Материалды дайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 17:46, реферат

Краткое описание

Жақсы дайындалған гистологиялық препарат мына көрсетілген нұсқауларға сай болуы қажет:
-зерттелетін тін немесе мүшелердің кесіндісі тіршілік кезіндегі құрылысын мүмкіндігінше сақтап қалуы қажет;
-кесінді бөлігі жұқа және мөлдір боуы қажет(себебі:одан жарық өту үшін);
-зерттелетін микроқұрылымдары жақсы көрінуі қажет.

Содержание

1.Материалды дайындау.
2.Фиксация артефактары.
3.Фиксация жалпы анықтамасы.
4.Қарапайым фиксатор сұйықтықтары.
5.Күрделі фиксатор сұйықтығы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан.docx

— 21.17 Кб (Скачать документ)

 

                                        Жоспар:

1.Материалды дайындау.

2.Фиксация артефактары.

3.Фиксация жалпы анықтамасы.

4.Қарапайым фиксатор сұйықтықтары.

5.Күрделі фиксатор сұйықтығы.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Тін немесе жасушаны дайындау:

Жақсы дайындалған гистологиялық препарат мына көрсетілген нұсқауларға сай болуы қажет:

-зерттелетін тін немесе мүшелердің  кесіндісі тіршілік кезіндегі  құрылысын мүмкіндігінше сақтап қалуы қажет;

-кесінді бөлігі жұқа және  мөлдір боуы қажет(себебі:одан  жарық өту үшін);

-зерттелетін микроқұрылымдары  жақсы көрінуі қажет.

Оны қамтамасыз ету үшін:

-дер кезінде зерттелетін материалды алу және фиксациялау;

-кесінділердің сапасы мен өңдеу шаралары;

- зерттелетін препаратқа сәйкес бояуды қолдану;

Микроскопиялық зерттеу кезінде ең маңызды болып материалды алу техникасы маңызды рөл атқарады.Сондықтан кесіндіні бөліп алу кезінде мына ережелерді есте сақтау қажет:

1.Зерттелетін объектілер әрқашанда жаңа болуы қажет.Бұл материалдарға көбінесе операциялық бөлімдегі кесінділер сәйкес келеді.Көбінесе нашар кесінділер қайтыс болған адамдардың денесінен алынғанда,препаратты жарақаттау  кезінде және т.б. жатады.

2.Кесіндіні бөлген кезде оның микроскопиялық құрылымын сол мүшеге немесе тінге байланысты екенін ұмытпау қажет.

Мысалы:бүйрек пен бүйрекүстін кескенде оны мынадай есеппен алып оның ішіне оның милы және беткей сұйықтығы кіруі қажет,яғни сол себепті кесіндіні бетіне перпендикуляр орналасуы қажет.Құрылысы барлық бөліктерінен ұқсас мүшелерден(бауыр,көкбауыр,қалқанша без және т.б.)бірдей объектілерді кез-келген жерлерден кесіндіні алуға болады,бірақ міндетті түрде капсуласымен бірге. Жыныс мүшелердің қабырғаларынан(несепағар және т.б.) кесіндіні көлденең бөлірһп алу қажет.

3.Патологиялық және өзгеріске  ұшыраған тіндерді(ісіктер,жаралар)бөліп  алғанда қалыпты және өзгеріске ұшыраған бөліктер мен бірге алу қажет.Егер бірнеше патологиялық процесске ұшырағанда бірнеше препарат алу қажет.

4. Кесінді алу кезінде өткір құрал-саймандармен бөліп алу қажет(себебі бөлінген тінді немесе мүшені жарақаттап алмау үшін).

5.Ешқашан бөлінген кесіндінің бетін тазаламау керек (мысалы:шырышты қабықты,серозды бөлікті).Және материалды сығып немесе қысым түсірмеу қажет.

6.Кесіндіні фиксаторға анатомиялық пинцетпен мұқият тасымалдау қажет.

 

Бәріңе белгілі,нашар фиксация мен механикалық травматизация кезінде тіннің(сапасы нашар құрал-саймандар,ерте материал бөлініп алынғанда немесе бөліп алушы адамның тәжірибесі нашар болғанда) міндетті түрде тіндегі өзгерістерге ұшырағанын байқаймыз.Оған мысал ретінде нерв жүйесіндегі тіндер бөлігінде байқауға болады.Ең басты морфологиялық құрылымдарына:гиперхромды және жиналған нейрондар,пикнотикалық ядро,шар тәріздес жасушалық денелердің пайда болуы.Осылардың соңғыларына ми жасушаларын фиксациялау кезінде концентрациясы жоғарғы спиртте дұрыс өңдемеу кезінде және объектілерді сумен дұрыс шаймаған кезде болады.

 

                                                Фиксация

Бірінші этапқа кесінділердің обработкасы мен кесілген әр түрлі мүшелердегі және тіндердегі микроскопиялық зерттеулер жүргізуді фиксация деп атаймыз. Тіндер мен мүшелердегі тіршілік кезіндегі құрылысын мүмкіндігінше сақтап қалу қажет(оған біз фиксациялаушы әр түрлі сұйықтықтарға салу арқылы олардың тіршілік кезіндегі қалпын сақтап қалуды жатқызамыз).Дер кезінде тіндердегі бұзылу процесстерін тоқтату(ең бастысы ферменттік бұзылыстар) және тіршілік кезіндегі қалпын сақтап қалу.Организмнен бөлініп алынған тіндер мен мүшелер аутолиз процессіне ұшырайды.Ол процессті дер кезінде тоқтату керек,белоктарды коагуляциялау және ферменттерді инактивациялау арқылы.Ол үшін фиксация материалы,оған сол мақсатта  қолданатын растворларды фиксаторлар деп атаймыз.

Фиксациялаушы сұйықтықтармен жұмыс істегенде тиісті ережелерді есте сақтау тиіс.Фиксация кезіндегі жалпы ережелер:

-фиксацияны бөлме температурасында жүргізу керек(18-20ОС).

- кесінділерді фиксация алдында жууға болмайды;

 -егерде фиксациялаушы сұйықтыққа батырылған кесіндіден кейін лайланып немесе қанға боялып кетсе оны міндетті түрде ауыстыру қажет.

- объем фиксирующей жидкости  должен не менее чем в 20 раз  превышать объем фиксируемых  кусочков ткани.

- фиксациялаушы сұйықтықтың көлемі оған батырылатын кесіндіден 20 есе үлкен болуы керек..

-фиксацияның ұзақтығы оның фиксаторының құрамына және оның кесіндіге сіңуіне қарай болады.

- белгілі  алынған материал міндетті түрде алдын-ала дайындалған фиксаторға салынуы қажет,егер  жылдамдатпаса оның әсері микроскопиялық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.

Фиксаторлар қарапайым(формальдегид,этил спирті,метанол) және күрделі(Мюллер сұйықтығы,Ценкер сұйықтығы,Буэна сұйықтығы және Карнуа сұйықтығы) болып бөлінеді.

 

Қарапайым фиксатор сұйықтықтары

Формалин

Формалин (формол) кеңінен таралған универсалды сұйықтық.Кәдімгі сатылатын формалиннің құрамында 40%сулы растворлы формальдегид.

Формалин – өте жақсы фиксациялаушы сұйықтық және патанатомиялық бөлімшелердегі ауыстырылмайтын сұйықтықтардың бірі болып табылады. Оны тек қарапайым гистологиялық жұмыстарда ғана емес,басқа да арнайы тәжірибелерде кеңінен қолданады.

Өзінің универсалды фиксация арқасында оған қатар паралельді фиксация жүргізуге болады.

Формалин жасушаға өте жақсы сіңеді және сондықтан өте үлкен көлемдегі объектілерде қолданылады. Мүшелердің 0,5-1 см кесінділерін формалиннің 10-12% ерітіндіде,спирттің және сулеманың,т.б ерітінділерде фиксациядан өткізеді және бекітеді(24-48сағ.).

Объектілерді формалинмен бекіткен соң ары қарай парафин құю арқылы бекітеді.

Фиксацияланған материалды ары қарай ағынды суда жуу керек. Себебі,кесіндінің ішіндегі формалиннен тазарту керек. 

Формалиннің басты артықшылығы кесіндіні өте ұзақ уақытқа сақтауға болады кейде фиксация біткеннен кейінде сақтау қасиеті жойылмайды.

Этил спирті

Фиксация үшін абсолютті және 96° этил спиртін кеңінен қолданылмайды. Формалинмен салыстырғанда спирттің сіңу қасиеті төмен,сондықтан кесіндінің көлемі 0,3-0,5 см аспайды.

Фиксацияның уақыты-бірнеше сағаттан  бәрнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін,оның көлемі мен сіңуіне қарай.Кесіндінің көлемі бірдей болуы керек және біркелкі тығыздалған астыңғы және үстіңгі беттері сәйкесінше бірдей болуы қажет.

Спиртпен фиксатор ретінде жұмыс істегенде,оны негізінен фиксатор ретінде кеңінен қолданбайды басқа ерітінділерге қарағанда.Оны негізінен формалин жоқ болған кезде және тығыздалған,қалыңдау келген тіндерде қолданады.  

Оның артықшылығы фиксация жағынан басқа объектілердің тез құрғауына алып келеді ол өз алдында парафин құю процедурасында жеңілдік көрсетеді.

Абсолютті спирт

Фиксацияда және құрғатуда абсолютті спирт қолданылады,алайда оны табу оңай емес.Сондықтан оны лабораторияда дайындап алу арқылы қолданылады.

Ацетон

Ацетон – өзінің ерекше иісі бар сұйықтық,сумен,хлороформен,ксилолмен араластыру арқылы қолданылады.Оны көбінесе фиксациялық зат ретінде және криминалистикада кеңінен қолданылады.Бірақ ол тіндер мен мүшелер кесінділерін қатты құрғатып жіберетін қасиеті бар,ол болса микроскопиялық зерттеулерде қиындыққа алып келеді.Фиксация үшін майда кесінділер алынады.Ол 2-3 мм Фиксация ұзақтығы 2-3 сағ.Екі дана  фиксация жүргізіледі.Парафин құйылады.Жақсы нәтижені басқа фиксаторлармен комбинацилағанда көрсетеді.Тек түссіз және сусыз ацетон ғана жарамды.Сары техникалық ацетон жарамайды.

Күрделі фиксатор сұйықтықтары

Карнуа сұйықтығы

Патанатомиялық бөлімшелерде кеңінен қолданылатын күрделі фиксаторлық  сұйықтықтардың ішінде Карнуа сұйықтығы болып табылады.

Сұйықтықтың құрамында: абсолютті спирт-60 мл,хлороформ-30 мл, уксус қышқылы-10 мл.

Өте жақсы фиксатор.Кесінді көлемі 2-5 мм,фиксация ұзақтығы 2-4 сағ. Оны сұйықтықта көп ұстауға болмайды.Одан кейін оны этил спиртіне шайып парафин құямыз.

 


Информация о работе Материалды дайындау