Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2015 в 16:26, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы әйел бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес.

Содержание

І. Кіріспе....................................................................................................................3-5
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 «Қазақ әйелі» концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік
стереотиптер арқылы анықтау..............................................................................6-16
2.2 Көркем мәтіндегі «қазақ әйелі» концептісі................... ..............................17-23
2.3 Ғабит Мүсіреповтің шығармаларындағы «Ана» тақырыбы......................24-27
2.4 Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты............................................................................................28-35
ІІІ. Қорытынды......................................................................................................36-38
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................39

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык дайын жумыс.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)

Қорыта келгенде, автордың «Ұлпан» романы - өз заманына сай нанымды шыққан туынды. Әр кейіпкер өз табиғатынан, өзі өмір сүріп отырған ортасынан хабар береді. Сондықтан да сөз, орта, уақыт бірлігі Есеней, Ұлпан өмір сүрген заманын тарихи шындыққа сай көз алдымызға тарихи түрде бейнелейді.

Сонымен, Ғ.Мүсірепов  шеберлігінің бір қыры – оның өз шығармаларына халқымыздың ауызша тараған бай қазынасын негіз етіп ала отырып, оның құнарына еркін сусындап, бай дәстүрлерін  кеңінен пайдаланғандығында. Жазушы Т.Ахтановтың : «Қазақ сөз зергерлігі ішінде Ғ.Мүсіреповтің қайталанбас жазушылық қолтаңбасы ерекше. Стилінің әсемдігі, дәлдігі, тілінің нәрлілігі, нәзік юморлы үлгі-өнеге» деген пікірі өте дәл айтылған.

Ғ.Mүcipeпoвтің ана туралы әңгімелері қазақ әдебиетін тақырыптық, жағынан байытқан, жазу мәнері жағынан өзгеше өрнек әкелген бағалы шығармалар.

 

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты

 

Көркем сөз шебері Ғ. Мүсіреповтің шығармаларында қазақ әйелінің сыртқы сыр-сымбаты мен ішкі рухани әлемінің сан қатпарлы, мол иірімді ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени белгілерін танытатын, жоғарыда аталған коннотацияларға дәлел бола алатын айрықша лингвомәдени бірліктер жиі кездеседі. Біздіңше, оларды шартты түрде мынадай когнитивтік модельдер арқылы көрсетуге болады:

1) «Сұлулық» концептісі:

Шешесі еркек көзі бір қадалмай өте алмас ажарлы адам екен...

Шешесі Несібелі сұлу да сүйкімді кісі еді, соған тартқан ғой... Уысың толар бұрымның астынан мойны ағараңдайды, қара көз, ақ маңдай... Сұлулығы жеңсе, есінен айрылып қалатын, естілігі жеңсе, сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды. Естілігі толыққан сайын сұлулығы да толыға беретін қыздар болатын... Әр  әйел өзінше сұлу болу керек, қара ат сұлу ма, торы ат сұлу ма демейміз ғой? Көркем сұлу дейміз, ажарлы дейміз, сүйкімді дейміз, сымбатты дейміз, бәденді дейміз...(Ғ. Мүсірепов. Ұлпан). Қамыс басының сыбдырын аңдыған елік лағындай, аяғын тықырсыз басып, елең қағып, ауыз қораның қақпасына жақындады. Тас бедерін шымшып басқан елік баласындай, бар денесінде сергек те ширақ сұлулық бар екен(Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).

2) «Бауырмалдылық» концептісі:

Айтолқынның бәлденіп-баптанып болуына қарамай, Шынар Ұлпан тобына барып қысылып қалды. Құшақтаса кетердей үзіле қарап келеді, Ұлпан да сондай күйде екен.

- Сенбісің, ей, айналайын? – деді.

- Мен ғой...

- Айналайын-ай, қандай бауырмал  едің? – деп Несібелі Шынардың  бетінен сүйді (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).

3) «Қарапайымдылық, ақылдылық» концептісі:

Жас әйел Ұлпан асқан ақылды адам еді. Өз айтарын әуелі Есенейге байлатып алып жүр. Есеней де «мына қатын былай деп еді» деп Ұлпанның атын шығара сөйлейді (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан). Итаршысы көп, татымы жоқ, тұяқ санаған бос өмірден көңілі суынған, қызығары қалмаған Көпей мырзалық-сараңдықты сән көрмей, алыс-жақынға бірдей қарайтын. Жұманды жұрт ұната алмайтын да, Көпейді қия алмайтын. (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке. 33-б.)

4) Қазақ әйелі өз ұлтын мақтан тұтады, халқына жанашыр:

- Көсем болып алған  соң бұл әйел не істей алды?

- О, істемегені жоқ!.. Есенейдің  барлық жерін еліне бөліп берді. Бөліп бергенде біздердей біреуге ана жақтан, біреуге мына жақтан аттамалатып берген жоқ, ауыл-ауылға қыстауды да, егінді шабындық жерді де тұтас берді... Бұл араның қазағына егін салдырды, шөп шаптырды, қыстау салғызды (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).

5) Қазақ әйелі жаңаға үйір:

Әуелі жолды, одан соң үш ат жеккен пәуескені Ұлпан көңіліне бір түйіп алды... Ұлпанның ойына «орыс үйі» деген тағы бір түйін байланды... Ұлпан монша деген тағы бір түйіншекті көңіліне түйіп алды...

6) Қазақ әйелі – салт-дәстүрді сақтаушы:

Ұлпан үлкендерге бұрылып бір тізелеп сәлем етті. Шынар да соны істеді, ұяла, ұяла, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем етті (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).

Сөз зергері  Ғ. Мүсірепов халықтың рухани және материалдық мәдениетін, салт-дәстүрін, төл тарихын, дүниеге көзқарасын, ұлттық болмысын таныту, ұлттық рухты бойына сіңіру әйел-ананың жан-дүниесінде тұтасып, жинақталғанын шығармаларына алтын арқау етіп өреді. Жазушының әйел туралы туындылары біріктірілген «Қазақ әйелі» циклі оқырмандарға Нағима, Ақлима, Күләш, Майра, Ұлпан т.б.әйел-аналар бейнесі арқылы қазақ әйеліне тән дүниетанымды танытады.

Ғ.Мүсірепов ескі мен жаңа заманнның тартысын «ер мен әйел» қарым қатынасы арқылы ұлттық болмысқа сай етіп шебер бейнелейді:

Жұман ұзын қара бурыл аттан түсе қалды да, үлкен ақ үйін тіктіре бастады. Қаңтарулы аты қасында, қамшы мен шылбыр белінде. Көпей бәйбішенің қай жерден қапы кетерін аңдып, ақырып қалуға әзір отыр. Бұл мінезге он бесінен үйреніскен бәйбішесі баяу қозғалса да, бабын тауып, мін тақтырар емес. (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).

Ерінің бір ескерткенін ендігәрі қайталатпауға дағдыланған сылаң тоқал Айғанша қысыр жыландай жүйткіп жүр. Кілем-көрпе төсеулі, күмістеткен сары ала тегене сапырулы, керектінің бәрі бар, артық еш нәрсе жоқ. Көшіп шыққаннан бергі он екі күннің ішінде (Игілік)биден бір хабар алмаса да, дәл бүгін осы арадан кездесетінін білгендей, Айғанша бәрін бапты ұстапты (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке. 10-б.)

Жазушы танымындағы «қыз» концептісін төмендегі мәтін арқылы беруге болады:

Шешесіне тартқан үлкен қара көзді, қара торының әдемісі аталып келе жатқан, бар мінезі әдептен жаралғандай, ұялшақ Назыкеш үйге кірді де, қою кірпіктерін қағуға да бата алмай, үнін де шығара алмай Айғаншаға қарап тұрып қалды. Көп үстіне амалсыз кіргендігінен ұялып, қызарып барады. Отыра кетуге ұялып тұрған жас қыздың енді ғана жұмырлануға бет алған тіп-тік денесі де түгел көзге түсіп қалды. Ашылуға ұялып тұрған еріндер бір ауыз сөз айта алар емес. Жаратылысында аз ғана күлімдеп тұратын тұнық қара көздерінің жанары қызғылттау ұшқын шашып, танадай жарқырайды (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке. 28-б.)

Ал мына мысал қазақ халқының әйел мен бойжеткен қыздың көпшілік жиналған жердегі әдеп нормасының тілдік дәйегі болып табылады:

– Ие, жай келген жоқсың ғой. Апаңның дені сау ма? Ұялатын боп, бой жетіп қалыпсың ғой өзің!.. – деген Айғаншаның ақырын сыбыры еміс-еміс қана естіледі де, Назыкештің бірдеме дегені күрең тақияға тағылған бір шоқ үкінің дірілінен ғана байқалады (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке. 28-б.).

Әйел бойындағы сезімталдық, алдағыны болжар көрегенділік пен сұңғылалық бүгінгі тілмен айтсақ, «әйел – дипломат» деуге негіз болады:

Жұманмен жылдар бойына созылатын даулар Көпеймен бір-ақ кездескенде бітіп қалатыны да болушы еді. Жұман дауласып дау ала алмайтынын жақсы білетін Көпей бәйбіше, сол абыройсыздыққа жібермей, көп нәрселерді ептеп жіберетін (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке. 32-б.).

Ғ.Мүсірепов танымындағы «ана» концептісінің көрінісі:

1. «Ана сұлу, ана бақытты» когнитивтік моделі:

«Айналайын, күнім, Биағам» деп, баласын бауырына қыса түсіп жатып, әйел қалғып кетті. Бар бейнеті ұмытылған. Жадыраған жүзіне ана сұлулығы, ана бақыты шыға келіпті... Мұндай мейірімді сұлулық ана жүзіне ғана шыға алса керек... Жүзіне осындай мейірім шыға келгенде ғана ана сұлулығы танылса керек...(Екінші Би аға).

2. «Ана ар-ұят, обал сауап ..» когнитивтік моделі:

«Сорлы ана денесінен дене бөлініп, бір адам екіге бөлініп, ауыр бейнеттің ақтық сағатын өткізіп жатыр.

  • Кет деймін... Неткен ұятсыз едің... дейді әйел, әлсіреген қолдарымен мені кеудеге итеріп» (Адамның анасы).

«Бала бажылдап қояды. Мен үй тасасында әйелді қымызға шомылдырдым.

  • Қымыз исі келе ме, немене? – деді әйел. – Обалай...» (Екінші Би аға).

3. «Ана – мейірім» когнитивтік моделі:

«Ана тал түбінде жұдырығын түйіп жатқан қызыл адамға мейірімді көзінің барлық нұрын төгіп қараған сайын бетіне қан жүгіреді. Ананың нұрлы көзі баланы ақырын ғана, еркелетіп қана сипағандай болады. Таңертеңгі тымықта күннің көзі ғана осылай сипай алады дүниені» (Адамның анасы).

4. «Ана – өмірдің иесі» когнитивтік моделі:

«Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл өмірдің иесі, бұл ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол ұлы өмірдің бір ұшқыны ғой. Кім біледі, мүмкін, ол ұшқыннан әлденеше ғасырға кететін жалын туар... Мүмкін жерді жылытып, бақыт себетін адам болар... » (Өлімді жеңген ана).

5. «Ана –  әділ кесім шығарушы» когнитивтік моделі:

Бұдан әрі сөйлесер сөз қалмағанын Мария ана да мана білген. Сондықтан әрі азамат, әр ана, ананың айнымас кесімін айтты:

Өлім егушіге –  өлім! –  деді.Үстіндегі қара киімін баласының кеудесіне жапты да, жарқылдаған қанжарды қара жүрекке қадап жіберді. Баласының жүрегі қай жерде екенін жақсы білетін ана қолы қателескен жоқ: қанішер тырп етпестен қатып қалды (Ана кесімі айнымайды).

6. «Ана – баласы үшін отқа да, суға түсуші» когнитивтік моделі:

«Нағып қорықпай қуып келдің демеңдер: он бесімде өзім де тап осы қызымдай едім; сендердің қолдарыңда кетсе, енді он бес жылдан кейін қызым да тап қазіргі мендей болмай ма? Мен үшін бұдан артық қорқыныш та жоқ, қорлық та жоқ. Сол мені айдап әкелген! Берсеңдер, тірі алып қайтам, бермесеңдер өлі алып қайтам! – дейді» (Ананың анасы). «Өзім көзім қарайып, обалымды пышаққа артып, қанымды шашайын деп жүрген адам, сар кездікті жұлып алып, жүгіріп келіп шалқасынан жатқан болыстың жұтқыншағынан салып кеп жібердім. Сағалатып тұрып өкпе тұстан тағы бірекі рет бұлғап бұлғап алдым да, ұмтылдым ай кеп Қара сақалға... » (Ашынған ана).

7. «Ана – қайсарлық үлгісі» когнитивтік моделі:

«Тек отыз өрім қамшы ғана әйел арқасында жыландай ысылдайды. Анада үн жоқ. Асыл жігер мен құр өктем күш кездесіп қалып, біріне бірі тізе бүгер емес...Қамшы сарт ете қалғанда ана көзінен от ұшқыны да жалт етіп қалады. .. Ана тістері тіл қақпасын тас бекітіп тастапты, қарысып қалған жақтары тісті тіске айқастыра түседі... » (Ананың арашасы).

8. «Ананың жүрегі кең» когнитивтік моделі:

«Енді, міне, Ақлима апай көрінген жұртқа балам келе жатыр деп, күтіп отыр. Кесілген томардай мүгедек емес, қанатын кере сілтеп, ақ иық, мұзбалағы ұшып келе жатқандай күтеді. Өз ұлының аты Қасым екенін қмытып кеткендей, Сапар жаным келе жатыр деп күтеді...» (Ақлима).

«Жарқын жүзді, жайдары мінезді, балажан Әмина балалар үшін өз шешелерін ұмыттырған шеше еді. Мейірімді шеше, сергек шеше, сенімді шеше. Қай баланың аяғына қай күні қандай шөгір кіргенін білетін шеше. Балаларға оның жымиғаны да қуаныш, арқасынан қаққаны да қуаныш, болмашы бірдемені айтқаны да қуаныш» (Әмина) т.б.

Ғ.Мүсіреповтің суреттеуіндегі әйел-ана – балаларға ана тілінің байлығын, «жалынды сөз, жанды сөз, астарлы сөздердің» айтылуын, мән-мағынасын үйрететін, сөз құдіретін нәзік сезінетін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтаушы әйел. Мысалы, «- Күйеужан, өзің де төменірек ысырыл. Қайын жұртына келгенде күйеу жоғары отырмайды, қалыңдық жоғары отырады, - деді Айжидек деген жеңгем.

- Онда сіздің елде  қалың мал төлейтін күйеу емес, қалыңдық болды ғой! - деді Күйекбай.

Айжидек тілді адам еді - Шырағым, құдай қосқан жарың болсын десең, сауда - саттығыңды бұл араға әкеліп тықпалама! - деді.

- Қазақта сатып алмаған қатын бар деп естіген емеспін! - деді біздің болашақ жарымыз.

- Шырағым, күйеужан, білгің келсе, қазақта саудагер деген арам сирақ шыққанша бір қыз сатылған емес! Қазақтың «қалың мал» деп алатыны-жасау деп беретінімен түп - түгел қайтарылып отырады. Оның шын аты - екі жақтың да балаларына бөліп шығарған еншісі болатын. Ауылыңда есі дұрыс ақсақалың болса, әуелі содан сұрап келіп айтыс менімен!» - деді Айжидек»           (Ғ. Мүсірепов. Қазақ әйелі).

      Қазақ халқының  салт-дәстүрінде әйелдер өзі келін  боп түскен әулеттің үлкендерінің  атын атамай, оларға лайықты ат  қоюға тиісті болғаны белгілі. О баста табумен байланыстырылған «ат тергеу» дәстүрі  бейнеленетін дүние суретінің ұлттық сипатын, ұлттық бояу-нақышын білдірумен бірге шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқын сипаттайтын тілдік амал-тәсілдерге де жатады. Мысалы,

  • Жеңешеке-ау, айта ғойшы, Жігітжан қайда? Манадан бері іздеп таба алмай жүрміз... Қыз қайда, жеңеше?..( Ғ.Мүсірепов.Таңдамалы. 1-т. 44 б.)

Қазақ есімдерін зерттеген белгілі ғалым Т.Жанұзақов: «...ат тергеуде әйелдердің мәндес сөздерді (синонимдер) шебер қолданғаны байқалады. Бұның өзі әйелдердің ой-өрісінің кеңдігін және тіл байлығының байтақтығын көрсетеді. Ат тергеу дәстүрінде олардың ерекше тапқырлығы, ойының ұшқырлығы, қара сөзге дес бермейтін шешендігі көрініп тұрады» дегенді айтады [44, 85-86 бб.]. Жоғарыда келтірілген мысалда қайынсіңлісіне ат қоярда жеңгелерінің не себепті қарама-қарсы жыныс атауын қолданғанын төмендегі пресуппозициядан түсінуге болады:

...қалың қасіреттің ойнағы  етіп, Шәйзаны ауыр тұрмыс илегендей... Бірақ, бұлардан Шәйза мұқалмаған: қайғыға қарсы тұрған тұла бойы қайрат тәрізді... Әйел баламын деп үйде отырмайды. Терезені алып қалған ақ күртікті қопаратын да Шәйза, қамыс қопаратын да Шәйза. Екі сиырдың астын тазалап, шөбін салатын да Шәйза. Шәйза мұның бәріне де қабақ шытпайды. Қайта сығырайған қоңыр үйшіктен жарық дүниеге шыға келіп, сояу қамысты қос қолдап суырғанда, шері тарқағандай болады. Алқымына тығылып тұрған бірдеме лықсып төгіліп, Шәйзаның кеудесі босағандай болады...Екі қолдың қаруы талай суырманы тұмсықсыз, талай күректі сапсыз қалдырды. Шәйзаның үсті-басы қайнаған қайрат(Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).

Жаратылысы нәзік қыз болса да, бас көтерер әкесі болмағандықтан, кедейліктен ауыр тұрмыстың тауқыметі басына түскен соң оған амалсыз мойынсұнып, өзін қайрап, ерлерге тән қайсарлықпен әйел төтеп бере алмайтын ауыр жүкті қабақ шытпай көтерген қайынсіңлісінің болмысын дөп танып, дәл басқан қазақ әйелдерінің тапқырлығына таң қалмасқа болмайды. «Ат тергеу» қазақ келіндерінің тапқырлығы мен ойлау жүйесінің ерекшелігін танытады. Осыған қатысты мысалдарды өз туындыларында қазақ халқының шынайы болмысын, дүниетанымын, ұлттық психологиясын, менталитетін дөп басып, шебер таныта білген Ғ.Мүсіреповтің шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Мысалы,

Информация о работе Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты