Меншікке карсы кылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 17:19, реферат

Краткое описание

Тонау пен карақшылык қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық зиян келтіріп қана коймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ, қарақшылық, шабуыл мен тонауды, олардың негізінде баскесерлік шабуылдар, қорқытып алушылык және т.б. қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ТЕРГЕУДЩ ӘДІСТЕМЕСІ.docx

— 41.48 Кб (Скачать документ)

              ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ТЕРГЕУДЩ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Тонау мен қаракшылықтың криминалистік сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-  жайлар

2. Қылмыстық  іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің  алғашқы кезендеріне тән жағдайлар

  1. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері
  2. Келесі тергеу әрекеттері
  3. Тонау мен қаракшылық шабуылдарды табысты ашу және тергеудің негізгі шарттары

 

    1. Тонау мен қаракшылықтың криминалистік сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар

Тонау пен  карақшылык қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық зиян келтіріп қана коймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ, қарақшылық, шабуыл мен тонауды, олардың негізінде баскесерлік шабуылдар, қорқытып алушылык және т.б. қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды.

Тонау мен  қарақшылық шабуылдың көпшілігі азаматтардың жеке мүлкін (бөрікті, аз мөлшердегі ақша, киім, тағам жәнет.б. заттарды) тартып алу мақсатында және әдетте арнайы дайындықсыз жасалады. Қылмыскерлер шағын топтар кұрамында немесе жекелеп, негізінен ашық жерлерде (көшелерде, саябақ-тарда, үйлердің аулаларында) кешкі уақытта әрекет жасайды, алайда қарақшылық пен тонау күндіз де жиі жасалады.

Мемлекеттің немесе коммерциялық құрылымдар (ақша қаражатын сақтау орны, ақша айырбастау пункті, кассир, инкассаторлар), мүлкін тартып алуға, сонымен қатар такси, жеке көлік жүргізушілеріне және азаматтардың тұрғын үйіне қарсы бағытталған тонау мен қарақшылық шабуылдар сирек кездеседі, бірақ

дәл солар  қауіпті болып табылады. Мұндай қылмыстарды  негізінен ұйымдасқан топтар жасайды. Әдетте бұған алдын ала мұқият дайындалады: қылмыскерлер объектіні күзету жүйесімен толық танысып шығады, қылмыс құралдарын, жасырыну тәсілдерін мұқият даярлайды, қылмысқа қатысушыларды іздестіреді.

Тонау мен  қарақшылық шабуыл тәсілдерінің ішінен мыналарды атауға болады:

1. Ашық жерлерде не ғимараттарда кенеттен, күш көрсетусіз жасалынатын шабуылдар (сумканы, берікті, азаматтардың ақшасын, дүкендерден және т.б. орындардан бұйымдарды қағып алып кету).

2.Ашық жерлерде, сонымен бірге үйлердің аулалары мен подъездерінде күш қолданып немесе күш қолданам деп қорқытып шабуыл жасау.

З.Тұрғын үйлерге бір себептермен немесе күш қолданып кіру арқылы азаматтарға шабуыл жасау.

4.Мемлекеттік және коммерциялык банктердің қызметкерлеріне, кассирге, сатушыларға қарап сауда кәсіпорындарының ғимараттарында, қаржы мекемелерінде, байланыс бөлімшелері мен басқа да мемлекеттік немесе жеке мекемелер мен кәсіпорындарда жасалынатын шабуылдар.

5.Темір жол,  су көліктері немесе басқа  көліктердің жылжымалы құрылымында азаматтарға қарсы шабуыл жасау.

б.Такси жүргізушілеріне  тапқан акшасын не болмаса көлігін  және басқа заттарын тартып алу мақсатында шабуыл жасау.

Тонау мен  қарақшылық шабуыл барысында із қалыптастыру тетігінің бірқатар ерекшеліктері болады. Әдетте оқиға болған жерде қылмыс іздері мен басқа да заттай дәлелдемелер өте аз қалады. Көзімен көрген адамдар тонау немесе қарақшылық шабуылды толық бақылай алмайды; яғни олар жауап алған кезде болған оқиғанын кейбір жерлерін ғана айтып береді және көп жағдайда көз көрген  куәгерлер тіптен болмайды. Жәбірленушілерді айтатын болсақ, олардың кейбіреулері қылмысқа байланысты жүйкесінің күйзелуіне себепті болған оқиғаны бұрмалап қабылдайды. Жәбірленушілерге кейде қылмыскерлер саны көп болып, олар «биік бойлы», «түрлері хайуан тәріздес» және т.б. болып көрінеді. Сондықтан, тергеуші көз кергендер мен жәбірленушілерден алған мәліметтерге сын көзбен қарап оларды басқа дәлелдемелермен салыстыра отырып, мұкият кайта тексеруі тиіс.

Тонау мен  қарақшылык жасайтын адамдар көбінесе жұмыс істемейді, адамгершілікке жат  өмір сүреді, үнемі маскүнемдікке  салынады, есірткі пайдаланады. Олардың  денін бұрын сотталғандар құрайды.

Қарақшылық  жасарда қылмыскерлер жәбірленушіні  оның лауазымын, кәсібінің түрін  және материалдық жағдайын ескере отырып, тандайды. Тонау кезінде көп жағдайда жасына немесе басқа да себептерге байланысты белсенді қарсылық көрсете  алмайтын кісілердің құрбанына айналады. Қарақшылық шабуыл мен тонауға жиі  спирттік ішімдік ішетін адамдар  мен жеңілтек әйелдермен қатынас  жасауға бейім тұлғалар ұшырайды.

Тонау мен  қаракшылык, шабуыл жайлы іс бойынша  анык-тауға келесі мән-жайлар жатады:

— тонау  немесе қарақшылықтың орын алған-алмағаны;

— тонау  немесе қарақшылық жасау тәсілі; егер қарақшылық жасалса, жәбірленушіге қатысты қолданылған күш көрсету неден байқалады;

— қылмыс қашан, қайда және қандай жағдайда жасалынды;

— тонау  немесе қарақшылық нәтижесінде не ұрланған, ұрланған зат кімге (мемлекетке, кооперативтік немесе қоғамдық ұйымдарға, жеке тұлғаға, нақты кімге) тиесілі, ұрланған заттың бағасы қанша;

— қылмысты кім жасады; егер оны топ жасаса, топқа кімдер кіреді, әрбір қатысушының рөлі қандай;

—  жәбірленуші  кім, қарақшылык шабуыл жағдайында жәбірленуші денсаулығына зиян келді ме, оның сипаты мен ауырлық дәрежесі қандай, ұрланған затгы жасыруға көмектесетіндер немесе жасырушылар болды ма, нақты кімдер;

— қылмыс нәтижесінде  келген жалпы материалдық зиян қандай, тонау немесе қарақшылық шабуыл жасауға қандай жағдайлар мүмкіндік туғызды.

 

2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезендеріне тән жағдайлар

 

Тонау мен  қарақшылық жайлы қылмыстық іс қозғау үшін жиі себеп болып табылатындар: жәбірленушілердін немесе олардың туыстарының арыздары; мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, осы ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде ұрлап кету фактілері туралы немесе мүлікті тартып алу мақсатында олардын қызметкерлеріне шабуыл жасалғандығы туралы хабарлауы; медицина мекемелерінің шабуыл жасау нәтижесінде жәбірленген адамдарға көмек көрсеткені туралы, хабарлауы; көзі керген түлғалардың тонау немесе қарақшылык шабуыл белгілері деп табылатын фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе аныктау органдарының қылмыс белгілерін табуы.

Әдетте тонау  немесе қарақшылық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан соң арызданушыдан жауап алынады. Егер арызданушы жәбірленуші болмай, көзі көрген немесе тиісті мекеме, кәсіпорын не болмаса ұйым әкімшілігінің өкілі болса, онда жедел түрде оқиға болған жерді күзетке алу шараларын қолдану, жәбірленушіні анықтау және одан оқиғанын, мән-жайын анықтау қажет. Сұрау салушы тұлға көп жағдайда жәбірленушінің денесінен, киімінен және заттарынан табылған іздер (дене жарақаты, жыртылған не бүлінген киім) расында да оған қатысты күш қолданылғанын куәландыратынына көз жеткізуі мүмкін. Жедел түрде сезіктіні іздестіруді ұйымдастыру үшін, арызданушыға сұрақ салуды қысқа мерзімде өткізу керек.

Әдетте тонау  мен қарақшылықты тергеудің алғашқы кезеңінде мына тергеу жағдайлары жиі кездеседі:

1.   Тонау  немесе қарақшылық жасаған сезікті тұлға қылмыс орнында не болмаса дәл жасалғаннан соң ұсталған.

2.   Қылмысты  жасаған сезікті тұлға әлі ұсталмаған, бірақ тергеушінің қолында оны іздестіру мен ұстауды ұйымдастыруға мүмкіншілік беретін мәліметтер бар.

3.   Қылмыс  жасаған тұлға туралы құқық қорғау органдарында ақпарат жоқ немесе жоқтың қасы.

Аталған жағдайлардың біріншісінде тергеуші іс-әрекеттерінің  келесі бағдарламасы мақсатқа сай болмақ: сезіктіні ұстау, оны жеке тінту, жауап алу, қажетті жағдайда - оны куәландыру; жәбірленушіден сұрақ-жауап алу; қажетті жағдайда оның киімдерін тексеру және куәландыру; оқиға болған жерді қарау; сезіктіден жауап алу; сезіктінің тұрғылықты жерін тінту; көз көрген — куәлерден жауап алу; сот-медициналық, криминалистік және басқа сараптамалар тағайындау.

Екінші тергеу жағдайында алғашқы тергеу әрекеттерінің  келесі жүйесі орынды: жәбірленушіден жауап алу, оны куәландыру және киімін карау; оқиға болған жерді қарау; куәгерлерден жауап алу; сот сараптамасын тағайындау; жедел іздестіру шаралары.

Үшінші жағдай үшін де жоғарыда аталған тергеу әрекеттерінен  басқа, сезікті тұлғаларды анықтау  мен ұрланған заттарды іздестіруге  бағытталған жедел іздестіру  шаралары тән.

Қылмыс жасалғанан кейін өткен уақытқа байланысты «ізін суытпай» іздестіру ұйымдастырылады. Ол үшін тиісті ішкі істер органдары  хабардар етілуі тиіс. Күрделі жағдайларда  патрульдік-бекеттік қызмет, сондай-ақ кылмыскерлер автокөлікке жасырынуы мүмкін деген негіз болса, көлікті бакылау күшейтіледі. Жедел шаралар жиынтығы ұрланған мүліктердің өткізілуі мүмкін және қылмыскерлердің пайда болуы мүмкін жерлерде жүргізіледі.

 

  1. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері

 

Тонау мен  қаракшылыкты тергеу барысында оқиға  болған жерді қарау, кылмыскерлер мүлікті  тартып алу үшін, алдымен жәбірленушінің қарсылығын не баска да тосқауылдарды (әйнекті қирату, есікті сындыру  және т.б.) жеңіп алуға мәжбүр болғанда, ең жақсы нәтижелер береді. Бірақ мұндай мән-жайлар орын алмағанда да қарау жүргізуден бас тартпау керек. Тәжірибе көрсеткендей, оқиға болған жерді мұқият және әдісін тауып қарағанда, кылмыстың материалдық іздерін әркашан табуға болады.

Егер жәбірленушінің оқиға болған жерді қарауға қатысуға шамасы болса, оны сонда шақыру қажет. Қарауға сарапшы-криминалист пен кинолог инспекторды қатыстыру да үлкен пайда әкеледі.

Қарау барысында  тергеуші қол, аяккиім, қан іздерін, қылмыскер не жәбірленуші тастаған немесе түсіріп алған заттарды және күрес іздерін табуға тырысуы тиіс. Кейде оқиға болған жерді қарау нәтижесінде қылмыскердің үстінде немесе оның киімінде қандай іздер қалуы мүмкін екендігін аныктауға болады (мысалы, оқиға болған жерден киімнен үзіліп түсіп қалған түйме табылса, ал ол жәбірленушінікі болмай шықса, онда ойша ол түйменің қылмыскердің киімінен түсуі мүмкіндігін болжауға болады).

Тонау немесе қарақшылықты тергеу барысында қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелер жиі кылмыс орнынан қашықтау жерлерден табылып жатады. Сондықтан қарау шекарасын қылмыскердін, кұрбанға жакындауы мүмкін жолдарын және мүмкін бағыттарын ескерту арқылы кеңейткен орынды.

Егер тонау  немесе қарақшылық кезінде қылмыскер  мен құрбанның арасында күрес болса, жәбірленушінің киімінде не болмаса жеке заттарында микробөлшектер қалуы мүмкін. Олар әдетте жұққан заттармен бірге алынады. Окиға орнынан қылмыскер ұстауы мүмкін нәрсе табылса, иіс үлгісін алу керек.

Қарақшылық  және тонау жайлы іс бойынша жәбірленушіден жауап алу оқиға болған жерді  қараудан соң дереу жүргізіледі, ал жеке жағдайларда қараудың алдында  жүргізілуі мүмкін.

Шабуылға  ұшыраған жәбірленушіден жауап алу  алдында оны жүбатып, онын қауіпсіздігіне құқық қорғау органдары кепілдік бере алатынын түсіндіруі кажет. Одан кейін тергеуші келесі сұрақтарды анықтауы кажет:

—  тонау  немесе қарақшылық шабуыл қайда және қашан болды;

—  жәбірленуші  қандай себеппен қылмыс жасалған жерде  болды;

—  тонау  немесе қарақшылық шабуыл кезінде оқиға калай дамыды (қылмыскер немесе қылмыскерлер нақтылы не істеді, не айтты, жәбірленушіге катысты қолданған күш көрсету немесе күш көрсетем деп қорқыту неден байкалады және т.б.);

—  егер қылмыскерлер каруланған болса, қандай қарумен қаруланған және оның белгілері;

—  тонау  немесе қарақшылық шабуыл барысында жәбірленуші қандай әрекет жасады (қылмыстық әрекетті тоқтатуға немесе кылмыскерді ұстауға әрекет жасаған-жасамағаны, қарсылық көрсеткен-көрсетпегені, көмекке шақырған-шақырмағаны жәнет.б.);

—  тонау  немесе қарақшылық шабуылдың жәбірленушіге келтірген зардабы қандай (қылмыскер одан не алып кетті, материалдық зиянның мөлшері қандай,   жәбірленушіге қандай дене жарақаты келтірілді);

— қылмыскерлердің белгілері қандай, жәбірленуші қылмыскерді тани ала ма, олар қай бағытта жасырынды;

— ұрланған бұйымдардың белгілері кандай;

— тонау  немесе қарақшылық шабуылдан кейін жәбірленуші не істеді;

— болған окиғаны  кім керді немесе кім көруі  мүмкін және т.б.

Сұрак-жауап  барысында жәбірленушіден мейлінше толық және нақты жауап алуға  тырысу кажет. Әсіресе қылмыскердін белгілері және ұрланған мүліктердің  белгілері мен ерекшеліктері  егжей-тегжейлі суреттелуі тиіс. Қылмыскерді  суреттеу барысында «ауызша суреттеу»  ережелері мен терминдерін мүмкіндігінше  кең қолданған жөн. Қылмыскердің ерекше белгілерін (меңдерін, қалдарын, тыртықтарын, сүйелдерін, та-туировкаларын) және киімдерінің ерекшеліктерін айқындап жазып алу маңызды. Ұрланған заттарға келетін болсақ, оларды хаттамаға  егжей-тегжейлі суреттеумен қатар, жәбірленушіден ұрланған заттардың  құжаттарын (төлқұжат, кепілдеме талоны) немесе оларға тиісті бұйымдарының (қосалқы  түйме, мата қиын-дысы, фотоаппарат  қорабы) сакталып қалған-калмағанын анықтау  кажет. Егер қылмыскерлер киімдерді  алған болса, онда киімнің қалтасында не болғаны анықталады.

Қарақшылык  жайлы іс бойынша, егер жәбірленушіге  күш қолданылған болса, тез арада  жәбірленушіні куәландыру және онын, киімін қарау жүргізілуі тиіс. Сот-медициналык  сараптамасын жүргізу кезінде жоғалып  кетуі мүмкін, жәбірленушінің денесіндегі  күш көрсету іздерін (көгерген жер, қанды сүйел-дер) сондай-ақ оның киіміндегі закымдалған ластанған іздерін  де айқындап, бекітудің дәлелдемелік маңызы зор.

Информация о работе Меншікке карсы кылмыстар