Қазақстан композиторларының балалар хорына арналғаг шығармалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Июля 2014 в 13:09, реферат

Краткое описание

Серік Еркімбековтың «Сенің армандаған ордаң» мюзиклындағы хордың және би-хор нөмірлерінің атқаратын рөлі мен алғаш рет қазақ тілінде берілген мақалалар осы рефераттың басты тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Реферат жұмысының мақсаты:
• Мюзикл жанрын жан-жақты қарастыру;
• С. Еркімбековтың шығармашылық кейіпін анықтау;
• «Сенің армандаған ордаң» мюзиклындағы хордың атқаратын қызметін толығымен талдау;

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………...3
4
Римский
I бөлім. Конеден ............................................6
1.1 Турлері
1.2 Техникасы
1.3 Ерекшелігі
1.4
2 бөлім. .........................................................................11
3 бөлім. Серік Еркімбеков «Сенің армандаған ордаң» мюзиклы.
3.1 «Сенің армандаған ордаң» мюзиклының сюжеті мен орындаушылары ..13
3.2 «Сенің армандаған ордаң» мюзиклындағы хордың алатын орны..............16
Қорытынды............................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………....……………………........23

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат магистратура (2).doc

— 1.18 Мб (Скачать документ)

      Мюзиклдарді сүюшілердің көптігі бұл жанрдың болашақта ұмытылмайтынын, ал не бұл мюзикл қойылатын зал адамдарға толы болатынын көрсетеді.

Еліміздің Егемендік алғанына жиырма екінші жыл бола тұра отандық композиторлардың мюзикл жанрына деген көз қарасы  күннен күнге артуда.

      Аз ғана уақыттың  ішінде еліміздің Астанасының  үлкен сахналарында Алмас Серкебаевтың «Астана», Серік Еркімбековтың «Сенің армандаған ордаң» мюзиклдары сахналаныпта үлгерді. Ал ҚазҰӨУ-нің оқытушысы  Дмитрий Останковичтің «Кто главнее всех на свете» балаларға арналған мюзиклыда өз кезегін күтіп тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазіргі Қазақстан композиторы Серік Еркімбековтың өміржолы мен шығармашылығы .

 

   

        Профессор, ҚР мәдениет қайраткері, композитор, «Композиция және оперно-симфониялық дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі. Білімі - жоғары: Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы Алматы қ., Мәскеу мемлекеттік П.И. Чайковский атындағы консерваториясында тәжірибеден өткен. Қазақ ұлттық өнер университетінің проректоры. "XXII Anniversary of the Magna Charta Universitatum"(Болонья,Италия), AEC(Европо консерваторияларының ассоциациясы) халықаралық симпозиум қатысушысы, Астана қ., Алматы қалаларында өткен республикалық ғылыми- теориялық конференциялардың және де халықаралық музыкалық фестивальдары «Варшавская осень», «Фестиваль современной симфонической музыки»(Ташкент), «Голоса и звуки мира»(Сицилия,Италия), мәдени музыкалық бағдараламаларда Ресей, Қытай, Польша, Австрия, Чехия, Италия, Словакия, АҚШ, Қырғыстан, Өзбекстан, Монгол елі, Алжыр, Иордания. Қазақстандағы халықаралық композиторлар форумының ұйымдастырушысы.

С. Еркімбеков шығармаларының жанрлық, образдық мазмұны көркемдік қызығушылығы жағынан көлемді және сан қилы. Композитордың Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде композиторлық және педагогикалық, музыкалық шығармашылығының амплитудасы өте үлкен. Тек қана университет қабырғасында ғана емес, сонымен қатар республикалық маштаб бойынша көптеген мәдени істердің де атқарушысы. Қазақстанның тек академиялық музыка жанрында ғана емес  киномузыкалық та еңбектері бар. Композитордың көлемді шығармаларынан орган, жеке орындаушы және симфониялық оркестрге арнап жазылған  «Голубой минарет», «Отан таны» және «Голос земли» ерекше көзге түседі. Сазгердің шығармашылығының ауқымды жағын әндер мен камералық хорлық шығармалары алады. «Folk dance»  камералық оркестрге арнап жазған, кейіннен сазгер оны a capella 3 бөлімнен тұратын камералық хорға өңдеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Серік Еркімбеков  «Сенің армандаған ордаң» мюзиклы.

3.1. «Сенің армандаған ордаң»  мюзиклінің сюжеті мен орындаушылары.

Сюжеті. 

    Алматы қаласы, 1962 ж. Сахнада жас жігіттер мен қыздар, олар өздерінің алдағы баратын студентттер мен жастар фестивалі туралы талқылып жатыр. Олардың ортасында Нұрсұлтан және Баян. Хельсинкидегі бүкіләлемдік студенттер мен жастар фестивалі – 1962 жыл. Халықтар арасындағы өзара  ынтымақтастық қарым- қатынастары мен бейбітшілік түсінігін бекіту мақсатындағы жастар форумына әлемнің барлық континентерінен келген өкілдер жиналды. Хельсинкидегі керемет Фин шығанағы жағалауындағы фестиваль күндеріне Қазақстан жастарының делегациясы да қатысты. Фестиваль әлемдік ауқымдағы жаңалық болды. Делегациялардың өнерлерін әлемнің 137 елінің журналисттері бір уақытта хабарлап отырды. Қазақстан делегациялары өнер көрсетуде. Жастар тобының алдында 2 жас жігіттер – бірі ашық костюмдегі қазақ, жас жұмысшы-металл қорытушы, Жастар қйымының мүшесі Нұрұлтан және американдық журналист Макс. Олардың арасында қызу әңгіме айтылып жатты. Олар қазақтың би ұжымының өнеріне қызуғышылықпен қарайды. Нұрсұлтан американдық журналисті ұжымның жеке орындаушысы Баянмен таныстырады. Хельсинкинің тамаша түнін таң атқанша тамашалай серуендейді. Баян Макске өзінің елінің әсемдігін, ерте кездегі дәстүрлері мен Қозы- Көрпеш және Баян-Сұлу сияқты екі жастың қайғылы махаббаты туралы аңызды баяндады, ал Макс – Америка туралы айтты. Олардың жүректері ерекше қуанышқа бөленді....

     Бірақ фестиваль жақында аяқталады және олар өздерінің елдеріне қайтады. Сол уақыттағы саяси қарым-қатынастың «Темір қақпасы» олардың тағдырының жалғасуына мүмкіндік бермеді...

   Көріністің екінші бөлімінде - Бостон және Астанадағы бүгінгі жас ұрпақтың өмірі музыка тілімен әсем бейнеленген. Мұнда, көптеген жылдардан кейін Баян мен Макстың немерелері «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бостон университетінде кездесіп, танысады және олардың жақындарының Хельсинки қаласындағы ондаған жылдардан кейінгі кездесуі.

    

 

       

Орындаушылары:

        Идеяның авторы – ҚР халық әртісі А.Мұсаходжаева/ композитор – ҚР еңбек сіңірген қайраткері С.Еркімбеков, сценарий авторы- Г.Үкітайқызы/сценарийдің қосымша авторы- А.Молчанов/ көркемдік мәтіндердің авторлары- А. Молчанов, И. Жансүгіров, С. Еркімбеков/ Г.Мұратов, Д. Сванқұловтың қатысуымен/ қоюшы режиссерлер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Н. Жақыпбеков, Б. Құманғожаев.                                                   1962ж., Алматы – Хельсинки

     Баян – қазақ би ұжымының жеке орындаушысы, Қазақстан делегациясының мүшесі. Орындаушылар - Айымгүл Нұрмұханова (ҚазҰӨУ ) .

      Нұрсұлтан- жас жұмысшы- металл қорытушы, Жастар ұйымының мүшесі. Орындаушылар – Мейір Байнешев (Абай атындағы АМОБТ жеке орындаушысы), Есетов  Мұрат  (ҚазҰӨУ).

      Макс - американдық журналист.

Орындаушылар – Александр Кривошапко (Украина), Александр Лукашевич (ҚазҰӨУ). 

Суретші түсіруші – (арнайы қызметкер). Орындаушылар – Данияр Сванқұлов (ҚазҰӨУ). Айгүл Иманбаева (Жастар театрының әртісі, «Дарын сыйлығының лауреаты»), Айнұр Байлина (ҚазҰӨУ).

Жолдастар тобының орындаушылары - ҚазҰӨУ актер факультетінің студенттері, «H*Umanite» газетінің журналисті- орындаушысы Аягөз Иманбалинова (ҚазҰӨУ).

Хор орындаушылары - ҚазҰӨУ аралас хор ұжымы студенттері.

Фестиваль қатысушылары, жастар тобы, әлем елдерінің би ұжымдары. Орындаушылар – ҚазҰӨУ хореография бөлімінің студенттері.

  

            XXI ғ., бірінші онжылдықта, Бостон университеті

   Американдық Баян – (Макстың немересі - американдық журналист) Орындаушылар – Анастасия Старченко, Александра Самарина (ҚазҰӨУ),

     Мақсат - (Баянның немересі – би ұжымының жеке орындаушысы).

Орындаушылар – Ғани Мұратов (ҚазҰӨУ). 

      Сурет түсіруші – (арнайы қызметкер) – орындаушы – А. Омар «ҚР еңбек сіңірген қайраткері», «Болашақ» Президенттік шәкірттақы студенттері – орындаушылары - ҚазҰӨУ актер факультетінің студенттері.

Топтың лидері  - орындаушы – Ғани Берденбетов (ҚазҰӨУ)

 

 

 

 

3.2. «Сенің армандаған ордаң» мюзиклындағы хордың орны.

     С. Еркембаевтың «Сенің армандаған ордаң» мюзикліндегі хордың бөлінген ролдерінің айырмашылығын талдай отырып, «театр хорының» композициялық жоспарда Қазақстан мәдениетімен тарихи байланысы бар екендігіне және комментатор хордың ролін жиі атқаратынын атап өткен жөн. Музыкалық-ақындық мазмұнға қатысты қайта құрылудың күрделі жолын өте келе, хор көрермендер алдында үш мүмкін болатын ипостастарда ұсынылады:

Біріншіден, хор спектакльдің оқиға-дау құрылымынан тыс шетке шығарылған персонаж-комментатор ретінде алынады, бұл өз кезегінде, мюзиклде серіктестердің қарым-қатынасының сипатын дәлелдейді, 1 сурет.

 

       Екіншіден, хор бірыңғай, жанданған, ойлаушы субстанция, бұл ретте барлығы іске қосылған, және жекелеген мағынада бірін-бірі қайталайды. Оркестр хормен тікелей дыбысталады, бұл ретте a capella кезектесіп, жиі хор фактурасы лирика-драмалық функцияны ұсынады, бұл өз кезегінде, іс-қимылдағы сипатпен біріктірілген, төменде 2 суретті қараңыз. Хор фактурасының композициялық құрылымы өз кезегінде классикалықты ие болғанын куәландырады. Хор дыбысының барлық элементтері бояу көз қарасымен сюжетті, бейнені айқындауға бағытталған.

   

Үшіншіден, хор өзара әрекеттескен жеке сипаттардың актерлік ансамблі ретінде ұсынылуда. 3 сурет.

                                   3 - сурет

           Осы жұмыста автор С. Еркембаевтың мюзиклінде хордың қандай ролді атқаратындығын талдауға тырысқан болатын. Мюзиклде хор сахналары музыкалық-драмалық жанр ретінде қаралған. Сипат пен менталитеттердің әр түрлілігін пайдалана отырып, мюзиклде осы мазмұнды хор арқылы жеткізуге тырысқандығын айтуға болады. Осыдан келе, хордың ролін «персонаж-комментатор» ретінде анықтауға әбден болады.

Өз негізінде, «Сенің армандаған ордаң» мюзикліндегі хор классикалық түсінікте емес, ансамль ретінде түсіндіріледі. Бұл жерде хор сахналары әншілер мен бишілердің, вокалшылардың немесе күрделі емес вокалдық партияларды орындайтын бишілердің өзара іс-қимылын білдіреді, олар би негізін үйреніп, биге қатысқан. Сонымен қатар, хор сахналары дивертисменттік сипат алады және көркемдеу мақсатында пайдаланылады. Жиі хор парадтық орынға ие, яғни, қандай да бір шоудың ашылуында немесе жабылуында ұсынылады. Сонымен қатар, әншілер және әнмен жалғасатын хорда, мюзиклде қатар орындалады.

      Осы мюзиклдің ерекшелігі әншілік болып табылады, ол көрермендер алдында эмоциялар мен персонаждардың толғануын көздейді. С. Еркембеков әнді мюзиклдің лирика-драмалық әрекетіне «имплантатады» осылайша, хорды сюжет линиясында акценттерді орналастыруға қызмет жасайтын механизмге айналдырды, бұл өз кезегінде, классикалық музыкалды театр үшін үйреншікті емес және мюзиклдің әуендерінің қазіргі заманға сай екендігін айқындайды. 

     Сонымен бірге, хорға «ойлаушы субстанция» немесе «комментатор» ролі беріледі, ол лирика-драмалық линияны қолдайды. Хор сахналарда түйсік пайда болып, драма дауы шешілген болатын. Мысалы, «Көрісеміз» хоры, 4

 

 

 

 

Сонымен қатар, осы мюзиклде хор сахнасына, сахна іс-қимылының темп-ритмін өзгертетін қандай-да бір механизм берілген болатын. Атап айтсақ, «Дарын» хорында осылайша көрсетілген.

Композитор музыкалық стильдерді спектакльде қоғамның түрлі топтарын ұсыну үшін араластырады. Күрделі ритмдер мен ауыспалы метрлер толғандырады, және олар хорда солай естіледі. Қазақ халық әуендерінің ритмдері мюзиклдің лирикалық көңіл-күйіне бағыталған фонды құрайды. С. Еркембаев қазақ халық әндерін хор нөмірлеріне қосқан.

       Аса дәстүрлі, типтік классикалық элементтер – лирикалық әндер мен вальстер – бірін-бірі сүйетін бас рольдердегі орындаушылар орындайды, және бұл жерге «Көрісеміз», «Дарын» және т.б. жатқызбауға болмайды, лирикалық әуендер динамикалық және айқын вокалды сахналардың ашық түсті контрастын туындатады. Партитурамен жұмыс істей келе, Еркембеков бастапқыдан ақ мюзиклге хорға би нөмірлерін де орындайтын сахналарды енгізген болатын. Олар екі жастың біріне бірі соқтығысуын ғана емес, сонымен қатар екі түрлі елдердегі жастардың уақыт өткізуін де бейнелейді.  Спектакльдің драматургиясында би нөмірлері  дивертисментті болып табылмайды, бұл жалпы алғанда, музыкалық комедия жанрына тиесілі. Әрбір  вокалды-хореографиялық миниатюра, немесе хордық би сахнасы өз мағынасы бойынша іс-қимыл элементі болып табылады, ол қарама-қарсы тараптардың түрлілігінің сипаттамасын қамтамасыз етеді және жариялылықтың ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Аталған мюзикл партитурасының ерекшелігі композитордың стильдік және жанрлық линиялардың құрылуы мен логикалық дамуы бойынша кіршіксіз жұмысы болып табылады. Әр сахнаның өзіндік музыкалық тілі бар, сонымен қатар басты рольдегілердің әрқайсысының өзіндік лейтмотиві бар. «Баян» үшін композитор кішірейтілген квинттағы ара-қашықтықты таңдап алды, бұл өз кезегінде, ашуланшақтық және лирикалық сезімді тудыруды қамтамасыз етеді. Партитура күрделі хор нөмірлерін қамтиды, олар ритмиканың түрлілігін, құрал-жабдықтың байлығын, дегенмен, жеңіл дыбысталуды сипаттайды. Сонымен қатар, мұнда симфониялық инструменттік фрагменттерді сипаттайды. Жаңыртылуларға ойланып, сонымен қатар хормен жазылған музыкалық тақырыптарды жатқызуға болады. Композитордың мюзиклге үлкен «драматургиялық мағына» бергендігін атап өту қажет. Яғни, авторлардың ойдан  шығаруы бойынша хал-ахуалды (композицияның түйсігі)  бұзатын, әрекеттің даму биіктігін белгілейтін кульминациялық1оқиғалар болуы тиіс. Не болмаса, хор сахнасының пайда болуы жариялылық бастауын (экспозиция) аттандыратын, сонымен қатар іс-қимылдың дамуындағы темптік-ритмдік өзгеру қажеттігін растайды. Бұл сөзсіз, сахнада жүзеге асырылатын жариялылықтың ажырамас бөлігі болып табылады.

Еркімбекова «Сенің арманыңдағы ордаң» мюзикліндегі мысалда хор сахналарын лейтмотивті бөле отырып, музыкалық жетектеудің бірыңғай қатарына енгізудің айқын тенденциясын көруге болады. Композитордың осы жұмысында музыкалық материалға тұтастық берудің бірден бір тақырыбы «махаббатқа» арналған, басты рольде – Баян, бұл өз кезегінде шоуды асқақтатады. Оның әнінің мотиві инструменттік кіріспе ретінде естіледі және басты рольдердің махаббат әлемінде хордың ілесуін жүзеге асырады.

 С.Еркімбеков музыкалық жетектің қалыптасқан музыкалық-драмматургиялық тұтастығы туралы мақтанышпен сөз етті. Ол «кіші-гірім» мотивтермен жұмыс істегендігі туралы айтты...».

Мюзиклде хор және би компоненттерінің және вокалды сахналардың ара қатынасы мен өзара енгізілу мәселелерін зерттеу ерекше назарда болуы тиіс, себебі музыкалық театрдың бұл жанрында айтылғандар қойылымның көркемдігі ғана болып табылмайды,  сонымен қатар оған ең басты басқарушы роль беріледі.

Осылайша, Еркімбаевтың мюзикліндегі хор елеулі өзгерстерге ұшырағандығын және ең басты ерекшелігі  - қазақ халық әуенімен ұлттық байланыста екендігін атап өткен жөн. Мюзиклде вокал, би, ырғақ, әзіл нөмірлер, классикалық балет элементтері, қазіргі заманғы рэп-мәдениеті толығымен қамтылады. Бұл мюзиклдегі бірден- бір қатысқан әр адамның өзіндік рөлі бар. Мұндағы  хордың алатын орны «массовка». Хор мюзиклдің ажыратылмас бір бөлігіне айналғандай. Әр нөмірдегі эпизод хордың қатысуымен өтті. Сонымен бірге қазіргі қоғамның Сталинград, Перл-Харбор, Бухенвальд, Хиросима, катаклизмдер тақырыбы қарастырылады. Өмір бір орында тұрмайды. Жаңа ұрпақтың болашағы, өміршеңдігі, амандығы және келешегі – бұл мюзикл тұжырымдамасының негізгі дәлелі.

Информация о работе Қазақстан композиторларының балалар хорына арналғаг шығармалары