Түркі-славян тілдеріндегі түр-түс атауларының танымдық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 09:40, статья

Краткое описание

Бүгінгі таңда әлемдік лингвистикада түр-түс атауларының зерттелуіне айрықша мән беріліп келеді. Оның ішінде когнитивтік лингвистика саласында түр-түс атауларын сол тілді иеленушілердің әлем бейнесі тұрғысында жинақтаған өмірлік тәжірибесін, рухани болмысындағы ерекшеліктерді танытатын тілдік дереккөздер ретінде қарастыру қарқынды жүре бастады. Лингвистикада түр-түс атаулары американдық ғалымдар: Л.Уорф, Э.Сепир еңбектерінде тікелей зерттеу нысанына айнала отырып, көптеген жекелеген тіл білімдерінде түр-түс атауларының концептуалдық, символикалық т.б сипаттары туралы зерттеулердің туындауына түрткі болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Исимова Жансая.doc

— 37.00 Кб (Скачать документ)

Исимова Жансая.

Түркі-славян тілдеріндегі түр-түс атауларының танымдық  негізі.

 

Бүгінгі таңда әлемдік  лингвистикада түр-түс атауларының  зерттелуіне айрықша мән беріліп келеді. Оның ішінде когнитивтік лингвистика саласында түр-түс атауларын сол тілді иеленушілердің әлем бейнесі тұрғысында  жинақтаған өмірлік тәжірибесін, рухани болмысындағы ерекшеліктерді танытатын тілдік дереккөздер ретінде қарастыру қарқынды жүре бастады. Лингвистикада түр-түс атаулары американдық ғалымдар: Л.Уорф, Э.Сепир еңбектерінде тікелей зерттеу нысанына айнала отырып, көптеген жекелеген тіл білімдерінде түр-түс атауларының концептуалдық, символикалық т.б сипаттары туралы зерттеулердің туындауына түрткі болды.

Мысалы, қазақ тілі білімінде осы  тұрғыдағы еңбектер қатарына                             Н. Аитованың, Ш.Қ. Жарқынбекованың зерттеулерін атауға болады [4, 38].

Түр–түс атаулары - әрбір халықтың өзіндік феноменін танытатын күрделі құбылыс. Осыған байланысты қазіргі кезде зерттеулер түр-түс атаулары жиі қарастырылып келеді. Түр-түс атаулары - ұлттық мәдениетті танып білудің негізгі құралы.

Табиғаттағы түр-түстің барлығы әрқашан  да бір заттың, құбылыстың түрін, түсін, сыртқы сипатын ғана анықтаумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар түр-түс атаулары мүлдем түр-түске қатысы жоқ мағыналарды білдіретін қасиеттерге де ие. Солардың бірі – түстердің символикалық қасиеттері. Түр-түске қатысты символикалық наным-сенімдер барлық халықтарда кездеседі. Бұл аталған қоғамдық-әлеуметтік символикалар негізінен герб, эмблема, жалау, кітаптарда көрініс табады. Мысалы, бүкіл мұсылман елдерінде жарты ай суреті бар жасыл түсті жалау ислам дінінің символы болып саналса, ақ жалау барлық жерде бірдей «жеңілгенді мойындаудың», «бітімге келудің» символы болып саналады [1,78].

Кез келген ұлт мәдениетіндегі түр-түс әлемі өзіндік ерекшелікке, белгілі бір мәнге ие. Түр-түс арқылы халық өзінің көзқарасын, түсініктерін білдіріп отырған. Яғни әрбір түстің білдіретін мағынасы бар. Ақ түс «киелілік», «тілектестік», «қасиеттілік», «бейбітшілік» сынды мағыналарды береді. Мысалы: ақ босаға, ақ отау, ақ ниет, ақ бата. Сонымен қатар қазақ тіліндегі «ақ» концептісі өмірдің басы/соңы (өмір/өлім) ұғымын білдіреді. Мысалы: ақ бесік, ақ бөпе, ақ неке, ақ өлім. Сондай-ақ орыс тілінде де «ақ» концептісі өмірдің басталуы, жарықтың, жақсылықтың, тазалықтың белгісі. Қара түс жамандықтың, жауыздықтың ғана емес, сонымен қатар алғашқылықтың, киеліліктің, қарапайымдылықтың да белгісі болып табылады. Мысалы: қара тізім, қара қағаз, қара ниет, қара шаңырақ, қара қазақ, қара су.

Башқұрт тіліндегі  қара сөзі де осы  мағынада келеді. Қара 1) черный; 2) карий; 3) смуглый; 4) грязный;  пятнать, запятнать, чернить, очернить кого-то; 5) дремучий (о лесе); 6) курной, қара мунса-черная баня; 7) необразованный, темный (о человеке).

Тыва тілінде қара 1. 1) черный, темный; 2) простой, рядовой. Қара кижи-простой человек. 2. мишень; цель; қара угаан природный ум; қара сағыштығ коварный, злой т.б. [2, 93].

Сары түс байлықтың, кеңдіктің, уайым-қайғының, ақыл - парасаттың белгісі. Мысалы: сары дала, сары көңіл, сары уайым, сары арқа т.б. Сонымен қатар сары лексемасы уақыттың ұзақтығын білдіреді: сары жамбас болды-долго лежал; сары ізіне түсу - дело растянулась надолго; сарғая күту – долго ждать; сары жол – долгая дорога. Қызыл түс әдеміліктің, сұлулықтың, өткірліктің, қатыгездіктің белгісі болып табылады. Мысалы: қызыл толқын, қызыл найза, қызыл тіл, қызыл сөз т.б.

Қазақта жыл мезгілдерін түсіне қарап былай бөледі: қоңыр күз  – поздняя осень, сары күз –  длительная осень, қара күз – холодная (глубокая) осень, қара өзек шақ – начало весны, қас қарайды – наступило темное время суток. Ал орыс тілдік санасында түр-түс атаулары күнтізбе, күн атауларында қолданылады: красная суббота, черный понедельник, красные даты, черные праздники, черные годовщины, белые дни [3, 35]. Орыс тілінде белгілі бір ауыспалы мағынаны білдіретін үш сын есімнің түрлері бар: қара - «мрачный, трагичный, безрадостный»; қызыл – «праздничный, яркий, нарядный»; белый – «светлый, яркий, радостный»[3, 36].

Қорыта келгенде ұлттық мәдениет және оны қалыптастырушы халықтың салт-дәстүрлері мен таным-түсінігін, көзқарасын және дүниетанымын танытуда түр-түс атауларының атқаратын қызметі зор. Түр-түс сырына осыншама мән берілуінің себебі – ең алдымен оның қоғамда, қоғам мүшелері үшін атқаратын қызметіне байланысты. Табиғаттағы түр-түс әлемімен таныс болу, оның тұрмыс-тіршілігімізде атқаратын аса қажетті қызметін білу. Түр-түстің табиғатын білу, құрамын, өлшемін, эталонын анықтау - өмірдің барлық саласында да қажетті, практикалық маңызы  зор проблема болып табылады.  

 

 

Әдебиеттер:

1.Қайдаров Ә. Ахтамбердиева З.  Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі  көрінісі.-Алматы,1992.-160б

2.Б. Қасым. Қара түс ұғымымен  қалыптасқан күрделі аталымдардың  таңбалық қызметі // Алтайстика  және Түркология.-2011

3.Жарқынбекова Ш. Концепты цвета в казахской и русской культурах.-Алматы: Қазақ университеті.2004.-226б

4. Р. К. Садыкова.Түр-түс концептісінде  қазақ халқының мәдениетінің  көрінісі // ҚазҰПУ хабаршысы.- №3.-38-40б

 


Информация о работе Түркі-славян тілдеріндегі түр-түс атауларының танымдық негізі