Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 09:18, реферат

Краткое описание

Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;
3) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3

1. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы

1.1. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша iс-әрекетi......................5
1.2.Басты сот талқылауын тағайындау...........................................................8

2. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары

2.1.Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы..................................11
2.2.Басты сот талқылауының құрылысы.....................................................22
2.3.Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.....................46

3. Тарау Соттылық
3.1. Соттылықтың ұғымы …………………………………………………52

3.2.Түрлері......................................................................................................53

Қорытынды.....................................................................................................55

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................57

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 237.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе

Еліміз егемендігін  алып тәуелсіз мемлекет болып құқықтық мемелекет құру үшін біршама құқықтық реформалар жасап, қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының мәселелерінде шешу жолдарын тапты. Қылмыстық іс бойынша судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды. Анықтау немесе алдын ала тергеу процесiнде процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi барлық талаптары сақталған және iстi сотта қарауға кедергi келтiретiн өзге негiздер жоқ деген пiкiрге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:

1) сотталушы болып  табылатын адамды көрсетудi;

2) оны бұзу сотталушыға  есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;

3) бұлтартпау шарасы  мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз  ету шараларын сақтау, тоқтату,  өзгерту немесе таңдау туралы  шешiмдi;

4) процеске қатысушылардың  қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және  өзге де мәлiмдемелерi бойынша  шешiмдердi;

5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;

6) басты сот отырысына  шақыруға жататын адамдардың  тiзбесiн;

7) заң оның iсiн сырттай  қарауға жол беретiн жағдайда iстi айыпталушының қатысуынсыз тыңдау  туралы шешiмдi;

8) басты сот талқылауының  орны мен уақыты туралы мәлiметтi;

9) iстi соттың жабық  отырысында қарау туралы шешiмдi;

10) сот iсi қай тiлде  жүргiзiлетiнi туралы шешiмдi;

11) запастағы судья  туралы шешiмдi қамтуы тиiс.

Егер iс бойынша алдын  ала тыңдау жүргiзiлсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөнiндегi шешiмдер баяндалуы қажет. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiктен кейiн және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол отыз тәулiктен аспауға тиiс. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.

Судья iстi тараптың өтiнiшi бойынша:) егер ол қаралып отырған iспен байланысты болып, iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздердiң болуы  немесе егер олардың әрекетi қаралып отырған iспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаса; айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайларда қосымша тергеуге жiберуге құқылы. Судья iстi алдын ала тыңдауды өткiзу нәтижелерi бойынша тараптың өтiнiшi бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да iс дұрыс бiрiктiрiлмеген немесе бөлiнбеген, не басты сот талқылауын тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын басқа да елеулi бұзушылық анықталған жағдайларда, басты сот талқылауын тағайындамай-ақ iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы.

Іс қосымша тергеуге прокурор арқылы жiберiледi. Бұл ретте судья қаулыда iстiң қандай негiз бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешуге мiндеттi.

Курстық жұмыстың мақсаты қылмыстық іс жүргізу бойынша сот талқылауының жалпы шарттарын қарастыру. Аталмыш мақстақа жету үшін келесі міндеттер қарастырылды:

  • соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша iс-әрекетiн анықтау;
  • басты сот талқылауын тағайындау
  • сот талқылауының тiкелей және ауызша болуын қарастыру;
  • жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері бақылау.

1. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы

1.1. Соттың келiп түскен  қылмыстық iс бойынша iс-әрекетi

Қылмыстық iс сотқа түскен кезде  соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья iстi сотта iс  жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешедi.

Судья, келiп түскен iс бойынша  мынадай:

1) басты сот талқылауын тағайындау  туралы;

2) iстi қосымша тергеуге қайтару  туралы;

3) iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата  тұру туралы;

4) iстi сотталуы бойынша жiберу  туралы;

5) iстi тоқтату туралы;

6) қылмыстық iстердi  бiрiктiру туралы шешiмдерiнiң бiрiн  қабылдайды.

Судья iс бойынша шешiмдi қаулы нысанында қабылдайды, онда: қаулының шығарылған уақыты мен жерi; қаулы шығарған судьяның лауазымы мен  тегi; қабылданған шешiмдердiң негiздерi мен мәнi көрсетiлуге тиiс.

Шешiм iс сотқа келiп  түскен сәттен бастап бес тәулiктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. Судья  қылмыстық iстi соттауға жолдау туралы қаулыны қоспағанда, қаулы шығарумен  бiр уақытта айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негiздiлiгi туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрiнiң негiздiлiгi немесе негiзсiздiгi туралы мәселенi қарауға мiндеттi.

Судья сот отырысын тағайындаудың  мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу кезiнде  сотталушылардың әрқайсысына қатысты  мыналарды: iстiң аталған соттың қарауына жататындығын; iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатуға не уақытша тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайдың болу-болмауын; анықтау және алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде сот мәжiлiсiн тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын бұзуға жол берiлген-берiлмегендiгiн; айыптау қорытындысының немесе айыптау хаттамасының көшiрмесi берiлген-берiлмегендiгiн; айыпталушыға таңдап алынған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе тоқтатуға жататын-жатпайтындығын; қылмыспен келтірiлген залалды өтеудi және мүлкiн ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету шаралары қабылданған-қабылданбағанын; арыздар мен өтiнiштердiң қанағаттандыруға жататын-жатпайтындығын анықтауға тиiс.

Тараптардың өтiнiштерiн  қарау және сот талқылауын қысқартылған тәртiппен өткiзу туралы мәселенi шешу үшiн тараптардың қатысуымен iстi алдын ала тыңдауды өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледi. Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттiк айыптаушының қатысуы мiндеттi. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнiнде өтiнген кезде оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкілдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi болмайды.

Істi алдын ала тыңдаудың  нәтижелерi туралы судья қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша  шешiмдi баяндайды. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру үшiн, iстi қысқарту үшiн  немесе iстi қосымша тергеуге қайтару үшiн негiздер болмаған жағдайда сот басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, судья мұны қаулыда көрсетедi. Егер прокурордың айыптауды өзгертуi соттауға жатқызудың өзгеруiне әкеп соқса, судья iстi айыптау қорытындысын, айыптау хаттамасын қайта жасау және iстi соттауға жатқызу бойынша жiберу үшiн прокурорға қайтарады.

1.2. Басты сот талқылауын тағайындау

Анықтау немесе алдын  ала тергеу процесiнде процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi барлық талаптары сақталған және iстi сотта қарауға кедергi келтiретiн өзге негiздер жоқ деген пiкiрге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:

1) сотталушы болып  табылатын адамды көрсетудi;

2) оны бұзу сотталушыға  есептелетiн қылмыстық заңды дәл  көрсетудi;

3) бұлтартпау шарасы  мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз  ету шараларын сақтау, тоқтату,  өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;

4) процеске қатысушылардың  қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және  өзге де мәлiмдемелерi бойынша  шешiмдердi;

5) қорғаушы ретiнде  айыпталушы таңдаған немесе соңғысына  тағайындалған қорғаушыға рұқсат  ету туралы шешiмдi;

6) басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тiзбесiн;

7) заң оның iсiн сырттай  қарауға жол беретiн жағдайда iстi айыпталушының қатысуынсыз тыңдау  туралы шешiмдi;

8) басты сот талқылауының  орны мен уақыты туралы мәлiметтi;

9) iстi соттың жабық  отырысында қарау туралы шешiмдi;

10) сот iсi қай тiлде  жүргiзiлетiнi туралы шешiмдi;

11) запастағы судья  туралы шешiмдi қамтуы тиiс.

Егер iс бойынша алдын  ала тыңдау жүргiзiлсе, басты сот  отырысын тағайындау туралы қаулыда  талқылауға қойылған мәселелер жөнiндегi шешiмдер баяндалуы қажет. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiктен кейiн және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол отыз тәулiктен аспауға тиiс. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.

Судья iстi тараптың өтiнiшi бойынша:) егер ол қаралып отырған iспен байланысты болып, iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздердiң болуы немесе егер олардың әрекетi қаралып отырған iспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаса; айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайларда қосымша тергеуге жiберуге құқылы. Судья iстi алдын ала тыңдауды өткiзу нәтижелерi бойынша тараптың өтiнiшi бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да iс дұрыс бiрiктiрiлмеген немесе бөлiнбеген, не басты сот талқылауын тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын басқа да елеулi бұзушылық анықталған жағдайларда, басты сот талқылауын тағайындамай-ақ iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы.

Іс қосымша тергеуге прокурор арқылы жiберiледi. Бұл ретте  судья қаулыда iстiң қандай негiз  бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешуге мiндеттi.

Судья iс бойынша iс  жүргiзудi уақытша тоқтату туралы қаулыны ҚІЖК-нiң 50-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген  негiздер бойынша шығаруы мүмкiн. Iс бойынша iс жүргiзу бiрнеше айыпталушылардың бiреуiне қатысты қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да айыпталушылардың құқығына нұқсан келтiрмеуi шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкiн. Оларға қатысты iс жүргiзу тоқтатылмаған айыпталушылар қамауда болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертудi мүмкiн деп таппаған жағдайда iс жүргiзу отыз тәулiктен аспайтын мерзiмге тоқтатылуы мүмкiн. Егер осы уақыт iшiнде айыпталушылардың бiреуiне қатысты iс жүргiзудi уақытша тоқтатуға негiздер жойылмаса, онда басқа айыпталушыларға қатысты iс жүргiзу жаңартылуы және басты сот талқылауының күнi белгiленуi тиiс.

Анықтаушы, тергеушi немесе прокурор қылмыспен келтiрiлген залалды  өтеудi және мүлiктi ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ететiн шаралар қабылдамаған жағдайда судья қылмыстық iзге түсу органдарына оларды қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануды мiндеттейдi.

Егер судья iстiң өзi соттауына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешiмнiң заңдық негiздерiн  келтiре және iс жолданатын сотты  көрсете отырып, iстi соттың қарауына жататындығы бойынша жiберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске қатысушыларға хабарлайды.

Судья ҚІЖК-нiң 37-бабының  бiрiншi бөлiгiнiң 1-12-тармақтарында және 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша, сондай-ақ мемлекеттiк  айыптаушы айыптаудан бас тартқан  жағдайда iстi қысқарту туралы қаулы шығарады. Iстi қысқарту туралы шешiм қабылданғаннан кейiн судья бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты және мүлкiн тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселенi шешедi. Судьяның iстi қысқарту туралы қаулысының көшiрмесi прокурорға жiберiледi, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған адамға және жәбiрленушiге тапсырылады.

Информация о работе Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары