Криминалистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 21:24, реферат

Краткое описание

Криминалистикалық фотография - фототүсірілімдердің жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалстиклық мақсатта қолданудың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ФОТОГРАФИЯ.docx

— 374.48 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қорытынды

       Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын қолдануды процессуалды-криминалистикалық рәсімдеу

       Криминалистикалық фото-, бейне және дыбысжазбаларының қорытындылары процесуалды-криминалистикалық рәсімделгеннен кейін ғана тергеу процесіне толық қолданылуы мүмкін.

      Фототүсірілім қолданылған тергеу әрекеттерінің хаттамаларында келесі мәліметтер орын алуы қажет: фотосуретке түсірілген объектілер жайлы;

1. қолданылған фотографиялық құралдар (аппараттың типі, объективтің түрі, жарық фильтрінің маркасы және т.б.) туралы;

2. суретке түсірудің тәсілі мен жағдайы, жарықтандыру сипаты және түсірілім уақыты, оқиға болган жердің түсірілім нүктесі кестеде немесе жоспарда көрсетіле отырып хаттамаға бекітілуі тиіс;

4. қажет болған жағдайларда  алынған қорытындылар жайлы мәліметтер.

Хаттамаға тіркелетін фототүсірілімдерді фотокесте түрінде рәсімдеу қажет.

         Әрбір түсірілімнің астына тиісті нөмір қойып, қысқаша түсіндірме беру керек. Барлық түсірілімдерге тергеу органының мөрлері қойылып куәландырылады. Мұнда мөртаңбаның бір бөлігі фотосуреттің төменгі шеткі жағына, ал келесі бөлігі кесте парағының бетіне түсіріледі.        

        Фотокестелердің аты болуы керек, онда фотокесте қай тергеу әрекетінің хаттамасына бекітілгендігі және тергеу әрекетінің уақыты көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар хаттамаға тіркелетін түсірілімге тергуші қол қояды. Егер фотосуретке түсіруді басқа тұлға жүзеге асырган жағдайларда міндетті түрде олардың қолдары қойылады.

         Аталган кестелер, оның негативтері пакетке салынып, сәйкес түсініктемелер беріле отырып тергеу әрекетінің хаттамасымен бірге қылмыстық іске қосымша ретінде тіркеледі.

        Бейнефонограммадағы жөндеу жұмыстары жасалған бейнефонограмманы пленкі бөліктерімен бірге пакетке салып буып-түйіп және оны мөрлеп, қылмыстық іс материалдарына тіркеу қажет. Сонымен қатар, жүргізілген тергеу әрекетіне сәйкес бейнежазбаға түсірілген әрбір жеке участкелер, олардың әрқайсысының мазмұны және бейнежазбаны түсіру кезіндегі нақты уақыты хаттамада көрсетілуі тиіс. Тізімге тергеуші өзінің қолтаңбасын қояды. Бейнежазба аяқталғаннан соң оны қарап тексеру куәгердің және тергеу әрекетін жүргізу барысы мен оны түсіруші тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылып, хаттама толтырылады. Жауап алу барысында хаттамаға мүмкіндігінше бейнежазбаны қолдану кезінде жасалған бейнефонограммадан басқа да стенофонограммаларды да бекіту қажет. Бұл жауап алынушының әділетсіз берген жауабының нәтижесін дәлелдеуді қамтамасыз етеді,

            Криминалистикалық сараптама жүргізу барысында қолданылатын фототүсірілімдер сарапшының зерттеудегі қорытынды бөлімінен көрініс табуы қажет және мұнда міндетті түрде фототүсірілімнің түрі мен оның негізгі жағдайлары көрсетілу тиіс.Сарапшының қорытындысына ұсынылатын фототүсірілімдер, әдетте арнайы бланкіде фотокесте түрінде рәсімделеді. Әр фотосуреттің астына міндетті түрде анықтамалық қолтаңбалар қойылады. Егер фотосуретте қандай да бір (сәйкес, бірыңғай келетін немесе айыратын және т.б.) белгілер жасалған жағдайда фотокестеге бақылаушы фототүсірілімдер (сол фотосуреттер, бірақ еш белгі қойылмай) жапсырылуы қажет.Әрбір фотосурет сараптама мекемесінің мөрімен бекітіледі. Мұндай фотокестелердің басында, олар қандай қорытындыларға тіркелетіндігі (қорытындының нөмірі және оның жасалу уақыты мен сарапшының куәландыратын қолы қойылуы тиіс) жөнінде жазылуы керек.


Информация о работе Криминалистика