Қылмыстың көптігінің түсінігі мен белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 16:32, реферат

Краткое описание

«Криминология» термині «crimen» деген латын және грек «logos» сөздерінен құралған: біріншінің мағынасы «қылмыс» болса, екіншінің «ғылым», сонда «қылмыс туралы ғылым». Егерде қылмыстық құқық заңды мінездемелікте және құқықты қолдану тәжірибеде қылмысты, жауапкершілікті, жәбірлеуді зерттесе, криминология қылмыстық себептері мен шарттарын, қылмыскердің жеке тұлғасын және қылмыстардың алдын алуды кең тараған әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейді. Криминология осы құбылыстарды сараптай отырып, жүйелі ғылыми концепцияны құрып, әр тарихи формациялардағы қылмыстарға заңдылық сипаттама беріп, қылмыстардың табиғи себептерін, шарттарын, жою жолдарын анықтайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

криминология перевод.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

Кәмелетке толмағандар  көбінде түсіне бермейді ересек болдуды  және қалай дос болуды. Ал бұның  салдарынан бұзақылық тәртіпсіздік қылмыстарға алып келеді немесе себепші  күші болады.  Жалпы ереже бойынша  қылмыс қанша ауыр болса, сонша оның әсер етуін түсіну жеңіл болады.

 Кәмелеттік  жасқа толмағандардың арасында  алкогольдік ішімдіктерді тұтыну, көптеген қылдмыстарға алып келуі  мүмкін, атап айтсақ, ұрлық, тонау,  бұзақылық т.б. Дала көшелерде  жасалуы мүмкін жасөспірімдер  арасында зорлық,бұзақылық ниетпен жасалған қылмыстар көбінесе төбелесте яғни мас жолдастарының арасында. әр 3-ші зорлау бұл 18 жасқа толмаған яғни мас топта және бұған сол адам қатысқан.аяғында сол адам жәбірленуші болуы мүмкін.

Кәмелетке толмағандардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы, тікелей қылмыс жасауында шешуші рольді криминология толық баяндайды:

А.отбасына жағымсыз әсерін тигізу. Мұнда маңызды жетімсіздік  отбасылық тәрбиесіне қарай. Бұдан  жасөспірімдер арасында қылмыстар  туады. әр бір 10-шы отбасы криминогендік  жағынан сәтсіз болған. Отбасында әке-шешесінің мәдениеті және тәрбиесі көбінде төмен болып келеді.

Б. Жағымсыз әсердің  ең жақын ортасы-оқу жағынан, өзінің ортасынан алда келе жатқан сыныптасына  ұқсағысы келеді және лидер болғысы  келеді.

В. Ересек қылмыскерлер жағынан шағыстырк немесе азғыру. Бұл 30% оқиғамен байланысты. Ол көбінесе маскүнемдіктен және азарттық ойындардан және т.б.

Г. Ұзақ уақыт  оқу процесінде жасөспірімдердің болмауы  немесе қатыспауы. Яғни оқуды тастап кеткендер.

Д.ену империалистік  идеологиялық ықпалын жасау әр түрлі каналдармен азаптағанның жастар ортасына енгізу. Мысалы ,радиохабардың көмегімен туристердің контактілерінен көз қарастар және күнделікті мінез-құлық әдістері мен мақсаттарымен.

Е. Криминогенді дәлел құруына және қылмысқа оның көрінуіне кәмелеттік жасқа тллмағандардың маңызды жағдай жасайды:

Қараусыздық жоқ  болу сияқты  бақылау жанұя жағынан  мінез құлқының ар жағында байланыс болмауы, уақыт оздырумен байланысты.

 Кәмелеттік  жасқа толмағандардыңм қылмыс  жасауы көбінесе мектеп қабырғасын  тастап кеткендкрдің және де көшпей қалғандардан болуы мүмкін . Аталған жағдайлар отбасында қараусыздыққа алып алып келеді. Бұл баланың өз-өзіне баға бермеуіне және қоршаған ортаға деген танымын аяқ асты етеді.

Бұл кемшіліктер  көбінесе тәрбиеге байланысты болады. Бұл сөз кәмелеттік жасқа толмағандар туралы болып тұр. Яғни жас аралығы 14-тен 18 жас және оқуды тастап кеткендер немесе мектепті бітіріп бірақ жоғары оқу орнында оқымайтындар. Аталғандардың барлығы ата-анасының бақылаусыз қалуын, ұзақ уақыт бос жіберу .бұлардың барлығы кері әсерін тигізеді. Мекемелерінің жетіспеуі. Мысалы, үйірмелердің ,спорт клубтың және т.б. жоқтығы кәмелеттік жасқа толмағандардың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді.

Жоғарыда атап өткен мәдени тәрбиесіне, спорт клубтың, ұйымдардың және мекемелердің жоқтығы сонымен қоса   кәмелеттік жасқа толмағандарды құқықтық тәрбиелеуді құқық қорғау органдары туралы яғни криминогенді жағынан аулақ болуы туралы мекеменің аз болуы.

Кәмелетке жасы толмағандардың арасында маскүнемдік  пен күрес жүргізу туралы құқықтық акт қабылдауын қиындатады.

4.Кәмелеттік  жасқа толмағандардың

қылмысына ескерту

Біздің елімізде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысына  ескерту үлкен көңіл бөлінеді. Партия және мемлекет бағдарламасы болашақта  еңбек жағдайларын жақсарту, мемлекет атынан отбасына, ана болуына, баоа тәрбиесіне , жеке тұлғанығң қалыптасыуында болды. Мысалы, кәсіби техникалық оқу орындары бар. Бұл оқу орны бір мезгілде оқушыларға орта кәсіби білім, жатақханамен қамтамасыз етеді, ондағы тәрбие жұмыстары  яғни бұндағы оқушыларға деген қадағалау күшейе түсуде. Бұл мекеме жасөспірімдерге өз мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз етеді.

Сонымен қоса жоғарыда атап өткен жағымды әрекеттермен қоса  жеке тұлғаның мінезіне әсер ететін топтарды төменде көрсетілген:

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қоршаған ортаны жақсарту және оған әрекет жасау.
  2. қылмыстық жолға түспеу
  3. қылмыстың алдын алу және тұлғаны түзету
  4. жасөспірімдер арасындағы рецидивті ескерту.

5.Жасөспірімдер  арасындағы криминологиялық қылмыстың  ерекшеліктері және оның себебі мен алдын алу шаралары.

Кәмелеттік  жасқа толмағандар арасындағы қылмыстың  мінездемесі 18-н  25жасқа дейінгі  жаста қаралады. Яғни бұнда жас  аралықтарда мән берген жөн.

 Кәмелеттік  жасқа толғанаға дейінгі жас  аралықтарда әр жаста әр баланың  психологиялық жағынан дамуы әр түрлі.

Жастар арасындағы қылмыстар күрдеоі болып келеді, кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысымен салыстырғанда. Жас аралық қылмыс жасайтындар 18-25 жасқа дейін.

18-25 жасқа дейінгі  жасалған қылмыстар кәмелеттік  жасқа толмағандардың қылмысымен салыстырғанда бұзақылық ниетпен, тонау 3-4 есе жоғары болды.бұнда ескертетін жәйт. Бұл қылмысқа көбінесе 18 жасқа дейінгі жастар істейді. Ал ұрлықты 19-21 жастан жоғары жастар істейді.

Білім деңгейі  жастар арасында төмен, кәмелеттік жасқа  толмағандардың да білімі төмен болады. Олардың жартысының көбінде орта білімі жоқ жасына байланысты алатын білімі.

Бұдан шығатын  қорытынды криминологиялық әрекет көбінесе мектеп қабырғасынан . үлгерімі нашар оқушыоар, екінші жылға қалғандар  міне осылардың бары жастар арасында қылмыс жасауына әкеп соғады.

Кәмелеттік  жасқа толмағандар арасындағы қылмыстар  көбінесе ұрыс жан жалдан кісі өлтіру, бұзақылық, төбелес және т.б.

Кәмелеттік  жасқа толмағандар мен салыстырғанда  кек алу қылмысы басым. Бұндағы  криминологиялық қылмыстарға көбінесе отбасы мүшелерінің тәрбиесіне байланысты. әрине ол18-25 жас аралығындағы жастар отбасылар мен аз уақыт бірге болады. Кәмелетке толмағандар мен салыстырғанда.

18-25 аралығындағы  жастар көбінде жүргізуші, құрылысшы  жұмысшылары болады.

Қылмыстық істі тергеу барысыеда айыптадушы тұлға көбінде толық емес отбасынан шыққан. Бұл жұмыс Кәмелеттік жасқа толмағандармен бірдей қаралуда.

Кәмелеттік  жасқа толмағандармен жұмыс 18 жасқа  толғанаға дейін жалғасады.

18-ге толғаннан  кейін оларды басқа органға  береді. Бұл органға осы бала туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету керек.

 

 

 

Бөлім-XIII. Рецидивисттік қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы.

&1. Өсу деңгейі, құрылымы, жағдайы.

 

Криминологиялық сипаттындағы рецедивтік қылмыстылық  қылмыстық – құқықтық рецедив түсінігінен шыққан, жаңадан қылмыс істеген, сотталғандығы жойылмаған жағдайдағы тұлғаларды қамтийды.Әлеуметтік мазмұн қылмыстық – құқықтық алдын-ала қолданған күштеу және  түзету шаралар жасалуына қарамастан қылмыстық іс-әрекеткеттің жалғасуы.

Жаңадан қылмыс жасаған, бұрын сотталған тұлғалар. Бұл нысананы толығымен қамтымайды.

2. Рецедивистік  қылмыстылықтың бөлігі оның жағдайы,  құрылымы, өсу деңгейі бойынша  сипатталады:

Жекелеген түрлерде және қылмыскерлер арасындағы, сонымен  қатар қылмыстың түгеліндегі рецедивистік қылмыстылық;

1-3 жылдан  кейін сотталғандығын өтеген  немесе алмастыру шаралары белгіленген  тұлғалар арасындағы рецедивистер;

Рецедивистік  қылмыстылықтың  барлығында қылмыстың  жекелеген түрлері. Рецедивистің өсу  деңгейін  айқындауға 5-10 жыл аралығындағы  мерзім өлшемінен көрсеткіштерді алмастыру арқылы жағдай жасайды.

Рецедивисттік қылмыстылықта сонымен қатар  локальды міндеттер шешіледі:  кейбір қылымыскер арасындағы жекелеген орындардағы  рецедивтің өсу деңгейі және құрылымы,жағдай бағасы. Пенитенциарлық рецедивистіліктің тәрбие-еңбек  және түзету еңбек колониясының қызметтінің тиімдіділік баға көрсеткішін ескереді. (бас бостандығын айыру түріндегі  жазаны  өтеудегі немесе жазаны өтегеннен кейін қылмыстың жаңадан жасалуы).

    3. Рецедивистік қылмыстарды құрылым бойынша жіктеуді былай атап көрсетуге:

а) Соттылықтың  мөлшері ( немесе Алмастыру шараларын  қолдану) — қарапайым (бір реттік) және көп рет қайталанатын қылмыс; б) алдыңғы және жаңадан жасалған қылмыстардың мінездемелерінің ара-қатынасы бойынша жалпы және арнайы (объект, болжалды әдістер, қастандық тәсілдері және себептер бойынша біркелкі) қайталанатын қылмыс.

Көп қайталанушылық көрсеткіші қылмескердің жеке тұлғасы  мен оның қылмысының қоғамға жасалатын  қауіп-қатерге тура тәуелді емес. Кейбір жағдайларда (көбінесе қасақана жасалған қылмыстарда) қайталанушылықтың өсуінен қылмыстың қатаңдығы және оның нәтижесінің ауырлығы үдей түсіп, қылмыстық істің әдетке айналуы байқалады. Бірақ, көп жағдайда, әсіресе 40 — 45 жастан асқан соң, жаңадан жасалған қылмыстардың ауырлық дәрежесі төмендейді, олар «ұсақтана» бастайды да, көбінесе паспорттық режим ережелерін, әкімшілік қадағалау ережелерін бұзудан, қаңғырып кетуден, алимент төлеуден қашқындықтан және маскүнем жағдайда жасалған бұзақылықтан тұрады.

Бұрынғы және жаңадан жасалған қылмыстардың біркелкілік  нышаны әдетте қайталанатын қылмыстық  іс-әрекеттің және қылмыскердің қоғамға  деген қауіп қатердің ұлғая бастауының белгісі. Ол белгілі бір қылмыстық  іс-әрекеттің әдетке айнала басталуына, оны жасауда әр түрлі амалдарды ойлап табуда, онда кәсіпқойлық (мамандану) элементтерінің пайда бола бастауына, қылмыстық әрекетке барудың өсуіне, қылмыс жасауға қажетті жағдайларды тудырып отыруына  байланысты болады. Сонымен қатар мұнда нәтижелердің ауырлығына да немқұрайлық пайда болады. Ал ол қылмыстық іс-әрекеттің ауырлай бастауына әкеліп соқтырады, мысалы, ұрлықтан тонауға, қарақшылыққа, бұзақылықтан бұзақылық пиғылмен жасалған адам өлтіруге дейін барады.

4. Қайталанатын  қылмысты алдын алудың (онымен  күрестің) маңызы, оның барлық жасалатын қылмыстардың «негізі» болып табылуында. Ол қылмыстың әлеуметтік құбылыс ретінде қандай да бір бірқалыптылықты және жаңа қылмыстардың пайда болуын қамтамасыз етеді.  Рецидивистер — қылмыстық және қоғамға қарсы әлеуметтің арасындағы құндылықтарды жасаушылар және тасымалдаушылар болып табылады. Олар әлеуметтік тұрғыдан тұрақсыз, құбылмалы адамдарға зор кері әсер тигізеді. Ондай адамдарға әсіресе жастарды жатқызуға болады. Рецидивистер өздерінің іс-әрекеттерімен, жүріс-тұрысымен  жастардың заңға деген, қоғамда өмір сүру ережелеріне деген құрметін шайқалтады, оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттерді немесе қылмыс жасауға тартады. Рецидивистердің қылмыстық ісі (әрбір үшінші, төртінші қылмыстық іс олармен жасалады) әдетте қарқынды жиілілікпен, жоғары дәрежедегі қоғамға деген қауіп төндіруімен, нәтижелерінің өте ауыр болатынымен (оған жалпы қайта қайта жасалғаннан келетін зарар  кіреді), алдын ала қасақана ойлап істегенімен, және қылмысты ашуды болдырмауға тырысатын күрделілігімен  ерекшеленеді. 

5. Рецидив динамикасы негізінен қылмыс жасаудың жалпы динамикасымен анықталады. Сонымен қатар белгілі бір жылдары немесе белгілі бір аудандарда келесілер болуы мүмкін:

 а) рецидивтік  қылмыстың деңгейі мен құрамы  жағынан өзгерістерінің «бәсеңдеуі»  немесе керісінше, олардың алғашқы рет жасалған қылмысқа қарағанда осыған ұқсас өзгерістердің үдеуі;

б) алғашқы  жасалған қылмысқа қарағанда кері өзгерістердің  байқалуы. Бұл мүмкіндік ең бірінші, рецидивтің пайда болуының себептері  мен шарттарына байланысты, сонымен қатар олардың жазаның болатындығына және сол жазаның әділеттілігіне ерекше сезімталдығына, жазаны орындаудың сапасына, мерзімнен бұрын босатудың (оған амнистия да жатады) шынтуайттығына, жазаны өтегеннен кейін (оны алмастыратын шаралар) қайта қылмыстың болмауын арнайы ескертудің шараларына байланысты.

Сонымен қатар  қылмысты ашу деңгейі де ерекше орын алады: оның ұлғаюы латенттік азайып, осы жылдағы болған рецидивтік қылмыстардың көбі осы жылғы статистикаға кіреді дегенді білдіреді. Ал қылмысты ашудың төмендеуі, керісінше, қайта жасалған қылмыстың латенттігі ұлғайып, рецидивтік қылмыстардың бір бөлігі тек келесі жылдардың статистикасына енеді дегенді білдіреді. 

Осыған ұқсас, оның нақты тенденциясын көрсетпейтін, барлық жасалған қылмыстың ішінен рецидив бөлігінің ұлғаюының байқалуы мүмкін. Мысалы, алғаш жасалған қылмыстың санына қарағанда, рецидив саны баяу төмендейді. Соның нәтижесінде, барлық қылмыстардың ішінде оның бөлігі көп болып көрінеді, ал негізінде ол біртіндеп төмендеу бағытында болады. Соған кері: рецидив саны барлық жасалған қылмыстарға қарағанда баяу, бірақ өсіп отырса, нәтижесінде оның бөлігі жалпы санда азаяды, ал шынында рецидив саны өсіп отрады. Рецидивті қылмысты талдау кезінде, осы мүмкіндікті алынған өзгерістерді түсіндіру кезінде ескеру керек.

6. Қылмыстардың түрі бойынша рецидив құрылымы алғашқы қылмыс жасау құрылымына ұқсас және ол көбінесе бұзақылықтың, ұрлық жасаудың, қасақана жасалған зорлау қылмыстарының көптігімен сипатталады. Таңдалған мәліметтер бойынша, олар рецидивтік қылмыстың үштен екі бөлігін құрайды.

Бір реттік, екі  реттік, көп реттік қайталануына байланысты рецидивтің құрылымы нақты бір тәуелділікпен  сипатталады: екінші рет сотталған  рецидивистердің саны үшінші рет  сотталғандардікінен 2,5— 3 есе көп, ал үшінші рет сотталғандардың саны шамамен сондай мөлшерде төртінші рет сотталғандардікінен көп, т.с.с. Сотталу санының өсуімен басқа адамдардың жеке қаржыларына қол сұғып өмір кешумен байланысты қылмыстардың саны көбейе түседі, сонымен қатар әкімшілік  қадағалау, паспорттық режим ережелерін, т.б. бұзу көптеп кездеседі.

Информация о работе Қылмыстың көптігінің түсінігі мен белгілері