазмұндау.
Прикрепленные файлы: 1 файл
1-anemich.sind.doc
— 73.00 Кб (Скачать документ)ҚММУ Ф 4/3-06/02
2007 ж. 14 маусым №6 НХ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Жалпы фармакология кафедрасы
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
Тақырып: «Анемиялық, геморрагиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромдарын дәрімен емдеуінің принциптері.»
Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»
Пән Far-2 3214 «Фармакология - 2»
Курс:III
Құрастырған: аға оқытушы Асмагамбетова М.Т.
Қарағанды 2012
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
28.08.2012ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор _______ Жаугашева С.К.
Тақырып: Анемиялық, геморрагиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромның терапиясының қағидалары
Мақсаты: Тақырыпты меңгергеннен кейін, студенттер анемиялық, геморрагиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромдарында қолданылатын заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерін қысқаша мазмұндау.
Оқыту мақсаты:
- қан түзуге әсер ететін заттарды жіктеу.
- анемиялық, геморрагиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромдарында қолданылатын заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамасын қысқаша баяндау.
- қолдануға ыңғайлы дәрілік түрлерін, еңгізу тәсілдерін және жолдарын таңдау;
- кері және токсикалық әсерлерді болжау, және соңынан оларды коррекциялау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары
- Қан түзуге әсер ететін заттардың жіктелуі.
- Гемопоэзге әсері бар заттар. Жіктелуі.
- Эритропозді белсендіруші заттар.
- Гипохромды анемияда қолданылатын заттар. Темір препараттары.
- Препараттарға салыстырмалы сипаттама. Кері әсерлері. Темір препараттарымен уланғанда қолданылатын антидоттар.
- Гиперхромды анемияда қолданылатын заттар. Цианокобаламинмен фолий қышқылының әсер ету механизмі. Қолданылу көрсеткіштері. Кері әсерлері.
- Эритропоэтин. Әсер ету қағидалары. Қолданылу көрсеткіштері. Кері әсерлері.
Оқу және оқыту тәсілдері - тәжірибелік сабақ
Әдебиеттер
Аляутдин Р.Н. Фармакология: учебник + СД. – 4-е изд., - М., 2008. – 832 с.
- Харкевич Д.А. Фармакология: учебник. – 10-е изд., испр. и доп. – М., 2008. – 800с.
- Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452 с.
Бақылау
Сұрақтар
- Гемоглобиннің физиологиялық ролі?
- Қанның түсті көрсеткіші деген не?
- Темір ағзада қай жерде қорланады?
- Темірдің АШЖ сіңірілуі қалай жүреді?
- Ферритин, трансферритиннің, атқаратын қызметі?
- Ішкі Кастл факторының атқаратын ролі?
- Анемия деген не, қандай түрлері бар?
- Теміржетіспеушілік анемияның себептері?
- Лейкоциттердің төмендеуінде қандай патология дамуы мүмкін?
- Темір препараттарының қандайы парентеральды қолданылады?
- Темір препараттарының кері әсерлері.
- Гиперхромды анемияда қандай препараттар қолданылады?
- Темір препараттарының токсикалық әсері.
- Цианокобаламиннің кері әсері.
- Фолий қышқылының кері әсерлері.
Тесттер
1. Цианокобаламин:
- эритропенияда қанның құрамын реттейді
- лейкопенияда қанның құрамын реттейді
- мегалобластикалық анемияда қан жасауды қалпына келтіреді
- АШЖ темірдің сіңірілуін жоғарылатады
- темірдің гемоглобиннің құрамына кіруін белсендіреді
2. Эритропоэзді белсендіретін заттар:
- гепарин
- гемостимулин
- ферковен
- цианокобаламин
- стрептокиназа
3. Темір препараттарымен уланғанда қолданылатын антидот:
- дефероксамин
- протамин сульфаты
- унитиол
- кальций хлориді
- натрий тиосульфаты
4. Гипохромды анемияда қолданылатын заттар:
- цианокобаламин
- ферроплекс
- пентоксил
- гепарин
- фолий қышқылы
5. Гиперхромды анемияда қолданылатын заттар:
- цианокобаламин
- гепарин
- пентоксил
- тардиферон
- викасол
6. Гиперхромды анемияда қолданылатын заттар:
- фолий қышқылы
- гепарин
- пентоксил
- тардиферон
- викасол
7. Жауаптың болжамы дұрыспа: Темір препараттары іштің қатуына әкеледі ішекте күкіртсутегі байланысымен жүреді:
- иә
- жоқ
8. Жауаптың болжамы дұрыспа: Темір препараттары барлық анемияда қолданылады:
- иә
- жоқ
9.Ферковен - темір препараты тамыр ішілік еңгізіледі:
- иә
- жоқ
10.Темір препараттарының кері әсерлері:
- аллергиялық реакциялар
- тістің қараюы
- ас қазан ойық жарасы
- диарея
- жүректе ауырсыну сезім
Жоспар бойынша препараттар
темір лактаты, тардиферон, гемостимулин, феррокаль, ферроплекс, ферамид, феррбитол, ферро-градумент, фероцерон, ферковен, феррум-лек, темірмен алоэнің сиропы, фенюльс, коамид, кобаманид, цианокобаламин, витогепат, фолий қышқылы,
Мынау препараттардың міндетті түрде мөлшерін білу керек.
Тардиферон
Рецептурадан сұрақтар
- Гипохромды анемияны ұзақ емдегенде темір препараты
- Гипохромды анемияны емдеуге қолданылатын кобальт препараты
- Мегалобластикалық анемияда қолданылатын препарат
- Макроцитарлы анемияны емдеуге қолданылатын препарат