Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 00:55, курсовая работа

Краткое описание

Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың арту логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді.

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................................2
Логистика ...............................................................................................................4
1.1 Терминнің шығуы ...........................................................................................4
1.2 Бизнес-логистика және логистика міндеттері ..............................................4
2. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы .......................... 6
2.1 Логистика ғылым ретінде .............................................................................15
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛОГИСТИКАНЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ................................................................20
3.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы .............................................................................................................20
Қорытынды ........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

логистиканың даму тарихы.docx

— 63.23 Кб (Скачать документ)

Экономикада логистиканың кең қолданылуы 60-70–ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді. Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті.

Логистиканың практикалық потенциалын алғашқы болып американдық мамандар Пол Конверс және Питер Дракер түсінді. Олар оның потенциалды мүмкіндіктерін “шығындарды үнемдеудің соңғы шегі” және “экономиканың танылмаған материгі” ретінде анықтады. Кейіннен олардың көзқарастарын көптеген теоретик-логистиктер бөлісті. М. Потер, Д. Стон және басқа да осылар сияқты американдық зерттеушілердің айтуынша, логистика өзінің дәстүрлі тар анықтамасының шекарасынан шықты және фирманың жоспарлауы мен стратегиялық басқаруында маңызды орын алады.

Логистика түсініктеріндегі белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, олардың екеуі де жалпы және айрықша белгілері: үйлесімділік, рационалдық және дәл есептеуді бөліп көрсетеді.

ХХ ғ. логистикасының генезисінде бірнеше тарихи сатыларды бөліп көрсетуге болады.

20-жылдардан 50-жылдардың  басына дейінгі кезеңді “фрагментаризация”  кезеңі деп атауға болады, бұл  кезде логистика идеясы жалпы  шығындарды төмендету және бизнестегі  материалды ағымдарды басқарудың  интегралды құралы ретінде талап  етілмеген. Сонымен бірге 50-ші жылдарға  дейін кейбір логистикалық функциялар  құрамдас шығындарды төмендету  тұрғысынан маңызды болған, мысалы, өндірісте, тасымалдауда, қоймалауда  және т.б. Дегенмен, жалпы экономикалық  жағдайлар, технология мен менеджменттің  даму деңгейі логистика феноменінің  пайда болуына ықпал етпеді.

Қарастырылып отырған кезеңде, онда болашақта логистикалық концепция енгізудің алғышарты қалыптасқандығымен маңызды. Оған төмендегілерді жатқызуға болады:

    • тауарлардың өткізуді ұйымдастыру жүйелеріндегі қорлар мен тасымалдау шығындарының өсуі;
    • транспорт тарифтерінің өсуі;
    • маркетинг концепциясының пайда болуы және тез таралуы;
    • әскери логистиканың теориясы мен практикасының дамуы.

Осы кезеңде маркетинг бойынша бірқатар еңбектер шықты, оларда маркетингтің құрамдас бөлігі ретіндегі физикалық бөлудің табиғаты ашылды, оның тауарларды өткізудің тиімділігін ұйымдастырудағы және жоғарылатудағы оның ерекше орны көрсетілген.

Әлемдік экономиканың өндіруші рыногынан сатып алушы рыногына бірте-бірте өту салдары ретіндегі маркетинг концепцияның қалыптасуы бизнестегі логистиканың пайда болуын түсіндіретін маңызды фактор болып табылады.

Қарастырылып отырған тарихи уақыт мезетіндегі алғашқы логистикалық ұйымдар мен бірлестіктердің пайда болуын айта кету қажет. АҚШ-тағы және әлемдегі ең ежелгі ұйым сатып алуларды басқару мәселелерінің Ұлттық асоциациясы болып табылады (1915 жылы құрылған), ол 1967 жылы жабдықтау агенттерінің Ұлттық ассоциациясы болып қайта құрылды.

1950-ші  жылдардың ортасынан бастап 1970-ші жылдарға дейінгі кезеңді батыс мамандары логистиканың қалыптасу кезеңі (концептуализация) деп атайды. Бұл кезең, ең алдымен, АҚШ-тағы логистиканың теориясы мен практикасының тез дамуымен сипатталды. Сол кезеңде дистрибьюцияны жақсарту мүмкіндігін, ең алдымен шығындарды төмендету тұрғысынан, елемеуге болмайды. Белгілі американ жазушысы және менеджмент бойынша кеңесші Питер Друкер дистрибьюцияны »көбінесе еленбейтін және американ бизнесінің ең сенімді саласы » деп атаған.

Логистиканың батыс бизнесінде тез етек жаюының маңызды фактілерінің бірі — жеке бөлудегі жалпы шығындар концепциясының пайда болуы болды. Бұл концепцияның мәні, дистрибьюцияда шығындарды тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжытуға кеткен шығындардың жалпы деңгейі азаятындай етіп қайта топтауға болатындығына келіп саяды. Мысалы, тауарлар тасымалын автомобиль көлігінен әуе көлігіне алмастыра отырып, аралық қоймаларды құру қажеттілігінен қашуға болады, яғни қорларды қоймалауға, сақтауға және басқаруға кететін шығындарды шығаруға болады. Бұл жерде тасымалдау шығындары өскенмен, өткізу торындағы шығындардың жалпы деңгейі төмендейді. Бұл мысал, екі маңызды логистикалық қызметтер (қор мен тасымалдау) арасындағы ішкі өзара қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Жалпы шығындар концепциясы логистикалық шешімдерді қабылдау әдістемесін дамыту үшін негіз болып табылады.

Сонымен бірге, осы кезеңде логистиканың тез дамуын түсіндіретін бірқатар объективті экономикалық және технологиялық факторлар болған. Олардың негізгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

    • тұтынушы сұранысының модельдеріндегі және қатынас-тарындағы өзгерістер (олигополиялық рыноктардың дамуы)
    • өндіріске жұмсалатын шығындарды қысу;
    • компьютерлі технологиялардағы прогресс;
    • қорларды қалыптастыру стратегияларындағы өзгерістер;
    • әскери тәжірибенің әсері.

Бұл факторлар 60-шы жылдары АҚШ-та айқын көрінді. Рыноктағы негізгі тенденциялар сатып алушыларға көңіл бөлудің күшеюі (соның ішінде, қызмет көрсету үлесінің өсуі) және бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын (бәсекелес тауарлардың) түрлі тауарлардың көп болуы болды. Олигополистік рыноктық құрылымдардың тез дамуы бизнес ұйымдарын сұраныс пен ұсынысты үйлестірудің, тұтынушыларға жақсы қызмет көрсетудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Тапсырыс циклдарын қысқартуға және өнім өндірісіне жаңа кинетикалық көзқарастар пайда болды. Тауарлар түрлерінің көбеюі дистрибьюция жүйелерінде қорлардың құрылуы мен сақтауына кететін шығындардың өсуіне алып келді. Бұл өз кезегінде тауар өткізуші құрылымдарды жетілдірудің және жеке бөлу процестеріндегі шығындарды төмендетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етті .

Екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы белсенді экономикалық өсуден кейін, 60-шы жылдардың ортасында өндірушілердің ұзартылған пайдасының едәуір құлдырауы және оның тарылу кезеңі байқалды.

Рыноктық жағдайдың өзгеруі, олигополистік бәсекелестіктің өсуі өнім өндірушілерге шығын факторларының қысымын күшейтті, менеджерлерді еңбек өнімділігін жоғарылатудың, өндіріс пен дистрибьюциядағы шығындарды төмендетудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Жаңа логистикалық концепциялар оларға сондай мүмкіндік берді. Бұдан басқа, менеджерлердің логистикалық шығындардың көп мөлшерге дейін жете алатына көзі жетті.

Логистикалық ойлаудың дамуына әсер еткен маңызды факторлардың бірі — бизнестегі есептеу техникасының және ақпараттық технологиялардың қолданылуы болып табылды.

Дамыған капиталистік елдер экономикасындағы ғылыми-техникалық прогресс көп альтернативті және оңтайландыру мәселелерін шешу қажеттілігіне алып келді, мысалы, ондай мәселелерге көлік түрін таңдау, өндіріс пен қоймалардың орналасуын оңтайландыру, оңтайлы маршрутизация, өнімнің көп ассортиментті қорларын басқару, ресурстар қажеттілігі мен сұранысын болжамдау және т.б. жатады. Бұл мәселе дамушы компьютерлік технологиялардың қатысуынсыз қалмады, олар белсенді түрде бизнеске 50-шы жылдардың ортасында ене бастады. Компьютер кез келген ірі фирманың айырылмас бөлігіне айналды. Сонымен қатар, олармен бірге қазіргі экономикалы-математикалық әдістер мен оңтайлы жоспарлау теориясының әдістері, жаппай қызмет көрсету теориялары, қорларды басқару теориялары және операцияларды зерттеудің басқа әдістері қолданыла бастады. Әсіресе, математикалық статистика, сызықтық бағдарлау және болжау әдістері кеңінен қолданыла бастады. Шығындарды төмендету және оңтайлы басқарушылық шешімдерді алу құралы ретіндегі ақпараттық-компьютерлік технологияларды бизнеске енгізуге менеджер-лердің қызығушылығы өсті.

Дистрибьюцияға қатысты логистикалық әдісті күшейткен маңызды фактор — қор қалыптастыру стратегиясының өзгеруі болды. Көптеген тауар өндірушілер өз өндірістерінде дайын өнімнің көп мөлшердегі қорын құрғысы келмеді, керісінше, оларды дистрибьюция арналарына ығыстыруға тырысты. Сондықтан да көтерме, бөлшек саудагерлер және басқа да сауда делдалдары тауар өткізуші торлардағы қорлар деңгейін басқару, бақылау, тасымалдау, қоймаларды орналастыру мәселелерін өз бетінше шешуге мәжбүр болды. Әрине, осы логистикалық функциялармен байланысты дистрибьюторлар шығындарының өсуі өндірушілерге қорларды қайтарудың кері реакциясына алып келді. Қайшылықты жағдайлар тек логистикалық үйлестіру арқылы шешілуі мүмкін болды.

Менеджмент әскери логистиканың тәжірибесін біртіндеп логистикалық іс-әрекеттерді үйлестіру үшін және басқару үшін қолдана бастады. Бұған АҚШ-тағы бірқатар алдыңғы қатарлы университеттер мен ғылыми-зерттеу фирмаларының жасаған логистикалық іс-әрекеттеріне әскерлердің демеушілік етуі өз әсерін тигізді.

60-жылдардың соңында Батыста (негізінен АҚШ-та) менеджменттің  интегралды құралы ретіндегі  бизнес-логистиканың концепциясы  қалыптасты. Концепцияның негізгі мазмұны мынадай болды: “Логистика – бұл белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде тауарлардың сұранысы мен ұсынысын үйлестіруге және жылжытуға әсер ететін барлық қызметтерді басқару”.

70-шы жылдардың басында  бизнес-логистиканың негізгі принциптері  құрылды және көптеген батыс  фирмалары оларды практикада  табысты қолдана бастады. Бірақ  пайданы өсіруге қызығушылық  білдірген көптеген фирмалар  үшін шығындарды азайту және  бақылауға қатысты логистикалық  әдіс айқын болмады. Бұдан басқа, логистикалық үйлестіруді енгізу  әрекеттері көптеген батыс фирмаларында  орта және тіпті жоғарғы менеджменттің  қарама-қарсы әрекеттеріне алып  келді. Ұзақ уақыт бойы дәстүрлі  функцияларды орындауға үйренген  менеджерлер, мысалы, сатып алу, тасымалдау, жүкті өңдеу қызметтерін атқара  отырып, жалпы шығындарды төмендету  концепциясының негізінде материалды  ағымдарды іштей бақылау үшін  қажетті ұйымдық өзгерістерді  енгізуге кедергі жасап отырған. Қосымша қиындықты логистикалық  шығындардың құраушыларын бөлуге  және бақылауға ыңғайланбаған  бухгалтерлік есеп жүйелері және  фирмалардың логистикалық белсенділігінің  қаржы нәтижелерін бағалау жүйелері  тудырды.

70-ші жылдардың ерекше  сипаты-жоғары сапалы шикізат  ресурстарының жетіспеушілігі кезіндегі  бәсекелестіктің өсуі болды. Көптеген  елдердегі өндіріс құралдарына  салынатын инвестициялардың өсуі  салыстырмалы тұрақтандырумен ауысты.

70-ші жылдардың соңында  Батыста қойма процесін, оның  операциялық құрамын, ұйымдастырылуын, техникалық және технологиялық  қамтамасыз етілуін өзгерткен  »таралы-орау» революциясы аяқталды. Тасымалдау-қойма құрал-жабдығын  өндіру, тара мен ораудың жаңа  түрлері, қазіргі автоматтандырылған  қойма кешендері кеңінен дамыды, жүктерді тасымалдаудың контейнеризациясы  белсенді түрде енгізіле бастады. Тара мен орауды стандарттаудың  дистрибутивті логистикалық жүйелеріне  орау мен паллеттердің стандартты  мөлшерлі қатарларын енгізу маңызды экономикалық әсер берді.

80-90 жж. кезеңін логистика  бойынша ең белгілі ғалымдар  мен мамандарының бірі, АҚШ-тың  Мичиган университетінің профессоры  Дональд Бауэрсонс »логистикалық  ренессанс» кезеңі деп атады. Шынында да, осы кезең ішінде логистика теориясы мен практикасы алдыңғы онжылдықта жасалғаннан асып, алға қадам басты.

Логистиканың тез дамуының басты идеясы минималды шығындармен бизнестің соңғы мақсатына жету үшін »сатып алулар – өндіріс-дистрибьюция – сатулар» толық логистикалық торындағы фирманың логистикалық функциялары мен оның логистикалық әріптестерін максималды интегралдау болды.

Қарастырылып отырған тарихи кезеңде логистикалық шарықтау феноменін түсіндіретін әлемдік экономикада маңызды өзгерістер болды. Олардың негізгілері мыналар:

    • ақпараттық технологиялардың революциясы және персоналды компьютерлерді енгізу;
    • рыноктарды ғаламдастыру;
    • экономика инфрақұрылымын мемлекеттік реттеудегі өзгерістер;
    • TQM философиясын жан-жақты тарату;
    • серіктестіктің және стратегиялық одақтардың өсуі;
    • бизнесті ұйымдастырудағы құрылымдық өзгерістер.

Микропроцессорлы техниканың жетілдірілуі және оның дамушы елдер экономикасының барлық салаларында  кеңінен қолданылуы ақпаратты-компьютерлік технологиялардағы нағыз революцияның болуына ықпал етті. Электронды формадағы ақпарат қазіргі рыноктық инфрақұрылымның маңызды компонентіне айналды. Әлемдік ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы мәліметтер базасы мен банкін, электронды мәмілелер және электронды байланыстардың жүйелері мен стандарттарын құру мен дамытудың бағыттары бойынша жүрді. Логистиканың принциптерін  алға жылжыту үшін электронды банк операциялары жүйесін құру (Халықаралық банкаралық SWІFT және SWІFT ІІ жүйесі негізінде), стандарттарының кинетикалық серіктестер арасында өзара ақпараттық іс-әрекеттерді қолдау үшін EDІ (Electronіc Data Іnter-change) – “электронды мәлімет алмасу” – және EDІ FACT (Electronіc Data Іnterchange) — “басқаруда, сауда және транспортта электронды ақпарат алмасу” стандарттарын пайдалану маңызды орын алады.

Информация о работе Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы