Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 19:13, курсовая работа

Краткое описание

Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер, сыры ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші – көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – фразеологизмдер болғандықтан, әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және практикалық жағынан да өз негізі бар.
Жалпы, тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Яғни біздің бұл тақырыпқа арнайы баруымыздың себебі, әдеби тіл дамуының ұлттық кезең сипатын танытатын алғашқы көркем қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл – бір.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................

І-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы
1.1 Фразеологизмдердің түрлері және тұрақты тіркестердің басқа
тілдік тұлғалардан айырмашылығы..................................................................
1.2 Фразеологизмдердің белгілері.....................................................................
1.3 Фразеологизмдер және олардың зерттелуі.................................................

ІІ-тарау. Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі.
2.1. Аударма тарихы және теориялық мәселелері............................................
2.2 Фразеологизмдерді аудару мәселелері........................................................
2.3 Фразеологизмдердің көркем шығармалардағы қызметі және
оларды аударудың жолдары...............................................................................

Қолданылған әдебиеттер......................

Прикрепленные файлы: 1 файл

фразеология.doc

— 379.50 Кб (Скачать документ)

М.Балакаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаевтар «Қазақ тілінің стилистикасында» фразеологияның аудармасына арнайы тоқтаған. Мұнда авторлар мәселенің қиындығын айтып қарап отырмай, фразеологизмдерді аударудың әртүрлі жолдарын қарастырады. Үш түрлі тәсіл болуы ықтимал екенін дәлелдейді. Ол қандай тәсілдер:

Біріншіден, «фразеологазмдерді аударуда оның жалпы мағынасы беріледі».

Екіншіден, «фразеологизмдерді аударуда олардың өзара мәндес келетіндігі ескерілетінін» айтады. Тіл-тілдегі фразеологизмдердің өзара сәйкес, мәндес келуі, шынында да аударманың жатық, түсінікті болуына септігін тигізеді. Мұның аударма жұмысын едәуір жеңілдететіні сөзсіз.

Үшіншіден, «көптеген тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші бір тілге сөзбе-сөз аударылады». Бұл тұста авторлар тұрақты сөз тіркестерінің басқа түрінен идиомдарды бөліп алады. Мақал-мәтел, қанатты сөздердің сөзбе-сөз аударуға тезірек көнетінін мысалдармен көрсетеді.

Мұндағы аудармалар – әр тілдің фразеологиялық қорын байытатын көз. Осымен бірге сөзбе-сөз аударманың өрескел қатеге апарып соқтыратын сәтсіз мысалдарын да әртүрлі саяси көркем әдебиеттен алып көрсетеді.

Аудармашылар үшін тағы бір аса қажетті пікір мынау ма деп ойлаймыз. Аталған кітаптың авторлары фразеологизмдерді аударудың әлгіндей бірнеше тәсілдерін талдай отырып, аудару процесінде кетіп жататын қателердің сырына үңіледі. Мұндай жағдайда, әсіресе әр халықтың тілді қолдану дәстүрін мұқият ескере отыруы, әрбір тұрақты тіркестің шығу, жасалу төркінін зерттеп білу қажет екенін басты шарттың бірі есебінде ұсынады. Яғни, авторларша айтқанда, «фразеологизмдерді аударуда олардың мағынасын, қалыптасу жолын жақсы білу» қажет. Сөйтіп фразеологизмдерді аударудағы ең өнімді тәсіл сөзбе-сөз аударудың тиімді, тиімсіз жағы бар екен. Қазақ тілшілерінің фразеологизмдерді аудару жөніндегі пікірлері осыған саяды [20].

Жалпы Қазақстан бойынша аударма мәселелері жөнінде келелі ой толғап, кесек пікір айтқан ғалымдар көп емес. Осы деңгейден қарасақ, М.Қаратаевтың көркем аударма проблемаларына байланысты жазған сын-зерттеу мақалалары алдымен көзге түседі. Республикамызда көркем аударманың маңызын, мәнін, оның ерекшеліктерін жете түсініп, сауатты, салиқалы пікір айтушының бірі де М. Қаратаев. Аударманың әртүрлі мәселелеріне арналып жазылған еңбектерді түгел талдап жатпай-ақ, біз бұл жолы ғалымның тұрақты тіркестер төңірегінде айтқан ойларын қарастырамыз.

Проф. Қаратаев «Тынық Донның» қазақшаға аударылуы және көркем аударманың кейбір мәселелері» [21] деген мақаласында тіл проблемасының, соның ішінде «орыс тілінде де бар, бейтарап идиома деп аталатындардың қалай шешілгенін сөз етеді. Автор тұрақты тіркестер түрін талдап жатпайды. Термин қолдану жағынан ауытқитын жерлері де бар. Жалпы идиом атаулының екі түрін бөліп алып, солардың аударылғыштық қасиетін тексереді. Бейтарап идиомдар және «ұлттық өз бояуы, ерекшелігі бар идиомдар». Зерттеушінің пікірі бойынша, бұлардың алғашқыларын «дәлме-дәл, тіпті сөзбе-сөз дерліктей етіп аударуға мүмкіндік бар». Ал ұлттық ерекшелігі бар идиомдарды дәл бұлай аударуға болмайды. Сөзбе-сөз аударғанда түпнұсқа мағынасын беру мүмкін емес. Өз пікірлерін өзге ел ғалымдарының пікірлерімен тиянақтайды. Мәселен, әзірбайжан ғалымы Д.Азимовтың да осыны қолдайтынын айтады. Мұндай идиомдарды аударуға болмайтындықтан, олардың тек қана баламасын іздестіру қажет деп біледі.

Аударма кезінде ауыз әдебиетінің сөз орамдары да творчестволықпен пайдалануға болатыны әңгімеленеді.

Ал орыс тіліндегі  идиомдарға сай балама қазақ тілінен табылмайтын жағдайда аударушьшар жаңа идиомдар мен мақалдар құрастыруға тырысқан. М. Қаратаев идиомдар проблемасын арнайы зерттемеген. Оны тек аударма проблемаларының бірі ретінде жол-жөнекей сөз етеді. Бұл түсінікті де. Аудармада жазушының көркем бейнелеуіш құралдары қозғалмай тұрмайды. Сол себептен идиома аударма талдамасының логикалық жалғасы ретінде аз ғана тексерілсе де, ойға азық тастайды. Сағындықов халықтар мақал-мәтелдерінің кейбірі неге біріне-бірі сай келеді деген мәселеге тереңдемейді. Осы мәселенің сырына аз да болса М. Қаратаев үңіліп, толғамды пайымдаулардың басын бастаған тәрізді. Ол: «Барлық халықтардың, соның ішінде орыс халқы мен қазақ халқының да ауыз әдебиетінде пікірлеу образдарына, суреттеудің поэтикалық құралдарына, халықтардың сан ғасырлар бойы тәжірибесін, даналығын бейнелейтін мақалдар мен мәтелдерде бәріне ортақ, ұқсас, туыс жәйттер көп», - дейді. Бұдан біздің байқайтынымыз М. Қаратаев идиомдарды мүлде аударылмайтын категорияға жатқызбайды. Оларды бір тілден екінші тілге аударуға әбден болатынын «Тынық Донның» қазақша аудармасын тексеру арқылы дәлелдейді. Және аударманың әрқилы тәсілдерін көрсетеді. Халықтардың тарихына тереңірек үңілсек, көптеген көрші елдің тіршілігі, болмысы, кәсібі ұқсас болғанын байқаймыз. Ұқсас тірлік, ортақ кәсіп әр тілде түрлі асыл ұғымдарды, нақыл сөздерді дүниеге келтірген. Бұдан халықтар ой-пікірінің тең, деңгейлес екенін, қай-қайсысының болса да тілге шешен, ойға жүйрік екенін білеміз. Олай болса, қай халық жасаған ұғым болмасын, оларды бірінен-біріне аударуға әбден болады.

Басқа тілдерге қарағанда, қазақ тілінде аударма мәселесінің зерттелу жайы онша мақтарлық емес. Ал оның жекелеген проблемаларына келгенде жағдай мүлде төмен. Мәселен, көркем әдебиеттегі тұрақты тіркестердің екінші тілде берілу жайы арнайы тексерілмеген сала. Басқа тілдерде аударма проблемаларын сала-салаға бөліп, жан-жақты терең талдаған. Әрине біз бұл салада арнайы еңбек жазып, өзінің күллі өмірін аударма теориясын жасауға арнағандардың ісін жоққа шығара алмаймыз. Алайда бірді-екілі еңбекпен ғылым жасалмайтыны да белгілі. Жоспарлы түрде жұмыла кірісіп, аударманың бар тармағын тарамдап талдағанда ғана ғылыми ой-пікірлер дамып, ғылыми айтыс туғанда ғана ғылым болмақ.

Қазақ тілінде  де аударманың жеке салаларына арналған еңбектер бар. Солардың ішінен жазушы Мұзафар Әлімбаевтың «Өрнекті сөз — ортақ қазына» деп аталатын кітабы. Бұл кітап ақынның көптен ізденіп, жинақтап жүрген еңбегінің нәтижесі. Кітап мақал-мәтелдердің көркем құрал ретіндегі рөлі және оларды аударудың жолдарын қарастырады. Автор көптеп практикалық жұмыстармен де шұғылданған. Ол көптеген халықтың мақал-мәтелдерін аударып баспадан шығарған. Сөйтіп өзге ұлттың талай айшықты сөзін халқымыздың ортақ қазынасына айналдырған.

 

2.3 Фразеологизмдердің  көркем шығармалардағы қызметі  және оларды аударудың жолдары 

Фразеологиялық  единицалардың көркем әдебиетте қолданылу сапасын тұрақгы сөз тіркестерінің әр түрінің өз қасиеттерінен бөліп қарауға болмайды.

Жалпы сөз өзара  қатынас құралы есебінде негізінен екі түрлі қызмет атқарады: номинативті (сөздің атаулы қасиеті) және коммуникативті функцияда жұмсалады. Яғни сөздер, сөз тіркестері атаулы күйде және қатынас құралы есебінде жұмсалады.

Коммуникативті  қызмет атқаратын көбіне-көп сөйлемдер. Бұлар ойласу, бір нәрсе туралы біреуге хабар беру түріндегі тиянақты, түбірлі ойдың түйіскен түрі. Сөздердің бұлай өзгеруінде екі грамматикалық тірек (бастауыш пен баяңдауыш), екі логикалық тірек (субъект және предикат) бар. Дәл осы сияқты тұрақты сөз тіркестері де коммуникативтік қызмет атқарады. Бірақ фразеологиялық единицалардың ерекшелігі осы екі түрлі қасиетпен шектелмейді.

Көркем әдебиет үшін бұлардың ең қажетті белгілері мынадай бірнеше қосымша қызметіне байланысты. Фразеологиялық единицалар өзінің табиғатында сөйлеуімізді образды бейнелі-айшықты етуге бейім. Қысқа, нақты, тұжырымды сөйлеуге баулиды. Сөйлеуіміздің эмоциональды-экспрессивті бояуы күшті болады. Және айтылған пікір өмірдің көптеген құбылыстарынан қорытылып жинақталған сөз тәрізді даналық сипат алады. Осыған қоса сөзіміз терминологиялық дәлдікпен түсініледі. Сондай-ақ сөзімізді мағыналы, мәнді етуде фразеологизмдер көп жеңілдік жасайды.

Сөздің образды-бейнелі  болуы дегенді қалай түсінеміз. Ауыспалы астарлы, метафоралы тіркестерді орнын тауып дәл қолдана білсе, сөйлеуіміз әдемі, әсерлі, образды болудың үстіне ұйқасты-ырғақты әуенге көшеді. Фразеологиялық единицалардың бәрі бірдей тілімізді дәл осындай әсерлі, бейнелі ете бермейді. Мұндай мәндегі тіркестер көбінесе метафоралы пішіндегі фразеологизмдер. Яғни құрамындағы бір, екі не барлық сөздері астарлы мағынада болып келетін тұрақты сөз тіркестері тілімізге бөлекше өң беріп, ажарландырып тұрады. Ал фразеологизмдердің ауыспалы, астарлы мағынасы болуы деген өмірдегі неше алуан заттар мен құбылыстарды және олардың өзара қатысы мен ерекшелікгерін соншама дәл, көпке түсінікті қарапайым формада, әрі әсем, көтеріңкі, көркем тілмен жеткізу деп түсіну қажет.

Метафоралы  фразеологизмдер заттарды өзгеше құлпыртып, әсем жасандыратыны сондай, тіпті әлгі затгың өзін көрмей-ақ қолмен ұстап, көзбен көріп тұрғандай боласыз. Міне, сондықтан да мұңдай фразеологизмдерге жазушылардың қай-қайсысы болмасын мейлінше әуес.

Образды-мәнерлі тұрақты тіркестердің ішінде мақал-мәтелдердің қызметі өзгеше. Акад. Ф. И. Буславтың мақал мен мәтелді кішігірім көркем шығарма есебінде қарауы заңды. Шынында халық мақал-мәтелдері өмір шындығынан сығымдалып шыққан шағын шығарма.

Жазушылардың  творчестволық ісінде метафоралы фразеологияның таптырмайтын тағы бір қасиеті – эмоциональды-экспрессивтік ажары.

Жіктеп, саралап, салалап айтар болсақ, фразеологиялық единицалардың көркем әдебиеттегі  рөлі сан алуан.

Фразеологиялық орамдар жалпы барлық стильде қолданылады, бірақ әрқилы ыңғайда қызмет атқарады. Ғылым және ресми-іс стилінде, жалпы әдеби, стильаралық тұрақты тіркестер атау күйінде (номинативті қызметте) жұмсалса, көркем әдебиетте, публицистикада, сөйлеу тілімізде ең алдымен фразеологизмдердің экспрессивті-стилистикалық жағына аса зор мән беріледі. Әсіресе күнделікгі ауызекі сөйлеу тілінде, кітаби тілде мол кездесетін фразеологизмдердің мәнерлі мүмкіндіктері қатты ескеріледі. Жоғарыдағы мысалдарға қараңыз.

Көркем әдебиет пен публицистикада фразеологиялық орамдарды қолданудың бірнеше жолы бар. Жазушылар, публицистер фразеологизмдерді сол күйінде ғана алып қоймай, белгілі мақсатқа орай оларды өзгертіп, құлпыртып та жібереді. Фразеологизмдердің семантикасын, құрылысын және экспрессивті-стилистикалық қасиетін жақсартып, жаңғыртып отыратын да тұстары бар. Жаңадан мағыналық реңк алып, бірнеше көркемдік қасиетке ие болады. Сөздердің байланысу қабілеті молаяды. Өйткені кейбір ғалымдарымыздың айтуына қарағанда, жазушылардың фразеологиялық творчествосы бұрыннан бірігіп тұрақтанған сөздердің үйреншікті қалпын жасаңғыратуында болса керек.

Осы жаңарту, жаңғыртуда авторлық өрістер бірдей болмайды. Әркімнің творчестволық мүмкіндігі, білімі, шеберлігі әрқалай болуына орай фразеологизмдерге енгізілетін жаңа бояулар, жарқын ажарлар да алуан-алуан болып келмек.

Тұрақты сөз  тіркестеріне жататын мақал-мәтелдер де, идиомдар да, қанатты сөздер де стилистикалық мақсатта қолданылады. Бұлар барлық жанрда көрінеді. Өте икемді, қысқа орамдар көркем шығармаға өзі тіленіп тұрады десе де болар еді. Мақал-мәтелдердің образдылық қуатын Н.В.Гогольдің мына бір сөзі айқын танытса керек: «В пословицах наших ... видна необыкновенная полнота народного ума, умевшего сделать все своим орудием: иронию, насмешку, наглядность, меткость, живописного изображения...».

Көркем әдебиетте мақал-мәтелдер кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесін, психологиялық мінез-құлқын, сөйлеу мәнерін суреттеу үшін қолданылады.

Мақал-мәтелдердің, идиомдардың және фразеологиялық единицалардың басқа түрлерінің көркем әдебиеттегі бейнелеу, суреттеу құрал ретіндегі қызметінің алуан-алуан сипатын, қасиетін М.Горький шығармаларынан айқын көруге болады.

Халық тарихын  және оның әлеуметтік-саяси ой пікірін білу үшін, ең алдымен ертегілерге, аңыз-әңгімелерге, мақал-мәтелдерге айрықша назар аудару қажеттігін айтады. «Шынында да мақал-мәтелдер халық бұқарасының ой-өрісін өте айқын көрсетеді, сондықтан да жас жазушылардың осы материалмен танысуы аса пайдалы». М.Горькийдің мақал-мәтелдерге құмар болуының басты себебін мына айтқан пікірінен анық ұқсақ керек: «Пословцы и песни всегда кратки, а ума и чувства вложено в них на целые книги».

Сөйтіп жазушы сөз бен ой толғауды ежелден машық еткен. Ол «пословица век не сломится» деген тәрізді мақалдарды еске ала отырып, тілдің табиғатында даналық өсиет айтуға бейім болғанын дәлелдейді. Өзінің жазушылық өнеріне осы халықтық нақыл сөздерді тірек етеді. Міне, сондықтан фразеологизмдер жайында, оның аударылу процесі хақында пікір болғанда М.Горькийдің пікірлерінің мәні ерекше.

Біз жазушылардың сөз қолдану қабілетін қарағанда жеке сөздердің, сөз тіркестерінің спецификалық ерекшеліктеріне қоса, жалпы халықтық тілдегі сөздердің семантикалық даму мүмкіндіктерін де анықтаймыз. Нағыз суреткер тілдің осындай айрықша қасиеттерін дәл танып, оларды шебер пайдаланады.

Ағылшын жазушыларының шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуынан мынадай жағдайлар аңғарылады. Мұнда сөздердің фразеологиялық тіркесінің кеңеюі және олардың әрқилы өзгеріске түсуін көреміз. Мәселен, бұрын тіркеспеген, бір-бірімен байланысқа түспеген сөздерді жазушы алуан түрлі құбылту нәтижесінде қилы-қилы қызықты комбинация құрады. Мұндай жаңашылдықгың бәрі де әрине тілдің заңдылықтарына мүлде қайшы келмей, қайта сөздердің тіркесу қабілетіне сай фразеологиялық топтар негізінде жасалады. Сонда көптеген сөздер мен жаңа жасалған тұрақты тіркестердің семантикасын анықтап, олардың көркемдік ажарын мүмкіндігін толықтыра түседі.

Жазушының халықтан ала бөтен тілі жоқ, сонымен бірге оның шығармаларының тілі жалпы халықтық тілмен тепе-тең де бола алмайды. Фразеологизмдер жалпы халықтық тілдің шұрайлы бір элементі, тобы, яғни бұларды да сол халықтық тілмен тығыз байланыста қарау керек. Сонымен бірге олардың өзгешелігін де айыра білген дұрыс. Бұларды белгілі бір көркем туындыда қолданудың реті біркелкі емес. Ол біріншіден, автордың талғамына, екіншіден, шығарманың мазмұн-мақсатына, үшіншіден, жанрына байланысты. Жазушы сол шығармасында айтпақ ойын, оқырманға білдірмек мақсатын жалпы халықтық тіл мен әдеби тілдің бай материалын барынша мол пайдалана отырып баяндайды және ол ойды қалай болса, солай емес, мейлінше түсінікті, шебер жеткізуге тырысады. Ал жазушы тілін түсінікті, әсерлі, дәмді ететін бейнелеу құралдарының бірі – фразеологазмдер, мақал-мәтелдер, идиомдар. Бұларды қолдануда жазушылардың әрқайсысы әрқилы тәсілдерге барады.

Ч.Диккенс «Оливер  Твист» романында фразеологизмдерді  өте көп қолданған. Мысалы: the run of one’s teeth – 1) тегін тамақ, тегін тамақтандыру; демеу, көмек. 2) ауыспалы мағынасы – дамымау, дамуды тоқтату; құлдырау; ызғындау. a run of luck (немесе of good luck) – бақытты шақ, бақытты кезең, жолы болғыштық, үнемі жолы болу. the kid (немесе the kinchin) lay жарг. – көшеде баланың ақшасын ұрлау. set one’s heart (немесе mind] on (немесе upon) something [немесе set one’s mind to something) – бірдеңеге ұмтылу; бірдеңені қалау; бірдеңені қатты тілеу. What’s the row? – 1) бұл қандай шу? Неліктен бұндай шу? Андағы қандай шу? 2) не болып жатыр? Не болды? Қандай жағдай жүз берді? Қандай жағдай болды? Қандай оқиға болды?

Информация о работе Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы