Фирма. «Рахат» АҚ . Кондитерлік корпорация "ROSHEN"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 12:14, курсовая работа

Краткое описание

Осы курстық жұмыста кондитер саласының жалпы нарықтық жағдайы мен оның даму процестері туралы, отандық өндіруші Рахат кондитер фабрикасының Қазақстандағы алатын нишасы мен қазіргі даму тенденциясы жайында мәліметтер жазылған. Және Кондитерлік корпорация "ROSHEN" мен «Рахат» АҚ салыстыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фирма.docx

— 39.40 Кб (Скачать документ)

       Фирма. «Рахат» АҚ . Кондитерлік корпорация "ROSHEN"

Фирма (итал. firma — қойылған қол) — пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы. "Фирма" термині көбінесе кез келген компанияны атау үшін пайдаланылады. Термин қызмет түрлерін айқындайтын терминдермен тіркесте қолданылады, мысалы, делдалдық фирма, риэлторлық фирма, өндірістік фирма, консалтингілік фирма, аудиторлық фирма, т. б.

 Кондитер өнімдерін өндіру жер шарының көптеген мелекеттерінде зор дамыған. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Бельгия мемлекеттерінде аты шыққан тауар маркалары нарықта өз орындарын тауып, дамыған және әлемге әйгілі. Ал дамушы елдерде кондитер өнімдерін өндіру енді қолданысқа, айналымға алынуда. Болжамдар бойынша кондитер өнімдерін өндіру процесі күрт ұлғаятын аймақтар мыналар: Қытай, Латын Америка елдері, Шығыс Еуропа елдері.

    Қазақстан Республикасы да кондитер саласын дамытуға өз жігерін қосып, елеулі даму үстінде. Оған мысал ретіде отандық кондитер өндірушілер Рахат, Баян-Сұлу, Қарағанды конфеттерінің жеткен жетістіктерін айтуға болады.

    Осы курстық жұмыста кондитер саласының жалпы нарықтық жағдайы мен оның даму процестері туралы, отандық өндіруші Рахат кондитер фабрикасының Қазақстандағы алатын нишасы мен қазіргі даму тенденциясы жайында мәліметтер жазылған. Және  Кондитерлік корпорация "ROSHEN" мен «Рахат» АҚ  салыстыру.

«Рахат» АҚ 

Тарихы

Кондитер өнімдері алғаш  рет 1942 жылы ликер-арақ зауытының алаңдарында Мәскеу және Харьковтен соғыс кезінде әкелінген жабдықтармен өндірілді.

«Рахат» АҚ-нда 3.500-ге тарта  адам жұмыс жасайды. Өндіріс қуаты  екі жерде, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.

Өндірістің жан-жақты  сипаты, ауқымдылығы және какао бұршақтарын  қайта өңдеу бойынша жеке өз желілерінің  болуы компанияның отандық өндірушілер  арасында кондитер өнімдерінің кең  көлемдегі сұрыпталымына ие болуына  мүмкіндік береді. Қазіргі күні «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 250-ден астам атауға ие, 10 түрлі топқа жататын әр алуан кондитер өнімдеріне толы.

«Рахат» АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атаулары кіреді.

Кондитер өнімдерін шығаратын  өндірушілер арасында «Рахат» АҚ өнімінің айрықша ерекшелігі - әр алуандығымен ажыратылатын шоколад өнімдерін шығарудың басымдығы.

Кәсіпорында сапаны бақылаудың кешенді жүйесі және бірыңғай жауапкершілікке  негізделген ішкі сапа жүйесі ұйымдастырылған  және іске асуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылауға негізделген.

Компания жайлы

Компания тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері  туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері  үшін өнімді және қанағаттанарлық тұрғыда  еңбек етуге мүмкіндік беретін  жағдайлар жасайды. Бірінші және екінші ауысым қызметкерлері үшін ыстық  тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс  істейді, жоғары санатты дәрігерлер қызмет істейтін санитарлық бөлім бар, сауна мен жаттығу залы бар  сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі сала мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жүйелі сабақтар жүргізілетін оқу класы бар, мемлекеттік тілді  үйрету курстары ұйымдастырылған.

1978-1979 жылдары цехтардың  жұмыскерлеріне арналған асхана, дәрігерлік санитарлық бөлім,  кеңейтілген тұрмыстық орынжайлары  бар әкімшілік-тұрмыстық корпустың  құрылысы жүреді. 1992 жылы мемлекеттік кәсіпорын «Рахат» акционерлік қоғамы болып қайта құрылып, «Рахат» сауда белгісі болып тіркеледі. 2001 жылы Шымкент қаласында еншілес кәсіпорын ашылып, алғашқы өнімдері өндіріле бастайды. 2007-2009 жылдары Кельн қаласындағы (Германия) ISM кондитер және бисквит өнімдерінің Халықаралық арнайы көрмесіне қатысады.

«Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта  адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы  екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен  какао бұршақтарын қайта өңдеу  бойынша дербес желінің болуы  компания үшін отандық өндірушілер  арасында кондитерлік өнімдердің кең  сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.

Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік  пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында  ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті  жүйесі енгізілген және іске қосылған.

Басшылығы

Директорлар Кеңесінің мүшелері:

  • Даулетова Шолпан Алтыбаевна ─ Директорлар Кеңесінің төрайымы
  • Попелюшко Анатолий Висханович ─ Директорлар Кеңесінің мүшесі
  • Мейрамбаев Жексембай Аргынгазинович ─ Тәуелсіз директор

Басқарма мүшелері:

  • Попелюшко Анатолий Висханович
  • Зенков Александр Сергеевич
  • Хильчук Наталья Мироновна
  • Рустемова Римма Асхатовна
  • Гордиенко Ольга Ильинична
  • Кристаль Лариса Герасимовна 

 

 Компания өнімдері  отандық нарықта ғана емес, таяу  және алыс шет елдер нарығында  да танымал. «Рахат» АҚ өз  өнімдерінің ішкі нарықта ең  жоғары деңгейдегі қол жетімділік  саясатын жүзеге асыруда. «Рахат»  АҚ сатылым географиясы Қазақстанның  бүкіл аумағын қамтиды, себебі  компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін  жолға қойған. Алматы қаласы бойынша  өнім тарату ірі көтерме саудамен  сатып алушылар, сондай-ақ фирмалық  бөлшек сауда дүкендері арқылы  іске асырылады. Республиканың  басқа өңірлерінде «Рахат» АҚ  өнімдерінің қол жетімділігі  фирмалық сапалы өнім сатумен  айналысатын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорын) құрумен қамтамасыз  етіледі. Қазіргі кезде «РАХАТ»  АҚ өнімі қазақстан нарығында  ғана емес, республикадан шеткері  аймақтарда – Ресей, Өзбекстан,  Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.

«Рахат» компаниясына маркетингтік орта факторларының анализі

Фирмаға әсер ететін маркетингтік орта факторларын  рет-ретімен қарастырып өтейік.

Макроорта – кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды, немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара, немесе өзгерте алмайды.

     Негізгі факторлар

1.Демографилық фактор

Тұрғындардың саны. Аумаққа қарай орналасуы. Халық тығыздығы. Миграциялық бағыт. Өсім құрылымдары. Туу.Өлу.т.б

2.Экономикалық

Тұрғындардың сатып алу қабілеті. Инфляция деңгейі. Мемлекеттің қаржы және қаражат жағдайы. Салық жүйесі.т.б

3.Табиғи

Энергоресурстары мен шикізат көздерін пайдалану жағдайы және болашағы. Қоршаған ортаның ластану деңгейі мен ресурстарды тұтыну интенсивтілігіне мемлекет ұйымдарының әсері.

4.Ғылыми-техникалық

Шектес және бақылауға алынған салалардағы технологиялық өзгерістердің қарқыны. Фирманың және оның бәсекелестерінің инновациялық әлуеті т.б.

5.Саяси-құқық

Кәсіпкерлікті реттеудің құқықтық жағынан жағдайы. Мемлекеттің экономикалық саясаты. Сыртқы саясаттың рыноктың дамуына әсері.

6.Мәдени

Тұтынушылар бірлестіктерінің мәдени ерекшеліктері мен дәстүрі. Мәдениет түрлері, т.б.с.с.





Рынок көлемін талдау барысында демографиялық факторлар маңызды орын алады.  Мұнда маркетинг халықтың өсім құрылымын, туу мәселелерін қарастыруы қажет. Соның негізінде фирма кімге, қанша және қандай тауар өндіретінін біледі.

«Рахат» компаниясы өнімдерін  тұтынушылар жиі қолданатындықтан қазіргі кезде бұл фирманың дүкендері Қазақстанның 10-нан астам қалаларында және кішігірім аудандарда ашылған. Халықтың  туу деңгейі жоғарылағандықтан компания ассортиментінде кішкентай балаларға арналған өнімдер көбеюде. Мысалы, осы жылы фирма арнайы балаларға арнап, жаңа жылдық конфет сыйлықтарының жаңа түрлерін қосып, сыртқы қаптамасын әдемі безендірген болатын. Соңғы жылдары дәрігерлердің көрсеткіші бойынша халық арасында диабет ауруына ұшырау жиілілігі екі есе өскен. Осыған байланысты, компания арнайы диабетиктерге арналған кондитер өнімдерін шығырады. Бұл өнімдер оған қоса, диабет ауруына шалдыққандардың денсаулығы үшін керекті микроэлементтермен байытылған.  Сонымен қатар компанияның өнімдері ТМД елдерінде де сұранысқа ие.Ресейдің оңтүстік-шығыс бөлігінде, Красноярск, Новосибирск, Омск, Челябинск, Барнаул қалаларында өнім өткізудің кең нарығы қалыптасқан. Мұнда кондитерлік өнім нарығының алдыңғы қатарлы қатысушылары өз қалаларының тұрғындарына ұсына алатын, көпке ұнайтын, нарықтағы барлық ұсыныстардың ішінен дәмдік өлшемдері бойынша ғана емес, тұтынушылық қасиеттерінің барлық сатылары бойынша да тартымды өнімнің  тиімділігін іс жүзінде тексеруден өткізді.  Осының арқасында «Рахат» АҚ-ның кондитерлік өнімдері Санкт-Петербург тұтынушыларының белгілі бір бөлігіне белгілі болса, Еділ бойы мен Орал жағалауындағы ірі қалалар – Самара, Саратов және Орынборда өнімнің таралуы     қарқынды жүргізілуде.

Экономикалық факторлардың рынок субъектілеріне тигізетін ықпалы демографиялық факторлардан кем емес. Фирманың әлуетті тұтынушыларны білуімен бірге, олардың қанша тауар сатып ала алатынын анықтау ісі аса маңызды болмақ. 2008-2009жылдарғы дағдарыс әсерінен, көптеген тұтынушылардың қаржылық көрсеткіштері өзгерген болатын. Соның саладарынан, кондитер тауарлары бірінші тауарлар қатарына жатпайтындықтан оларға деген сұраныс төмендеген еді. 2009 жылғы есеп бойынша фирманың жалпы кірісі 9 268 564 млн.теңгені құраса, 2011 жылы жағдай біршама тұрақтанып, бұл көрсеткіш 12 560 211 дейін өсті. Сонымен қатар, компания көптеген қайырымдылық акциялар ұйымдастыруда. Қайырымдылық  шараларды үйлестіру мақсатында 2010ж. желтоқсанда «Рахат» акционерлік қоғамы «Демеу» бірлескен қайырымдылық қорын құрды. Көп жылдар қайырымдылық қызметімен айналысу нәтижесінде кәсіпорында қолданыстағы және жаңадан жасалған жобаларды тиімді түрде басқаратын кәсіби құрылым құру қажеттілігі туындады.   Қор жұмысының маңызды бағыттарының бірі зейнеткерлерге, соғыс ардагерлеріне қолдау көрсету, олардың тұрмыс жағдайы мен сапасын жақсартуға қолдан келгенше көмек корсету.

Кондитерская  корпорация "ROSHEN"

1. Общие сведенья о  компании Roshen

 

Кондитерская корпорация "ROSHEN" - лидер национального  рынка кондитерский изделий. Около 25% всех украинских сладостей выпускается  на фабриках предприятия - Киевской, Винницкой, Мариупольской и Кременчугской. "ROSHEN" входит в состав Группы «Укрпроминвест».Ключевой совладелец Группы - известный украинский бизнесмен и политик, экс-нардеп, глава совета Нацбанка Украины Петр Порошенко.

Ассортимент насчитывает  более 200 видов конфет, шоколада, карамели, печенья, вафель, мармелада и тортов при общем объеме производства 350 тысяч тонн в год. Корпорация работает с 40 дистрибьюторами в Украине  и 100 - в странах СНГ. Продукция экспортируется в Россию, Казахстан, Узбекистан, Молдову, Эстонию, Латвию, Литву, США, Канаду, Германию и Израиль.

 

2. Создание и позиционирование  брэнда Roshen

 

К 2000 году в состав кондитерской корпорации Roshen (на то время – «Укрпроминвесткондитер») входили четыре фабрики - Киевская им. Карла Маркса, Мариупольская, Винницкая, Кременчугская, достаточно известные во времена СССР. "Укрпроминвесткондитер" производил планирование производственной деятельности фабрик, обеспечение сырьем, сбыт продукции. На всех предприятиях был установлен одинаковый стандарт качества, унифицированы требования к готовому продукту, но при этом в понимании потребителя продукция четырех фабрик не ассоциировалась с одним производителем. Таким образом, перед компанией встала задача идентификации продукции с единым брэндом и создания национального украинского брэнда. Компанию же "Укрпроминвест-кондитер", лидера по объемам производства и продаж кондитерских изделий на украинском рынке, практически никто не знал. Поэтому возникла необходимость в создании единого брэнда для лучшей продукции четырех фабрик. Им стал Roshen.

«Укрпроминвесткондитер» обратился в Бюро с предложением разработать позиционирование и слоган для ТМ Roshen. На тот момент, когда марка только появилась на некоторых видах продукции, Бюро настаивало на необходимости изменить название, поскольку название Roshen было недостаточно ресурсным. Почему? Roshen - это неологизм. Такого слова в русском и украинском языках нет. Это западное слово, что влечет за собой главную опасность: украинский производитель - западное название. Что думает потребитель (если ему не предоставить легенды), покупая, например, конфеты "Киев вечерний" от ТМ Roshen? Он думает: "То ли иностранцы выкупили "Киев вечерний"? То ли это подделка?", и множество других интерпретаций. Пришлось разработать легенду, которая работает и по сей день - украинский производитель решил провести экспансию на западный рынок. Чтобы экспансия удалась, нужно, чтобы товар был признан действительно лучшим. Таким лучшим украинским продуктом является продукция ТМ Roshen, признанная украинским потребителем. С этой торговой маркой украинская кондитерская компания и выходит на европейский, американский рынки.

Информация о работе Фирма. «Рахат» АҚ . Кондитерлік корпорация "ROSHEN"