Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 20:49, курсовая работа

Краткое описание

«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние жоқ. Ғылымсыз оқиған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды»- дейді Абай бабамыз. Қазақ тілі білімінің іргетасы алғашқы тілтанымпаздардың білімдарлығы арқасында нық орнықты. Біртуар азамат А.Байтұрсынұлының ойтұжырымдары тіл білімнің қай саласында болмасын өзінің қажеттілігін өтеп, өміршеңдігін көрсетуде. 1930 жылдары қалам алып, тіл білімнің басты мәселелеріне көңіл аударған Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Жиенбаев және т.б. еңбектері өз алдына бір төбе.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.
С.Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Синтаксистік терминдер туралы (сөзтіркесі)
Сөздерді байланысу тәсілдері
2.1 Сөз тіркесінің жаңаса байланысу формасы
2.2 Қабысудың меңгеруге ауысуы
С.Аманжоловтың үйірлі мүшелері зерттелуі туралы қөзқарасы
Лепті сөйлемдердегі модальдік мағына
Шартты мәнін беруші тәсілдердің қолданыс ерекшелігі
Сын есім шырайлыларының мектеп оқулықтарында берілуі
Құрмалас сөйлем туралы
7.1 Салалас құрмалас сөйлем
7.2 Сабақтас құрмалас сөйлемдер
7.3 Көп басыңқылы сабақтас сөйлем
8. Байланысу формаларындағы кейбір өзіндік ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына.doc

— 348.00 Кб (Скачать документ)

Лепті сөйлемдердің модальдык мағыналары жайында біраз  пікірлеріміз казақ синтаксисінде қалыптасқан болғанымен, олардың ішінара модальдық мағыналарының түрлеріне күні бүгінге дейін баса назар аудармағанымызды айтып кету керек, дегенмен лепті сөйлемдердің модальдык мағыналарын айкындауда біршама әдістемелік негіз қалыптасып отыр.

 

 

5. Шартты  мәнін беруші тәсілдердің қолданыс  ерекшелігі

 

Қазақ тілінде  мағына жағынан да, тұлға жағынан  да сараланып қалыптасқан сабақтас сөйлемнің түрі - шартты сабақтас құрмалас. Шартты сабақтас құрмаластың ішкі мағыналық-синтаксистік қатынасы оқиғалардың бір-біріне шарттаса қүрмаласуына негізделген.

Шартты бағыныңқылы - қазақ  тілінде ежелден келе жатқан сабақтастардың бірі, ол тілімізде жиі қолданылады. Оның мағынасы мен формасы басқа  бағыныңкыдан гөрі анык та айқын. Түркі  тілдеріндегі сабақтас құрмалас сөйлемді тарихи түрғыдан зерттеуші ғалым Н.З.Гаджиеваның шартты бағыныңқыны ең көне түр деген қорытынды жасауына негіз болған мына тұжырымы болса керек: «В ранних памятниках рунического письма, а затем в памятниках уйгурского письма, гораздо реже-арабского письма встречается форма на -сар, которая, как и форма на -са, образует условный период. В условном периоде, образованном с участием -сар, наблюдается то же соотношение употребления временных форма». Ерте кезде шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің -сар, -сер түлғасымен беріліп отырғандығын Қ.Есенов Күлтегін ескерткішінен мысалдар келтіру арқылы дәлелдейді. Кейіннен бұл тұлға ықшамдала келе -са. -се түрінде айтылып, өз бастауышымен жақ жалғауы арқылы қиысатын болған.

Шартты бағыныңқылардың басқа бағыныңқылардан ерекшелігі бар. Ол өзгешелік - шартты бағыныңқылардың өз бастауышымен әркашан жақындасатындығы. Шартты бағыныңқының бастауышы тек жекеше түрде ғана жақтаспайды, көпше түрінде де жақтасады. Мысалы: Егер ол кей күндер бұл шақта тыста болса, жапа-жалғыз төбе басына шығып кетеді. (М.Әуезов. "Абай жолы") Екінші ерекшелік - шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің компоненттерінің мағыналық байланыстары сол компоненттердің мазмұндарын толық қамтиды, сондықтан басқа сабақтас сөйлемдерде болатындай, әсіресе басыңқының баяндауыш сөзінің жетегінде болушылық, бағыныңқының баяндауыш сөзі шартты райға аяқталған шартты бағыныцқылы сабақтас сөйлемдерде кездеспейді. Сабақтас қүрмаластың шартты, қарсылықты және көсемше етістіктің дәнекерлігі арқылы жасалатын көптеген түрлері тиянақты жай сөйлемге тек формалық жағынан ғана бағынышты болғаны болмаса, мағыналық және функциялық жағынан оған тәуелді болмайды, оның белгілі бір мүшесіне жетектеліп меңгерілмейді.

Зерттеу жұмысының мақсатына  орай, шарт мәнін беретін тұлғалардың қолдану ықтималдығын анықтау мақсатында, көркем әдебиет стилі бойынша тілдің фактілер сараланды. Шарт мәнді құрмалас сөйлемдерді жасаушы грамматикалык тұлғалардың жұмсалу ерекшелігін төмендегі кестеден көруге болады.

М.Әуезовтің «Абай жолы » романының 6-106-беттеріндегі шарт мәнді сөйлемдердің сандық мәліметі

Шарт мәнді  сөйлемдердің құрылымдық семантикалық топтастырылуы

Сараланудағы  сандық мәлімет

Шарт мәнді  құрмалас сөйлем саны

Сабақтасы

-са, -се

-ғаңда

-майынша

Салаласы

117

112

101

9

2

0

5


Біз қарастырған  шеңберде шарт мәнді құрмалас сөйлемдердің салаласа байланысқан түріне қарағанда, сабақтаса байланысқан түрінің  көп кездесетіндігіне, шарт мәнін  беретін түлғалардың ішінде -са, -се тұлғасының қолдану ықтималдығының жоғарылығына көз жеткіздік. Құрмаластың шарт мәнді түрлерінде сабақтастың шартты рай формасымен жасалуы кең орын алғандығы - құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуге арналған еңбектерде айтылып жүрген пікір. Түркологиялық еңбектердің көпшілігінде шартты бағыныңқының тек осы -са, -се жолы ғана баяндалады. Мұның өзі шартты рай түлғасының шартты бағыныңкылы сабақтас сөйлемдер жасауда бірден-бір белсенді рөл атқаратындығын дәлелдей түседі.

Етістіктің шартты райының  негізгі қызметі - сабақтас құрмалас сөйлем жасау. Сабақтас құрмалас сөйлем жасаушы шартты райға көмекші етістіктің керегі жоқ. Шартты рай айтылса, негізінде соңынан бір сөз емес, белгілі бір сөйлемді керек кылады. Мүның өзі шартты райдың құрмалас сөйлем жасаудың дәнекері екенін көрсетеді. Олай болса, бұл - күрделі ойды білдіретін дәнекер. Егер шартты райдың артынан демеулік, болмаса кейбір. көмекші етістіктер келсе, етістік шарттырайлы қасиетін жойып алады. Мысалы: Әсіреп қайын ағаң енді бір аузына алса-ақ, Мүсіреп ағаның құлағынан басып көндірер. (Ғ.М. "Үлпан", 415-6.)

-са, -се жүрнағы райдың қосымшасы бола тұрып, өзі жалғанған сөзге істің орындалу не орындалмау шартын білдіретіндігі белгілі болғанымен және сол қасиетіне қарай шартты рай деп аталғанымен, ол құрмалас сөйлемдердің компоненттері арасында ылғи шарттылық мағына туғыза бермейді, қайта басыңқы сөйлемнің мағынада айтылғанына қарай бірде шарттық, мезгілдік мағынаны біддірсе, басқа бір жағдайларда қарсылықты, іліктестік, салыстырмалы, кезектес мағыналарда қолданылады. Осы қасиетіне қарағанда -са, -се қосымшасының синтаксистік қызметі барынша кеңірек және тілде жиі қолданылады. (Қ.Шәукенов. Синтаксис. А., 1996)

Етістіктің шартты рай  жұрнағының көпмағыналылық қасиетке ие екендігін, бірдей тұлғада жасалған сабақтастарды бірінен-бірін ажырату  үшін сөйлемнің аддына шарттылық мәнді білдіретін "егер" жалғаулығын қосып айтып қарау керектігін Т.Қордабаев "Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі" атты еңбегінде айтып өткен.

Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде сөйлемдердің арасындағы шарттық қатынасты етістіктің -са, -се формасы білдіреді. Шартгық жалғаулық "егер" осы форманың үстіне үстеліп жұмсалады. Оның сөйлем ішінде болмауы сөйлемдердің арасындағы шарттық қатынасты бұзбайды. Бұл жалғаулықтың жүмсалуы, бір жағынан парсы тілінің әсері болса, екінші жағынан, -са, -се формасы көп мағыналы болғандықтан, шарттық мағынаны айқын бөліп көрсету қажетіне байланысты болу керек. "Егер" бағыныңқы сөйлемнің бас позициясында тұрады.

Егер сөзі қатысқан сөйлемде шарттық мағына барынша айқын болуының себебі - ол сөйлемде шартты мағынаны айқындап тұратындығы күмәнсіз егер сөзінің қатысуы емес, бағыныңқы компонент баяндауышының етістіктің шартты рай тұлғасына аяқталуы деген тұжырымды жасауымызға негіз ретінде профессор Н.Дмитриевтің "Грамматика башкирского языка" еңбегіндегі мына пікірін алуымызға болады: "Это глагольная форма является более типичным признаком придаточного условного, чем факультативно встречающиеся в начале придаточного союзы әгәр и егәрзә".

Кейде құрамында егер жалғаулығы қосылып айтылатын сөйлемдер  де кездескенімен, сан жағынан өте аз екендігі анықталды. Әдеби тілімізде шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер көбінесе егер жалғаулығынсыз айтылатыңдығы байқалды.

Шартты бағыныңқы мен  басыңқы сөйлемнің арасында дәнекер  болып жұмсалатын тағы бір жалғаулық  бар. Ол - "онда". Бұл жалғаулық та еркін жұмсалады. "Онда" басыңқы сөйлемнің басында тұрады. "Егер" мен "онда" кейде дара-дара жұмсалады, кейде бір сөйлемнің ішінде қатар келеді. Егер сөзінің шартты бағыныңқы сөйлемнің құрамыңца кездесетіндігін және онда сөзімен қатар келіп шарт мәнін беретіндігін түркі танушы ғалымдар да айтқан болатын. Бұл жалғаулықтың да әдеби тілдегі қолдану ықтималдығының төмендігі анықталды. Десек те, шарт мәнін беретін онда жалғаулығының басқа да түркі тілдерінде қолданыс табатындығын байқадық. "Грамматика азербайджанского языка" атты еңбекте қазіргі әдеби әзірбайжан тілінде негізінен синтетикалық типті шартты бағыныңкылы сөйлемнің көп қолданылатындығы айтыла келіп, тұлғалық ерекшеліктері атап көрсетіледі.

Предикативтік бірліктері -са тұлғалы шартты рай арқылы байланысып, сұрау есімдіктері ылғи бірінші сөйлемде келіп, сілтеу есімдіктері екінші сөйлемде солардың баламасы болып келетін сөйлемдерді Н.Сауранбаевтың ұялас шартты сабақтас деп атағандығы бізге белгілі.

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге неғұрлым-соғүрлым, қалай-солай деген шылаулар, үстеулер қосылса сөйлемнің шарттық мәні жойылмайды, бірақ оның үстіне салыстыру мағынасы пайда болады. Бұл салыстырушылық мән шартты істің болу нәтижесіне тығыз байланысты. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің құрамына енген неғүрлым-соғүрлым, қалай-солай сияқты үстеулер мен қандай-сондай, кімді-соны есімдіктері сөйлемнің шарттылық мәнін күшейте түседі.

Ұлық қай ауылға сияз құрса, сол ауылды кырына алғаны. ("Абай жолы") Бүгінгі күні әр түрлі атауға ие болып отырған мүндай қүрылымды сөйлемдердің өте аз кездесетіндігі байқалды.

Шарт мәнін беретін -са тұлғасының қолданыс ерекшелігін сараптағанда, толық мағыналы жеке сөзге де, күрделі  сөздің соңғы сөзіне де жалғанатындығы байқалды. Ондай көмекші сөздер негізінен  бол, де, қал сияқты көмекші етістіктер болып келеді. Мұндай көмекші етістіктердің қатысуы арқылы экспрессивтік ыңғайдағы қызмет айқындала түседі. (М.Серғалиев. Синтаксистік синонимдер. А., 1981)

Бар Тобықтының ішінде бір үй қазанына арам ас салмады десе, сол, ең алдымен, осы Үркімбай үйі болатын. Мұндай конструкциялы сөйлемдерде шарттық мағына айқын байқалатын тәрізді.

С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев 1948 жылы жарыққа шыққан "Қазақ тілі грамматикасы" еңбегінде -ғанда тұлғасының шартты бағыныңқылы сөйлемді жасайтындығын керсетеді. Осы кезден бастап, жатыс септігіндегі -ған формалы есімшенің шарт мәнін беретіндігі ғылыми әдебиеттерде айтыла бастады. -да жатыс септік жалғауы есімшеге жалғанып келген жағдайда мезгіл, шарт және себеп мәнін біддіретіндігі Алтай тілі грамматикасында да айтылған (Грамматика алтайского языка, 1869)

Бұл тұлғаның жұмсалу жиілігі жағынан -са,-се формасынан кейінгі орынды иеленетіндігіне тілдік мәлімет арқылы кез жеткіздік. Кебінесе, болымсыз тұлғада қолданылатындығы байқалды. Есіміде тұлғасы арқылы берілетін шарт мәні, көбінесе, оның болымсыз түлғада келуі арқылы жасалатындығын, шарттық мәннің кезде мезгілдік үғыммен астарласа қабаттасып жүмсалатындығын Қ.Есенов "Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер" деген еңбегінде айтқан болатын. -Сен бөлініп кетпегенде, ақ марал құтылмайтын еді! - дей салды. ("Ұлпан", 359-6.)

Сөйлемнің синтаксистік компоненттерінің бойынан себеп мәні байқалатын тәрізді, яғни ақ маралдың қашып құтылған себебі, Мүсірептің бөлініп кетуі. Дегенмен, мұндағы себеп мәні шарт дәрежесінің аясында болып тұрған тәрізді. Сондай ақ, -ғанда конструкциялы сөйлемдерде шарттық мағынаның күңгірттеу болуының себебі - ол тұлғаның мезгілдік мағынаға жақын тұрғандығынан тәрізді. Дей тұрсақ та, мұндай сөйлемдердің шарт мәнін беретіндігінің айқын бір дәлелі ретінде құрмалас сөйлемнің мағынасына, оның компоненттерінің баяндауыш формаларына қарай құбылып отыратын, соларға тәуелді, көмекші категория болып саналатын интонация құбылысын айтуымызға болады.

Өткен шақты есімшеге соң, кейін шылауы тіркесіп келіп, шарт мәнін айқын беретіндігі айтылып жүр. Аңға пыққанда тақым жазып шаппаған соң, онын несі қызық ("Ұлпан", 362-6.) Бұл сөйлемдегі синтаксистік компоненттер арасындағы шарттық мағына іс-әрекеттің орындалу мерзімімен ұштасып жатыр. Сөйлем құрылымдық жағынан алғанда ықшамдала айтылған сөйлем десек, толық түрі былай болатын тәрізді: Аңға шыққанда тақым жаза шаппаған соң, оның несі қызық болады? Сөйлемнің басыңқы компонентінде баяндауыштың арнайы айтылмай тұруы стильдік құбылыспен байланысты тәрізді. Бұдан мазмұн желісіне, негізгі ойға ешбір нұқсан келмейді, қайта оның құрылысы ықшамдалғаннан кейін жалпы сабақтас құрмаластың берік тұрде жымдаса айтылуына мүмкіндік туады. Сонымен қатар бір аңғаратын жай - тілдегі мұндай құбылыс, көбінесе, бағыныңқы, басыңқы сыңар баяндауыштарының бол етістігімен берілген түрлерінен орын алады. ("Қазақстан мектебі", 1972, №4) Ол оның шешесі болса, сеніңде шешең. ("Абай жолы")

Бағыныңқының баяндауышы -са тұлғалы шартты райлы етістікке  аяқталғанда, ол конструкцияның егер сөзінен  басталуы - табиғи құбылыс. Алайда баяндауышы -ғанда тұлғасына аяқталғанда да егердің қолданылуын автордың сөз қолдануындағы ерекшелік деп қарауға лайық. (5. 188.) -ғанда тұлғалы конструкцияның қолданысындағы мұндай ерекшелік нысан ретінде алынған әдеби шығармаларда кездеспеді.

Шарт мәнді  сөйлемдерде көсемше тұлғасының жұмсалу шеңберін анықтау мақсатында сұрыпталған тілдік мәліметтерден  болымсыз етістіктен кейін келетін -май, -майынша көсемше тұлғаларының мәндес келетіндігі, екі жұрнақтың  арасында елеулі мағыналық айырма жоқтығы байқалды. Алайда -майынша, -мейінше тұлғасының жұмсалу жиілігінің өте төмен екендігін және бір өзі төрт түрлі бағыныңқы сөйлемді жасайтын болғандықтан, шартты бағыныңқылы сөйлем ретінде танылған жағдайда да шарт мәні нашар сезілетін -май тұлғалы шарт мәнді сөйлемнің тілдік қолданыста аз кездесетіндігін жоғарыдағы кестеден байқауға болады.

 

  1. Сын есім шырайлыларының мектеп оқулықтарында берілуі

 

Сын есімнің  шырай категориясы ертеден-ақ танылған. Қазақ тілінің алғашқы грамматикасын ("Тіл-құрал") жазған Ахмет Байтұрсынұлы грамматикада шырайды грамматикалық категория ретінде танып, оның үш түрін көрсеткен. Негізінен үш шырай бар: 1) жай шырай, 2) талғаулы шырай, 3) таңдаулы шырай.

Жай шырай артық - кем демей, нәрсенің сиқын жай  көрсетеді, мәселен, жақсы адам, жаман қой, тентек бала, жуас ат, шорқақ кісі, қызыл шүберек, биік ағаш уа ғайри сондайлар.

Талғаулы шырай  нәрсе сиқыны бірінен бірі артық-кемдігін көрсетеді; оны көрсету үшін жай  сындағы сөзге "рақ", "рек" деген талғау қосымшалары тіркеледі.

Информация о работе Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері