“Байтұрсынов жазуы” және емле ережелерінің тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 19:48, реферат

Краткое описание

А. Байтұрсынов қазақ жазуы үшін жасаған әліпби жобасын қостай отырып, Міржақып Дулатов (Азамат Алашұлы деген лақап атпен) жаңа әліпбиге ф мен х таңбаларын енгізуді ұсынады («Айқап», 1912, № 8). Бұл да тұңғыш пікілердің бірі болды.
Қазақ жазуының орфографиясы ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсыновтың мақалаларында тұңғыш рет сөз болды. Оның қажеттігі мен рөлі ғана дәлелденіп қойған жоқ, алғашқы ережелері іспеттес тәртіп жүйесін ұсынды. Ахмет Байтұрсынов қазақ жазуының емлесі туралы ой-пікірлерін өзі редакторы болған «Қазақ» газетінің беттерінде әрі қарай жалғастырып, пікірсайысқа жол берді. Емле мәселесіне келгенде, «Айқап» пен «Қазақ» газеттері қарама-қарсы екі түрлі бағытта болды. «Айқап» бұрынғы дәстүрлі әліпби жүйесі мен емлені қолдаса, «Қазақ», әрине, А.Байтұрсыновтың әліпби реформасы мен жаңа емле принциптерін жақтады.