Құқық құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 19:20, реферат

Краткое описание

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он жылдан аса уақыт болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап занды күшіне енді.
Қазақ ССР - інің 1959 жылы қабылдаған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа кодекстің қабылдауына байланысты өз күшін жойып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан әрі қарай қолданылмады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................
I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ
1.1. Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы..................................................
1.2. Қылмыс құрамының түрлері........................................................................
1.3. Қылмыс құрамы және қылмыстық дәрежелеу...........................................

II-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІСІ және қылмыстың объективтік жағы
2.1. Қылмыс обьектісі туралы түсінік және оның мәні...................................
2.2. Қылмыс обьектісінің түрлері......................................................................
2.3. Қылмыстың заты..........................................................................................
2.4. Қылмыстың объективтік жағына байланысты түсінік және оның
маңызы.....................................................................................................................
IІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТІСІ және қылмыстың субъективтік жағы
3.1. Қылмыс субьектісі туралы түсінік..................................................................
3.2. Қылмыс субьектісінің жасына қарай белгілері.............................................
3.3. Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде. Жауаптылыққа қабілетсіздік ұғымы.....................................................................
3.4. Қылмыстың арнайы субьектісі.......................................................................
3.5. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ.........................................................................
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ Бисенова.docx

— 84.55 Кб (Скачать документ)

Сонымен, қылмыстық іс-әрекет зиян келтіретін және қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерді ғана қылмыс объектісі ретінде  мойындауға тиіспіз.

Алайда, кейбір мүдделерді қылмыс объектілерінің қатарына қосуымыз бұл мүдделердің  тек қана қылмыстық құқықтық қорғаудың  объектілері екендігінен емес. Бірдей объектілер құқықтық әр түрлі саласының  нормаларымен қорғалатындығы жиі кездеседі. Мысалы, меншіктік қатынастар ең алдымен азаматтық құқықтық нормалары арқылы қорғалып, реттеліп отырады. Ал бұл объектілерге аса қауіпті қиянат төнгенде (ұрлау, тонау, алаяқтық жасау, шабуыл жасап тонау, қорқытып алушылық немесе басқа әдіспен мүлікті талан-таражға салу) оларды қылмыстық-құқық өз қорғауына алады.

Меншікке қарсы бағытталған  қиянат аса қауіпті болмаған жағдайда ол азаматтық құқықтық нормаларымен қорғалады (мысалы, қарыз ақшаны қайтармау). Сонымен, белгілі бір мүдделерді қылмыстық-құқықтармен қорғалатындардың қатарына жатқызу - бұл мүдделерге жасалған қиянаттың кез келген түрі қылмыстық  жазаға тартылады деген сөз емес. Олардың қатарына, қылмыстық заңда  қарастырылғандай, бұл объектілерге жасалған ең қауіпті қиянаттар ғана жатады.

Қазақстан Республикасының жаңадан  шыққан қылмыстық кодексінде қылмыстық-құқықтық қорғау объектілерінің иерархиясы мен  олардың салыстырмалы құндылығын бағалауда  өзгерістер бар екендігін атап өту  керек. Қазақ КСР-нің 1959 жылғы қылмыстық  Кодексінде ең басты мәселе ретінде  алдымен мемлекет мүддесі, тек содан  кейін ғана жеке бастың мүддесі мен  қоғамдық мүдделер қарастырылатын. Әрине, бүл - жеке бастың мүдделерін мемлекеттік - партиялық бағындырушы тоталитаризм көріністерінің біреуі. Адам бостандығы мен негізгі құқықтары ешбір  ескерілместен, мемлекеттік билік  органдарының тарапынан жеке бастың барлық мүдделеріне, қоғам өміріндегі барлық өзгерістерге түгелдей дерлік бақылау орнатылған еді.

Қазақстан Республикасы қылмыстық  заңының жалпы адамзаттық құндылықтардың мұратына қайта оралуы - қылмыстық-құқықтың қорғау объектілері жөнінде әбден  қалыптасып қалған иерархияның айтарлықтай  өзгергендігін көрсетеді, қылмыстық  заңмен қорғалатын объектілер енді демократиялық  қағидалар негізінде мүлдем басқаша  қарастырылатын болды, яғни, ең алдымен  жеке бастың, сосын қоғамның және мемлекеттің  мүддесі ескеріледі. Қылмыстық-құқықтық қорғаудың табан тірер негізі ретінде ең алдымен жеке бастың мүддесі  қарастырылуы тиіс. Дәл осы мүдденің сенімді әрі тиімді қорғалуы қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің тиімді қорғалуына зор әсер етеді. Қылмыстық-қүқықтық қорғау объектілерінің заңдылықты анықтау  саласындағы мұндай артықшылықтар, бұл проблеманы дамыған демократиялық  елдердің (мысалы, Батыс Еуропа) қылмыстық  кодекстерінде заңдылықты шешуіне  сәйкес келеді.

Қылмыс объектілерін анықтаудың қылмыстық  іс-әрекетті саралаудағы маңызы үлкен. Жасалынған қылмыс объектісін дұрыс  анықтау қылмыстық іс-әрекетті дұрыс  саралауға мүмкіндік береді.

 

 

2.2.  Қылмыс объектілерінің түрлері

Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісінің рөлі мен маңызына терең  талдау жасау үшін, қылмыс объектілерін, әдетте, жалпы тектік және тікелей  деп ажырату қалыптасқан.

Қылмыстық жалпы объектісі ретінде  қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық  заң арқылы қорғалатын мүдделер жиынтығы айтылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 2-ші бабы 1-ші белігіне сәйкес бұл адам мен азаматтық құқықтары, бостандықтары  мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының  конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы және бейбітшілік пен  адамзат қауіпсіздігі бұл объектілердің  ерекшелігі сол, кез келген қылмыс, бір жағынан, тек осы объектілерге қиянат көрсетуі мүмкін, ал екінші жағынан - қылмыстың кез келгені бұл  объектілердің біреуіне ғана қиянат керсете алады, себебі, жалпы объект дегеніміздің өзі қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің жиынтығы.

Объектіге қол сұғушылықты одан әрі айқындау қылмыстардың тектік және тікелей объектілері бойынша  іске асырылады.

Тектік объект - бұл жалпы объектінің бөлігі. Ол бірыңғай қылмыстардың тобы қиянат жасайтын бір текті мүдделердің тобын қүрайды. Тектік объект қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйесін құрастыруда маңызы зор. ҚР ҚК Ерекще бөлімінің құрылыс жүйесі негізіне қылмыстардың тектік объектісі қойылған. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің әрбір тарауында өзінің тектік объектісі бар. Айталық, ҚР ҚК 1-ші тарауына біріктіріліп, баптарында қарастырылған қылмыстардың тектік объектісі адамның жеке басы болып табылады.

Заңның өзі кейбір жағдайларда  қылмыстардың бір тектес объектілерін атап көрсетеді. Мысалы, ҚР Қылмыстық  кодексінің 366 -бабында әскери қылмыстың  анықтамасы мен жалпы ұғымын бере келе бұл қылмыстың тектік объектісін "Әскери қызмет атқарушы, әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқарудың  белгіленген тәртібіне қарсы  қылмыстар", - деп атап көрсеткен.

Тектік объектілер бірқатар тараулардың  атауларында да көрсетіледі (мысалы, ҚР ҚК 14-тарауы Басқару тәртібіне  қарсы қылмыстар).

Кейбір жағдайларда тектік объект ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тарауына енгізілген нақты қылмыс құрамына талдау жасау  арқылы анықталады.

Қылмыстардың тектік объектісін анықтаудың қылмыстарға, әсіресе сырттай ұқсас  қылмыс құрамдарына байланысты қылмыстық  іс-әрекетті саралауда тәжірибелік  маңызы үлкен. Мұндай жағдайлар адамның жеке басына қарсы қылмыстар мен бұзақылық арасында кездеседі (біріншісінің объектісі адамның жеке басы болса, соңғысының объектісі -қоғамдық тәртіп).

Тікелей объект - бұл тектік объектінің бөлімі, яғни қылмыстық заңмен қорғалатын бір немесе бірнеше қиянат бағытталған  нақты бір мүдде, я болмаса  нақты бір қылмыстың салдарынан зиян шегуші нақгы игілік. Ерекше  бөлімнің   1-ші  тарауындағы  баптарға  сәйкес  қылмыстардың тікелей объектілері болып табылатын адам өмірі мен денсаулығы жеке басқа түгелдей қатысты болғанымен, тектік объектінінің бөлігі ретінде қарастырылады. Тікелей объектінің қылмыстық тәртіпті анықтаудағы тәжірибелік маңызы зор, себебі ол кейбір жағдайларда қылмысты осы тектес басқа қылмыстардан ажыратып алуға мүмкіндік береді. Тікелей объект кейбір реттерде әртүрлі қылмыс құрамында бірдей болуы мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК -тің 96-бабының 1, 2-бөліктері, 97, 98, 99-баптар. Аталған қылмыстар тікелей объектіге қарап ажыратылмайды, қылмыс құрамының басқа элементтерінің белгілеріне қарап ажыратылады.

Әдетте, әр қылмыстың өзінің тікелей  бір объектісі болады. Алайда бір  мезгілде екі тікелей объектіге  қиянат көрсететін қылмыс түрлері де кездеседі (қос объектілі қылмыс). Бұл жағдайларда объектілердің  біреуі басты (негізгі), ал екіншісі -қосымша  болып есептеледі.  Ал тікелей  объектінің қайсысы -негізгі, қайсысы - қосымша екендігі туралы сұрақ  құқықтық тұрғыдан қорғалушы игіліктің  өз маңыздығына емес, оның тектік объектімен байланысына қарай шешіледі. Мысалы, сот төрелігін жүзеге асыруға  немесе алдын-ала тергеу жургізуге  байланысты қорқыту немесе күш көрсету  әрекеттері (341-6.) сияқты қылмыстардың тікелей объектісі сот төрелігінің  мүддесі, әрі жеке басы болып табылады. Бұлардың алғашқысы негізгі объект, ал соңғысы бұл арада қосымша  объект болып қарастырылады.

Негізгі объект - ол басты тікелей  объект. Қылмыстық-құқық нормасы, ең алдымен, оны қорғау үшін шығарылады. Демек, негізгі объект -қылмысты ҚК-тің белгілі бір тарауына қосу үшін негіз болатын басты объект.

Негізгі объектіге қарсы қиянат жасау барысында "жол-жөнекей" түсетін зардапқа төзетін (немесе осындай  зардап түсу қаупі бар) объект, қосымша  объект болып табылады1. Мысалы, шабуыл жасап тонауда негізгі объект - меншік, қосымша объект нақты адамның денсаулығы.

Факультативті объект - қылмыс жасау  барысында белгілі бір зиян тигізілуі  де, тигізілмеуі де мүмкін қатынас (мүдде). Мысалы, бұзақылық жасау барысында  негізгі объект қоғамдық тәртіп, ал жеке  адамның мүддесі бұзылуы  да, бұзылмауы да мүмкін.

Қылмыстың негізгі объектісін анықтау  іс-әрекетке әлеуметтік - саяси сипаттама  беруге, оның қоғам үшін қауіптілік деңгейін бағалауға және ҚК-тің бөлімінің  қай бабын қолдану мәселесін  шешуге, яғни болған іс-әрекетті қалай  саралау керектігін оңайлатып береді.

 

 

 

 

2.3.  Қылмыстың  заты

Қылмыс объектісінен қылмыстың  затын ажырата білу керек. Қылмыс затына қылмыскер тиісті объектіге  қылмысты қол сұғу ксзінде осы  қылмыскердің тікелей әсеріне үшыраған, сыртқы ортадағы материалдық заттар жатады. Бөтеннің мүлкін ұрлау кезінде (мысалы, автомобиль делік) қылмыстың  заты тікелей автомобильдің өзі  болса, ал объектісі оған байланысты меншік құқығы.

Материалдық заттарға - қылмыскер  қандайда бір белгілі қылмыстық  іс-әрекетті жасаған уақытта өзінің "ізін" қалдырған бұйым жатады. Қылмыстың заты мен қол сұғылған объект тығыз байланыста болғанымен оларды бір-бірімен шатастырмау  керек.

Қылмыстың объектісі қылмыстық  заңмен қорғалатын мүдделер, қоғамдық қарым-қатынас болса, қылмыстың заты - материалдық дүние, алғы шарттар, қоғамдық қарым-қатынастардың өмір сүру, даму шарты. Қылмыскер материалдық бұйымдарға, заттарға тікелей ықпал жасай  отырып, қылмыстық зат қорғайтын  белгілі бір қоғамдық қарым-қатынасты  және мүдделерді бұзады. Демек, қылмыстың  объектісі қылмыскер ықпал жасаған  заттар емес, заң қорғайтын белгілі  бір қоғамдық қатынас пен мүдделер болып табылады.

Қылмыстың заты және оның заттық қасиеті  қылмыстарды дұрыс саралауда, аралас құрамдарды және қылмыстық әрекеттерді  қылмыстық емес әрекеттен ажыратуда  үлкен маңызы бар. Мысалы, атылатын қаруды ұрлау қоғамдық қауіпсіздікке  қол сүғу болса, ал аңшы мылтығын ұрлау - меншікке қарсы қылмыс. Контрабандалық заттар болып ҚР кендендік шекарасынан  заңсыз түрде өткізілетін белгілі  бір заттар ғана болып табылады.

Заттың сипаты мен қасиеті жаза қолдануға да әсер етеді. Мысалы, ұрлап  алынған мүліктің мөлшері қылмысқа баға беруге және жазаның мөлшерін белгілеуге әсер етеді.

Қылмыстық қол сүғу кезінде зат, әдетте, зиян шегуі де, шекпеуі де мүмкін. Мысалы, ұрланған зат өзінің алғашқы формасын өзгертпеуі де мүмкін (ақша оның жеке басының есеп-қисабы бойынша сақталып қалуы мүмкін). Басқа жағдайларда тағамдар толығымен  өзгеріп, құртылуы мүмкін.

Бірақта қылмыстың заты жасалынатын  қылмыстардың барлығында кездесе бермейді. Ол жоғарыда айтылғандай, қылмыс обьектісіне  жасалынатын қол сұғушылық сыртқы ортаның материалдық заттарына  әсер ету арқылы жасалған қылмыстарда  кездеседі. Мысалы, әйел зорлау, қорлау, дизертирлік сияқты қылмыстардың заты жоқ.

Қылмыс затының қылмыс жасау  құралдарынан, яғни қылмыскердің қылмыс жасау кезінде пайдаланған заттарды ажырата білу керек (мысалы, кісі өлтіру мен шабуыл жасап тонау кезінде  қолданылған атылатын қару мен пәтер  тонау кезінде қолданылған кілт, аталған заттар қылмыс заты емес, қылмыс құралы болып табылады. Кейде бір  ғана зат кейбір қылмыстардан қылмыс затының рөлін атқарса, басқа  қылмыстар кезінде - қылмыс жасау  құралы мен тәсілі болуы мүмкін. Мысалы, ұрланған пистолет - қылмыстың  заты, ал оны шабуыл жасап тонау  кезінде пайдаланған болса, ол - қылмыс құралына айналады.

Кейбір қылмыстардың жасалу барысында  кінәлі адам екінші бір адамның жеке басына (рухани, мүліктік немесе денесін  жарақаттау) зиян келтіреді. Адамды қылмыстың  заты деп тануға болмайды. Қылмыстың  салдарынан зиян шеккен адам жәбірленуші  деп аталады. Қылмыстан зардап тартқан  адамның жеке басын зерттеумен криминологияның  виктимология деп аталатын саласы айналысады. Көптеген қылмыстарда жәбірленушінің жеке басы да, қылмыстың заты сияқты қылмыстық-құқықтық мәнге ие. Мысалы, жасы кәмелетке толмаған немесе жасы он төртке толмаған қызды зорлағаны  үшін қылмыскердің жауаптылығы күшейе түседі. Сондай-ақ қылмысқа жәбірленуінің  заңсыз қылығы себепкер болса, жәбірленушінің заңсыз қылығы жаза тағайындау кезінде  жеңілдететін мән жайлар деп қаралуы  мүмкін.

 

 

2.4. Қылмыстың  объективтік жагына байланысты  түсінік және

оның маңызы

Қылмыс құрамының объективтік  жағы дегеніміз - қылмыстық заңда  көрсетілген қылмыстын іс-әрекетінің сыртқы көрінісінің жиынтығы. Олардың  қатарына мыналар жатады: қоғамға  қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға қауіпті салдар (қылмыстық  нәтиже), қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті салдар арасындағы себепті байланыс, қылмысты жасаудың әдісі, орны, уақыты, жағдайы, қаруы  және құралы.

Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық  жауаптылықтың маңызды алғы шарты. ҚР Қылмыстық кодексі қылмыс деп  адамның жүзеге асырылған күнде  жеке басқа, қоғамға және мемлекетке қауіп төндіретін ойын немесе пікірін  емес, оның тек қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзушы қоғамдық қауіпті іс-әрекетті ғана мойындайды (ҚР ҚК 3, 9-баптары).

Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық  жауаптылықтың негізін қалаушы  болып саналады, онсыз жауаптылықтың  болуы мүлдем мүмкін емес. Адамның  жауаптылығы үшін іс-әрекеттің объективті жағының айырықша мағынасын өткен  ғасырдың 40-шы жылдарында К. Маркс өзінің жас кезінде былай деп түжырымдаған: "Негізгі белгі ретінде істің  өзін емес, әрекеттенушінің ойларының  түрін алға шығарушы заңдар - заңсыздықтың жағымды жазалау шараларынан  басқа түк те емес... Мен өзімді көрсете білгендіктен ғана, шын болмыспен  бетпе-бет келгенімде ғана - заң шығарушыға бағынышты ортаға енемін. Заң үшін менің әрекеттерімнен басқа өз басым, тіпті де жоқ нәрсемнің, мен тіпті  де оның объектісі емес екенмін".

Сондықтан, қылмыстың объективтік  жағы қылмыскердің ойы мен мақсатын бағалауға негізгі белгі болып  табылады. Осыған байланысты қылмыстық  істі алдын-ала тергеу немесе сотта  қарау кезінде, ең алдымен қылмыстың  объективтік жағы анықталып алып, оның негізінде субъективтік жағы белгілі  болады, қылмыстың заң жүзінде  тыйым салуына қарамастан қоғамдық қауіпті әрекет жасаушының мақсаты, себебі және ниеті туралы шешім шығарылады. Объективтік жақтың белгілерінсіз  субъективтік жақтың мәселелері қозғалмайды  да, себебі соңғысы алғашқымен байланыссыз  іске аса алмайды.

Информация о работе Құқық құрамы