Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2015 в 18:03, курсовая работа

Краткое описание

Мен осы курстық жұмысын орындаудан бұрын алдыма мынандай мақсат қойдым:
1. Кісі өлтіруді тергеу әдістемесін саралау зерттеу, сонымен қатар методикалық ңұсқалар келтіру.
Бұл мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер анықталды:
1. Кісі өлтіруді тергеу әдістеме криминалистикалық сипаттамасына талдау жасау;
2. Кісі өлтіруді кейбір жекелеген түрлері бойынша тергеу әдістемесін зерттеу, талдау жасау, сонымен қатар теория тұрғысынан методикалық ңұсқау беру.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................4
1. КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ .................6
1.1 Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы.....6
1.2 Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы....................................................8
2. КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНІҢ ШАРТТАРЫ..................................................................13
2.1 Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістеме сатылары ......................13
2.2 Оқиға болған жерді, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау............................................................................................................................15
3. КІСІ ӨЛТІРУДІҢ БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ....20
3.1 Сот медициналық сараптамасын тағайындау, куәландыру әдістемелерінің сипаттамасы....................................................................................20
4. КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ЖЕКЕ ТҮРЛЕРІН ТЕРГЕУ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................................................24
4.1 Кісі өлтірудің жеке турлерін тергеу криминалистік әдістемесі ерекшіліктері..............................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ажар.docx

— 63.57 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................4

 

1. Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесі .................6

    1.1 Қылмыстық іс қозғау және кісі  өлтірудің криминалистік сипаттамасы.....6

    1.2 Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы....................................................8

 

2. Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесінің алғашқы кезеңінің  шарттары..................................................................13

     2.1 Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістеме сатылары ......................13

     2.2 Оқиға болған жерді, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау............................................................................................................................15

 

3.  Кісі өлтірудің бастапқы және кейінгі тергеу әдістемесі....20

     3.1 Сот медициналық сараптамасын тағайындау, куәландыру әдістемелерінің сипаттамасы....................................................................................20

 

4. Кісі өлтірудің жеке түрлерін тергеу криминалистік әдістемесі............................................................................................................24

     4.1 Кісі өлтірудің  жеке турлерін тергеу криминалистік  әдістемесі ерекшіліктері..............................................................................................................24

 

Қорытынды...........................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Адамға қарсы жасалатын қылмыстардың ішінде ең қауіптісі кісі өлтіру қылмысы болып табылады. Бұл қылмыстарды ашу ерекше қиын және жұмыс көлемі үлкен болғандықтан, кісі өлтіру бойынша істерді күрделілігіне қарап, жоғары категорияға жатқызуға болады.

Кісі өлтіру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабында қарастырылып, айтылғандай бұл басқа адамға, құқыққа қарсы қасақана келтірілген өлім болып табылады.

       Кісі өлтіру туралы қылмыстық іс қозғау негіздері мыналар:

а) Кісі өлтіру белгілері бар мәйіттің (немесе оның бөліктерінің) табылуы;

ә) Өлтірілуі мүмкін екендігі нұсқалған жағдайда адамның жоғалуы;

        Мәйіттің (немесе оның бөліктерінің) табылған жағдайында іс қозғау туралы мәселені шешу-ерекше қиыншылықтар тудырмайды.

         Егер оқиға болған жерде мәйітті қарағанда қасақана кісі өлтірілгенін, өзін-өзі өлтіргенін немесе жазатайым жағдайда өлгенін анықтау қиын болса, осы мәселені тергеу барысында шешу үшін қылмыстық іс қозғау қажетгілігі өзінен-өзі туатындығы белгілі.

        Дене зақымын келтіру арқылы жәбірленушіні өмірінен айыру немесе мұндай мақсатсыз кісі өлтірушілікке қастандық жағдайларында да мәселе оңай шешіледі.

       Адам жоғалған жағдайда іс күрделі бола түседі. Өйткені, із-түссіз жоғалушының қай жерде екендігі жайлы мәліметтердің жоқтығы, оның өзінің жақындарына қайда және неліктен жоғалғандығын хабарлау мүмкіндігінің болмауы. Сондықтан адам жоғалуына байланысты іс қозғар алдынан тексеру жүрізіледі, оның мақсаты: жоғалған адам тірі ме, болмаса оның жоғалуы зорлап өлтіруге байланысты ма екенін анықтау.

      Егер тексеруде жоғалған адамды белгілі бір мерзімге дейін ешкім көрмесе немесе одан хабар болмаса, ол туыс-туғандарына бармаса және туыстарына өзінің бір жаққа кеткендігін хабарламаса, ол өзі тұратын үй басқармасын, жұмыс орнын немесе оқитын жерін және басқа да ұйымдарды хабарландырмаса, ал оның жеке құжаттары және нәрселері үйінде қалса, оның бір жаққа кетуі туралы ойлары белгілі болмаса, онда жоғалған адамның зорлықпен өлтірілуі мүмкіндігі негізді деп есептеліп, оның өлтірілуі туралы қылмыстық іс қозғалады.

      Мен осы курстық  жұмысын орындаудан бұрын алдыма  мынандай мақсат қойдым: 
1. Кісі өлтіруді  тергеу әдістемесін саралау зерттеу, сонымен қатар методикалық ңұсқалар келтіру. 
       Бұл мақсатқа жету үшін  мынандай міндеттер анықталды: 
1.   Кісі өлтіруді тергеу әдістеме  криминалистикалық сипаттамасына талдау жасау; 
2.    Кісі өлтіруді кейбір жекелеген түрлері бойынша тергеу әдістемесін зерттеу, талдау жасау, сонымен қатар теория тұрғысынан  методикалық ңұсқау беру. 
     Осы жұмысты орындау барысында мынандай зерттеу әдістемесі қолданды: 
1.    Диалектикалық әдіс 
2.    Салыстырмалық әдіс 
3.     Талдау және саралау әдістері 
4.    Теория мен тәжірбені ұштастыру әдістемесі.

     Қылмыс - қоғам үшін  қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел  көрінісі, ол заң тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе  әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс  алуан түрлі болып келеді.Сондықтан  саналы азаматтар құқық қорғау  органдарына көмек көрсетіп отыруы  тиіс. Егер  ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.  
 
 
    

 

 

1. Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесі

 

1.1 Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы

 

        Адамға қарсы жасалатын қылмыстардың ішінде ең қауіптісі кісі өлтіру кылмысы болып табылады. Бұл қылмыстарды ашу ерекше қиын және жұмыс көлемі үлкен болғандықтан, кісі өлтіру бойынша істерді күрделілігіне қарап, жоғары категорияға жатқызуға болады.

      Кісі өлтіру Қазакстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабында қарастырылып, айтылғандай бұл басқа адамға, құқыққа қарсы қасақана келтірілген өлім болып табылады [1].

Кісі өлтіру туралы қылмыстык. іс қозғау негіздері мыналар:

а) Кісі өлтіру белгілері бар мәйіттің (немесе оның беліктерінің) табылуы;

ә) Өлтірілуі мүмкін екендігі нұсқалған жағдайда адамның жоғалуы;

      Мәйіттің (немесе оның бөліктерінің) табылған жағдайында іс козғау туралы мәселені шешу-ерекше қиыншылықтар тудырмайды.

      Егер оқиға болған жерде мәйітті қарағанда қасақана кісі өлтірілгенін, өзін-өзі өлтіргенін немесе жазатайым жағдайда өлгенін аныктау қиын болса, осы мәселені тергеу барысында шешу үшін қылмыстык іс козғау қажеттілігі өзінен-өзі туатындығы белгілі.

      Дене зақымын келтіру арқылы жәбірленушіні емірінен айыру немесе мұндай мақсатсыз кісі өлтірушілікке қастандык жағдайларында да мәселе оңай шешіледі.

      Адам жоғалған жағдайда іс күрделі бола түседі. Өйткені, із-түссіз жоғалушының кай жерде екендігі жайлы мәліметтердің жоқтығы, оның өзінің жақындарына қайда және неліктен жоғалғандығын хабарлау мүмкіндігінің болмауы. Сондықтан адам жоғалуына байланысты іс козғар алдынан тексеру жүрізіледі, -оның мақсаты: жоғалған адам тірі ме, болмаса оның жоғалуы зорлап өлтіруге байланысты ма екенін анықтау.

     Егер тексеруде жоғалған адамды белгілі бір мерзімге дейін ешкім көрмесе немесе одан хабар болмаса, ол туыс-туғандарына бармаса және туыстарына өзінің бір жақка кеткендігін хабарламаса, ол өзі тұратын үй басқармасын, жұмыс орнын немесе оқитын жерін және басқа да ұйымдарды хабарландырмаса, ал оның жеке құжаттары және нәрселері үйінде қалса, оның бір жаққа кетуі туралы ойлары белгілі болмаса, онда жоғалған адамның зорлықпен өлтірілуі мүмкіндігі негізді деп есептеліп, оның өлтірілуі туралы қылмыстык іс қозғалады.

 

    1. Кісі өлтірудін криминалистік сипаттамасы

          

         Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасын мына элементтер құрайды: қылмысты жасыру; қылмыскердің жеке тұлғасы мен жәбірленуші туралы мәліметтер.

Қылмысты жасалу тәсіліне карай кісі өлтіруді екі негізгі түрге бөліп қарауға болады:

— ашық түрде кісі өлтіру, яғни кісі өлтірушінің жанында оны білетін адамдардың болуы.      Егер көрген адам болмаған жағдайдың өзінде де, кісі өлтіруші өзінің істеген ісін және кінәсін жасырмаған жағдайда.

— жасырын түрде кісі өлтіру, яғни қылмыстың ешкім көрмеген жағдайда жасалуы, кылмыскердің өз кінәсін белсенді түрде жасыруға тырысуы, куәгерлер катынасқан жағдайдың өзінде бейтаныс адамның қылмыс жасап, жауапкершіліктен құтылып максатын іске асыруы.

      Қылмыстың бұл түрі тергеу үшін күрделі болады. Тергеу әдістемесін жасағанда кісі өлтірудің әдістерін зертгеумен қатар, олардың қылмыстарын жасыру тәсілдерін де зерттеу керек. Кісі өлтірушілер көбінесе бір нәрсені теріс көрсетуге тырысып, түрлі айла жасайды.        Әр түрлі жағдайларға сәйкес олар: табиғи болған өлім, өзін-өзі өлтіру, жазатайым жағдайда, абайсызда бол-ған өлім және т. б. көріністер.

       Кылмыстының айлаларын анықтау барысында мына негізгі факторларға көңіл бөлінуі кажет: жәбіренушілерге өлтіру уақытында жасалған закымдардың сипаттамасы және өзін ақтайтын дәлелдердің шынайылығы.

Кісі елтірушілер мәйітті немесе оның бөліктерін жәбірленушінің кім екендігін танытпау үшін жасыруға тырысады. Мәйіт басының кесіліп алынуы, бүлдірілуі (құлақ, мұрын, ерін, көз шығарулары мүмкін), бас терісін сыпыруы, өртеуі суға батырылуы, дененің бөлшектелініп тасталуы мүмкін.

Қылмыскер өлім болған жердегі өз ізін және киіміне түскен таңбаларды жоюға тырысады. Іздер мен басқа да заттай айғақтар сәйкес материалдары болуға, кылмыскердін іс-әрекетгері туралы айтуға мүмкіндік береді.

       Өлтіру құралдарындағы қол іздер кейде кісі өлтірушінін солакай екендігін анықтауға мүмкіндік туғызады.

      Қылмыс жасау тәсілдері туралы мәліметтерді пайдаланып, негізгі түлағалардың арасынан қылмысты кім жасағанын аныктап, болжауға болады.

      Қылмыстар деректі жағдайда жасалынады. Жағдайды зерттеп, қылмыскер мен жәбірленушінің әрекеттеріне әсер еткен объективтік факторларды, окиға тетігін, өлтіру тәсілдерін анықтауға болады [1].

      Мысалы: қаладан алыс емес (ағаш отырғызылған) жерден жас ер адамның мәйіті табылған. Мәйіттің, жанында жатқан қанды еске түсіретін, қызыл қышқыл түсті шаш жабысқан үлкен тас, тергеушінің пікірінше кісі өлтіру құралы деп танылды. Окиға болған жерде алыс-жұлыс іздері болмаған. Өлтірілген адамның жаңа костюмі мен аяқкиімі, қалтасында ақша болған. Осылар-дың бәрі өлтіру қасақана емес, таластан, кек алудан, жәбірленушінің таныстары тарапынан болған деген ойға әкелді [2].

      Қылмыскер мен жәбірленуші туралы мәліметтер криминалистік сипаттаманын, маңызды бөлігін құрайды. Оларды зерттеу, әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде жасалған қылмыстың себебі мен оларға әсер еткен жағдайларды ашуға көмектеседі. Көптеген адамдар қылмыс жасағандарына дейін жүйелі түрде қоғамдық тәртіпті бұзып, күш көрсетумен айналысатындығын байқатқан.

     Қылмыскерлер жүйелі түрде спирт ішімдіктерін шамадан тыс ішіп, құқық бүзу әрекеттерін мас күйлерінде жасайды. Өлтіру алдында жағдайлар болады, болашақ жәбірленушілер кей жағ-дайларда өздерін дұрыс ұстамайды. Көбінесе, әйелдер ерлерінің өмірі мен денсаулығына қастандык, жасайды: мастықтан, кол жұмсаудан, қорлық көрсетуден.

     Егер өлтіру себептеріне көңіл бөлінбесе, олар: бұзақылық пиғылдар, қызғанушылық, пайдақорлық, баска қылмысты жасыруға тырысуы және т.б. онда қылмыскердің жеке тұлғасы толық зерттелмейді.

     Кісі өлтірушілік қылмыстық-құқық классификациясы нормалар негізінің әр түрлі классификациясына жатады, олардың негізі болып субъективтік тараптың (кінә түрі, ниет пен мақ-саттары) моменттері болып табылады, өлтіру алдындағы жағдай, жәбірленушінің тәртібі (жан күйзелісі жағдайында, қажетгі қорғаныстан аскан жағдайда өлтіру), мұнда криминалистік классификация тәсілдері кең колданылады.

      Кісі өлтірушілік жасалу тәсілі бойынша олар дайындалып жасалған ба, әлде жок па, дифференциялануы мүмкін. Статистикалык мәліметтердің куәландыруы бойынша көптеген қылмыскерлер кісі өлтірушілікті дайындалмай жасайды, жәбірленуші өміріне қасаканалық кенеттен пайда болып, сол арада жүзеге асырылады.

     Болжамдар жасау негіздері:

- зорлықшыл өлім сипаты және оның тікелей себептері; жәбірленушінің жеке түлғасы;

- қылмыс жасалған орын; сезіктінің ену және кету жолы; кылмыскерлердің болжамды саны;

- жәрбірленушінің жеке байланыстары; қылмыскер өзімен бірге алып кеткен заттар;

- қылмыскерге жататын заттар; мәйіттің жатқан қалпы; мәйіттегі жараның сипаттамалары;

- өлтіру құрал-саймандары; жедел мәліметтер мазмұны.

       Қылмыс жасауда қылмыскер тандап алған тәсіл, әз кұрбандығымен қатынас жасау кезіндегі оның тәртібі, оның денесіндегі іздер осы адамның психикасындағы ауытқушылық, тетіктер туралы куәландырады және психиатриялык, наркологиялык мекемелерде есепте тұратын, тәртібі ерекше сипатталатын адамдарды іздеп табуға көмектеседі.

      Қылмыстың бұл түріне қылмыс іздерін жасыру бойынша шараларды кең тарату тиімді.     Бұл екі жағдаймен ескертіледі:

а) ауыр қылмысты жасағандығы үшін жауапкершіліктен бас тарту (зорлаған, құрбандықпен өлтіру);

б)  құрбандықпен байланысы бар (туысқандық, таныстық, қарым-қатынастық);

     Арасында сезіктілер болатын типтік тұлғалар тобына мыналар жатады:

а) сондай кылмыстармен бұзақылықтар үшін бұрын сотталғандар — 37 пайыз.

ә) жақындары мен таныстары.

б) жүйке ауруымен ауыратындар.

в)  қоғамға қарсы тәртіппен көрінген кәмелетке толмағандар топтары.

     Мәйітті бөлшектеу арқылы өлтірудің біразын жәбірленушінің туыстары немесе жақын таныстары жасайды, бұлар «тұрмыстық өлтірушілср» деп аталатындар: Әйелдер адам өлтірерде колдарына балға, балта, үтік, асхана пышағы т.б. алады.

Информация о работе Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесі