Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 19:34, реферат

Краткое описание

Жоспарлау мазмұнын анықтай отырып, тергеудi жоспарлау элементтерiне көңiл аудару қажет. Ондай элементтерге:
1. тергеулiк болжамдарды дайындау;
2. анықтауға жататын сұрақтар шеңберiн анықтау;
3. осы болжамдарды тексеруге бағытталған тергеу және жедел iздестiру шараларын таңдау;
4. осы әрекеттердi орындау ретi және оларға берiлетiн уақыт.

Содержание

1. Криминалистикалық тактика.
2. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
3. Тергеулік қарау және куәләндіру.
4. Тінту және алу.
5. Жауап алу және беттестіру.
6. Тану үшін ұсыну.
7. Тергеулік эксперимент.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реф тергеу кызмети.docx

— 56.71 Кб (Скачать документ)

Тергеулік қарау қағидалары (принциптері):

·        заңдылық;

·        дер кезінделік;

·        шыңайылық, толықтылық және жан-жақтылық;

·        мақсаттылық;

·        ғылыми-техникалық құралдар мен маман көмегін пайдалану;

·        табылған және қараудағы объектілермен жұмыс жасауда криминалистикалық ережелерді сақтау;

·        қарауды басқару тергеушінің жеке басына жүктеледі.

Тергеулік қарау түрлері  объектілер арқылы, жүргізу реті және көлеміне қарай жіктеліп жатады.

Объектілер арқылы тергеулік  қарау мыналарға бөлінеді:

–       оқиға болған жерді қарау;

–       мәйіттің сырт пішінің оқиға болған жерден табылғанда қарау;

–       құжаттарды қарау;

–       заттарды қарау;

–       жануарларды және олардың өліктерін қарау;

–       оқиға болған орынға жатпайтын аула мен бөлмелерді қарау;

–       көлік құралдарын қарау;

–       куәләндіру (адам денесін қарау).

Жүргізу реті (уақыты) бойынша:

–       алғашқы қарау;

–       қайталама қарау, яғни бұрын тергеулік қарауда болған әрбір объектінің келесі қаралуы; бұл жерде объект үстіндегі табылған іздердің барлығымен толық зерттеледі.

Көлемі бойынша:

–       негізгі қарау;

–       қосымша қарау – бұрын толық қаралған объектінің бөлек элементтерін қарау.

Оқиға болған жерді қарау  тергеудегі оқиға жағдайларын анықтауға  маңызы бар қылмыс іздері мен басқа  да мәліметтерді, сондай-ақ оқиға болған жердің жағдайын мақсатты түрде тез  арада қарастырып, зерттеп және бекітіп алуға бағытталған кідіртпейтін тергеулік әрекет болып табылады.

Оқиға болған жерді қарау  Қазақстан Республикасы Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 221, 222, 223–баптарына сәйкес жүргізіледі.

“Оқиға болған жер” және “қылмыс болған орын” деген екі  түсінікті ажырата білу керек.

Оқиға болған жер деп жасалған қылмыстың іздері табылған аула немесе бөлме аумағын айтады. Мұнда ескеретін бір жай қылмыс, іздер табылған жерде де, және басқа да жерде жасалуы мүмкін.

Қылмыс болған орын деп тікелей қылмыс жасалған немесе қылмыстық нәтиже пайда болған жерді айтады. Қылмыс іздері бұл жерден басқа жерде де табылуы мүмкін.

Оқиға болған жер қылмыс болған орынмен сәйкес келуі мүмкін және сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, кісіні пәтерде өлітіріп, оны бөлшектеп сойғаннан кейін (қылмыс орны) мәйіт бөлшектері орман, көл және басқа да жерлерге апарып тығылады. Әрбір мәйіт бөлшегі табылған орын оқиға болған жер ретінде қарастырылады.

Оқиға болған жерді қарау  барысында зерттеліп, бекітуге жататындар:

1)    аула бедері (рельеф), оқиға болған жердің табиғи және жасанды шекарасы;

2)    үй-жайдың, жаңындағы қосымша құрлыстардың, оларға баратын және келетін жолдарының орналасуы және сипаты;

3)    сол жердегі заттардың кеңістікте орналасуы, олардың бір-біріне қатысты жағдайы және арақашықтығы;

4)    заттардың мақсаттылық тұрғыдан орналасуы;

5)    қылмыс және қылмыскердің іздері;

6)    негативтік жағдайлар.

Негативтік жағдайларды  оқиға болған жерден табудың мағынасы өте зор. Оның себебі мұндай жағдайларды  талдау нәтижесінде қылмысты жасағансуды (инсценировка), яғни тергеудің нақтылы  бір нәтижесін қалайтын тұлғаның шын мәнінде болған оқиғаға сәйкес келмейтін жағдайды қолдан жасауды әшкерелеуге мүмкіндік туындайды.

Жасағансу мақсатына:

1)    шын оқиға белгілерін жасыру үшін нақтылы жерде басқа қылмыстың жасалғандығына сілтейтін жағдайды туғызу (мысалы, ұрлықты жасыру мақсатында шабуыл жасап тонау жағдайын туғызу);

2)    жасалған қылмысты жасыру үшін, қылмыстылық сипаты жоқ оқиғаны көрсету (мысалы, кісі өлтіруді жасыру мақсатында өзін-өзі өлітіру немесе абайсыздықтан өлуді жасағансу);

3)    жат қылық, қамсыздық, салақтық және тағы басқа әрекеттерді жасыру мақсатында қылмыстың жасалуын көрсету (мысалы, құжаттардың жоғалуын жасыру үшін, олардың ұрлануын жасағансу);

4)    қылмыс құрамының бөлек элементері туралы тергеушіні бояма өтірік жолға түсіру (мысалы, қылмысты басқа адаммен, басқа жерде және басқа мақсатта жасағандығын көрсету).

Оқиға болған жерді қарау  кезеңдері: 1) дайындық, 2) жұмыстық, 3) соңғы.

Оқиға болған жерге жатпайтын  бөлмелер мен аулаларды тергеулік  қарау объектілері ретінде өндірістік, сауда, қойма және тұрғылықты бөлмелер, әртүрлі аулалар жүреді.

Адам мәйітін табылған жерде сыртынан қарау оқиға болған жерді қарау барысында жүргізілуі мүмкін. Жағымсыз жағдайларда (мысалы, ауа райына байланысты) мәйіт морг ішінде қаралуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 224-бабына сәйкес адам мәйітін ол табылған жерде сыртынан тексеру тексерудің жалпы ережелерін сақтай отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің, ал оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда – өзге дәрігердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Мәйітті тексеру үшін басқа да мамандар тартылуы мүмкін.

Куәландыру – ол куәландырылатын  адамның тергеу оқиғасымен байланыста болғандығын көрсететін ерекше белгілерді және адам денесінен қылмыс іздерін  айқындау мақсатында жүргізілетін тергеулік қараудың ерекше түрі.

Тергеулік және сот-медициналық  куәландыруларды бір-бірінен ажырата білу керек. Кейінгісі сот-медициналық сараптаманың бір түрі болып саналады және ол келтірілген жарақат мерзімі, себебі, оның ауырлық деңгейі туралы мәселені шешу мақсатында сот медицина саласындағы маманмен жүргізіледі.

4. Тінту және алу    

 Қылмыскерлер жасаған  қылмыстарының іздерін жасыруға әртүрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, айғақ заттарды тығып қоюға тырысады. Құқық қорғау қызметкерлерінің, оның ішінде тергеушілердің басты міндетіне осы қылмысты ашуға қажетті дәлелдемелрді, айғақ заттарды тез арада ізін суытпай тауып алу жатады. Жоғарыда келтірілген заттық дәлелдемелрді тез арада тауып алу және осының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай ашуға көмек көрсететін тергеулік әрекеттердің біріне тінту жатады.

Тінту дегеніміз іске маңызы бар заттарды тауып алу мақсатында үй-жайды, қора-ауланы, көлік құралдарын және бөлек тұлғаларды еріксіз түрде  қарауға, сондай-ақ тергеуден бой  тасалап жүргендер мен мәйіттерді табуға бағытталған тергеу әрекеті.

Тінтудің заңдылық кепілдіктері:

–       тінтудің дәлелділігі, яғни оны жүргізуге негіз жеткілікті;

–       қарау әрекетін криминалистикалық талаптар мен адамгершілік қағидаларына толық сәйкестікпен жүргізу;

–       тінту нәтижелері мен барысын процессуалдық және тактикалық талаптарды сақтай отырып толтыру.

Тінту жүргізудің сатылары: алдын-ала, шолушылық, егжей-тегжейлік, соңғы.

Тінту жүргізу кезінде  негативтік жағдайларға да көңіл  аудару қажет (өмір сүру ерекшеліктері мен тінтілушінің жүріс-тұрысына). Оларға жататындар:

–       әдеттегі сұраныстан асып түскен заттардың саны;

–       тінтілушінің жеке басының қасиеттеріне табылған заттардың сәйкес келмеуі;

–       табылған заттардың әдеттен тыс сақталуы (құпиялы жерде, басқа зат түрімен бүркемеленген);

–       бөлек заттардың әдеттен өзгеше қасиеті, олардың белгісіз мақсаты;

–       қараудағы заттар жөнінде тінтілуші берген түсініктердің күмән туғызуы (қасиеттері, шығу тегі, сатып алу уақыты жайлы және т.б.);

–       мүдделі тұлғалардың затты тығуға немесе жоюға әрекет жасауы, тергеуші назарын басқа жаққа аударуы, қандай да бір затты қарау барысында ерекше қызбалық таныту және т.б.

Тінту барысында қолданылатын ғылыми-техникалық құралдар:

–       металл заттар мен қорытпаларды табу үшін пайдаланылатын магниттік іздегіш-көтергіштер;

–       іздеудегі объектілер дірілі мен шуын айқындау үшін қолданылатын акустикалық анализаторлар, стетоскоптар;

–       жарылғыш, наркотик заттарды, адамдарды табу үшін қолданылатын газды анализаторлар;

–       температурасы қоршаған ортадан бөлек болатын объектілерді (адам, жануар) табу мақсатында қолданылатын инфрақызыл детекторлар, тепловизорлар;

–       қабырға, заттарды зерттеу үшін қолданылатын рентген құрылғылары;

–       көрінбейтін жасырын бөгеттерді іздеу үшін пайдаланылатын телевизиондық құрылғылар;

–       ультрадыбыстық дефектоскоптар, бос жерлерді анықтаушылар, радиотолқындық аспаптар және басқалар.

Осы тергеу әрекетінің соңғы  сатысы – жүргізу барысы мен оның нәтижелерін бекіту.

Негізгі және қажетті бекіту құралы ретінде тінту хаттамасын толтыру жүреді. Тінту барысы мен  оның нәтижелерін бекітудің қосымша  құралы ретінде жоспар, сұлба, сызба, фотоға түсіру және бейне жазу жүреді. Кейінгісі құпиялы жерлер мен бүркемеленген объектілердің сақтау орны табылған кезде қоданылса көп нәтиже береді.

Алу дегеніміз іске қатысы бар заттарды немесе құжаттарды қандай да бір адамнан немесе мекемеден талап ету арқылы алуға бағытталған тергеу әрекеті. Аталмыш тергеу әрекеті заттар  мен басқа да объектілердің біреуде тығылып жатқан орны нақты түрде белгілі болған кезде жүргізіледі.

Алудың тінту әрекетінен айырмашылығы, бұл жерде алынған  заттардың өзі және жатқан орны белгілі  болғандықтан, тінтудегідей іздеу процесінің элементтері жоқ. Сонымен қатар  егер тінту әрекетін жүргізу үшін қылмыстық іс жүргізу заңы прокурордың  санкциясын қажет етсе, алуды жүргізу  үшін тергеуші немесе анықтама жүргізуші тұлғаның дәлелді қаулысы жеткілікті.

5. Жауап алу және беттестіру    

 Жауап алу дегенiмiз  істің дұрыс шешілуінде маңызы бар жағдайлар туралы көрсетулерді заңмен рәсімделген тәртіп бойынша жауап берушіден алуға бағытталған процессуалдық (тергеулік және соттық) әрекет.

Жауап алу кезінде нақты тактикалық жағдайларды сақтау арқылы нәтижелілікке жетуге болады. Олардың негізгілеріне:

–       жауап алу кезіндегі шапшандылық, яғни жауап алуда заңға қайшы келмейтін тактикалық тәсілдерді пайдалану кезінде тергеушімен ыңталықты өз қолында ұстап қалу;

–       жауап алудағы мақсаттылық, яғни шыңайы мағұлмат алу үшін жауап алуды алдын-ала ойластырып жүргізу;

–       жауап алудың объективтілігі және толымдылығы, яғни тергеуші алынған көрсетулерді өз көзқарасына сай қысқартуға және өзгертуге құқылы емес, сондай-ақ жауап алынатын адамға өз ойын жүктеуіне болмайды. Объективтіліктің кепілі ретінде жауап алынатын адамға жөн сілтеуші сұрақтар қоюға заңмен тыйым салынуы, ал толықтылық кепілі – мүмкіндік бойынша көрсетулерді ауызба-ауыз баяндау.

Жауап алудың мақсатына жетудің  қажетті шарты болып жауап  алынатын адаммен психологиялық  байланыс орнату табылады.

Психологиялық байланыс орнатудың  негізгі тәсілдері:

–       тергеуші қимылдарының шыңайылығына жауап алынатын адамның көзін жеткізу, тергеушіге сыйластықпен қарауға иландыру;

–       жауап алынатын адамды көрсетуге, тергеушімен сұқбаттасуға құмарландыру;

–       жауап алынатын адамның құқығын сақтауда және оның заңды мүдделерін қанағаттандыруда қамқорлық білдіру;

–       жауап алу барысында шиеленісушіліксіз іскерлік жағдай туғызу және оны қолдау;

–       жауап алу барысында әдептілік, ұстамдылық көрсету, тіл мәдениетін сақтау.

Жауап алу, басқа да тергеу әрекеттері тәрізді дәлелдемелерді алу, зерттеу және оларға баға беруге бағыттала отырып, үш негізгі сатыдан тұрады:

–       жауап алуға дайындық;

–       жауап алынатын адамнан ақпарат алу;

–       жауап алу барысы мен оның нәтижелерін бекіту.

Жәбірленушіден жауап  алу тактикасы куәдан жауап алу  тактикасымен ұқсас болғандықтан, оларды бірге қарастыруға болады. Алайда, жәбірленуші оқиға жағдайындағы фактілерді қате қабылдау арқылы және өзіне төнген қауіп-қатер арқасында істің нәтижесіне өзіндік құштарлық танытатын көріністерді ескерген жөн.

Куә мен жәбіленушіден  жауап алуды бес кезеңге бөлуге болады:

·        жауап алуға дайындық;

·        жауап алынатын адаммен психологиялық байланыс орнату;

·        жауап алынатын адамның өз еркімен баяндауы;

·        жауап алынатын адамға сұрақтар құрастыру;

·        жауап алынатын адамды көрсетулердің магниттік жазбасы және хаттамасымен таныстыру.

Жауап алынатын куә немесе жәбірленушіге қойылуы мүмкін сұрақтар түрлері: толықтырушы, дәлдеуші, ескертуші, бақылаушы.

Айыпталушының айғақ беруден  бас тарту әрекеттерін жеңіп шығуға қатысты тактикалық әрекеттер:

–       айыпталушының теріс көзқарас алып отырғандығына көзін жеткізу;

–       айыпталушымен бірге қатысқандардың айғақ беру фактісін пайдалану;

–       қылмысын әшкерелейтін бірге қатысқандардың айғағы, дәлелдемелерді ұсыну арқылы айғақ беруге ниеттендіру;

–       бірге қатысушылар арасындағы қарама-қайшылықтарды пайдалану.

Жауап алу барысында тергеуші алдында жалған айғақ беріп отырған куә немесе жәбірленуші, сондай-ақ сезікті немесе айыпталушы әрекеттерін әшкерелеу міндеті туындау мүмкін.

Информация о работе Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау