30-жылдардағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 19:57, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кеңестік дәуір тұсында қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен сол кезеңдегі идеология саясатына бағындырылып, заман өлшемімен қарастырылды. Таптық тұрғыдан қарастырылған кез-келген ұлттық мұрамыздың кеңестік мүддеге қатыстылығы қаншалықты екендігіне баса назар аударылды. Сондықтан да қазақ әдебиетінде ақтаңдақтар кеңістігі барған сайын ұлғая түскендіктен, оқу-ағарту, ғылым-білім тұрғысынан келгенде, белгілі бір мүддеге ғана бағындырылған мұндай саясаттың қазақ ғылымын өркендетуге кедергісі көп болып, іргелі ғылым ретінде дамуына бөгет жасады. Бірақ бұл әділетсіздіктің өрісі қысқа екендігі, мұндай жолмен кете бермесі ақиқат еді.

Содержание

І-тарау.
1.1. 30-жылдардағы қазақ әдебиеті (қазақ прозасы, поэзиясы, әдеби сыны), ағымы және бағыт бағдары
1.2. 30-жылдардағы қазақ поэзиясы және ондағы ағымдар

ІІ-тарау.
2.1. 30-жылдардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері
2.2. Абай туралы айтыс
2.3. Поэзиядағы өзіндік леп, өзіндік ерекшелік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

30 жылдардағы қазақ поэзиясы.doc

— 179.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау.

2.1. 30-жылдардағы қазақ  поэзиясының көрнекті өкілдері

 

  Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы  Қапал уезі, Аұсу болысында (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Ескіше хат танитын, араб – парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз – ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме – шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнердің басын ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, кошелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, көп жақсы үлгі көрсетіп, қазақы адамгершілік жолымен тәрбиелеп өсіреді. [11;56]

Өз үйіде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Қарағаш деген жерделі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы би леп, шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып кетеді.

Дауылды жылдардың тартысы тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші» газеті редакциясында қызмет істеу, экспедицияға шығып фольклор үлгілерін жинау кешегі ауыл жігітін ширатып, шыңдайды. Жас азаматтың қызметтен өзге уақыты түгелдей кітап, газет-журнал оқуға, өз көкірегіндегі  сырларды қағазға  түсіруге жұмсалады. Алғашқы өлеңі 1917 жылы 22 тамызда басылған Ілияс «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі көрінеді. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шығады. [15;56]

1928 жылы журналистика  институтын бітіріп, елге оралған  Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ»  газеті редакциясында қызмет  істеп, қазақ совет баспасөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайраткері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан Жазушылар одағының председателі болады, 1935-1937 жылдарда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады, СССР Жазушыларының І съезінде сөз сөйлейді, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазушының М.Горькиймен  шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.

Қазақстан өміріндегі ерекше саяси-әлеуметтік науқан – ірі байлардың   мал-мүлкін кәмпескелеп, өздерін жер аудару науқаны 1928 жылы болды. Бұл мәселеге арналған қазақ әдебиетінде көптеген үгіттік-насихаттық мәні бар өлеңдер, очерктер, деректі әңгімелер, дастан жырлар жазылды. Осылардың ішінде идеялық-көркемдік ерекшелігімен Ілияс Жансүгіровтің  «Кәмпеске» (1928 ж) поэмасы дараланып тұр. Бұл шағын туындыда автор Мұқан байдың кәмпескеленген сәттегі көңіл-күйін, психологиялық күйзелісін суреттейді.

Ақын уақыты өткен, заманы біткен таптың өз үкімін өзіне шығартады. Мұқан мен Ұлжан жапа-жалғыз жер ауып, поезд  ішінде есеңгеріп кетіп бара жатыр. Ақынның коллективтендіру тақырыбына арналған екінші бір шығармасы «Мәйек» (1929 ж) деп аталады. [6;69]

 Қазақстандағы коллективтендіру  тұсында кеткен кемшіліктерді жасырмай айтатын шығармалар қатарында Ілиястың «Жаңа туған» (1933 ж) поэмасын да жатқызуға болады. «Жыршыдан» деп аталатын кіріспеде қазақ даласындағы өзгерістер, шаруалардың коллективтік еңбекке жұмылуы айтылады.

Азамат соғысы кезеңінің бір эпизодына арналған «Кеңес» атты шағын поэмада дұшпанмен күрес үстінде өлген Есім деген жігіттің әйелі Нұрайша жалғыз ұлды тәрбиелеп өсіреді.

Қазақ поэзиясының тарихында ерекше орын алатын көркем туындының бірі – Ілияс Жансүгіровтің «Дала» (1930 ж) поэмасы. Ақын шығармасын терең идеялық, символдық, ишарат мағына беретін өте салмақты, философиялық тереңдігі бар сөзбен атаған.

Ақынның көркемдік, идеялық мұратын толғау түрінде, төкпе жыр үлгісінде, сөздерді еселей қолданып, градацияға ерекше мән  беретін дәстүрлі әдісін «Арнау» деп аталатын поэма прологында сәтімен қолданған. Шығарманың  негізгі таруларынан ақынның өмірлік, тарихи материалды сәтімен беру үшін іздеп тапқан өзіндік жаңа көркем форманы айнымай, дәл ұстанып отыратынын көреміз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Абай туралы айтыс

 

30-жылдардағы қазақ поэзиясын  сөз еткенде, сол кездегі қазақ  поэзиясы төңірегінде болған  ең үлкен әжеби айтыстардың  біріне соқпай кете алмаймыз.

Ғалым, академик З. Ахметов ««Абай және Әуезов» атты еңбегінде Абай мен Әуезов арасындағы үндестік туралы ойын былайша таратады: «Олар екі дәуірдің перзенті болуымен қатар, бірін-бірі қайталамайтын, біртуар өзгеше дарын екендігі де, әрине, есте тұту шарт. Абай ойшыл, философ, сазгер, ағартушы, екені рас, бірақ ең алдымен – ақын. Ақын болғанда, ұлы ақын, классик ақын. Әуезов ақын емес, бірақ шебер прозаик-суреткер, драматург ретінде ақынға жақын. Әуезовтің прозалық шығармаларында да, драмалық туындыларында лирикалық сарындар, лирикалық сезімталдық айқын көрініс беретін тұстар аз емес. Бірақ ол – алдымен кең құлашты романист-жазушы, эпостық жанрдың асқан шебері және оқиғаны шиеліскен талас-тартыс, қақтығыстармен көрсете білетін драматург» [10, 10] деп   Әуезовтің шығармаларында Абайдың ақындық өнерімен астаса алатын бұл айтылған жайлар бірін-бірі ешбір жоққа шығара алмайтынын дәлелдейді. Абайтануды дербес ғылым дәрежесіне көтерген Мұхтар Әуезов болғандығын, М. Әуезовтің Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылым саласының мызғымас негізі болып табылатындығын баса айтады [11, 10].

Жүсіпбек пен Мұхтар бірлесіп жазған мақаладан кейін кеңес заманы тұсында Абайдың ақындық мұрасы жайлы алғашқылардың бірі болып қалам тартқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы Ыдырыс Мұстамбайұлы болатын. Абайдың қайтыс болғанына жиырма жыл толуына байланысты жазылған Ыдырыстың «Ұлы ақын – Абай» атты мақаласы 1924 жылы Семей губерниялық «Қазақ тілі» газетінде (қазіргі «Семей таңы» газеті) жарияланды [12]. Сыншының бұл мақаласы ұлы ақыннан қалған бай мұраны іс жүзінде ғылыми жүйеге келтіріп, жан-жақты зерттеу, жарыққа шығару жұмыстарын шындап қолға алуға мұрындық болды.

Ыдырыс Мұстамбайұлы өзі де түрлі лауазымды қызметтер атқарғанымен Абай мұрасын үнемі назарда ұстап, сол кездің қасаң саясатынан қызғыштай қорғады, ұлы ақынды халық санасынан өшіріп, шығармаларын жоққа шығаруға тырысқан, шенеуніктер мен кейбір қаламгерлер әрекеттеріне аяусыз тойтарыс беріп, дәлелді түрде қарсылық білдірді, ескі атаулы мен көне мұраға тыйым салған Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе қаһарынан еш қорықпай, ұлы ақынның  қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше орны мен мән-маңызын жете ашып берді. Сыншы Ыдырыс ақын шығармаларын талдай келіп, Абайдың ұлылығын таныды, батыл түрде алғаш рет «Ұлы ақын» деп жариялады. Абайды байшылдық әдебиет өкілі деп қарап жаңылыс басқан Сәбит Мұқановтың «Әркім өзінше ойлайды» [13] деген мақаласына жауап ретінде жазылған Ыдырыстың «Абай» атты көлемді зерттеу мақаласы [14]  «Жаңа әдебиет» журналында жарияланды да, сол жылдардағы әдеби өмірде үлкен қозғалыс туғызып Абай шығармашылығын зерттеуге жаңа серпін әкелді.

Қазақ әдебиетінде өткеннің әдеби мұраларын зерттеуде Абайдың шығармашылығы туралы айтыс орталық мәселе болды. Ұлы ақын туралы пікірлер жиырмасыншы жылдарда-ақ айтыла бастаған болатын. Б. Кенжебаев «Абай» атты мақаласында [15]  Абайды «халық ақыны» деп дәлелдеген болатын. Бірақ, кейіннен әдебиеттану ғылымында тұрпайы социализмнің өріс алуына байланысты ақын шығармашылығы жайында біржақты солақай пікірлердің бой көрсеткен кездері аз болмады. Отызыншы жылдардың бас кезінде Абай туралы жазылған мақалаларда ақынның шығармашылығы көбіне оң бағасын алмады.

Ыдырыс Мұстамбайұлы «Абай» [14] атты сын-айтыс  мақаласында: «Әдебиет айтыстарымыздағы негізгі мәселенің бірі – ескіні тексеру» екендігіне мән бере отырып, «тарих, ғылым, өнер, салт-сана, әдебиет мәселелерін тексергенде бізге даңғыл жол – марксизм»  дейді. «Жаңа әдебиет» журналының (1928) үшінші, төртінші сандарындағы «ескілік» деген бөліміндегі С.Мұқановтың ескі мұраларды қалай тексеру керектігін айтқанына тоқталады.

Ескілерді білу деген қалай болатынын, бізде қалған ескі мұраның бірі –Абай екенін айта келіп, Ыдырыс: «Бірақ сол Абайдың құлағын қаншама шулатсақ та оның кім екенін, артық-кем жері қайсы, пайдалысы қандай, керектісі не екенін білмейміз. Бұл мәселелерде әлі күнге шейін негізсіз таластардан әрі аса алмай жүрміз» [14] деп сынай келе, бір ауыз сөз айтқан кісінің ар жағынан сұмдық іздеудің ешбір орны жоқ екендігін айтады.

Абай шығармашылығына тағылған орынсыз пікірлерге қарсы шыға отырып, Ыдырыс Абай туралы өз пікірін толығырақ жазуды міндет көреді. «Абай туралы «өр көкірек», «ұрдым-жық» мінез көбінесе Сәбит жолдаста болады. Бұған қарсы жауапқа алдымен сөзді өлген ақынның өзіне берейік» деп, Ыдырыс Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» өлеңінен үзінді келтіреді.

Жалпы, ақынның бұл өлеңіндегі мақсаты өмір шындығының бетін ашып қана қоймай, мақсатты орындау үшін не керек екендігін де ашық көрсету болатын. Адамгершілікті ту етіп ұстаған Абайдың даналығының бірі – сол дәуірде өз ортасында озық шығып, халықты мәдениеттендіру мәселелерін жыр етуінде еді. Бұл тек Абайдың ғана емес еңбек, ғылым, адамгершілікті жырлау жер жүзіндегі ұлы, данышпан адамдардың бәрінің де көңіл бөлген мәселелері болды. Ұлы жазушылар, ұлы ақындар халықпен халықты жақындастырады, ұлт пен ұлтты бауырластырады. Абайдың бір өзі қазақ халқын қанша елге танытты. Дүние жүзінде оны білмейтін прогресшіл ел жоқ десе де болады.

Абайдың ақындығын зерттеген Ыдырыс Абайдың өлеңдеріне талдау жасай отырып, өзінің сыншылық шеберлігін де байқатады. Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Қабыл көрсе сөзімді» деген өлеңдерін  мысалға ала отырып, Ыдырыс: «Орыстың тұңғыш Державин, Майков, Козловтар секілді ақындарын былай қойып, Пушкиндерді алсаңыз да өлең ақындық туралы айтқан сөздерінің көркемдігі, мағынасы осындай-ақ. Қайта өлеңге, ақынға бұлардан гөрі Абайдың көзқарасы дұрыс» [14] деп, өзінің сыни әділ бағасын береді.

Абайдың лирикасы туралы айтқан кезде мұндай жырлар атақты ескі ақындардың бәрінде де болғандығын айта келіп, Ыдырыс Абайдың тіл шеберлігін де жоғары бағалайды: «... Ал, тіл жағына келсек Абай өте шебер. Өлеңдерінің көбі жабайы тілмен келіп жеңіл оқылады. Тағы сол жабайы тілмен отырып, орайтын мағынасы тым үлкен, қозғайтын сезімдері аса нәзік болады. Өлеңдерінің ішінде хат танымайтын қара қазақтар түсінбейтін сөздер, орамдар жоқ. Тек анда санда бірер жерлерде орысша, не бір бөтен басқа тілдер кездеседі. Міне ақынның бір қадірі осы...» деп тіл жағына келгенде Абай Пушкиндей болмаса да, істеген еңбегінің қадірі одан бір де кем болмағандығын атап өтеді.

Ыдырыс Абай аудармаларына да ерекше тоқталып өтеді. Аударма – ең қиын да күрделі өнердің бірі. Абай – аудармашылықты жетік меңгерген, аударманың керемет шебері. Ыдырыс айтқандай, оның шеберлігі мынадан білінеді: «кейбір орыс өлеңдерін қазақ тіліне аударғандары өзінің төл өлеңінен артық деуге болады. Орыстың әдебі болған толғаулы, ырғақты, нақсыты бай тілімен жазылған сөздерін қазақтың кедей, дөкір тілімен ұғымды, мағыналы, терең, тілге жеңіл келтіріп переводтауы мейілінше ұсталығы. Кейбір өлеңдерді, мысалы: «Қараңғы түнде тау қалғып», «Тұтқындағы батыр», «Кинжал», «Жолға шықтым бір жым-жырт» қалыбынан, мағынасынан һеш аудармай перевод еткен. Кей жерлерде сөздің мағынасынан ғана алып, қазақтың ұғымына ыңғайлап сырт пішінін өзгерткен. Абайдың ақындығының еркіндігі сол: кейбір переводты өз өлеңінен асырып, түрлеп жіберген. Мысалы. «Теректің сыйы», «Онегиннің хатын», Пушкиннің геройынан өзгертіп, тілін сұлулап перевод қылған» [14].

Ыдырыстың бұл талдауына ешбір дау келтіруге болмас. Тағы бір ескеретін мәселе, зерттеуші Абай аудармасының оның төл шығармасынан еш айырмасы жоқ екендігіне назар аударып, ақындық шеберлігіне сүйсінеді. Барлық сөздер, ұғымдар қазақша түсінікті.

Сондай-ақ Ыдырыс Абайдың Крыловтан аударған мысалдарына тоқталып, «тіл жағынан, орам жағынан сұлулығына, елдің ұғымды, жатымдылығына» баға бере келіп, «Крыловтың мысалдарының қазақтың құлқына, мінезіне жатымды екені басқа, ал Абайдың тілі оларды жандандырып жібереді десе де болады» деп, мысалдармен дәлелдейді. «Абайдың «Шырылдауық шегіртке...», «Басы айналды қарғаның, сұмның айтқан сөзіне» деген өлеңдерін мысалға ала отырып, Ыдырыс «Міне бұл секілді тіл Крыловтан артық болмаса несі кем? Орыс тілін білетін жігіттер біздің пікіріміздің дұрысын, бұрысын Крыловтың өз өлеңдерімен салыстырып, сынасын» [14] деп тілді жеңіл көретін, үйрену деген нәрсені оңай ғана санайтындардың есіне тағы салады.

Ыдырыс Абайдың жалпы сөздерін алғанда беті – жаңалықта болғандықтан мұндай адамдарды жаңашыл (новатор) дейтінін, олардың сөздері – тарихтың бір белінің жаңа салып кеткен соқпағы болатынын, қорытып айтқанда Абай қазақ ішіне жаңа орнап келе жатқан сауда капиталы дәуірінің шала соқпағы деп танитынын айтады.

Абай ақын болса, тобықтының ғана ақыны, жалпы қазаққа ортақ ақын бола алмайды, Абайды ақын деп көтеріп жүруші адамдар тобықтылар дейтұғын жолдастардың бар екендігін айта келіп, Ыдырыс бұған былайша жауап қайырады: «Бұл жолдастар не Абайды білмейді, не әдебиеттің не екенін білмейді. Абайды мақтасақ та өзіміз тобықты емеспіз. Және де тобықты деген тентек елмен аталарымыз жауласып, қан төгісіп өткен. Алдымен осыны айтып қоймасақ, біреу мені де тобықты болған соң Абайды жақтайтын шығар деп жүрер» [14] деп қазақты руға бөліп іштен ірітушілерге қарсы тұрады. Абайдың өлеңдері тобықтыдағы әңгімелері болсын, мейлі басқа бір елден алынған әңгімелері болсын, ол кездегі ата-руға бөлінген қазақтың салт-санасы, қай жерде болсын бірдей болғандығын, сондықтан тобықтыға арнаған сөздер жалпы қазақ еліне бірдей айтылған ортақ сөз болып қалатындығын айтады.

1920-жылдары Абай шығармашылығына  теріс көзқарас білдірушілердің  бірі ретінде және ең қауіптісі  ретінде Ілияс Қабыловты атап  өтуге тура келеді. Ыдырыс өзінің  «Ақын Абай және пәлсапашыл Ілияс туралы» [16] атты мақаласында, Ілияс Қабыловтың мақаласындағы: «...Сондықтан Абайдың дүние тану әдісінен үлгі алудың керегі жоқ. Өйткені, Абайдың дүние тану әдісі біздің әдісімізге үйлеспейді. Оның дүние тану әдісі – ұлтшылдық, қиялшылдық, біздің дүние тану әдісіміз затшылдық диалектика. Қазақстанның жас жұртшылығы соны үйренуге, бұл жөнінде Абайдан үлгі алмай Маркс, Плеханов, Лениндерден үлгі алу керек» [17] деген пікіріне Ыдырыс былай жауап береді: «Өзінше Ілияс жолдас мұны әбден тауып айттым деп отырған шығар. Абайды марксшіл, диалектикашыл емес деп сөгу балалық емес пе? Ал, дүние тану әдісін, пәлсапа жәйін Абайдан іздемей Ленин, Маркстен үйрену керектігін біздің жас жұртшылығымыз Ілияс жолдастың шалағай пәлсапасынсыз да, байбаламынсыз да білетін шығар» деп батыл пікірін айта келіп, ары қарай былай жалғастырады: «Қасқыр сазайын қомағайлықтан тартады ғой. Әйтпесе биыл Октябрь төңкерісіне 11 жыл болғанда жаңа жұртшылығымыз жетіліп өсіп қалғанда диалектиканы Абайдан үйренбей Маркстен үйрен деп шұбатылған пәлсапа соғу орынсыз» [16]. Расында да, Абайдың пәлсапасы марксизмге үйлеспейді, Абайдың дүниеге көзқарасы теріс деп, Абайдан марксизм ілімін іздеу ақылға мүлдем сыйымсыз екендігі айдан анық. Бұл тұрғыдан келгенде Ыдырыстың пікірімен толық келісеміз. 

Информация о работе 30-жылдардағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі