Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 20:22, курсовая работа

Краткое описание

Математиканы оқыту әдістемесі - болашақ мұғалімдерді оқыту мен
тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі
қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті
білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен
біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі с аналы меңгеруін қамтамасыз ету
болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың
жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін,
әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің
жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

15 курсовая (Автосохраненный).docx

— 63.08 Кб (Скачать документ)

        Апталықты  өткізу  үшін  алдын  ала  математика  мұғалімдері  мен  бірнеше оқушылар  кіретін  ұйымдастыру  тобы  құрылады,  ұсыныстар  мен

мүмкіндіктерге қарай апталықтың бағдарламасы жасалады, әр сала бойынша

жауаптылар  тағайындалады,  барлық  дайындық  жұмысы  істелініп  бітетін  ең соңғы  мерзім  белгіленеді.  Апталықты  ұйымдастыруға  сынып  жетекшілері, пән мұғалімдері, ата–аналар және т.б. көмек көрсете алады.

Математикалық  апталықтың  мазмұны  барынша  мектеп  оқушыларын

көп жұмылдыратындай түрлі–түрлі болуы керек. Бұл олардың ынталығы мен

қызығушылығын  жетілдіруге  себеп  бола  алады.  Апталыққа  дайындалу

барысында  оқушылардың  ізденімпаздығы  мен  ынталылығын  білдіретін

іс-әрекеттерге барынша мүмкіндік жасау керек. Даярлық кезінде оқушыларға

жеке  немесе  ұжымдық  тапсырмалар  беріледі.  Мәселен,  қабырға  газетін

шығару,  қолжазба  журнал  шығару,  стенділер  даярлау,  көрнекі  құралдар

көрмесін  ұйымдастыру  жұмыстарын  тапсырма  ретінде  беруге  болады.

Әдетте,  математикалық апталық  альбомдар, қабырға газеттерінің сайысынан басталып,  математикалық  ойындар,  жарыстар  мен  олимпиадалар  өткізумен аяқталады. Жеңімпаздар арнайы атап өтіліп, оларға жүлде тапсырылады.

         Математикалық апталықты мынадай жоспарда өткізуге болады.

1.  Дүйсенбі «Математика  – ғылымдар патшасы» - конференция.

2.  Сейсенбіде «Әр түрлі  санау жүйелері» - үйірме.

3.  Сәрсенбіде  «Ойшылдар,  алғырлар,  тапқырлар»  -  математикалық 

сайыс.

4.  Бейсенбіде математикалық  олимпиада.

5.  Жұмада қызықты есептер, жұмбақ есептер, ребустар, кроссвордтар

жарысы және т.б.

  1. Сенбіде «Қызықты математика» - математикалық кеш.

Апталықтың 6-күні апталықтың жабылуы.

Апталықтың өтілуі барысы кезінде апталыққа белсенділік көрсеткен пән мұғалімдері, сынып оқушылары сыйлықпен марапатталады.

 

         Математикалық кеш - сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрінің

бірі.  Математикалық кештің басқа сыныптан тыс жұмыс түрлерінен айырмашылығы:

  • Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетіндігінде;
  • Бірнеше сыныптан тыс жұмыс түрлерін қамтитындығында;
  • Өткізілу уақыты кешкі уақытта екенінде және оның ұзақтығында;
  • Музыкалық қайырымдар болуында т.б.

     Өткізілетін  зерттеулерге қарағанда мектептерде  математикалық кештер соңғы кезде  аз өткізіледі. Бұның бір себебі  математикалық сайыстарға қарағанда  олардың өздерін қамтитын, бірнеше  сыныптан тыс жұмыс түрлерін  қамтитын, математиаклық кештерді  дайындау және өткізу жұмыстарының  ұйымдастырушыдан педагогикалық  біліктілікті, шығармашылық қабілеттерді, әртістікті, режиссерлік қабілетті, өз ісіне берілгендікті талап  ететіндігінде.

      Мектеп  мұғалімдерінің арасында математикалық  кеш міндетті түрде спектакльдық  қойылым түрде өткізілуі керек  жаңсақ пікір бар. Осыдан мектептерде  математикалық кештер мүлде өткізілмейді  деуге болады. математикалық кештерін  дайындық және өткізу барысында  математика мұғалімінің мектеп  педагогтарының ұжымының арасында  шығармашылық байланыстар қалыптасады.

     Математикалық  кештерді міндетті түрде кешкі  мезгілде өткізу қажет емес. Оқушылардың  ыңғайына қарай басқа уақытта  өткізіге де болады. Жалпы сыныптан  тыс жұмыс формалардың бірнешеуін  қамтитын болғандықтан, бұны сол  формаларда өткізілген жұмыстардың  қорытындысы деуге де болады.

   Мектеп оқушылардың  арасында математика сабағын  қиын және қызықсыз пән деп  есептейтін пікірдің қалыптасуын  кейінгі кезде өткізіліп жүрген  зерттеулер нәтижесі көрсетіп  отыр. Ғылымдар патшасы деп аталған  бұл ғылымға деген мұндай көзқарасты, өзгерту, оқушылардың арасында бұл  пәннің беделін өсіру, бүгінгі  күнгі педагогиканың көкей кесті  проблемалардың бірі болып отыр.

    Математика мектептегі  басқа пәндерді оқып үйренуде  арқа сүйер пән болып табылады. Математикалық сипаттағы адамның  біліктілігі мен дағдылары мектеп  оқушыларының шығармашылық дамуы  мен еңбекке дайындығы үшін  қажет.

    Мектеп оқушыларының  шығармашылық потенциалын дамыту  жолдарының бірі сыныптан тыс  жұмыстар болып табылады. Ал, осы  жұмыстардың ішінде оқушыларға  ұнайтын, олардың шығармашылық талабын  дамытатын, коллективтік, адамгершілік, ұйымдастырушылық т.б талптарын  дамытатын түрі – математикалық  кештер болып табылады.

     Математикалық  кештердің әр түрлі формаларда  өткізуге болады. Мысалы: креактивтік, яғни шығармашылық, ерекшеленген  типтегі кештер: есептер құрастыру  және шешу кештері; диалог-кештер (дискуссиялар, диспут, эвристикалық  әңгіме, дөңгелек үстел, дебаттар т.б ); парадокс -  кештер (мысалы, «іш-сырты жоқ көйлек»- Мебус парағы, Евклид геометриясының проблемалары т.б. ); фантазия кештері  («іші-сырты жоқ құмыра » - Клейн бөтелкесі) т.б.

     Коммуникативтік  типтегі  кештер: көрме-кештері; аукцион-кештер; конференция-кештер; көңілді тапқырлар  клубы; спектакль-кештер; «дөңгелек  үстел» кештері; шығармашылық есеп  шешу кештері т.б; ғалымдармен  кездесу; көрмелер; коллекциялар ұйымдастыру, ойындар; кроссвордтардан, қызықты  математикадан жарыстар, конкурстар; математикалық тақырыптық кештер; ғалымдардан өмірі мен қызметіне  арналған кештер; белгілі бір  проблемаларға арналған кештер (мысалы, «π» саны, «Таза математика», «Қолданбалы математика»т.б.);  жас ерекшеліктеріне байланысты төменгі сынып оқушыларына арналған, жоғары сынып оқушыларына арналған кештер т.б.

     Оқушылардың  сабақ процессі кезінде уақыттың  тығыздығына кең түрде көңіл  бөлінбеген мәселелерге мұнда  толығырақ тоқталуға болады, шығармашылық  жұмыстармен айналысып, логикалық  ойлауды, танымдық әрекетті дамытатын  қызықты есептер шығарып, басқа  қатырулар, кроссвордтар шешіп ойындар  ойнауға және өздігінен есептер, ойындар құрастыруға мүмкіндік  туады.

     Кештерді өткізуде  төмендегідей тәрбиелік міндет  көзделеді: білімге құштарлықты тәрбиелік міндет көзделеді: білімге құштарлықты тәрбиелеу; ұлттық дәстүрлі ойындар негізінде оқушының жалпы – интеллектуалды ой-өрісін дамыту. Ақыл-ой тәрбиесі болып табылатын адамгершілікті, отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

     Кешті дайындау  барысында: рефераттар конкурсын, математикалық  модельдер жасау конкурсын өткізуге  және жақсы шығармаларды таңдап, кеште тыңдауға, көрмелер ұйымдастыруға  болады.

     Негізгі бөлімнің  екінші жартысында газетте жарияланған  конкурстық есептердің қорытындысын  жасауға болады. Математика  сабағына  байланысты әр түрлі  әзілдер  айтуға, сахналық көріністер көрсету  тиімді.

    Негізгі бөлімді  аяқтай келе тақырыпқа байланысты  өлең, жыр, күй орындап жарысты  жандандырып, қызықты әрі әсерлі  аяқтауға болады. Бұл оқушылардың  оқу процессі кезінде алған  эмоциональдық кернеуін төмендетуге  көмегін тигізеді.

    Сабақты қорытындылай  келе қазылар алқасының шешімі  тыңдалып, жеңіске жеткен топты  жеке оқушыларды, жетекшілерді марапаттап  болған соң қазылар алқасының  төрағасы сөз сөйлеп осы кешті  аяқтайды.

     Кешті өткізу  мұғалімнің өзіндік сараптама- талдау  жасауымен аяқталады. Сыныптан тыс  жұмыс түрлерін ұйымдастыру жоғарыда  айтып өткендей әдістемелер қолдауға  болатындығына көз жеткіздік.

    Математикалық  кеш басқалардан айырмашылығы - оқушыларды  оқушыларды кең қамтумен қатар, олардың шығармашылық иницативасын, тапқырлығын, дербестігін көрсетуге мүмкіндік туғызуында өзінің мазмұны мен бағыты жағынан математикалық кештер әр алуан болады.

      Математикалық  кештің  мақсаты  –  оқушылардың  алған  білімдерін

тереңдете түсу, олардың практикада, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету,

оқушылардың  жаңа  ғылыми  және  техникалық  идеялар  әлеміне  енуіне

көмектесу,  өз ойын жеткізе білуге үйрету.  Бұл кештердің білім беру, үйрету

бағытымен  қоса  тәрбиелік  мәні  болуы  тиіс,  яғни  оқушылардың  ғылыми

көзқарастарын қалыптастыруға, еңбек сүйгіштікке баулуға ықпал етуі керек.

Кешке арналған газеттер, ребустар, викториналар, сөз жұмбақтар күні бұрын

даярланып  ілінеді.  Оны  оқушылар  алдын  ала  оқып  біліп  талдауы  қажет.

Кешке арналған оқушылардың эстетикалық талғамына сай газеттер сайысын

ұйымдастыру керек, сондай–ақ  оқушылардың өздері жасаған  фигуралардан,

қызықты математикалық кітаптардан көрмелер ұйымдастырылады. Кештерді

көбінесе  эстафеталық  түрде  өткізген  жөн.  Параллель  сыныптардың,  не

жарысқа  қатысушы  жақтардың  өз  бағдарламасы,  өзіндік  ерекшеліктері,

құпиясы  болуы  керек.  Кештің  бүкіл  мазмұны  таңдап  алынған  тақырыбына сай болған жөн. Міндетті түрде әрбір кештерде кеш болатын жерде «Білімінді  тексер!»,  «Ауызша  есептеп  үйрен!»,  «Сен  білесің  бе?!»,  «Бірден сызып  шық»,  т.б.  тақырыптарда  газеттер,  викториналар  ілінеді.  Кештің қызықты мазмұнды өтуіне зор мән берген жөн. Қызықты математика кештері әсіресе,  V-IX  сынып  оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен  бірге, ғылыми  мәліметтерді  уағыздаудың  маңызды  құралы  болуы  тиіс.  Қызықты математика  кештерінің  бағдарламасы  әдетте  көркемделген,  әр  алуан айшықты  материалдарды  қамтиды  және  мұнда  қысқаша  хабарламалар, викториналар, математикалық жұмбақтарға кең орын беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Математикалық сайыстар, ойындар және көңілді тапқырлар клубы

 

        Сыныптан тыс жұмыстардың қызықты түрлерінің бірі – Математикалық сайыс.

 

        Математикалық сайыстың мақсаты:

  • оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету;
  • ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілетін дамыту;
  • Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, Отан сүйгіштікке, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.

 

Математикалық сайысқа қойылатын талаптар:

  • математикалық сайысқа қатынасатындар 2 топтан тұру керек;
  • Сайыс тапсырмалары қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырылып құрлуы керек;
  • Сайыс тапсырмаларына логикалық есептер, күрделі есептерді енгізуге болады;
  • Сайысқа ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жету керек.

 

     Сонымен қатар  математикалық ойынның да сыныптан  тыс жұмыстарға қосар үлесі  көп.

     Математикалық  ойындар – сыныптан тыс жұмыстардың  ең қызықтысы.

     Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өз басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс – әрекеттің бір түрі.

    «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма» - деген пікірінен бала өміріне ойынның маңыздылығын көруге болады. Абай Құнанбайұлы айтқандай ойын ақылды, ойды, тапқыр алғырлықты дамытады.

       Ойын  – ұтымдылыққа, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, адамгершілікке, талаптылыққа, шапшаңдыққа, ұтқырлыққа, ұжыммен жұмыс  істеуге тәрбиелейді.

      Ойынның  түрлері:

  • дидактикалық ойындар
  • сөздік ойындар
  • логикалық ойындар
  • ойын-есептер
  • ойын-сабақ
  • ойын-жаттығу

Ойындарды қолдану тиімділігі:

  • жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде небір жақсы нәтижеге жетуге болады;
  • шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
  • сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
  • оқушының өз-өзіңе деген сенімділігі пайда  болады;
  • логикалық ойлау қабілеті дамиды.

       Математикалық  ойын дегеніміз – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат бітіретін  осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой  жетекшісі.

       Сыныптан  тыс сабақта ойын элементтерін  пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділік, арттырады. Теорияны  практикамен ұштастыруға жол  ашады. Алайда ойынды үнемі пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын  белгілі бір уақытта жүзеге  асырылып, сабақ кездерінде нұқсан  келтірмейтіндей жымдасып жатуы  тиіс.

Информация о работе Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру