Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:21, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Қүнанбаевтің, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов, т.б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен

Содержание

Нормативтік сілтемелер.............................................................................4
Анықтамалар....... ............................5
Қысқартулар мен белгілер.......................................................................6
Кіріспе..........................................................................................................7
1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері
Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары.................................11
1.2 Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері.................................... ...34
1.3 Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың
мүмкіндіктері...............................................................................................39
2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары
Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері.................................................................................................45
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі...............................................................................47
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері..................................................................................................... 51
Экономика..................................................................................................60
Еңбек қорғау..............................................................................................66
Қорытынды................................................................................................69
Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................70
Қосымшалар..............................................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

тарбие.doc

— 5.34 Мб (Скачать документ)

        Бүгінде техниканың араласпайтын, қолданылмайтын жері жоқ. Техника тұрмыста да, құрылыста да кеңінен пайдаланылады. Сондықтан оқушының оны білуге деген ынтасы мен құмарлығы оны ұғыну шеңберімен шектелу емес, сол өндіріс процесін жаңартып, толықтырып, ілгері дамытудың тәсілдерін де таба білуге икемдеу - оқушыны іздендірмей қоймайды. Олардың ықылас салып ізденуі ақыл- ойдың дамуына, белсенділігін арттырып, дүниетаным қабілетін өрістетіп шығармашылық бәсекелестіктегі табысы еңбек өнімділігін көтеруге ықпал ететіндей болып идеялары өмірге жолдама алуы да ықтимал. Еңбек тәрбиесінің адамды имандылыққа, іскерлікке, ідептілікке баулитындығын ескере отырып, кәсіби мамандыққа бағдарлаудағы орыны ерекше екендігін үнемі назарда ұстау керек. Оқушыны өндірістік өнімді еңбекке тәрбиелеу - әрбір тұлғаның болашағын өмірге лайық бағдарлап, бүгінгі егеменді елімізді өркендетуге үлес қосатын адам болып қалыптасуындағы сенімді жол.

        Еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін дұрыс шешу оның міндеттері мен мазмұнын және жүзеге асырудың әдісі мен құралдарын айқындай білумен шарттас. Мектептегі еңбек тәрбиесі саласындағы басты міндеттер:

1 Оқушыға техниканың қарқынды дамуын, өндірісте қолданылуын, оның әлеуметтік-экономикалық мәнін ұқтыру.

2. Қарапайым станоктар  мен құрал жабдықтарды меңгертіп,  олармен жұмыс істей білудегі  білік дағдыларын қалыптастыру. 

3. Өнімді еңбекке қатыстыру арқылы оқушының қабілетін, ақыл-ойын, ерік қасиеттері мен қызығушылық т.б. тағылымдарын арттыру.

4. Еңбектегі ар, ұжданды сақтап, тиісті істі ыждаһатты атқарып, еңбекке деген ынтымақты жебеп оған қажеттілік туғызу.

5. Кәсіби мамандыққа бейімдеу [40].

        Орта оқу орындары жағдайында бұл міндеттердің орындалуы еңбек пәндерін өту арқылы, мектептегі түрлі еңбектерге қатысу және сыныптан тыс еңбектерді атқару, жазғы кездегі еңбкек лагерлеріндегі жұмыстарды орындау барысында жүзеге асырылады. Еңбек тәрбиесі саласындағы іс-әрекеттің нәтижелі болуы оны ұйымдастырудың әдістемесі мен формасына байланысты екендігіне зейін қойып, оқушының еңбекке деген ынтасын аударуға бағытталған тандаулы, даңқты еңбеккерлермен кездесу, экскурсиялар ұйымдастыру, еңбек акцияларын өткізу, бәсекелестік туғызу т.б. мән беру керек.

       Сонымен еңбек тәрбиесінің нәтижесі оқушының еңбекті тіленіп қажет етуі, еңбекті атқаруға деген ықылас-ынтасы, оған қызығуы мен белсенділік танытып шын пейілімен атқарған ісінен ләззат алып, өнімді еңбекке орай кәсіби мамандық таңдауға деген құлқын айқындай түсу ниетінен көрінеді. Еңбек тәрбиесінің бағыт-бағдарын оқушының санасына сіңіріп, шама мүмкіндігіне үйлесімді еңбек дағдысына қалыптастыру олардың болашағында жалғастық табатын әдетке айналатын өміршең құбылыс.

        Кәсіби мамандық берудің нәтижелік қорытындысы оқушының болашақ мамандығын саналы түрде таңдай алуы болып табылады. Ал мұның көрсеткіші - кәсіби мамандықтың тұлғаға қоятын талаптарын терең түсіну, оқушының сол мамандыққа бейімділігі, таңдаған мамандығына қарай және ерекшелігіне қатысты оқу практика жұмыстары барысында атқарған істері мен осы саладағы нақты еңбегі болып табылады [ 42 ].

        Эстетикальқ тәрбие. Адамның өнердегі, өмірдегі эсемдікпен сұлулықты танып, ұғынып және оны ажыратып рухани әспеттеп қабылдай білуі эстетикалық тәрбиемен сабақтас құбылыс. Көріктілік пен көркемдікті халқымыз ежелден-ақ қастерлеп сүлулыққа сүқтанбағанның көзі шықсын деп тегін айтпаған. Олай болса, бүгінгі оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің мақсаты тұлғаның әсемдік жөніндегі қабілетін жетілдіріп, өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білуге қалыптастыру болып шығады. Оқушының өнердегі, адамдардың іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы әсемдікті түйсініп, әсерленуі тұлғаның эстетикалық сезіміне тәуелді. Өмір шындығының образға айналған бейнесі тұлғаны әсерлендіріп, кейде күлкілі қуанышқа батырып, немнсе мұңайтып, ренжітіп әр түрлі ойға жетелейді, қиялына қанат бітіреді. Көркем өнердегі құндылықтарды танып, одан ләззат алып рахаттану тұлғаның эстетикалық түйсінуі мен біліміне қатысты болғандықтан оның әсері мен ықпалы адамның арман мұратына қозғау салып, түрлі әрекеттеріге баруына ұйтқы болады. Сондай-ақ табиғатты, қоғам өміріндегі, адамдар болмысындағы, өнердегі әсемдік пен сұлулықты, көркемдікті танып түсіну тұлғаның әлеуметтік, психоллгиялық қарым- қатынасына ықпалды әсер туғызады. Әсердің барысында қабылдаған ұғым, түсініктерін бойына дарытуға ұмтылады. Ықпалды әсер оқушыны еш уақытта бейжай қалдырмайды, әрекеттендіреді, бұл белгілі деңгейдегі

қозғаушы күшке айналады. Әсерленген сезімдік тағылымын өзіне үйлестіруге, қолдана білуге, теріс әрекеттер болса одан сақтануға ынталандырады. Сонымен эстетикалық әсер оқушының бойын балқытып, көңіліне түрлі ой салып іздендіреді. Оқушы іздену барысында өнердегі, өмірдегі құбылыстар мен болмыстағы әрекеттерді саралап, арман мүддесіне үйлесімді сараптама жасайды [15, 85 ].

       Эстетикалық тәрбие, тәлімнің тиімділігін арттыруда әдіснамалық заңдылықтардың да мәні зор. Өйткені кеңестік жүйе ыдырағанға дейін коммунистік партиянын саясаттандырылған әміршілдік нұсқауы эстетикалық тәрбие мәселесіне тек материалистік тұрғыдан таптық танымды сіңіруді талап етсе, енді ондай сыңаржақ көзқарастан айығып, оқушыларды жаңаша тәрбиелеп, шын мағынасындағы эстетикалық таным, сана қалыптастыруды өмірдің өзі талап етіп отыр. Көркемдік таным, сұлулық өмірдің өзі деген тұрғыда қаралғанымен де адам психологиясына әсер етудегі рухани құндылықтарға басқаша қарадық. Данышпан Абай айтқан «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген қағидадан сырғақтап сырттадық, теріс айналдық. Әрине, адамзат ғұмырында сұлулық, көркемдік, әсемдік, биязылық өмірдің өзінде екені рас, сонымен қатар рухани жаратушыны мойындап ақиқат шындықты тануда, тұлғаның соған бейімделіп, оны өнеге етіп тұтынуда эстетикалық тәрбие жетекші мәнге ие болады. Оқушылардың бойына эстетикалық тәрбиенің сіңуі мен көңіліне дарытуды қазірде философтар да жан-жақты дәлелдеп, көркемдік таным тұлғаның бойына зорлықпен, күш көрсетумен, әміршілдікпен дарымайтындығын мойындатын отыр [ 25, 59 ].

        Эстетикалық тәрбие беруде мұғалім оқушы бойындағы көкем өнерге деген ынта ықыласын қолдай отырып, табиғи болмысындағы өмірге үйлесімді сыр-сипатын аша түсуге зейін аударуы керек. Айталық, тұлғаның дыбысты, үнді, әуенді, ырғақты дәл аңғара алуы, немесе түр, түс, бәден, реңді байқай білу ерекшеліктерін ажырату қабілетіне мэн беріп, үйлесімділікті ескере отырып оның нәтижесі де тұлғаның санасын, танымын қалыптастыруға тиімді ықпал жасайды. Әрбір оқушының эстетикалық таным ерекшеліктерінде байқалған бейімділік көріністеріне назар аударып оған бағдар берумен қатар, сол салаға байланысты нақты тапсырмалар орындаттырып, олардың өздігінен ізденуіне жол нұсқау түлғаның бойында әлі көрінбей жатқан мүмкіндіктерін ашуға жәрдем ететіндігін есте ұстау керек. Мүның өзі оқушының эстетикалық мұрат мақсатының жетілуіне қозғау салып, оның өркен жайып, өріс алуына жол ашатындықтан ұйымдастыру жұмыстарының тиімді әдістерін таба білу де шарт.

        Эстетикалық тәрбиенің нәтижелік көрсеткіші тұлғаның білімі, өнерді танып ажырата алу қабілеті, көркемдікті сезіне білуі, тағылымдық өнеге деген құштарлығы мен құмарлығы және бұл қасиеттерді өз бойына дарыта білуі болып табылады.

        Экологиялық тәрбие. Жас ұрпақтың жан-жақты үйлесімді дамып қалыптасуына білім мен тәрбие ғана емес, әсем табиғат аясы - көгілдір ну орман, көк майса, төңірек, түрлі-түсті гүлдерге толы алқап, асау өзен, тұңғиық теңіз, сылдырлап аққан бұлақ, тау-тас, шың-құз биіктігі, жемісті бау-бақша, жеті қат көк, жер, нұрын төккен Ай мен Күн, жымыңдаған жұлдыздар, құпиялы сырға толы тылсым дүние мен жаратылыс күштерінің ықпалы және жоғары мәдениетте дамыған қоғамдық-әлеуметтік, отбасылық ортаның әсері керек. Бұлар жас жанның туа біткен мүмкіндіктерін дамытатын қажеттіліктер. Өйткені, табиғат пен адам дамуы егіз, бір-біріне байланысты. Адамзаттың табиғатқа, қоғамға, жаратылыс әлеміне, отбасына, айналасындағы дүниеге, жан-жануарларға деген ізгі қатынасы сүйіспеншілік сезімінің дамуымен айқындалады.

        Біздің халқымыздың өмірі табиғатпен етене байланыста өткен. Ашық аспан астында, киіз үйді пана етіп, жел мен боранда, шілденің ыстығы мен қаңтардың аязында, көктем мен күзде төскейде малын бағып табиғатпен тел өскен, тіршілік еткен. Сондықтан да жаратылыс әлемін қастерлеп киелі санаған, пір тұтқан, оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасап аялаған. Қазақ халқы ежелден аспан денелеріне ерекше назар аударып, қастерлеген.

        Табиғат адамзаттың өмір кешуіне мүмкіндік тудырып, Жер-ана елді асырап бағып, орман-тоғай елге дәулет ретінде, су, ауа райы денсаулықтың кепілі ретінде көрініс тауып отырғанын халық даналығы дөп басып айтқан.    Табиғат-ана адамзатты осыншама байлықпен қамтамасыз етіп, өсіріп-өрбітіп отырғанда, адамзат та өз тарапынан оған қамқорлық болуы парыз. Көл-көсір табиғат байлығын үстемелеп молайтып, ұқыпты пайдалану, көзінің қаршығындай сақтау, жанашырлықпен қорғау әр адамның міндеті [44 ].

Барлық ғылым салалары мен экономикалық шаруашылық жұмыстарын жүргізушілердің негізгі қызметі  қоршаган ортаның байлығын ысырап етпеуге  бағытталуда, өйткені табиғат адам мен оның мүддесін қорғайтын ғылымның бәріне де ортақ.

Қоршаған ортаның бірлігін үйретудің тұтас жүйесі бүл саладагы негізгі проблеманы туған өлкенің  жануарлары мен өсімдіктері дүниесінің байлығын сезіну мен қорғау, оны  адамның айналамыздағы табиғаттың басты өзгешелігі ретінде түсінуі, басты идеяны, табиғат - адам өмірінің негізгі көзі, адам еңбек ететін, демалатын орын, адамның еңбегі оның тұтастығын сақтауга арналатыны және экологиялық ұғымдарды айырып алуды қажет етеді [ 45 ].

Табиғат-ананы қорғау - адамзаттың парызы. Осыны жас ұрпаққа ұғындыра тәрбиелеу мектептің (орта, орта арнаулы, жоғары мектептің) міндеті.

Экологиялық тәрбие бала шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен бірге тәрбиеленуі керек. Түпкі мақсаттың бірлігі жүргізілетін тәлім-тәрбие жұмыстарының жүйелілігін, оқу, тәрбие мазмұнының құралдары мен әдістерінің бір жүйеге ыңғайлануын қарастыруды талап етеді. Осының бәрі табиғатқа біртұтас көзқарас қалыптастырып, жас адамның бойында қамқорлық, аяушылық, жауапкершілік сезімін оятады. Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттерін шешу олардың қоршаған ортаны ой және сезім арқылы түсініп, тәжірибелік іс-әрекетінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Теориялық таным мен эмоциялық сезіну және тәжірибелік белсенділік балалардың табиғатпен қатынасының әр түрлі жақтарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбие төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады.

  • Табиғи ортаны сақтау: жануарларға, құстарға, балықтарға қамқорлық жасау, қоректендіру, ұялар жасау, оны орнату;
  • Табиғи ортаны жақсарту: аландарды көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу, айналаға ағаш егу, көшелерді, аулаларды, айналаны көгалдандыру;
  • Эстетикалық бағалы өңірлерді сақтау;
  • Экологияны зерттеген ғалымдырдың еңбектерін оқып үйрену;
  • Экология тақырыбына кездесулер ұйымдастыру, оқырмандар конференцияларын өткізу;
  • Экологилық тақырыпқа лекциялар, әңгімелер, баяндамалар, сұрақ- жауап кештерін өткізу, викториналар шештіру;
  • Орта арнаулы оқу орындарында табиғатқа экскурсиялар ұйымдастыру;
  • «Невада-Семей қозғалысы» туралы әңгімелер циклын, т.б. әсерлері тәрбие шараларын ұйымдастыру [ 47 ].

 

          Құқықтық тәрбие. Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын тәрбие саласының бірір- құқықтық тәрбие. Егеменді Қазақстан Республикасы Ата Заңына сәйкес азаматтарының құқығы мен талап-тілегін, мұқтаждарын қорғап, оларды қамқорлығына алады. Әрбір азамат өз мемлекетінің Заңына жауапкершілікпен қарап, оны орындауды өз міндеті деп есептейді. Өйткені, жас мемлекетіміздің заңдары еліміздің мұң-мүддесін, тыныштығы мен саяси тұрақтылығын нығайту жолында қызмет етеді. Конституциямыз қоғамымыздың тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді демократиялық жолмен шешіп, елдің экономикалық-әлеуметтік дамуына ықпал жасайды. Оның       I- бабында «Қазақстан Республикасы өзін құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі; құқықтары мен бостандықтары», - деп көрсетілген. Сондай-ақ Ата Заңымызда адам құқын қорғау, теңдік, адам факторын жетілдіру, оның қоғамдық имандылығын көтеру, құқына сәйкес міндеттер атқару, әр адамның қадір-қасиетіне, ар-ождан бостандығына қол сұқпау т.б. адамдық, азаматтық құқықтары заңмен реттелген. Әрбір Қазақстан азаматының қасиетті парызы - мемлекетіміздің Заңдарын, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын сақтауға, абыройы мен қадір-қасиетін, мемлекеттік нысандарын құрметтеуге міндетті... осылар сияқты т.б. көптеген Заңды міндеттерді жүзеге асыруда, құқықтық тәрбиені жолға қоюдың маңызы зор [ 48 ].

         Құқықтық тәрбиенің мазмұнын белгілеуде, адамгершілік жақтарын анықтауда жастарға өзі өмір сүріп отырған қоғам идеясын ұғындыруда. Ата Заңымыздың баптарына сүйену керек, Құқықтық тәрбие мақсат көздей ұйымдастырылып жеке адамның талап-тілегінге, мұң-мұқтажына, қоғамдағы міндеттеріне негізделіп жүргізілсе, жас ұрпақтың моральдық мінез-қүлқын қалыптастыруға, тәртіптілікке баулуға жол ашады.

         Олай болса, жастарға құқықтық тәрбие беру - үйлесімді тәрбиенің маңызды қыры болып есептеледі. Ендігі міндет орта, орта арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орындарында тәрбиенің бұл саласын жетілдіру, өзге тәрбие қырларымен байланыстыра отырып оқушылардың қүқықтық санасын қалыптастырудың қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін дамытудың, тәртіптілікті нығайтудың құралдар мен жолдарын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Өйткені адамның құқықтық сана-сезімі арнайы мақсат көздей жүргізілген тәрбие арқылы дамиды. Құқықтық тәрбие құқықтық сананы қалыптастырады.

         Құқықтық-қоғамдық қатынастарды реттеп, жөнге салатын, қоғамдағы мәнді қатынастарды реттеп, оның дамуына ықпалы ететін, қоғамға зиянды қатынастарға тыйым салатын құрал.

         Біздің қоғамымыздың құқықтық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлықтары, қоғамдық-әлеуметтік ортаға, табиғатқа, адамдарға т.б. қарым-қатынасы, қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке сай болады.

Экономикалық  тәрбие. Экономикалық тәрбие қоғам дамуының қазіргі

сатысында адамдарды, жастарды жалпы тәрбиелеудің маңызды буыньна айналып отыр. Оның басты міндеті - адамның экономикалық ой жүйесін дұрыс қалыптастыру, оны шаруақорлыққа, үнемділікке, құрал-жабдықтарға ұқыпты қарауға, еңбек өнімділігін үздіксіз арттырып, халық шаруашылығының еселі өнімін қамтамасыз етуге тәрбиелеу.

Экономикалық жағынан  білімді болу - еліміздің материалдық, еңбек және табиғи ресурстарын ұқыпты жұмсау, жұмыс уақытын тиімді де, жемісті пайдалану, өнімді арттырып, оның сапасын барған сайын жақсарту, өнім өндіруге кететін шығынды азайту. Мұндай жұмысшыға да, инженерге де, яғни қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылданатын кез келген адамға бірдей қатысты. Қоғамдық өндірістің тиімділігі олардың экономикалық жағынан қаншалық сауатты болуына тікелей тәуелді.

Жастарға экономикалық тәрбие беру нарықтық экономиканы интенсивті дамыту мәселесімен де тығыз байланысты.

Енді тәрбие ықпалының  осы формасының мәні неде деген мәселеге келейік. Егер оны нақты экономикалық жағдайдың талаптары тұрғысынан

қарайтын болсақ, адамның  жеке басының экономикалық тәрбиесіне қажетті салалардың қатарынан қоғам, мемлекет мүдделеріне деген қамқорлықты, коллектившілдікті, іскерлікті, үнемшілдікті, ұйымшылдықты, тәртіптілікті, талдай білу мен есептей білу деп атаймыз. Экономикалық қызметке қатысы бар адам, сөз жоқ, ақылға сыйымды экономикалық қажеттілікті түсінетін, экономикалық ой — жүйесі кемел, қол астындағы материалдық ресурстар мен жұмыс уақытын тиімді пайдалана алатын, резервтерді таба білетін, аз шығынмен мол әрі жақсы өнім өндіретін, экономикалық міндеттерді шешудің ең тиімді жолын анықтауға қабілеті мол, өз ісінің шын мәніндегі қожасы дейтіндей адам болуы керек.

Информация о работе Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері