Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 15:04, доклад

Краткое описание

Жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты төмендегі қызметтер түрлерін:
• барлық азаматтардың бірдей мүмкіндікте сапалы білім алуын;
• Қазақстан Республикасында білім кеңістігінің бірдейлігін;
• білім алушының шамадан көп жүктемеден, олардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауын қорғауды;
• білім беру бағдарламаларының жалпы білім берудің әр сатысындағы сабақтастығын, кәсіптік білім алу мүмкіндігін;
• білім алушының әлеуметтік қорғалуын;
• педагогтардың әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекция-2.doc

— 157.50 Кб (Скачать документ)

3. ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы  түсінік.

Компьютерлік сауаттылықтың бұл компоненті екі негізгі құраушы бөліктен тұрады:

а) компьютердің құрылысы және оның негізгі құрылғыларының атқаратын қызметі;

ә) компьютердің негізгі элементтерінің физикалық негіздері және жұмыс істеу принциптері.

Бұл компоненттің оқушылардың меңгеруіне қиын болса да, маңызды дүниетанымдық мағынасы бар. Алғашында бұл туралы мәліметтер информатика курсында қолданбалы сипатта болуы, ең алдымен қолданушының қажетіне жарауы, оған жеке машинаның мүмкіндіктерін бағалауға немесе әртүрлі компьютерлі салыстыруға көмектесуі тиіс деп есептелінген. Әрине, физика курсында ЭЕМ-нің жұмыс істеу негізіне жататын әр түрлі физикалық құбылыстар, ал математика курсында немесе информатика курсының іргелі бөлімінде оның жұмыс істеу принциптеріне жататын мейлінше жалпы және абстрактілі жағдайлар дәлірек қарастырылады.

4. ЭЕМ-нің мүмкіндігін және қолдану ауқымын, компьютерлендірудің әлеуметтік әсерін елестету.

Компьютерлік сауаттылықтың бұл компонентін қалыптастыру информатика курсының негізгі міндеті болып табылмайды, себебі, ол оның шегінен шығып кетеді. Оқушылрға бірқатар оқу пәндерінен әртүрлі мәселелерді шешуде компьютерді практикалық қолдану процесінде, еңбектің ұтымдылығын арттырудағы ЭЕМ-нің қолданылу ауқымы мен ролі туралы ашып айту мақсатқа сай келеді. Мектеп компьютерін оқушылар математика, физика, химия пәндерінде есептеу жұмыстары, оқу эксперименті мәліметтерін талдауда және зертханалық жұмыстарды жүргізудегі заңдылықтарды іздеуде, алгебра курсында функцияны зерттеуде, математикалық модельдерді, физикалық, химиялық, биологиялық және басқа құбылыстар мен процестерді құру мен талдауда қолдануы мүмкін. Оқушылар арнайы ЭЕМ-ді география, тарих және басқа да гуманитарлық пәндерде ақпараттық жүйе, мәліметтер қоры, автоматты анықтама ретінде қолдануларына болады.

Пәнді мектепке енгізудің алғашқы кезеңінде пайда болған компьютерлік сауаттылық түсінігі бұл күнде де әдістемелік әдебиеттерде белсенділігін жойған жоқ. Жоғарыда айтылған қысқартылған төрт компоненттен тұратын компьютерлік сауаттылықтың құрылымы белгілі төрт, яғни қарым-қатынас, бағдарламалау, құрылғы, қолдану сөздердің жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін. Компьютерлік сауаттылықтың барлық компоненттері сақталғанның өзінде олардың біріне аса көп көңіл аудару информатика пәнін оқтудың мақсатын елеулі өзгеріске ұшыратады. Мәселен, егер қарым-қатынаста болу компоненті үстем бола бастаса, онда курс айрықша қолданбалы болады да, компьютерлік технологияларды меңгеруге бағытталады. Бағдарламалау компоненті үстем болғанда курстың мақсаты бағдарламалаушылар дайындауға алып келеді және т.с.с.       

 

 

3.3. Оқушылардың компьютерлік  сауаттылығы және ақпараттық  мәдениеті

 

Мектептегі «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасының әдістемелік тұжырымдамасы байқау оқу құралын жасаумен шектелді. Сонан соң бағдарламаның екінші түрі өңделіп жарияланды. Бұл жаңа бағдарлама мектепте информатика саласынан білім беру мазмұны мен мақсатының дамуында ерекше орын алды және тарихқа «Информатика және есептеуіш техника негіздері» мектеп пәні бағдарламасының «машиналық» нұсқасы ретінде енді.

«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасы жарияланғаннан бастап бір жыл өткен соң, мектепте информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықпен шектелмейтіндігіне көз жеткізілді. Белгілі «компьютерлік сауаттылық» түсінігімен қатар жаңа бағдарламада алғаш рет жаңа ұғым «оқушылардың ақпараттық мәдениті» ұғымы пайда болды. Сайыстық бағдарламаларда жобаланған «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні оқушыларда:

  • практикалық іс-әрекеттерде пайда болатын есептердің сауатты қойылуы, оларды ЭЕМ көмегімен шешу дағдыларын;
  • қойылған есептердің формальды жазылу дағдылары, математикалық модельдеу әдістері туралы қарапайым білім және қойылған есептердің қарапайым математикалық модельдерін құру икемділігін;
  • негізгі алгоритмдік құрылымдарды білуі және білімдерін есептердің математикалық модельдері бойынша оларды шешу алгоритмін құру үшін қолдану шеберлігін;
  • ЭЕМ-нің құрылғылары мен жұмыс істеуі туралы түсінік және құрылған алгоритм бойынша жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерінің бірінде ЭЕМ үшін бағдарлама құрудың қарапайым дағдыларын;
  • практикалық есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижесін сауатты түсіндіріп беру және осы нәтижелерді практикада қолдану шеберлігін қалыптастыруы тиіс.

Бұл талаптардың төмен дәрежеде жүзеге асырылуы оқушылардың компьютерлік сауаттылығының бірінші деңгейіне жету міндетті, ал толық қамтылуы оқушыларды ақпараттық мәдениетке (АМ) тәрбиелеу болып табылады.

Келтірілген түсініктемелер, ақпараттық мәдениет ұғымы компьютерлік сауаттылықтың жаңа және алдыңғы ұғымдары біршама кеңейтілген компоненттерінен құрылғандығын білдіреді. Сондықтан, «ақпараттық мәдениет» ұғымына енетін барлық жаңа түсініктер ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға арналған математикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше қатысты болады. Практикалық есептерді шешудің барлық кезеңдерін қарастыру әрекеті мен математикалық модельдеу әдісі туралы алғашқы мәліметтерді мектептің білім беру мазмұнына енгізу көптен бері ғалымдар мен әдіскер-матемтиктердің басты мақсаты болып келеді. Оқушыларға оның мазмұнын пайдалы және көрнекі түрде ашуға мүмкіндік беретін, бірақ әдістемелік өңдеуге оңай берілмегенімен, жаратылыстану ғылымының бұл бөлімі өте қызығарлық білім мен дүние танымдық күшке ие. Міне, сондықтан математикалық модельдеу идеясын бейнелеуге тырысуды біз мектеп «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасынан табамыз. Практикалық есептерді шешудің барлық кезеңдерін көрнекі түрде жүзеге асыруға және біртіндеп қарастыруға мүмкіндік беретін информатиканың «машиналық» курсына осы материалды енгізу алғаш рет бұрынғы әдістемелік түпкі ойдың ойдағылай шешілуіне арналған алғы шарттарды туғызды.

Тағы да бір жаңа бағдарламада мақсаттың есте қаларықтай кеңеюін көрсетейік: компьютерлік сауаттылық компоненті бұрығы редакцияда ЭЕМ-мен қарым-қатынасты оңайлататын дағдылармен, мақсаттың жаңа жүйесінде қазіргі ақпараттық жүйелердің негізгі түрлерін маман ретінде пайдалану және осы жүйенің жұмыс істеу негізіне жатаны негізгі принциптерді түсіну дағдыларымен байланысады.   

Бұл кезеңде мектептің информатика курсының мазмұнды-әдістемелік саласы ретінде ақпараттық технологиялар бөлімін тұрақтандыру мақсатында жұмыс істейтініміз белгілі.

Информатика саласынан оқушыларға білім беру мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады:

 

АМ→КС→АМ→?

 

Тізбектің соңындағы сұрақ белгісінің сақталуы толық түсінікті. Оқушылардың ақпараттық мәдениетінің бағдарламаның «машиналық» нұсқасымен бірге енгізілген жаңа түсінік сол уақытта жарияланған компоненттердің қатарына тұйықтала алмады, бұл оқыту мақсатының дидактикалық сипаттамасына қарама қайшы келеді. Сонымен бірге, «ақпарттық мәдениет» термині мектепте білім берудің информатика саласындағы мақсатымен ұзақ теңестіруге керекті жеткілікті ойдағыдай тұжырымдау тапты. Айтылғандар оқушылардың ақпараттық мәдениеті уақытпен шектелмеген тұрақты даму барысында компоненттермен толықтырылып, ұдайы даму үстінде болатындығын және бұл өз кезегінде мектепте жалпы білім беру талаптарының қазіргі ғылым мен практиканың дамуына сәйкес келетіндігін көрсетеді. Мәселен, байланыс арналары мен компьютерлік коммуникацияның бір мезгілде дамуы «ақпараттық мәдениет» ұғымының мазмұнына коммуникациялық технология туралы түсінік енгізу, қазіргі ақпараттық қоғамдағы әрбір адамның жалпы мәдениетінің міндетті элементі болып табылады. Информатиканы мектепте оқытудың мақсатына түзетулер енгізу келешекте қарастырылатын басқа да процесстер мен жағдайларға өз ықпалын тигізеді.

  

3.4. Оқушылардың ақпараттық мәдениетi ұғымының  қалыптасуы

 

Информатикадан орта мектептерге арналған оқу құралдарының бiрнеше нұсқаларына өткiзiлген байқаудан кейiн информатика саласынан оқушыларға бiлiм беру мазмұны, мақсаттары кейбiр бөлiмдерде әртүрлi баяндалғандығын байқадық. Мысалы, оқу құралы авторларының бағдарламасына түсiндiрме хатта «жалпы бiлiм беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың негiзгi мақсаты - оқушылардың алгоритмдiк ойлауын дамыту, және курстың орталық ұғымы - алгоритмдер, ал оқу iс-әрекеттiнiң негiзгi  мазмұны алгоритмдердi құру және талдау» деп айтылған. Сол кездерi басқа оқу құралдарының авторлары өздерiнiң  бағдарламаларында «өмірге қажеттi есептердi ЭЕМ көмегiмен шығаруды оқушыларға оқыту – курстың негiзгi мақсаты болып  табылатындығын» баяндайды. Сонымен информатиканы оқытудың мақсаттарына әдеттегiден тыс түсiнiк берiледi – «ол ЭЕМ-де ақпаратпен жұмыс iстеу шеберлiгi: ақпаратты жазу, оқу, санау және  сурет салу, iздеу, жинау және компьютерлiк бағдарламалармен жұмыс iстеу».

Белгiлi авторлардың керi көзқарас қалыптастыратын пiкiрлерi жергiлiктi орындардың практикалық әрекеттерiнде “анархияны” күшейттi, яғни мұғалiмдер құрастырған авторлық бағдарламалардың пайда болуына алып келдi. Бұл авторлық бағдарламаны құрастырған информатика пәнiнiң мұғалiмi болып қызмет атқаратын инженер мамандар едi. Бұлар өз кезегiнде - Бiлiм Министрлiгi ұсынған, ғылыми-педагогикалық ұжымдар өңдеген бағдарламалар бар бола тұрып одан бейхабар екендiгiн ескермеуге болмайтын. Мұның бәрi “Информатика және есептеуiш техника” пәнiнiң жалпы жағдайын үрейлi күйге алып келдi.

Бұл жағдай бiршама уақыт түсiнiксiз күйде қалды, курстың  негiзгi ұғымдарының мақсаты, мiндеттерi, тiптi құрамы мен мазмұны жоғарғы деңгейде еркiн түсiндiрiле бастады. Оқу бағдарламалары әртүрлi бола бастады, көп жағдайда информатиканы ғылым ретiнде көрсете алмайтын бiржақты, тек қана ақпараттың алу, сақтау, өңдеу, беру, қолдану аспектiлерiн үйрететiн пәнге айналдыра бастады. Көптеген жағдайларда оқытудың мазмұны қарапайым практикалық бағдарламалауға (Бейсик, Паскаль, Си және т.б.), шектен тыс информатиканың технологиялық аспектiлерiне қызығушылыққа бағытталды,  ал бастапқы бағыты іргелі жалпы бiлiм беру негiзiнiң дамуы тежелу күйiне ендi.

 Сонымен, мәселе жоғарыда айтылған қысқа  уақыттың, ұйымдастырушылық шығындарымен  түсiндiрiлген кризистiк жағдайлар  уақыт өте келе дұрыс жолға  түсе бастады. Оқушыларға информатиканы  оқытудың алғашқы мақсаттарының  тұрақсыздық күйге ену негiзiне терең және қиын жойылатын қарама-қайшылық жатады.

Мектепке енгiзiлген «Информатика және есептеуiш техника негiздерi» курсын ең басында қабылданған шешiм бойынша мектептiң екi жоғарғы класында орналастыру мектептегi информатика тұжырымдамасы авторларының пiкiрiнде емес, практикалық жағдайларға байланысты жүзеге асырылды, себебi мектептiң базасының жоқтығы, мұғалiм мамандардың дайын болмауы мектептiң оқу жоспарына информатиканың тереңдеп енуiне керi әсер еттi. Дегенмен, 1990 жылдардың ортасына  қарай-ақ «Информатика және есептеуiш техника негiздерi» пәнін мектептiң тек жоғарғы сыныптарында ғана оқытудың жеткiлiксiздiгi айқын белгiлi бола бастады, сондықтан бұл парадигма ресми стратегия ретiнде өзiн көрсете алмады.

Сонымен орта мектепте информатикадан үздiксiз бiлiм беру мақсатында оны оқыту төменгi сатыларға түсiрiлдi. 11-жылдық мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңдi қамтиды:

  • Бiрiншi кезең (1-VI) – пропедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылардың компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын және қарапайым компьютерлiк жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б.  сабақтарында қолдануда ақпараттық мәдениеттiң алғашқы элементтерi қалыптасады.
  • Екiншi кезең (VII-IX) - негізгі курс, информатикадан оқушылардың мiндеттi, жалпы бiлiм берудің міндетті дайындықтарын қамтамасыз етедi. Ол оқушылардың есептердi шешудегi ақпараттық технологияның әдiс- тәсілдерiн меңгеруге, кәсіптік, оқу әдiстерiне компьютердi тәртiптi және саналы қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
  • Үшiншi кезең (X-XI) – оқушыларды информатика саласында қызығушылығына байланысты және кәсiптiк дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретiнде бiлiмнiң жалғасуы.

Оқушылардың информатиканы ертерек үйренуiне байланысты мектептегi барлық оқу пәндерiн оқып-үйренуде жаңа ақпараттық технологияның әдiстерi мен тәсiлдерiн жүйелi қолдану мүмкiндiгi жоғарылайды.

Мiне, бұл фактор информатика саласында оқушыларға бiлiм берудiң мақсатын қайта бөлу мәселесiн қамтамасыз етедi. Сондықтан кiшi сыныптардан бастап компьютердi барлық пәндердi оқытуға қолдану оқушылардың компьютерлiк сауаттылық икемдiлiктерi жалпы оқыту сипатына ие болады және ол тек  информатика курсында ғана емес, барлық оқу пәндерiнде  қалыптасады. Айтылғандардан шығатыны, информатика курсы төмендегенде компьютерлiк сауаттылықтың көптеген компоненттерi ерте, әрi басқа пәндер арқылы қалыптаса бастайды, сонда компьютерлiк сауаттылықтың өзi тек информатика курсымен байланысты “тұтас бөлiнбейтiн” мақсат ретiнде қарастырыла алмайды.

Жаңа тәсiл мектептегi информатика курсының меншiктi мақсатының маңыздылығы айқын көрiнетiн мiндеттердiң оның орнын өзiндiк мектеп пәндерi сияқты берiк және ұзақ мерзiмге созылған іргелі, жалпы бiлiм беру негiзiне сәйкес жаңа түрде қарастырды. Осыған байланысты мекеме шешiмi мектеп информатика курсының ары қарай дамуы бұл курстың жалпы бiлiм беру қызметiне күштi назар аударудың айқын тенденцияларына, оқытудың жалпы мiндеттерiн  шешуге арналған потенциялдық мүмкiндiктерiне байланысын белгiледi. Басқа сөзбен айтқанда қолданбалы есептерден бастап бағалы, жалпы бiлiм беру оқу пәнiне компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру. Мектепте оқытудан компьютерлiк сауаттылық пен ақпараттық мәлiметтi қалыптастыру- мақсатының бөлiнген сипаттамасы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жүйесiн құруға жаңа тәсiлдi қажет етедi. Бұл мекеменiң шешiмiмен қалыптасқан, сол уақытта жекеше мақұлданған оқу бағдарламалық кешендерi ұсынылды, олар: А.А.Кузнецовтың  информатикадан базалық кешенi сол сияқты, орта мектепке  арналған үздіксіз курстың А.Л.Семенов пен Н.Д.Угриновичтың, Е.Я.Коган мен Ю.А.Первиннің  жасаған екі нұсқасы болды.

Информатика саласынан оқушыларға бiлiм берудiң іргелі, жалпы бiлiм беру негiзiн iздеу мiндетiне ерекше көңiл аудару  тағы да осы мәселенiң қарапайым емес екендiгiн растады. 1990 жылдардың екiншi жартысында талқылауға арналған келесi мәселе, яғни информатикадан жалпы бiлiм берудiң дамуына,  мектеп информатикасының іргелі негiзiне сүйенiп – информатиканы оқытудың мазмұнын «технологияландырудың» етек алу қаупi шиеленiстi.

Бұған алғашқы себеп, дербес компьютерлерде жүзеге асырылатын, практикалық iс-әрекеттiң әртүрлi салаларында кеңiнен таралымға ие болған ақпараттық технологиялар (АТ) болды. Сонымен қатар қоршаған ортаның қолдауына ие болған, жастарды АТ қолданудың практикалық дағдыларына оқыту оқушылардың және олардың ата-аналарының қызығушылығын тудырды.

Информация о работе Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері