Денсаулыққа қасақана ауыр, орташа, жеңіл зиян келтіру түсінігі
Аттестационная работа, 09 Апреля 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қылмыстық занда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық зан қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыс құрамынын әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың кұрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінін жок болуы жуйенің болмауына, яғни қылмыс құрамынын тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапкы компоненттерді айтамыз.