Алғашқы медициналық-санитарлық көмек және 1978 жылғы Алматы Декларациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:10, реферат

Краткое описание

медицина туралы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Алғашқы медициналы1.doc

— 57.00 Кб (Скачать документ)

        

                   Алғашқы медициналық-санитарлық көмек және 1978 жылғы Алматы Декларациясы

 

      Конференцияда әлемнің барлық елдерінде қоғамның бүкіл топтарының медициналық көмекке қол    жеткізуін қамтамасыз ету мақсатындағы алғаш құжат қабылданып, оған 146 елдің денсаулық сақтау министрліктерінің өкіл- жетекшілері, БҰҰ-ның 12 арнаулы мекемесінің және 49 халықаралық үкіметтік емес ұйымдарының басшылары қол қойған. «Қазір халықтың 80 пайызы алғашқы медициналық көмекке жүгінеді. Алматы декларациясын қабылдау нәтиежесінде АМСК кең ауқымды деңгейде ДДҰ-ның негізгі концепциясына айналды».

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек – жекелеген  тұлғалардың, отбасының  және қауымның денсаулықсақтау  жүйесімен алғашқы  деңгейдегі қарым-қатынасы – медициналық-санитарлық көмекті адамдардың тұрғылықты мекеніне және жұмыс орнына барынша жақындататын, халықтың денсаулығын қорғау процесіндегі ең әуелгі кезең болып саналады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне келесі медициналық бөлімдер жатады: фельдшерлік, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, амбулаториялық-емханалық мекемелер, участкелік ауруханалар, учаскелік емхалар жүйесі, жедел медициналық жәрдем станциялары, тазалық және эпидемиологиялық орталықтары, денсаулық орталықтары, дезинфекциялық орталықтар.

1978 жылғы Алма-Ата  декларациясында  «Алғашқы медициналық-санитарлық  көмек, кем дегенде, мыналарды қамтиды: денсаулықтың негізгі проблемаларымен, аурумен күрес және арудың алдын алу бойынша халық арасында насихат жүргізу; тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру және азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары; халықты таза ауыз сумен қамту және негізгі тазалық ережерінің жақсаруына жағдай жасау; отбасыны жоспарлауды қос алғанда, ана мен бала денсаулығына алғашқы медициналық-санитарлық қорғау; негізгі жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары; жергілікті эпидемиялық арулар және жарақаттарды емдеу, олардын алдын алу, сондай-ақ негізгі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету» деп жазылған.  
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті насихаттай отырып, Алма-Ата декларациясында денсаулықтың деңгейі медициналық-санитарлық қызмет немесе қоғамдық денсаулықсақтау қызметінен тыс көптеген факторларға байланысты екендігі атап көрсетілген. Денсаулықсақтау саласында елеулі жетістіктерге жетіп отырған мемлекеттердің барлығы қазіргі таңда көп бағытта жұмыс істетіндігі анықталып отыр. Денсаулықты жан-жақты қарастырудың пайдалы тәжірибелерін медициналық қызметтердің барлық түрі жоғары деңгейдегі дамыған мемлекеттермен қатар дамушы мемлекеттерден де кездестіруге болады. Аталған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, әлеуметтік салаға, оның ішінде оқу ісіне, ана денсаулығына инвестицияның көп бағытталуы – денсаулыққа және барлық тұрғындардың әлеуметтік көрсеткіштеріне жақсы жағынан әсер етеді.  
Декларация, әлемде денсаулықты жақсарту мақсатында, ұлттық және халықаралық деңгейдегі шұғыл іс-әрекеттерге негізделген. Құжаттың негізінде мемлекеттердің, жекелеген мемлекеттердегі әртүрлі әлеуметтік-экономикалық секторлар, қоғамдық және кәсіби топтардың өкілдері арасында әріптестік орнатудың әлемдік қауымдастық таныған қағидалары жатыр. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Алма-Ата декларациясының негізгі қағидаларын белсенді түрде жүзеге асыру – Қазақстанның әлемдегі беделін көтерді.

 

 

Кеше Алматыда “Интерконтиненталь” қонақ үйінде Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі (АМСК) Алматы декларациясының 30 жылдығына арналған екі күндік халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады. Әлемнің 77 мемлекетінен 230, ал Қазақстанның әр аймағынан 260 делегат қатысқан келелі басқосу барша халықтың денсаулыққа ортақ құқығы қағидасы негізінде осыдан 30 жыл бұрын қабылданып, “ХХ ғасырдың Ұлы хартиясы” атанған маңызды құжаттың өміршеңдігін, әлі де өзінің маңыздылығын жоймағанын дәлелдеді.

 

 

“Бұдан отыз жыл бұрын Алматы қаласында әлемдік қауымдастық үшін маңызды оқиға болды – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша Алматы декларациясы қабылданды. Тұңғыш рет тарихта адамдардың денсаулығы адамзаттың жаһандық мақсаттары дәрежесінде қойылды. Осы халықаралық құжаттың негізгі ережелері әлі күнге дейін өзекті болып, ғаламшарымыздың көптеген мемлекеттерінде денсаулық сақтауды дамытуда басым күйінде қалып отыр. Конференция жұмысының жемісті болатынына, ал ұсынылған ұсынымдар мен идеялар денсаулық сақтаудың өзекті проблемаларын шешуге және осы маңызды саладағы халықаралық ықпалдастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенімдімін”, делінген құттықтауда.

 

Осыдан отыз жыл бұрын қабылданған Алматы декларациясы АМСК денсаулық сақтау ісінің басты және іргелі құндылықтарының бірі екендігін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге жалпы денсаулық сақтау саласының іргелі ұстанымдарын анықтауда шешуші рөл атқарғандығын жеткізген БДҰ-ның бас директоры Маргарет Чен ханым, ол барлық әлеуметтік топтар үшін дәрігерлік көмектің міндетті болуын мойындату үшін, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы дәрігерлік қызмет ісіндегі теңсіздікті жоюға үндеу үшін ұйымдастырылғанын баса айтты.

– Жалпы алғанда бүгін осыдан отыз жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда адамдардың денсаулығы жақсара түсті, өмір сүру мерзімі анағұрлым ұзарды. Дегенмен, денсаулық қызметінде әлі де қанағаттандырмайтын жағдайлар жеткілікті. Мәселен, кезінде қабылданған міндеттер, енгізілген технологиялармен жасалған тәжірибелер, ұйымдастырылған қорлар күткендей нәтиже бере алмай отыр, ал жүздеген, мыңдаған адамдар бүгінге дейін тұрақты медицинадан тыс қалуда, – деді БДҰ-ның басшысы.

Конференцияда БҰҰ БҚ атқарушы директоры Энн Венеман ханым да өткен үш онжылдықта үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенін, 1978 жылы Алматы Декларациясы қабылданған уақытта дүние жүзінде жылына бес жасқа дейінгі 15 млн. бала қайтыс болса, 1990 жылы бұл көрсеткіш 13 миллионға төмендегенінен, ал 2007 жылға дейін балалар өлімінің көрсеткіші 27 пайызға, яғни 1000 нәрестеге шаққанда 93-тен 68-ге дейін азайғанынан хабардар етті.

Конференцияны ұйымдастырушылардың бірі, сол кездегі Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі, Ұлттық тағам академиясының директоры, академик Төрегелді Шармановтың жан-жақты баяндамасы өте әсерлі шықты.

– 1978 жылғы 12 қыркүйекте Африкадан  келген жас дәрігер Марселла Давис  конференцияның қорытынды пленарлық мәжілісінде Алматы декларациясының мәтінін оқығанда көптеген делегаттардың жанары қуаныш жасына толды. Біз ол кезде әлемді соншалықты алға дамып кетеді деп ойлаған жоқ едік. Бұл шын мәнінде өте бір қастерлі сәт болды. Бұл көпшілік үшін ой-өрістегі айрықша жаңашылдық, шын мәніндегі төңкеріс болды. Әлем тебіреніп, шаттанды,– деді

         Оңтүстік астанамызда болып жатқан дүбірлі жиын жайында Қазақстандағы балалар хирургиясының атасы, академик Камал Ормантаевқа жолығып, пікірін білген едік.

– 1978 жылы қыркүйек айында Алматыда БДҰ конференциясы дүркіреп өтті. Оны өткізуге келгенде айтыс, тартыс болғанын білесіздер. Демек, конференция тек сол кездегі Денсаулық сақтау министрі Төрегелді Шармановтың жігерлілігінің, табандылығының, Димаш Ахметұлы мен Бәйкен Әшімовтің қолдауымен бізде өткені белгілі. Содан бері отыз жылдың жүзі болыпты. Бірақ дүние жүзінде денсаулық сақтау мәселесі шешілді деп айту қиын. Елдегі халықтың жағдайын білесіздер, дәрігерлер, мейірбикелер жетіспейді. Оның бір себебі, біздің жер аумағымыз өте ауқымды. Онда он бес жарым млн. халық тұрады. Әрине, жетістіктеріміз де, кемшіліктер де баршылық. Балалар өлімі жөнінен біз Ресей мен Украинаға қарағанда алдамыз. Ал медицина университетінде педиатрия факультетін жауып тастағанына екі жыл болды. Біздің халықтың 45 пайызы ауылдық жерде тұрады, егер педиатр дәрігерлер жетіспейтін болса, балалар өлімі көбеймей қайтсін. Президентіміз Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің экономикалық даму барысы жайлы жан-жақты айтқан әңгімесінде медицинаға бөлінетін қаражатты ұлғайтамыз деді.

 

Сонымен кеше БДҰ-ның барлық аймақтағы директорлары мен атқару комитеттерінің мүшелері, төрткүл дүниенің 77 елінен жиналған денсаулық сақтау саласының жетекшілері, ресми өкілдері, ең бастысы, шақырып келтіре алмайтын әлемдегі осы саладағы ең беделді әрі басшы орган БДҰ-ның бас директоры Маргарет Чен мен атқарушы директоры Анн Венеман ханымдардың мерейтойлық конференцияның маңызын өте жоғары бағалап келуі – тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзілік аренадағы беделін тағы бір биіктетіп тастады. Әсіресе, БДҰ 2009-2010 жылдары АМСК-ні одан әрі дамыту мақсатында келесі жылы қаңтар айында өткізілетін БДҰ-ның атқару комитеті, ал 2009 жылдың мамырында Женевада БДҰ-ның үлкен ассамблеясының Алматыдан бастау алуы да Қазақстан медицина қауымы үшін жоғары мәртебе.

Конференцияның жабылу салтанатында жас делегаттардың және де БДҰ/БҰҰ БҚ алты аймақтық өкілдерінің үндеуі оқылды.

 

 

 

 


Информация о работе Алғашқы медициналық-санитарлық көмек және 1978 жылғы Алматы Декларациясы