Қайта Өрлеу дәуіріндегі Италия әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 19:58, реферат

Краткое описание

Италиядағы Қайта өрлеу дәуірі басталған ХІІІ ғасырда байлар мен кедейлер арасындағы күрес күшейе бастайды. Халық қозғалысынан қорыққан буржуазия кейбір қалаларда республикалық биліктің орнына монархия орнатады. Солай болса да, мемлекет мәдениеті қала коммуналарымен тығыз байланыста болатын. Мұның өзі Проторенессанс кезеңіне демократиялық сипат береді.
Бірақ қалалардағы төңкерісшіл қозғалыстың күпен тұншықтырылуы, еркін коммуналар орнына монархиялықұ биліктің орнауы XV ғасырда гуманистік әдебиетке көп өзгерістер алып келді. Көп гуманистер шынайы өмірден алыстап, антика әдебиеті үлгілері мен ондағы образдарға көңіл бөле бастайды. Тірі итальян тілінде емес, антикалық латын тілінде жазуға ұмтылыстар күшейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қайта Өрлеу дәуіріндегі Италия әдебиеті.doc

— 55.50 Кб (Скачать документ)

Қайта Өрлеу  дәуіріндегі Италия әдебиеті.

 

Италиядағы  Қайта өрлеу дәуірі басталған  ХІІІ ғасырда байлар мен кедейлер арасындағы күрес күшейе бастайды. Халық қозғалысынан қорыққан буржуазия  кейбір қалаларда республикалық  биліктің орнына монархия орнатады. Солай болса да, мемлекет мәдениеті қала коммуналарымен тығыз байланыста болатын. Мұның өзі Проторенессанс кезеңіне демократиялық сипат береді.

Бірақ қалалардағы  төңкерісшіл қозғалыстың күпен  тұншықтырылуы, еркін коммуналар орнына монархиялықұ биліктің орнауы XV ғасырда гуманистік әдебиетке көп өзгерістер алып келді. Көп гуманистер шынайы өмірден алыстап, антика әдебиеті үлгілері мен ондағы образдарға көңіл бөле бастайды. Тірі итальян тілінде емес, антикалық латын тілінде жазуға ұмтылыстар күшейді.

Осыған қарамастан ақсүйектер тонын жамылған XV ғасыр гуманизміне халықтық қасиеттер де тән еді. Ортағасырлық тәртіптер мен діни озбырлықты сынға алу, феодалдық әдет-ғұрыптан арылған адам баласының өз еркіндігі үшін күресін жырлау бұған дәлел бола алды.

Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия жазушылары антика мәдениеті ескерткіштерін тануға кіріскен бірінші сатыда латын тіліндегі шығармаларды үйрене бастады. Грек жазушыларының кітаптарымен танысу екінші сатыда басталады. 1253 жылы түріктер атақты Константинопольды жаулап алып, Византия империясы күйреуге ұшырады. Өнер мен әдебиет өкілдері қуғынға ұшырады. Көптеген қайраткерлер Италияға келіп, бас сауғалады. Олар бұл жерде грек тілінен дәріс оқыды. Осы тілді үйренген итальян жазушылары гректер қалдырған әдеби мұраны түпнұсқадан оқып, үйрене бастайды. Бұл мәдени байланыс итальян әдебиетінің дамуына үлкен әсер етті. Өйткені гуманистер христиан діні негіздерінен тыс және тұрмыстық мәселелермен байланысты болған антикалық дүние философиясы, әдебиеті мен өнерінде демократиялық рухтағы қоғамдық құрылысты байқайды. Бұлар шіркеудің шексіз билігіне қарсы күресте гуманистердің қолындағы күшті қаруға айналды. Бірақ антика әдебиетін үйренуде екі түрлі бағыт болды. Бірінші бағыттағы әдебиетшілер антикалық мәдениетке берілгендігі сонша, олар тіпті өз тілдерін ұмытуға дейін барды. Екінші бағыттағы гуманистер антика мәдениеті мұраларын игеріп, одан құлдырап бара жатқан феодалдық-шіркеу саясатын әшкерелеуге пайдаланды және өз дәуірінің талабына сай гуманизмге негізделген қоғамдық сананы қалыптастыруға ұмтылды. Олардан Полициана, Макиавелли, Ариоста сынды жазушылар мен саяси қайраткерлер өсіп шықты.

Итальян гуманист жазушылары клерикалдық рухтағы әдебиетті  пайдаланып, діни сюжеттерді шынайы өмірдегі оқиғалармен байланыстыруға тырысты. Жаңа тақырыппен айналысу көркем суреттеу тәсілдерін де өзгертті. Бұл жағдай орта ғасыр әдебиетіндегі аллегоризмнен (өмірді асыра суреттеу) реализмге қарай жол ашты. Жаңа дәуірдің алғашқы ақыны Данте шығармашылығында әлі де символикалық суреттеулер болғанымен, ол бірте-бірте жойыла бастады. Алғашқы гуманистер Петрарка мен Бокаччо шығармашылығында символикалық суреттеу екінші орынға түсіп, реализм алдыңғы қатарға шықты. Оқиғаны типті түрде, мазмұнды суреттер арқылы бейнелеуге көшті.

Қайта өрлеу әдебиетінде  табиғатты суреттеуде де жаңа мазмұн пайда болды. Мұндай жағдай Данте шығармашылығындағы сияқты ақынның рухани сезімін байланыстырмайды,  ал өзінің шексіз сұлулығымен адамның арман-сезімін оятушы күшке айналады.

Қайта өрлеу дәуірі шығармашылығында адам мен оны қоршаған дүние, адамның шексіз мүмкіндіктері мен күш-қайраты маңызды орынға ие болады. Адамның ішкі сезімдері жаңа жағдайда ортағасырлық діни өмірге күшті қарсылық көрсетеді. Петрарка сонеттері, өмір қуаныштарына толы Бокаччо хикаялары осындай рухта жазылған шығармаларға жатады.

Қайта өрлеу дәуірі әдебиетінің  басты қаһармандары мінезінде ержүректік пен жомарттық бірге тоғысады. Адам еркіндігін қорғаған ірі гуманистер өз күшіне сенген, әділеттік үшін күрескер, жүрегі таза батыл образдарды жасау  арқылы Қайта өрлеу дәуірінің өмірсүйгіштік рухын да белгілейді.

 

 

 

Данте Алигьери (1265-1321)

 

Қайта өрлеу дәуіріндегі  Италия әдебиетін үйрену орта ғасырлардағы әдебиеттің соңғы ірі өкілі және Ренессанстың алғашқы жаршысы Данте  Алигьеридің әдеби мұрасын үйренуден  басталады.

Осы дәуірдің ең алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің бірі болған Италия Шығыс пен Батыс арасындағы сауда қатынастарын дамытуға үлкен үлес қосты. Сондықтан Италия қалалары тез өсіп, бұрынғы феодалдық қанаудан құтыла бастайды. Еркін қалалар сауда орталықтарына айналды. Бірақ буржуазиялық қатынастар барлық қалада бірдей дамыған жоқ. Папаға бағынған кейбір өлкелерде феодал тап басым болды және қалалардың капиталистік дамуына көп кедергі жасады. Италияда дворяндар партиясы (гиббелиндер) және сауда-өнеркәсіптік партия  (гвальфтер) арасындағы қырғи-қабақтық ХІІІ ғасырда саяси күреске айналды. Саяси күрес Дантенің Отаны – сауда-өнеркәсіп орталығына айналған Флоренцияда өрши түсті.

Дантенің шығармашылығы  мен саяси-философиялық дүниетанымы  міне, осындай саяси күрестер жағдайында қаыптасты. Данте Алигьери Флоренциядағы ескі дворян әулетіне жататын отбасында дүниеге келді. Бірақ жанұясы ақсүйектік мәртебеден айырылып, әкесі гвальфтер партиясына кіреді. 1283 жылы Данте дәрігерлік кәсіппен айналысты. Сонымен қатар, кітап сатушы қызметін де бірге атқараты. Жас Данте орта ғасыр мектебінде білім алады. Білімін көтеру үшін француз және прованс тілдерін де үйренеді. Басқалар сияқты ол да антика әдебиетін, соның ішінде Вергилийдің туындыларын қызыға оқиды. Данте поэзияға ертерек араласып, лирикалық өлеңдер жаза бастайды.

Данте өз шығармашылығын лирик  ақын ретінде бастады. Дантенің жақын  досы, флоренциялық ақын Гвидо Кавальканти (1259-1300) араб философы Аверроэсты (ибн  Рушд) қолдаушыларының бірі болатын. Гвидо жанның мәңгілігі туралы діни нанымға сенбейтін. Данте де қоғам туралы пікірлерін баяндағанда Аверроэстың танымына сүйенеді.

ХІІ ғасырда итальян лирикасы мен Данте поэзиясының қалыптасуына тек латын әдебиеті ғана емес, сонымен  бірге араб өлеңінің құрылысы да ерекше ықпал етті. Шығыс әдебиеті сарындары Флоренцияға Сицилия мен Прованс трубадурларының шығармалары арқылы жеткен болатын. Данте поэзиясының ең үздің үлгілері «Жаңа өмір» жинағына енген.

Отыз шумақтан құралған «Жаңа  өмір» жинағы 1283-1291 жылдары жазылған. Мұнда ақынның сүйіктісі Беатричеге арнаған өлеңдері жинақталған. Өлеңдерге ақынның балауса махаббаты, тәтті қиялдары Бетриченің мезгілсіз өлімінен соң, оны қоршаған қайғы-қасіреттерімен араласып кеткен. Өмірбаяндық мазмұндағы «Жаңа өмір» жинағы ғашық болған жүректің нәзің рухани сезімдерін шебер суреттеумен құнды. Бірақ мұнда ортағасырлық діни-шіркеу әдебиетіндегі видение жанрының элементтері – аллегория мен символика да кездесіп отырады. Бұл жинақта мистика, символика элементтерімен бірге жаңа реалистік белгілер де кездеседі. «Жаңа өмірдің басталуы» жайлы ақынның салтанатпен жар салуы бұған дәлел болады.

Данте «Жаңа  өмір» жинағын бітірген соң ғылыми-философиялық мазмұндағы «Сый-сияпат» шығармасын жазуға отырады. Жазушы мұнда «дүние жүзінде екі үкімет – императорлық пен папа үкіметі бар» деп, әлемдік биліктің діннен тәуелсіз екенін және оның тамыры көне Рим империясынан бастау алатындығы туралы ой қозғайды. Шығармада басқа да тың пікірлер көп. Данте ортағасырлық дәстүрге бағынбай, «Сый-сияпат» трактатын ескірген латын тілінде емес, итальян тілінде жазады. Осы тірі тілдің болашағы жарқын екендігін айтып, кітапты «Жаңа Күн» деп атайды: «Бұл ескі Күн батқан соң, оның орнына шығатын жаңа Күн – жаңа нұр болады». Мұнан тыс, ол «адам бойындағы адамгершілік қасиеттер оның әулеті, мемлекеті мен мансабына байланысты емес, ал оның жеке қабілеттерінің қорытындысы» деген Қайта өрлеу дәуірі үшін маңызды гуманистік пікірді ұсынады.

Дантенің бұдан  басқа роман тіл білімі бойынша жазылған «Халық сөзі туралы» (1305), империяның құқығын қорғап жазған «Монархия туралы» (1313) ғылыми-саяси трактаттары жарық көрді.

«Құдіретті комедия» поэмасы.

«Құдіретті комедия» - Данте шығармашылығының толысқан шағындағы саяси-философиялық және әдеби қызметінің қорытындысы ретінде оны «Ренессанстың алғашқы ақыны» деп танытқан шығармасы еді. Данте әлі де орта ғасыр әдет-ғұрыптарының, схоластикалық ілімнің әсерінде болғанымен, ол заманауи мәселелерді фантастикалық бояумен суреттеп, жаңа сыншыл пікірлермен сынайды, бүкіл ортағасырлық мәдениетке филосифиялық-әдеби жағынан қорытынды жасайды. Гуманситік идеяларды қорғаған ұлы жазушы осы кезеңде өріс алған діни көзқарастарға қарсы аянбай күреседі.

Данте өз шығармасын «Комедия» деп атаған. Жазушы өлімінен соң, шығарманың көркемдік тұрғыдан үздік туынды екендігін білдіру үшін «Құдіретті» деген атақ берілген.

Данте «Құдіретті комедиясында» діни әдебиеттерде дәріптелетін о дүниені үш бөлімге бөледі –  «Тамұқ», «Ғарасат майданы» және «Ұжмақ». Шығарманың әр бөлімі 33 өлеңнен тұрады, кіріспе бөлімі бір өлең, барлығы жүз өлеңнен тұрады. Данте бейнелеген «Тамұқ» жердің орталығында орналасып, ол тоғыз қабат шұңқырдан тұрады. Күнәһар жандар осы қабатты шұңқырларда азап шегеді. Қабат төмендеген сайын жан қаттырақ қиналады. Поэманың осы бөлімі оның басқа бөлмідеріне қарағанда көркемдік жағынан едәуір жоғары тұр. Өйткені онда дүниетанымдық мәселелерге қатысты оқиғалар кең түрде суреттелген. Дантенің күшті реалистік бейнелеуге шеберлігі де осы бірінші бөлімде айқын көрінеді. Адам образдары мен олардың ішкі сезім толғаныстары өте қысқа эпизодтар арқылы терең ашылады. Мысалы, «Тамұқтың» ХХХІІ өлеңінде мұз астында азп шегіп жатқандары былай суреттейді:

 

Беттен бөлек  тәндері мұз астында көмулі,

Сақылдайды тістері соққандайын темірді,

Күнәһарлар  көгеріп, мұз астында көрінді.

Жасытады жүздерін жаһаннамда ділгіріп,

Көрсетеді бейнесін тамұқ жатқан бүлдіріп,

Ауыздары-аязды, көздері мұңды білдіріп

 

«Тамұқтағы» қайғыны  бейнелеген бояу «Ғарасат майданында» (поэманың екінші бөлімі) ашық аспанмен ауысады. Дантенің суреттеуінше, «Ғарасат майданы» жерге қарама-қарсы орналасқан. Жер мен оны үлкен мұхит бөліп жатады, ал мұхит ортасында биік тау бар. Тау жеті қат болып, олардан өткенде күнәһардың жеті күнәсі біртіндеп жойылып, ол Ұжмаққа кіреді.

«Ұжмақ» (үшінші бөлім) тоғыз қабаттан тұрады, жан  қанша жоғары қабатқа көтерілсе, құдайдың сонша шапағатына бөленеді деп санаған. Данте «Ұжмақтағы» таңғажайып бақтарды өз отаны Флоренциядағы гүлденген сұлу бақтарға теңейді. Бұл Дантенің отансүйгіштігінің көрінісі десе болады.

Орта ғасырдың нағыз «Иллиадасы» болған бұл  поэмада Данте өз заманының рухани өмірін толық және сол заман негіздеріне  сай суреттеді, оның кемшіліктерін  аямай әшкереледі; өзара соғыстар нәтижесінде құлдыраған Италияның бірлігін қалпына келтіру үшін аянбай күресті. Сондықтан да Дантенің сатирасы, алдымен, Отан сатқындарына және христиан дінінің тірегі болған Папаға қарсы бағыттады. Шығармадағы дінге қарсы сарын жаңа туып келе жатқан Қайта өрлеу дәуірі әдебиеті үшін негізгі қару болып қызмет етті.

Данте орта ғасырлық әдет-ғұрыптар және схоластикалық ілім әсерінде болса да, заман шындығын фантастикалық бояулармен бейнелеген, жаңа сын-пікірлерімен бүкіл орта ғасыр  мәдени өміріне философиялық-әдеби  қорытынды жасаған, шығармашылығын Отанның ұлттық бірлігін қалыптастыруға сарп еткен ұлы тұлға еді. Бұдан кейінгі дәуірлерде, әсіресе, Италияда ұлт-азаттық әрекеті күшейген ХІХ ғасырда ақынның ғажайып туындысы отансүйгіштер жүрегіне ұялап, оларды азаттық пен тәуелсіздік үшін күрестерде рухтандырды.

 

Франческо Петрарка (1304-1374)

 

Итальян гуманизмінің негізін салушы Франческо Петрарка өз өмірінің көп бөлігін антикалық  мұраларды үйренуге арнаған ғалым, ақын ретінде ерекше даңққа бөленді. Оның әкесі Дантенің жақын досы еді. Әкесі 1312 жылы отбасымен Францияның оңтүстігіндегі Авиньон қаласына қоныс аударады. Жас Петрарка болса, қала маңындағы қыстақта өмір сүріп, латын тілі мен көне Рим әдебиетін оқып үйренеді. Соңынан ол құқықтанумен айналысады.

Петрарка өзінің сұлу Лаураға арналған алғашқы сонеттерімен Рим жұртшылығына танымал болады. Осы кезде ғылым-білімге жаны құмар, абыройлы Рим дворяны Джованни Колонна 1330 жылы Петрарканы өз сарайына қызметке шақырып, антикалық жазушылардың шығармашылығын зерттеуге жағдай жасайды. 1333 жылы ақын Франция, Гремания, Фландрияға саяхат жасайды. Бұл саяхаттар ақынның дүниетанымының кеңеюіне әсер етеді.

Петрарка да Данте сияқты көркем әдебиет майданында өз дәуірінің саяси өміріне әсер ету, Отанның ортақ бірлігін қалыптастыру үшін күресті. Ол 1347 жылғы феодалдардарға қарсы күрестің басты қайраткері Кола ди Риенциге «Ұлы рух» атты атақты саяси канцонасын жазды.

Петрарка –  итальян Қайта өрлеу мәдениетінің ірі өкілі, дүние жүзілік әдебиет  қазнасына көп үлес қосқан гуманист-ақын. Ол Ежелгі Рим саясаткері және философы Марк Тулий Цицеронның жоғалып кеткен екі баяндамасын тапты. Антика жазушылары Цицерон мен Вергилийдің шығармаларын жан-жақты оқып үйренді, оларды өзіне ұстаз санады. Италия әдебиеті латын әдебиетінің жалғасы екендігін дәлелдеп, шығармаларын латын тілінде жазды. Көне классиктер тілін нағыз әдеби тіл деп түсінді.

Петрарканың латын  тілінде жазылған «Африка» поэмасы (1338-1342) көне Рим классикалық әдебиетінің  ірі туындысы болған Вергилийдік  «Энеида» поэмасының әсерінде туды. Аяқталмаған бұл шығармада Римнің ұлттық батыры, Африканы бағындырған Сципионның жеңістерін суреттейді. Бұл поэмада ақынның христиан дініне қарсы көзқарасы Италияның ұлттық тәуелсіздігін қорғау идеясымен араласып кетеді. Поэмада отансүйгіштік рухты бейнелейтін күшті лирикалық үзінділер өте көп.

Латын тілінде  жазылған прозалық шығармалардың арасында «Атақты адамдар туралы», «Ұмытылмас нәрселер туралы» атты шығармалардың  маңызы ерекше. Бірінші кітапта көне дүниенің атақты қолбасшылары Александр  Македонский, Ганибал және т.б. өмірбаяндары беріледі. Шығарма Ежелгі Рим және оның қаһармандары туралы естеліктерді жаңғырту, осы арқылы адамдарда отансүйгіштік рухты ояту сияқты өзекті мәселелер көтерді. «Ұмытылмас нәрселер туралы» кітабында өзінен бұрын өмір сүрген авторлардан көшірілген үзінділер, даналық сөздері жарияланған.

Информация о работе Қайта Өрлеу дәуіріндегі Италия әдебиеті