Ғабиден Мұстафин

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 12:29, реферат

Краткое описание

Ғабиден Мұстафин мұрасы - 20-40 жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел- жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді кұрескер биігінен таймау -- Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН.docx

— 24.06 Кб (Скачать документ)

Мұстафин қиялдағы сүттен ақ, қардан таза кейіпкерлерді емес, қарапайым күнделікті өмірдегі өзіндік  қайшылығы бар, бірақ әрқашанда  адамгершілік өреден табылатын адал жандарды үлгі тұтады. Ақ тілекті Жомарттар  Саттар Ерубаев («Менің құрдастарым») хикаятының сүйікті кейіпкерлері Рахмет, Лизамен мінездес, cипаттас. Адамға тән қайшылық «Миллионер» повесінің  бас арнасына айналған. Қыстың боранына, ыстығына шыдап, ауылдың өсіп-өнуіне көп үлес қосқан Жақып сол қол  жеткенге қанағаттанып, өмірдің ағымына  ілесе алмай қалады. Ізденбеу, жаңалыққа  талпынбау - өмірлік үлкен кемшілігіне  айналып, кешегінің келте пішілген кесімінен аса алмай қалады. Туған  елдің келешегін ойлаған Жомарт ойының өресі биік ауылды жаңа белескеілгерілете  түсуге ықпалын тигізбек. Демек, жазушы екі түрлі ой-cезім төңірегіндегі  тартыс арқылы қоғамдық-әлеуметтік, адамдық  мәселе қояды. Соғыстан кейінгі ауылдың  даму жолы өзінің табиғи, күрделі қалпында, екі түрлі көзқарас – екі түрлі  жоспар арқылы суреттеледі.

Әрине, қазіргі көркпмдік  және саяси-қоғамдық биіктен қарасақ, жазушы шығармаларына бірталай мін  тағар едік. Өмірдің кейінгі дамуы  көп жағдайда аға жазушының сеніміне, арман-тілегіне қайшы келеді – ол қызыл идеологиялық заманның иірімі мен қайшылықтарын, болашақтың бағыт-бағдарын толық болжай алмады. Әйтсе де адамгершілікті аңсаудан, сәулетті де дәулетті өмірді армандаудан туған. «Миллионер»  повесі - өзінің кіршіксіз тазалығымен, мөлдір сезімімен уақытында жұмыр  жердің талай бұрышынан оқырман  тапқан шұғылалы шығарма. Қаламгердің  қаламынан жаратылған ізгі тілекті, рухани дүниесі тап-таза еңбекқор да қарапайым кейіпкерлері оқушылар көңіліне әлі де абзалдықтың нұрын шаша берері хақ. Ал шындықты ту еткен жазушының  шығармалары сол заманның айшықты  бейнесі ретінде, қазақ қара сөзінің  классикасының сол бір замандағы  үлгісі ретінде сақталып қалары анық. 

 


Информация о работе Ғабиден Мұстафин