Максат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 18:02, реферат

Краткое описание

Бұл жерде менің мақсатым Қылмыстың логикалық, ғылыми, салалық және дедукциялық тармақтарын ашып және оларды мысалдар мен кестелер арқылы көрсету.
Қылмысты зерттеу және анықтау түрлерін көрсетіп қандай жағдайларға қарамастан қылмыстың нақтылығын анықтау және ашып көрсету.
Қылмыстық істерді мысал ретінде көрсету онымен қоса белгілі бір қылмыстық істі жазбаша түрде енгізу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Криминалистикадан логикалық жоба.docx

— 383.38 Кб (Скачать документ)

                                                                МАҚСАТ

 

       Бүгінгі таңда көптеген елдер өлім жазасын қолданудан бас тартып, оның орнына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды . Біздің елімізде өлім жазасы ең жоғары жаза ретінде қолданылады, олардың саны көп емес. Қазақстанда өлім жазасына мораторий жарияланған, яғни уақытша тоқтатылған.  Және де бүгінде өлім жазасын алып тастау туралы пікірталастар жүріп жатыр. Бірақ көптеген адамдар өлім жазасын алыпитастау әлі ерте деген де пікірлер айтып жатыр. Сонымен бірге қылмыстық құқықтық ізгіліктігі азаптайтын, қатал әрі масқаралайтын жазаларға тиым салудан көрінеді. 

Қылмыстық-құқықтық норма – бұл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына заң құқықтарын беретін және оларға заңды міндеттер жүктейтін тәртіп ережелері. Мұндай нормаларды бұзу немесе сақтамау қылмыстық жазалау түріндегі мемлекеттік мәжбірлеу шарасын қолдануға әкеліп соғады. Соған орай, ҚРҚк бабы – бұл қылмыстық-құқықтық норманың жазбаша нысаны.

Қазақстан Республикасының  шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған  шетелдіктер мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жауапқа тартылады: егер қылмыс Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған болса және олар халықаралық шарттарда қарастырылған қылмыстарды жасаса. Қылмыстық кодексте басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған ҚР азаматтары, егер халықаралық шартта белгіленбесе ол мемлекет ұстап бермеуге тиіс деген негізгі ережелері бар.

Сонымен, қылмыстық құқық дегеніміз – бұл қылмыс жасауға және қылмыстық жаза тағайындауға байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді. Қылмыстық құқұқ үшін құқықтың қағидалары зор маңызға ие. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Ол  қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жазаны, жауапкершілікті белгілейді.

  1. Бұл жерде менің мақсатым Қылмыстың логикалық, ғылыми, салалық және дедукциялық тармақтарын ашып және оларды мысалдар мен кестелер арқылы көрсету.
  2. Қылмысты зерттеу және анықтау түрлерін көрсетіп қандай жағдайларға қарамастан қылмыстың нақтылығын анықтау және ашып көрсету.
  3. Қылмыстық істерді мысал ретінде көрсету онымен қоса белгілі бір қылмыстық істі жазбаша түрде енгізу.
  4. Қорытынды:

Әрбір кестеге мысалдар және әрбір қылмыстық істі түсіндіріп өту

 

 

 

 

1. КІРІСПЕ

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. 

Темпераменттер


  • Холерик
  • Флегматик
  • Сангвиник
  • Меланхолик

 
Холерик – Бұл  темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады. Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Мысалы, холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады. (Мен өзім холериктік мінездімін)

Флегматик – Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы, 2-ші курс оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос, ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын. (Медғат деген досым осындай мінезді бала)

Сангвиник – Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші курста оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді. (Ақкезенов Алмас деген досым осындай мінезді)

Меланхолик – Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші курс оқушысын алайық. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады. (Қаратаев Сабижан)

 

Оптимизм

Оптимизм - дүниеге үміт көзімен, сеніммен караушылық, үмітсіздіктен аулақ болушылык. Дүниеде ізтілік үстем болады, әділет салтанат күрады және барша жүрт бақьттқа кенеледі деген сенімділікке негізделген дүниетану түсінігі пессимизмге карамақайшы. "Оптимизм" термині алғаш рет біздің әлем "ықтимал әлемдердің ең жақсысы" деп пайымдаған философиялық (Г.В. Лейбництің) ілімді сипаттау үшін қолданылды. Бертін келе Оптимизм даралық не бүқаралық сананың жалпы эмоциялық үндестігін бейнелейтін неғүрлым кең мағына алды. Оптимизм тікелей сезімдік дүниетану түсінігіне де, түтастай дүниетанымға да тән болуы мүмкін.  Қоғам өрлеп, мәдениет өркендеген кезеңцерде адамдардың көңіл күйінде үстем болып, оларды дүниеге және өз тағдырына әрекетшіл, белсенділікпен карауға ынталандырады. Оптимистік алуан әлеуметтік сілкіністер кезінде де пайда болып, оларды еңсеруге жәрдемдесуі мүмкін. Оптимизм тұтас алғанда сындарды, адамдарды болмыска көңілі толушылық сезіміне бөлейді. Канағатшылдық, қуанышы, бақыты сүйініштерімен ұштасады. Алайда, ол болмысты сыни тұрғыдан ұғынумен қалыптаспаса, адамдарды тек жағымды жайттарды ғана қабылдауға бейімдеп, тұлғаның орнықты  психологиялық ұстанымы нысанына айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда санада адамдарды бағдарынан жаңылдыратындай, уақытша дұрыс шешімге келуіне, қоғамдық үрдістерге араласуына кедергі келтіретіндей әртұрлі жалған үміттер үялайды. Мұндай көңіл күйде қоғамдық сана сезім баскадай мүдде көздеген адамдардьң тарапынан бұрмалауға, өз мақсаттарына пайдалануына оңай беріледі. Кейін бұқараның бұған көзі жетуі оны қатты түңілдіріп, Оптимизм орнына пессимизм басым болуы мүмкін. Қоғам сындарды өзгерістер жағына іс-жүзіне ауысқанда ғана адамдардьң сана-сезімі болмысты неғүрлым жарқын өміршендік ауанда бағамдауға ойысады. Зұлымдық жеңіліп, ізеттілік үстемдік ететін қоғам орнатуға болады дейтін түсініктер қиял және осы себепті әлеуметтік тұрғыдан қауіпті болып шығады. Бұл екі категория — адамзат өмірінің мәңтілік серіқтері және олардың түптамыры — адамның өзінде.

Пессимизм

Пессимизм - (лат. 'pessimus' - ең жаманы) - жағымсыз, күмәнді тұрғыда дүниені қабылдау түрі;  оптимизмге қарама-қарсы. Қарапайым түсінікте - жабыққан көңіл-күй, шынайылықтың тек жағымсыз жақтарын көруге бейімділік, шарасыздық күйі, өмірдің мәнсіздігін сезіну, сәтсіздіктерді тым ауыр, күйзеліспен қабылдау. Философиялық түсінікте пессимистік дүниетаным әлемде қайғы-қасіреттің басымдығына, әділетсіздік үстемдігіне, тарихи процестің мақсатсыздығына меңзейді.

Жаһандану процестері "жалпыадамзаттық құндылықтардың" ұлттық мәдениет құндылықтарымен шиеленісіне әкеп соқтырды. Осылайша, XX ғ. аса көрнекті ойшылдары (А. Швейцер, А.Тойнби, Э.Фромм, Н.А. Бердяев) либералды (ерік) құндылықтардың, олардың өмір мәнін түсінуде ресмилігін, әлемдік тәртіпті жетекші державалардың пайдасына шешіп беруде. Батыстық басым көңіл-күйді социологиялық талдау адамдардың болашаққа сенімсіздікпен қарайтынын көрсетті. Экологиялық апат, милитаризмнің қайта үдеуі, өмір сүру қажеттіліктерінің қымбаттауы, бірнеше есе қарқындауы қоғамның тұрақты дамуына еш септігін тигізбеуде. Қазіргі қоғамдық-саяси ойда оптимистік пиғыл тек жаһандануды жақтаушы доктриналарда басым, ал дәстүрлі мәдени құндылықтарға сүйенетін философия әлемнің күйзелісін болжауда. XXI ғ. жаһандану алдындағы үрей ең пессимистік дәлел болуда.

 

Сонымен бұл темпераменттерді не үшін алдық? – деген  сұраққа  жауап беріп көрейік.

Біріншіден бұл психикалық мінез-құлықтар адамның қандай да бір  қылмысты жасауына әсерін тигізуі мүмкінба? – әрине ия:

Мысалы: Холерикті немесе флегматик және пессимист мінезді бір ер адам, өмірден түңілген немесе жұмысынан айлығын алалмай жүрген, отбасын әлеуметтік немесе қаржылай жағынан қамтамасыз ете алмай жүрген азаматты СВ (ер адамды) алайық. Ол осындай күйзелістен кейін не істеуі мүмкін? Ол жағын былай жіктеп көрейік;

А) отбасын тастап кетуі  мүмкін                                                                                      

В) немесе өз-өзіне қол  жұмсауы мүмкін немесе арақ құмар  болуы мүмкін

С) әлде жүйкесі тозып  психикалық ауруға шалдығуы мүмкін

D) немесе белгілі бір қылмыс жасауы мүмкін адам өлтіру, тонау т.б.

E) және т.б. іс әрекеттер

Енді  D-нұсқасын алып көрейік.

Қылмыс әрқашан  іс-қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де,әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.

Қылмыс – бұл  қоғамға қауыпты әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.  

Әркет – бұл  қылмыс жасаудың белсенді нысаны

СВ бір адамды өлтірді. Калай өлтірді, не үшін, қай жерде, адам өлтіруінің себебі және қылмыс қалай басталды?

(Егер жасалған қылмысты  не үшін жасалғанын білгің келсе?                                            Онда бұл қылмыс кімге пайдалы екенін біл.

                                                                               Шерлок Холмс)

Маған қылмысты анықтау үшін қандай ғылыми салалар керек?

  1. Логика және методология (Әдіс)
  2. Психология
  3. Биология, химия, физика
  4. Этика
  5. Құқықтық ғылыми пәндер
  6. Зерделілік (разум, детальность)

Енді кесте түріндегі  жоспар жасаймын:

                            


                          Қылмыс жасалған жер немесе обьект


 

Информация о работе Максат