Курыстык жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 21:18, курс лекций

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті.

Содержание

Кіріспе
Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер
Мұрагерлік түсінігі және мазмұны
Мұрагерлік құқық түсінігі
Мұрагерліктің маңызы
Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері
Мұра мирасқорлығы
Мұрагерліктің негіздері
Мұраның құрамы
Мұраның ашылу орны және уақыты
Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік
Заңды мұрагерлік
Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк
Өсиет бойынша мұрагерлік
Өсиеттің нысаны
Талап қойылған өсиет
Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк
Нотариатта куәландырылған өсиет
Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер
Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту
Өсиеттiң құпиясы
Өсиетке түсiнiк беру
Өсиеттiң жарамсыздығы
Өсиеттiк бас тарту (легат)
Жүктеу
Өсиеттiң орындалуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

курыстык жумыс.doc

— 190.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе 

Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер 

Мұрагерлік түсінігі және мазмұны 

Мұрагерлік құқық түсінігі 

Мұрагерліктің маңызы 

Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері 

Мұра мирасқорлығы 

Мұрагерліктің негіздері 

Мұраның құрамы 

Мұраның ашылу  орны және уақыты 

Заң бойынша және өсиет бойынша  мұрагерлік 

Заңды мұрагерлік 

Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк

Өсиет бойынша мұрагерлік 

Өсиеттің нысаны 

Талап қойылған өсиет 

Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк 

Нотариатта куәландырылған өсиет 

Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн  өсиеттер 

Өсиеттiң күшiн жою және оны  өзгерту 

Өсиеттiң құпиясы 

Өсиетке түсiнiк беру 

Өсиеттiң жарамсыздығы 

Өсиеттiк бас тарту (легат) 

Жүктеу 

Өсиеттiң орындалуы

Қорытынды 

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық  Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде  бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар  Азаматтық  Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімінің болмауы республикадағы экономикалық қатынастарды реттеуді қиындатты. 1963 жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық Кодекстің нормалары нарықтық экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс жүзінде қолданылды. Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Бірақ оның бәрі - жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақтайды.

    Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы  құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.

    Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық - Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты.

    Курстық жұмыстың мақсаты - мұрагерлік құқықпен байланысты проблемаларды талдау. Осы мақсаттан туындайтын міндеттер: мұрагерлік құқықпен байланысты Қазақстандық заңдарды және Халықаралық құқықтық реттеуді талдау, жүйелеу және зерттеу.

    Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті акттермен, мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық құқық негіздерімен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі. Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.

Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі  үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.

Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылыми одан әрі  творчестволық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау  үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.

Азаматтық құқығында  мұрагерлік құқық қатынастары үлкен  маңызы бар.

Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.

Мұрагерлік өсиет  және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл  мұраның тағдыры айқындалмаған  кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген  өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Өсиет қалдырушы  өсиет бойынша мұрагерге мұра есебінен өсиеттік бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бір немесе бірнеше адамның пайдасына қандай да болсын міндеттемені орындауды жүктеуге құқылы.

Өсиеттік бас  тартудың нысанасы мұраның, иеленудің  құрамына кіретін заттарды бас тартылушының меншігіне, пайдалануына немесеөзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін белгілі құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін белгілі бір жұмысты орындау, оған белгілі қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкін.

Бұл курстық жұмыс өсиет бойынша мұрагерлік атты проблемаларды қарастырады.

                Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер

Мұрагерлік  түсінігі және мазмұны

   Мұрагерлік-қайтыс болған  азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің  басқа адамға (адамдарға)-мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.

   Мұрагерлік түсінігін анықтаған  кезде келесі жағдайларды ескеру  керек:

  1. құқықтар мен міндеттер мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы арқылы өтеді;
  2. азаматтық кодексте тыйым салынған құқықтар мен міндеттерден басқа барлық құқықтар мен міндеттер мұрагерге өтеді;
  3. мұраны қалдыру ережесі, мерзімі және т. б. мұраны қалдырған  кездегі заңмен реттеледі.

Мұрагерлік  құқық түсінігі

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық  Кодексінің 6 бөлімі «Мұрагерлік құқық» деп аталған. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Пленумының шешімінде «мұралық» термині қолданылды. Көптеген әдебиеттерде және тәжірибеде бұл екі термин синоним сияқты қолданылады. Іс жүзінде бұл екі термин әртүрлі. Мұралық құқығы - сол тұлғаның субъективті құқығы. Мұрагерлік құқық-мұра мирасқорлығымен байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 2 тармағында «мүлекке және мұралыққа заң кепіл береді» делінген. Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүліктің басқа адамға (адамдарға) – мұрагерлерге ауысуы.

Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық  мирасқорлығы талаптарымен, егер Азаматтық  Кодекстің 6-бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас  нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.Мұрагерлік ҚР Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда өзге заң актілерімен реттеледі.Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді.Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.Заң ғылымында құқықтық қатынас күрделі жүйе ретінде қарастырылады, ол жеке үш элеметтерден тұрады. Олар;субьект, обьект және мазмұн (субьективтік құқық пен міндет)Мұрагерлік құқықтық қатынастың субьектісі мұрагерлік құқықтық қатынасқа қатысушы тұлғалар, яғни мұра қалдырушы мен мұрагер болып табылады.

Мұрагерлік құқықтық қатынастың обьектісі  мұрагерлік құқықтың негізіне сәйкес, мқра қалдырушының мүліктік жиынтықтарының (соның ішінде мүліктік құқығы мен міндеті) біріңғай тұтас нәрсе ретінде мұрагерлеріне аусу болып табылады.Өсеиеттік бас тартушылыр (легаттар) дербес субьект бола алмайды.Нотариус қатысты субьект болып табылады. Мұрагерлік құқықтық қатынас құрамының үшінші элементі мазмұн болып табылады.Мұрагерлік құқықтық қатынастың мазмұны ҚР-ның АК-де белгіленген мұрагерлік құқыққы қатысушы тараптардың құқығы мен міндетінің жиынтығы.Мұрагерлік құқық субьектілердің одаг әрі қарай заңдық қатынастарда тағдырын анықтау, осы қатынасқа құқығы бар тұлғаларды анықтау үшін тұлғаның қайтыс болуына байланысты пайда болатын құқықтық қатынастардың сипатын сараптауымыз қажет. Ревалюциядан бұрын орыс цивилистері заңдық қатынастарды (қазіргі құқық қатынас) субьективтік құқық деп түсінген, яғни өзге тұлғалардың қажеттерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырған, ол екі тұлға арасында байланыс сияқты, өзара талаптар мен міндеттерді белгілеген. Қазіргі уақытты құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысын айтуға болады.Осыдан мұрагерлік құқықтық қатынасты түсіндіруге болады. Яғни, қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамдарға (мұрагерлерге) аусуына байланысты реттейтін қоғамдық қатынастар.Мұрагерлік құқықтық қатынастың субьективтік құрамын сипаттаған кезде, сонымен қатар осы субектілердің құқықтық қатынастармен, олардың құқықтық статусы туралы айтатын болсақ, ең алдымен ҚР-ның АК-дегі осы субьектілердің нақты нормаларда қалай аталатынына тоқталайық. «Мұрагерлік құқық бойынша аусатын мүлік иесінің» аталуы әр түрлі. Бір жерде қайтыс болған азамат ҚР-ның АК-нің 1038 бабында кейбір жерде мұра қалдырушы ҚР-ның АК-нің 1040 бабы, 1042 бабы, 1043 бабы, 1044 бабы, 1045 бабы және т.б.., кейбір жерде өсиет қалдрушы ҚР-ның АК-нің 1046 бабы, 1047 бабы, 1048 бабы, және т.б деп көрсетілген.Бір баптың өзінде екі түрлі атаумен де аталатын ережелер кездеседі.Мәселен,ҚР-ның АК-нің 1046 бабында «өсет қалдырушы» және «мұра қалдырушы» деп көрсетілген. Бұл жағдайларда құқық қолдану кезінде бірдей талқылауда кедергі жасауы мүмкін.Әрине бұл сөздер «бір тұлғаға қатысты» екенін түсінікті, дегенмен де құқық қолдану органдардың, әсіресе соттардың шешімі кезінде, мұндай жағдайларды жібермеу керек. Өйткені азаматтық заңның өзінде бұл келеңсіздікке қатысты арнайы бап қарастырылады.ҚР-ның АК-нің 6 бабына сәйкес, «Азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөздердің дәлме-дәл мәніне сәйкес түсінілуі тиіс.Заң қалыптарының мәтінінде қолданылған сөздерді әр түрлі түсінуі мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конститутцияның ережелеріне және азаматтық заңдардың осы тарауда, ең алдымен оның 2-бабында баяндалған негізгі қағидаттарна сай келетін түсінікке басымдық беріледі»деген.

«Қайтыс болған азамат», «мұра қалдырушы», «өсиет қалдырушы» ұғымдарын біріңғай түсіндірсек.ҚР-ның АК-нің 1046 бабында, «қайтыс болған азаматты»,2ұғымда көрсетсек, яғни мұра қалдырушы және өсиет қалдырушы.Нақты тоқталып өтсек, ҚР-ның АК-нің 1046 бабаының 6 тармағында, «мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағанан кейін кез келген уақытты күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес» деген.Мұнда «мұра қалдырушы» ұғымы тектік мағынада айтылады.Себебі,қайтыс болған азамат өсиет қалдырғанымен, оны қайта өзгертуге болады деген сөз, қайтыс болған азамат өсиет қалдырмауы да мүмкін дегенді білдіреді.

«Өсиет қалдырушы» ұғымы тек  өсиет қалдырған азаматқа қатысты айтылады,мұраға қатысты түрлі ұғымды айтылып тұр. Өсиет қалдырмай, қайтыс болған адамды немесе мұра заңды мұрагерлік негізде жүзеге асатын болса, қайтыс болған азаматты өсиет қалдырушы деп айта алмаймыз. ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 7 тармағына сәйкес,«мұра қалдырушының өсиетте өзі мүрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік еті міндетін жүктеуге болады», деген.Мұнда мағынасына қарай түрлі ұғымға қатысты айтылғандықтан «мұра қалдырушы» ұғымын «өсиет қалдырушы» ұғымына ауыстыру ұсынылады.Себебі, мұнда тек өсиетке қатысты, өсиет бойынша туындайтын құқықтық қатынастар туралы айтылып тұр. Бұл жерде «Мұра қалдырушы» тектік ұғымда, ал «өсиет қалдырушы», «қайтыс болған азамат» және т.б түрлі ұғымда айтылады.Тектік ұғым жалпы түп негізін кең ауқымды түсіндіретін ұғым.Түрлі ұғым тектік ұғымның белгілі бір бөлігі ретінде түсіндіріледі. Сонымен, мұрагерлік құқықтық қатынастардың субьектілеріне қатысты «Мұра қалдырушы» ұғымы «өсиет қалдырушы», «қайтыс болған азамат» және т.б ұғымдарына қарағанда тектік мағынада берілген.

Бұл бөлімшеде, сонымен қатар мұраның  ашылуы, мұраның ашылу орны, лайықсыз мұрагер мәселелері қарастырылады.Осы  мәселелерге қатысты келесі мен-жайларды айтуға болады. Біріншіден, мұрагерлік мүліктік құқықтық қатынастардың жиынтығы нақты заңды фактілерге байланысты –мұра қалдырушының өлімі. Екіншіден, мұраның ашылуы уықытына анықтама бере отырып, заң шығарушылар коммориенттерге қатысты ережелерге бірнеше мәселелердің шешуін тапқан, мысалы, ьір күнде қайтыс болған адамдар бірінен кейін бірі мұрагер бола ала ма доқ па немесе мұраның ашылу орны бойынша жаңа критерийлер ұсынылған. Үшіншіден, бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-нің заңдарына қарағанда лайықсыз мұрагер деп танылған тұлғаларға қатысты ережелер нақты, түсінікті және олардың кінәлары анықталған. Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету үшін ниет негіз болып табылады

Информация о работе Курыстык жумыс