Әкеге қарап ұл өсер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 20:34, доклад

Краткое описание

Әкеге қарап ұл өсер
“ӘКЕ, мұның бәрін қайдан білесің?” Ұлыңыздың осындай сұрақ қойып, сізге таңғалған кездері болған ба? Сондай сәттерде әке болғаныңызды мақтан тұтқан шығарсыз. Ал ұлыңыз айтқаныңызға құлақ асып, соның пайдасын көрген кездері, қуаныштан төбеңіз көкке жеткен болар Алайда ұлыңыз есейгеннен кейін де, сізді өнеге тұта ма? Әлде оның сізге деген құрметі азайғандай көріне ме? Ер жетіп келе жатқан ұлыңызға қалай жақын болып қала аласыз? Алдымен, әкелер кезігетін кейбір қиындықтарды қарастырайық.

Прикрепленные файлы: 1 файл

әке.docx

— 21.27 Кб (Скачать документ)

Көпжан Оразғали Мінәжұлы

Ақтөбе облысы

Мәртөк ауданы

 Қаратоғай ауылы

Әкеге қарап ұл өсер

“ӘКЕ, мұның бәрін қайдан білесің?” Ұлыңыздың осындай сұрақ қойып, сізге таңғалған кездері болған ба? Сондай сәттерде әке болғаныңызды мақтан тұтқан шығарсыз. Ал ұлыңыз айтқаныңызға құлақ асып, соның пайдасын көрген кездері, қуаныштан төбеңіз көкке жеткен болар Алайда ұлыңыз есейгеннен кейін де, сізді өнеге тұта ма? Әлде оның сізге деген құрметі азайғандай көріне ме? Ер жетіп келе жатқан ұлыңызға қалай жақын болып қала аласыз? Алдымен, әкелер кезігетін кейбір қиындықтарды қарастырайық.

УАҚЫТТЫҢ ЖЕТІСПЕУІ. Көп елде отбасындағы табыстың басым бөлігін отағалары табады. Бұл үшін олар жиі ертеден қара кешке дейін жұмыс істейді. Кейбір елдерде әкелер балаларымен тым аз уақыт өткізеді.

МЫНА ЖАЙЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: Ұлыңызбен бірге қанша уақыт өткізіп жүрсіз? Келесі бір-екі аптада күніне оған қанша уақыт бөлетініңізді неге байқап көрмеске? Нәтижесі сізді бейжай қалдырмас.

 Ұл бала әкесіне  еліктегіш келеді. Сондықтан оған  кішкентай кезінен бастап үлгі-өнеге  көрсеткен жақсы. Мұны қалай істеген дұрыс? Балаға көңіл бөлу үшін уақытты қайдан табуға болады?

Ұлыңызды күнделікті үй шаруаларына мүмкіндігінше көбірек қатыстырыңыз. Мысалы, ауланы сыпырып жатсаңыз, оған кішігірім сыпыртқы, ал жер қазып жатсаңыз, күрекше беріп қойыңыз. Үлгі тұтарлық көсемі — әкесіне көмектескені ұлыңызды зор қуанышқа бөлейтіні сөзсіз! Әрине, шаруаңызды бітіруге әдеттегіден көбірек уақыт кететін шығар, бірақ есесіне ұлыңызды еңбекқор болуға үйретесіз әрі онымен қарым-қатынасыңыз нығаяды. Балаңызды еңбекке баулумен қатар, бірге ойнауға да уақыт тапқаныңыз жақсы. Мұның пайдасы көңіл көтерумен ғана шектелмейді. Зерттеулер көрсеткендей, әкелер кішкентай балаларымен ойнайтын болса, бұл олардың тапқыр, пысық әрі батыл болып өсуіне көмектеседі.

Бірге ойнау бұдан да маңызды нәрселерге септігін тигізеді. “Бала мен әкенің еркін сөйлесуіне ойынның қосар үлесі көп”Иә, мұндай сәттерде әке баласына сөзімен де, ісімен де жылулық танытып, оны да өз сезімдерін білдіруге үйрете алады. Ұлыңызға жақындай түсудің тағы бір мүмкіндігі — ұйықтар алдындағы уақытты пайдалану. Балаңызға әңгіме оқып беріп тұрыңыз, сондай-ақ оның сол күнгі қуанышы мен уайымына ортақтас болыңыз. Осылай еткеніңіз өсіп келе жатқан ұлыңыздың әрі қарай да сізге еркін жақындауына көмектеседі.

 

Әкелері сөйлескісі келгенде, кейбір жасөспірімдер бұдан тартынатындай көрінуі мүмкін. Сіздің ұлыңыз да сұрақтарыңыздан жалтарғандай көрінсе, бұл оның сізбен мүлдем әңгімелескісі келмейді дегенді білдірмейді. Балаңызға бейімделіп сөйлейтін болсаңыз, оның сізбен әңгімелесуге деген ықыласы артуы мүмкін.

“Әке, қара, қарашы!” Жаңа істі меңгерген кішкентай ұлыңыздың қуаныштан осылай айғайлаған кезі болған ба? Ол қазір жасөспірім болса, әлі де сіздің қолпаштап отырғаныңызды қалай ма? Бәлкім, солай етуден қалған шығар. Алайда байсалды адам болып өсуі үшін сіздің қолдауыңыз оған аса қажет. Әрине, сіз ұлыңызға тәлім-тәрбие беріп, жөнге салып отыруға жауаптысыз. Кейбір ер кісілерге балаларына жылулық танытып, демеу көрсету оңай емес. Бәлкім, кезінде олардың ата-аналары мақтаудың орнына, қателіктеріне нұсқау берген шығар. Сіздің де жағдайыңыз осындай болса, ұлыңыздың өзіне деген сенімділігін арттыру үшін біраз күш салуыңыз қажет болар. Бұл үшін не істеу керек? Кейде мен шаруаны ұлыма  тапсырамын да, қажет болса көмектесетінімді айтамын. Көп жағдайда ол шаруаны өзі-ақ тындырады, әрі бұл оған қанағат әкеліп, өзіне деген сенімділігін арттырады. Тірлікті ойдағыдай атқарған кездері мен оны мақтаймын. Істегені ұлымның көңілінен шықпаса да, күш салғаны үшін риза екенімді айтамын”.

Ұлыңыздың өзіне деген сенімділігін арттырудың тағы бір жолы — үлкенірек мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу. Алайда ұлыңыз қойылған мақсаттарға сіз қалағандай тез жетпесе ше? Ал оның мақсаттары негізінен жаман болмағанмен, сіздің көңіліңізден шықпаса ше? Мұндай жағдайда өз көзқарасыңызды өзгертуіңіз қажет болар. Мен ұлымды қолжетерлік мақсаттар қоюға талпындырамын. Алайда бұл мақсаттардың менің емес, онікі болғанын қалаймын. Сондай-ақ ұлымның оларға өз қарқынымен жүріп отырып, қол жеткізуі керектігін жиі есіме салып отырамын”. Ұлыңыздың пікіріне ден қойып, жетістіктері үшін мақтап, кемшіліктерімен күресуге талпындырғаныңыз қойған мақсаттарына қол жеткізуге көмектесері сөзсіз.

Ұлыңызбен қарым-қатынасыңызда түсініспеушіліктер туындап тұратын шығар. Бірақ түбінде оның сізге жақын болып қалғысы келері шүбәсіз. Расында да, өзіне қолдау көрсететін адамға кім жақын болғысы келмейді?!  
Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің ¼ бөлігінде, яғни, 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.  
 
Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген нақыл сөз тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді.  
Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан сүйіп, иіскеуі яки құшақтап арқасынан қағуы, көтеріп құшағында тербетуі – бәрі-бәрі балаға оң әсерін тигізеді. Бала үлкеннің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне сенеді әрі сол кісіге деген құрметі де артады. Құшақтап, басын сипаған кісіні өзінің  қорғаушысы деп біледі. Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген, басынан сипалып, маңдайынан иіскелмеген балалардың кейбір психологиялық ауруларға ұшырайтынын дәлелдеуде .                                                                                                                                                                 Балалар балалықпен қате жасайды. Ал үлкендер болса, олардан үлкен кісінің істейтін ісін күтеді. Қате жасаса дереу ұрсып, жазғыра жөнеледі. Көбіне балаларын тыңдауды қажеттілік деп те ойламайды. Бала болса, өз ісінің қателігін түсінбегендіктен ата-анасының яки үлкендердің не үшін ұрысқанын, яки жазалағанын түсінбей дал болады. Сөйтіп, үлкендер маған жамандық жасады яки ата-анам мені жақсы көрмейді деген ойға қалады. Міне сондықтан баланың ішкі дүниесімен сырласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс еместігін түсіндірместен оған ұрысу, жазалау дұрыс емес.                                               Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады.

Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әке тәрбиесі арқылы, ұл мен қыз балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратындығы да анық. Әсіресе,  ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», – деп бекер айтпаса керек.

Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр.

«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты міндеттерінің бірі.      

Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Баланың өмірінде болып жатқан әр түрлі жағдайлардың бәрі баланың ақыл-ой, санасына байланысты. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда әкеге байланысты. Ары қарай өмір теңізінде кез болар қиындыққа төтеп беру де, суға кету де осы бағыттың нәтижесін бермек. 

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.                                                                                                                   Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!Құқық бұзушылықтың  басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.Шәкәрім атамыздың « Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл,таза жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру — шынында да оның туған кезінен басталса керек.

 Тіпті, ортамызда тентек баласына  тәрбие бергеннің орнына оны  оңаша қалдырып, бір сәттік жан  тыныштығын ойлайтындар да жоқ  емес. Бұл - ащы болса да шындық. Бала емес, «пәле» болған мұндай  жеткіншектерді «тентек» демей, не дерсің?..

Жалпы, бала тәрбиесінің осалдығына, оның күні-түні үй бетін көрмей, компьютер клубтарын жағалап жүруді әдетке айналдырғанына ең бірінші ата-ана кінәлі десек, қателеспеспіз. Бұл - заң жүзінде дәлелденген ақиқат. Сондықтан да, құқық бұзып, қылмысқа барған тәрбиесіз тентектердің алдымен ата-анасы жауапқа тартылып, бала тәрбиесіне деген салғырттығының салдарынан заң алдында тиісті жазасын алып жатады. Елімізде бауыр еті - баласына дұрыс тәлім-тәрбие бермей, қараусыз, қамқорлықсыз қалдырғаны үшін ата-аналық құқығынан айырылып жатқандар қаншама?..

Мұның соңы жауапсыз әке, мейірімсіз ана, көргенсіз бала, қатыгез қоғамның қалыптасуына әкеліп соқпаса игі... Ал сіз қалай ойлайсыз, құрметті ағайын?

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 


Информация о работе Әкеге қарап ұл өсер