Субмәдениет ұғымы
Реферат, 04 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Мәдениет» ұғымының алғашқы мағынасы (лат. cultura) — жерді өңдеу болған. Көбінесе мәдениетті адам қолымен жасалғанның барлығын дегенді білдіреді.Мәдениет – ол көпқырлі бірлік, адамдармен қоғам мүшелері ретінде қабылданған білімдер, наным-сенімдер, моральдық көзқарастар, заңдар дәстүрлер және т.б. дағдылар мен әдет-ғұрыптар. Көбінесе басым және азшылық топтың мәдениет түрлері бөліп көрсетіледіМәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».
Содержание
Кіріспе бөлім
Жалпы мәдениет туралы түсінік
Негізгі бөлім
Субмәдениет ұғымы
Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің себептері
Жастар субмәдениеті
Қортынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Прикрепленные файлы: 1 файл
реферат.docx
— 346.76 Кб (Скачать документ)Жоспар:
- Кіріспе бөлім
Жалпы мәдениет туралы түсінік
- Негізгі бөлім
- Субмәдениет ұғымы
- Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің себептері
- Жастар субмәдениеті
- Қортынды бөлім
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жалпы мәдениет туралы түсінік
«Мәдениет» ұғымының
алғашқы мағынасы (лат. cultura) — жерді
өңдеу болған. Көбінесе мәдениетті
адам қолымен жасалғанның
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты
мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген
ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас
нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ
Адам, оның қызметімен өзара қатынасы
бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық
және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата
білу қажет.
Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық
өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің
өнімі деп қаралады. Себебі материалдық
және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек
құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі
мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық
және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері
бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық
және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық
мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның
идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің
өнімі материалдық нысанда болады, соның
нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін
және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады.
Сондықтан мәдениетті материалдық және
рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға
да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес,
бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық
бірлігін мойындауда.
Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микены мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.;
б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.);
в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.).
Нақты идеалды тұрғыдан қарастырсақ, мәдениет — жеке адам мен бүкіл қоғамды адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру болып табылады.
Субмәдениет ұғымы
Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
Субмәдениет - бұл қоғамның жай кедергі жасамауына болатын жастардың әлеуметтік белсенділігінің алаңы. Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмірге бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, ата-ана уақытында өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғылыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұрғысынан саралап, дәуір психологиясын ескермей, мәселені сол заман адамдарының қандай көзқараспен танығандығын назардан тыс қалдырып жатамыз. Әр нәрсеге еліктеуге бейім келетін жасөспірімдердің осындай жаман, қатерлі ағымдардың ықпалына түсіп кетуіне жол бермеу үшін үйде ата-аналар, мектепте мұғалімдер болып, тәрбие, оның ішінде діни тәлім-тәрбие жұмыстарын жан-жақты жүргізуі қажет-ақ.
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады.