Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 16:49, реферат
Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген және тыйым салынған деп бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жазалаудың өзі тіптен әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстық заңда осы әлеуметтік себептерге орай пайда болды. Қылмыстық-құқық саласында қалайда қателіксіз төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның (билік етуші таптың ба) мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай, қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті қылмыстық (және жазаланатын) деп санайды.
1. Негізгі бөлім. Қылмыстылық құрылымы және оның сипаттамасына байланысты түсініктерді ашу.
2. Қорытынды бөлім.
Қылмыстылыққа сипаттамалардың екі тобы тəн:
1) «сыртқы» сипаттамалар, олар қылмыстылықтың қоғамда қалай əрекет ететінін, оның қандай да бір құрылымдарына таралатындығын: жалпы таралуын, сылтауын, əлеуметтік бағыттылығын, қоғамға қауіптілігін, əлеуметтік-аумақтық, əлеуметтік-топты көп таралғандығын көрсететін;
2) «ішкі»: қылмыстылықтың ұйымшылдығын, белсенділігін, тұрақтылығын көрсететін сипаттамалар.
Жоғарыдағы анықтамадан қылмыстылықтың мынандай белгілерін анықтауға болады:
- оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай болатын себебі - қоғамның бəрі қылмыстылық атты сырқатпен ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық құбылысына үлес қосады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз - екі жүз қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады.
- тарихи өзгермелі болатындығы қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген əрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға, Кеңес дəуірінде алып-сатарлық əрекеті қылмыс болып, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы дамытушы факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол уақытта компьютерлік қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең тараған қылмыс түрі. Яғни құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды өлтіру мен осы күнгі адам өлтіруді, орта ғасырдағы еуропа елдеріндегі «алғашқы түн» құқығын атауға да болады.
- жоғарыдағы белгімен сабақтас қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық сипатқа ие құбылыс екендігі. Əлбетте, қылмыстылық өзі сырттай қарағанда жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады, ал əрекетті қылмыс деп тек қана қылмыстық құқыққа сүйене отырып тани аламыз.
- оның белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратындығын кез келген құбылыстың кеңістік пен уақыт параметрлеріне бағыныштылығымен түсіндіруге болады.
- оның əлеуметтік құбылыс екендігі, яғни қылмыс тек қана адамдар қоғамында орын алатьндығымен ерекшеленеді. Қылмыстылықты криминологиялық тұрғыдын зерттегенде мыналар айқындалауы тиіс:
- қылмыстылықтың жағдайы мен үрдісін бағалау, онымен күрестің бағытын анықтау мақсатында оның орын мен уақыттың нақты жағдайларында жалпы таралуы жəне қоғамға қауіптілігі;
- нақты алдын алу шараларын дайындау мақсатында қылмыстылықтың туындауы мен орын алып тұруының ерекшелігін көрсететін əлеуметтік сипаттамалар (сылтау, əлеуметтік бағыттылық, əлеуметтік-топтық, əлеуметтік- сапалық, əлеуметтік-аумақтық көп таралғандығы);
- құқық қорғау қызметін жетілдіру, қылмыстар рецидивінің жəне ұйымдасқан қылмыстың асқынуының алдын алу мақсатында қылмыскерліктің өзіндік, ішкі сипаттамалары (тұрақтылық, белсенділік, ұйымшылдық).
Зерттеудің басты міндеттерінің бірі - «статистикалық қылмыстылықты» емес, іс жүзіндегі нақты қылмыстылықты айқындау.
Қылмыстылықты талдау оның нақты сапалық жəне сандық сипаттамаларын айқындауға бағындырылуы тиіс. Бұл əдістер кешенін қолдануды керек етеді. Талдау барысында қылмыстылық пен оның өзгеруінің криминологияда айқындалып қойған жəне əдебиетте баяндалған заңдылықтары ескеріледі. Бұл қылмыстылықтың нақты жағдайлардағы ерекшеліктерін дəлірек бағалауға, оның əр түрлі құрылымдық элементтерінің жаңа үрдістері мен өзіндік ара қатынастарын уақтылы айқындауға мүмкіндік береді.
Қылмыстылықты зерттеу кезеңі мен қылмыстылықпен күресуді ұйымдастыру кезеңі арасында қылмыстылықтың детерминациясы мен себептілігін айқындау кезеңі міндетті түрде болады. Криминологиялық əдебиетте неғүрлым көп таралған, қылмыскерлікті туындататын əдеттегі мəн-жайлар туралы мəліметтер келтіріледі. Бірақ өзінің əр түрлі көрінісінде жəне үйлесімінде бұл мəн-жайлар қылмыскерліктің сан алуан түрін туындатуы, оның сапалық жəне сандық сипаттамаларын əр түрлі анықтауы мүмкін. Сондықтан да əр түрлі аймақтадағы адамдардың нақты өмір тірлігінің жағдайын, сол жағдайлардың өзгеруін, сондай-ақ қылмыскерліктің соған дейінгі күйін əр уақытта талдау керек. Қандай да бір мəн-жайдың қылмыстық іс-қимылмен байланысын жай көрсету ғана емес, сол байланыстың сипатын айқындаудың да маңызы зор, мысалы: өзінің қандай нақты көріністерінде, қандай өзге факторлармен жиынтығында жəне қандай жағдайларда қандай мəн-жай қылмыстық іс-қимыл тудырады. Міне, осы ғана орын мен уақыттың нақты жағдайларын ескеріп алдын алу шараларын мақсатты даярлауға мүмкіндік береді.
Орыс тілінде «келтіру (причинять)» сөзі бір нəрсені «өндіру» мағынасында қолданылды. «Себептілік» - бұл заттар мен құбылыстар байланыстарының бір түрі, бұл - өндіруші, немесе басқаша айтқанда «генетикалық» байланыс, яғни қандай да бір құбылыстың, процестің туындау фактісін анықтаушы байланыс. Себептілік туралы айтқанда «себеп жəне салдар», «себептік-салдарлық байланыстар», «себептік тізбектер», «себептік кешендер» жəне басқа да санаттар пайдаланылады. Себептік байланыстардың айрықша ерекшелігі мынада: біріншіден, себеп əрекетке апарады, одан салдар туындайды. Себептен əрекет туындауы үшін қандай да бір жағдайлар болуы тиіс, бірақ бұл жағдайлар өздігінен салдар əкелмейді. Қылмысты көзімен көргендердің енжарлығы - қылмыс нəтижесінің ойдағыдай болуының жағдайы, бірақ қылмыстың себебі емес. Себептің əрекет ету аймағы, ол, бəрінен бұрын, сылтаурату жəне шешім қабылдау кезеңдері. Нақты тəсілді таңдау (қорқытып талап ету немесе алаяқтық), қылмыстық қастандық жасаудың нақты объектісін тандау жəне іс- əрекеттің өзге де бірқатар сипаттамалары едəуір шамада жағдайлармен анықталады (əр түрлі объектілердің күзетілу жағдайы, криминалдық дағдының бар - жоғы жəне тағы да басқалар). Екіншіден, себептер мен салдарда уақыт бойынша кезектілік бар. Себеп уақыт бойынша əрқашанда салдардан бұрын келеді, бірақ ол уақыт аралығы кейде мүлде аз болуы мүмкін. Сондықтан да қылмыскерліктің əлеуметтік салдарларын оның себебі жəне оның өзгеруінің себебі деп қабылдамау керек. Үшіншіден, салдар сол себептің себебі бола алмайды. Мысалы, қылмыскерліктің жаңа күйі коғамның жаңа күйін тудырады, ал қоғамның мұндай жаңа күйі өз кезегінде, бұрынғы қылмыскерлікті емес, жаңа сипаттамасы бар басқа қылмыскерлікті тудырады. Төртіншіден, себеп пен салдардың бір мағыналы қатынасы бар: бірдей себептің бірдей жағдайдағы əрекеті бірдей салдар əкеледі. Бесіншіден, себепті салдармен біріктіруге болмайды. Салдар себепті қайталамайды. Ол - объектінің қайта құрылуының, өзгеруінің нəтижесі. Егер, мысалы, мекемеде іс-қағаздарын жүргізу нашар болса, кадрлар бетімен кетсе жəне олардың біліктілігі төмен болса, онда бұл мекемеде парақорлық жаппай сипат алғанға дейінгі жағдай осындай болған деп санау керек. Жағдайдың нашарлауына парақорлар өз үлесін қосқан, олар жоғары білікті жəне тəртіпті қызметкерлерді жұмысқа алмаған немесе жұмыста ұстап қалмаған.
Криминологтердің жұмыстарына жасалған талдама оларда себептілікті түсінудің төрт тəсілі бар екендігін көрсетеді. Оның əрқайсысы өзіндік рөл атқарады жəне олар криминологияның дамуының белгілі бір кезеңдеріне тəн. Əр түрлі авторлардың əр түрлі кезеңдердегі жұмыстарын оқи отырып осыны ескеру керек. Бірінші тəсілі «кондиционалистік» немесе «жағдай» деп аталады. Латынның «conadsio» сөзі - жағдай, талап дегенді білдіреді. Сол салдар үшін қажетті жəне жеткілікті жағдайды немесе салдар орын алған мəн – жайлардың жиынтығын себеп деп ұғыну керек. Əңгіме бұл жерде себептер мен жағдайлар жайында емес, мəн - жайлар мен факторлар жайында.
Көптеген криминологтердің еңбектерінде қылмыстылыққа ықпал ететін көптеген факторлар көрсетілген. Жəне де, талданып отырған жиынтыққа қарай «толықтай себеп» жəне «ерекше себеп» болып бөлінеді. Бұл, іс жүзінде, факторлық немесе көпфакторлық деп аталатын тəсіл, бұл ретте сипаты жағынан əр түрлі əлеуметтік құбылыстар жайында сөз болады. Көпфакторлы тəсілде ежелгі тарих бар. Ол əр түрлі факторлардың қылмыскерлікпен өзара байланыс тетігін талдауды керек етпейді, яғни ол үшін факторлар мен құбылыстардың өзара себептік, функционалдық немесе өзгедей байланыста болғандығының маңыздылығы жоқ. Осындай тетікті ескерудің қажеттігін ұғынғанның нəтижесінде «дəстүрлі тəсіл» деген пайда болды: қылмыстың, қылмыскерліктің себебі сыртқы күш көрсетілетін ықпал болып табылады. Криминологияда мұндай ықпал тек қара
күш жұмсау емес, əр варианттағы психикалық қысым деп те ұғынылады. Нақты қылмыстың немесе қылмыстың жекелеген түрлерінің себептерін талдағанда, көбіне, дəстүрлі тəсілге кезігеміз.
Ол ғылыми түсініктемеге ғана емес, «күнделікті жай» катынастарға да тəн. Мысалы, ата-аналар балалары жайында мынадай сөздерді жиі айтады: «балам жақсы, оны қылмысқа итермелеген жолдастары» немесе «төбелесті бастаған жəбірленушінің өзі». Бұл тəсіл қылмыстылықты əлеуметтік құбылыс ретінде талдағанда қолданылады. Мысалы, жəбірленушінің виктимдігі (құрбандығы) қылмыскерліктің себептерінің бірі ретінде қаралады.
Сондай-ақ криминологияда əртүрлі критерий бойынша қылмыстылық себептерін топтастыруға болады:
а) себептердің жинақталып қорытылуына қарай:
1)барлық қылмыстардың себептері (философиядағы «жалпы»категориясына сəйкес келеді);
2)қылмыстылықтың жекелеген түрінің себептері (мысалға, меншікке қарсы қылмыстардың немесе кəмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері, бұл философиядағы «ерекше» категориясына сай келеді);
3)жекелеген қылмыстардың себептері (мысалға, ұрлықтың себептері, бұл методологияның «бөлек» категориясына сай);
ə) қылмыс жасау механизміне ықпал етуіне қарай:
1) себептер;
2) жағдайлар.
Олардың ең басты айырмашылығы əсер ету пəрменінде: себеп - салдарды туындатады, ал жағдай - туындатпайды, бар болғаны оның туындауына жəрдемдеседі.
б) адам санасы мен еркіне бағыныштылығына қарай:
1) объективтік себептер (адам санасы мен еркіне бағынбайтын);
2) субъективтік себептер (адам санасы мен еркіне тікелей бағынышты);
2) объективтік - субъективтік себептер (объективтік өмірдің де, субъективтік факторлардың да үлесі бар себептер).
в) мазмұнына қарай əлеуметтік-экономикалық, əлеуметтік-психологиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық деп бөлінеді.
2.Қорытынды
Қылмыстылық құрылымы мен оның сипаттамасы тек қана теориялық – танымдық ұғым емес, оның арқауы қолданбалы практикаға негізделген. Жоғарыдағы категорияларды толық игерген маман-тергеушілер, сот қызметкерлері, прокурорлар қылмыстылықпен күресудің жолдарын да анықтай алады. Ал, қылмыстылықтың жалпы заңдылығын білмеген адам өз жұмысын алға бастыра алмайды. Мен өзімнің өмірлік ұстанымым ретінде қылмыспен күрес жолын таңдадым. Жұмысымды жазу барысында Ақтөбе қаласындағы кітапханаларда болдым. Біраз еңбектерге шолу жасадым.
Сондықтан, мен сияқты болашақ мамандарға қылмыстылықтың құрылымын және оның сипаттамасын ашып көрсететін түрлі еңбектермен танысу қызмет барысында табыс әкеледі деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
3. Мауленов Г.С. Основные характеристики преступности в Республике Казахстан. Алматы:Жеті жарғы, 1999 ж.
4. Кузнецова Н.Ф. Преступление и преступность. М., 1969 ж.
5. Жұмағали А. Криминология. Дəрістер /Жалпы бөлім/. Алматы, 2003ж.
6. Орехова В.В. Криминология. Учебное пособие. 1992 ж.
7. Каиржанов Е.И. Причинность в криминологии. Алматы, 2002 ж.
8. Долгова А.И. Взаимодействие и причинность в системе научного детерминического подхода к изучению преступностью//Вопросы борьбы с преступностью// 1981ж.