Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 16:15, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Еңбек тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу. ТМД елдеріңдегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы (З.Н.Борисова, В.С.Нечаева, Р.С.Буре, Г.Н.Година, Т.А.Маркова, Д.В.Сергеева, А.Д.Шатова және т.б). Шет елдердегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы және тәжірибесі (Кейта Бакумта, П.Я.Миндлина. Э.М.Крарих, Г.Штейнер).
Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық кезқарастары /А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтурсынов/.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері
1.1 Балабақшаның әр түрлі тобындағы табиғат аясындағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы....................................................................................................7
1.2 Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері және оның
мазмұны..................................................................................................................10
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру
әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты
табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру......................................................................13
2.2. Табиғаттағы еңбек және оған балаларды
жұмылдыру............................................................................................................16
2.3 Мектепке даярлық топтарында табиғат аясындағы еңбек тәрбиесіне қатысты оқу іс-әрекетінің үлгі нұсқасы..............................................................21
2.4 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары..........................................................25

Қорытынды .........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсоваяяяя.docx

— 120.96 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Мектеп жасына  дейінгі балаларда экологиялық  білім беру арқылы еңбекке  тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері 
1.1 Балабақшаның әр түрлі тобындағы табиғат аясындағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы....................................................................................................7

1.2 Жас ерекшеліктеріне  сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері  және оның 
мазмұны..................................................................................................................10 
          2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру  
әдістемесі  
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты 
табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру......................................................................13  
2.2. Табиғаттағы  еңбек және оған балаларды  
жұмылдыру............................................................................................................16 
2.3 Мектепке даярлық топтарында табиғат аясындағы еңбек тәрбиесіне қатысты оқу іс-әрекетінің үлгі нұсқасы..............................................................21

2.4 Тәжірибелік-эксперимент  жұмыстары..........................................................25    

 
Қорытынды .........................................................................................................30 
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Еңбек тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу. ТМД елдеріңдегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы (З.Н.Борисова, В.С.Нечаева, Р.С.Буре, Г.Н.Година, Т.А.Маркова, Д.В.Сергеева, А.Д.Шатова және т.б). Шет елдердегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы және тәжірибесі (Кейта Бакумта, П.Я.Миндлина. Э.М.Крарих, Г.Штейнер).

Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық кезқарастары /А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтурсынов/.

Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу мақсаты, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің турлері. Өзін- өзі қызмет ету енбегіне баулумазмұны, әдістемесі. Шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің мазмұны, тәрбиелеу әдістемесі. Табиғаттағы еңбекке баулу мазмұны, әдістемесі. Балалардың қоленбегін ұйымдастыру, казақтың қолданбалы кол өнері, матадан ою-өрнектер қию туралы /Н.Қулжанова У. Ересектердің еңбегімен танысгару әдістемесі/А. Meнжанова/.

Балалар еңбегін ұйымдастыру формалары: кезекшілік, тапсырма беру, ұжымдық еңбек. Тапсырма беру түрлері. Кезекшіліктің түрлері және оны ұиымдастыру әдістемесі. Ұжымдық еңбекті өткізу әдістемесі. Отбасында еңбек тәрбиесін ұйымдастыру.

Өз беттерінше бөлме өсімдіктерін суару, жапырақтардың шаңын сүрту, балықтарды коректендіру, астауды жуу, оларға су құю және жем шашу.

Бөлме өсімдіктерінің көшеттерін отырғызуға, аквариумның суын ауыстыруға, қыстап қалатын құстарды қоректендіруге көңілін бөлу.

Еңбек құралдарын таза, ұқыпты ұстауға үйрету.

Табиғаттағы еңбек

Өсімдіктерді өз беттерінше суару іскерліктерін қалыптастыру.

Гүлзарлар мен бақшада жұмыс істеуге үйрету (жүйек жасау, тұқым себу, көшет отырғызу, суару, түбін қопсыту, егінді жинау).

Жолды қардан тазалауға, орындық үстінен қарды сыпыруға үйрету.

Қыс мезгілінде табиғат бұрышындағы құстардың азығы болатын өсімдіктерді өсіруге қатыстыру (тамыр жемістерді отырғызу, сұлы егу).

Қолданған еңбек құралдарын ретке келтіруге (тазалау, кептіру, өз орына қою) үйрету

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру: белгілі тәртіп бойынша киініп шешіну, киімінің түймесін қадау, аяқ киімінің бауын байлау. Заттарын ұқыпты бүктеуге, киімдерін ілуге, аяқ киімін тазалап, шкафқа қоюға, шкафтың есігін жабуға үйрету.

Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады. Сонау ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екінші ұстазы атанған Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектері ересен қазына. Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергі ұлы педагогтардың қай - қайсысы болмасын ақыл – ойдың, тілдің дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрі ұрпақ тәрбиесі дейтін ұлы мұратты жүзеге асыруда бізге жол сілтейді, демейді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Ал егер республикада мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесін нақтылай сөз етсек, бізде бұл мәселе әлі де болса түбегейлі зерттеле қоймағанын, жете дәйектелмегенін мойындауымызға тура келеді.

Дегенмен...жекелеген ғалымдардың білім беру, тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерінде баланы  дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдісіндегі орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет -табиғатты құдірет көзі деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазіргі педагогика саласында мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш класс оқушыларына еліміздің ғажайып табиғаты арқылы тәлім - тәрбие беру мәселелерімен педагог тәлімгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрменді шұғылданып жүр. Ғалымның бастауыш сынып балаларына тірі табиғат жайында ұғым беру мәселесіне арналған ғылыми еңбегі осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы ізденушілер, аспиранттар үшін сындарлы дүние. Өйткені бұл еңбек республика көлемінде бастауыш сынып балаларына табиғат жайында түсінік беру мақсатын діттеген, жергілікті табиғат ерекшелігіне сай ана тілінде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы.  Сондай-ақ тәлімгердің алты   т жасар және төменгі класс балаларына арналған  «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі» және басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзін қоршаған негізгі құралдарының бірі «Жыл он екі ай» кітабы болды. «Жыл он екі ай» кітабы 1965 жылдан бермен қарай жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбек. Жинақтағы әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш «Қыс», көктем, жаз, қыс, күз атты бөлімдерге топтастырылған. Талай жылдардан бері жарық көріп келе жатқан бұл әдеби күнтізбекте өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында түсінік қазақ балаларының ақыл-ойын, тілін дамыту мақсатында сәби қызығарлықтай етіп, кестелі тілмен жазылған. Оның құндылығы соншалық, бүгінгі күнге дейін мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларының сүйсіне тыңдап, қызықтап оқитын кітабының бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелерімен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерінде табиғат тәрбие құралы ретінде орын алады.Тәлімгердің «балабақшадағы тәрбие бағдарламасына» сай қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» (1—11) деген атпен херстоматиялық құрал болып, біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін өңделіп 1984 жылы жарыққа шықты. «Біздің кітапқа» енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық.

«Біздің кітапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгі түн», «Жазды күні» т. б. балалардың жыл мезгілі жайында алған білімдерін бекіту мақсатында қолдану тиімді, қазақ жазушыларының бір топ өлең - тақпақтары енген.

Сондай - ақ ғалымның «Балалар әдебиетінін хрестоматиясы» (1978 ж) атты еңбегі балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсініктерін әрі карай кеңейтіп, тереңдетуді көздеген. Кітапқа халық ауыз әдебиеті нұсқалары, табиғат құбылыстары мен жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты ауа - райының өзгеруін шебер суреттеген, Абай өлеңдерінен бастап қазіргі авторларды да қамтыған бірқатар шығармалар берілген. Балабақша тәрбиешісіне арналған «Өзіміз оқып үйренеміз», «Суретті қазақ тілі» атты кітаптарында балаларға табиғат жайында түсінік беретін сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгіме үлгілері берілген.

Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә. Табылдиев, А. Меңжановалардың «Әр қашан күн сөнбесін» (1977), «Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру тәжірибесінен» (1967) атты еңбектерінде балаларға табиғат құбылыстары, өсімдік - жануарларға арналған өлең - тақпақ , жұмбақтар берілген.

Жас бала өмірінің образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негізінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды тәлімгер. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейді педагог.

 Шакура Майғаранованың  «Алты жастағы оқушыларды ұзартылған  күн тобында тәрбиелеу методикасы» (1988 ж.) кітабында тәрбиешілер мен  ата-аналарға кеңестер, балаларды  табиғатпен таныстыру жоспарлары, ойын, еңбек, әңгіме үлгілері берілген. Мысалы «Тиын мен кірпі», «Кемпірқосақ», «Жауын», «Араның ұясы», т. б. Тіл  дамыту, еңбек, ән, бейнелеу өнері  сабақтары ашық аспан аясында, табиғатпен таныстыру сабағымен  тығыз байланыста болуы керек. Алты жастағы баланы табиғат  сырымен (жұпар иісі аңқыған гүл, жасыл желек жамылған ағаш, қалықтап  ұшкан құс) таныстыру арқылы олардың  бойында туған жерінің табиғатына  деген сүйіспеншілік сезімін  оятады. Табиғаттың сан алуан  сырларын түсіндіру арқылы бала  сұлулықты көріп-біліп оған қуанады, адамгершілік, мейірбандылық сезімдері  қалыпасады. Сондықтан да табиғат  құбылыстарына бақылауды жүйелі  түрде серуен, саяхат, сабақ кезінде  жиі ұйымдастырып тұру қажет.

Зерттеудің мақсаты: балаларды еңбек әрекетіне қатыстыру, оған оң көзқарастарын тәрбиелеп, алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Еңбекке және еңбек  ету ниетіне тәрбиелеу.

2. Жеке және ұжымдық  тапсырмаларды орындауға үйрету.

3. Тәрбиешінің көмегімен  жұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен  тапсырманы өз уақытында аяқтау іскерліктерін қалыптастыру.

4. Тапсырмаға жауапты (бастаған  істі аяғына дейін жеткізу  ниеті мен іскерлігі, адал және  сапалы орындау) қарауын қалыптастыру.

4. Балаларға еңбектің  маңыздылығын түсіндіру.

5. Жолдастары мен ересектерге  көмек көрсету талабын көтермелеу.

6. Өзінің және ересектердің  еңбегін бағалауға үйрету.

Зерттеудің болжамы: Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.

Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғаттағы еңбегін қалыптастыру жүйесі.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғаттағы еңбегін қалыптастыру үдерісі (процесі).

Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт тармақшадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдардан тұрады.

Кiрiспе бөлiмiнде зерттеудiң өзектiлiгi негізделіп, зерттеудің мақсаты, мiндеттерi, объектiсi, пәнi анықталды, зерттеу әдiстерi, зерттеудiң ғылыми болжамы ұсынылады, зерттеу кезеңдері, әдiснамалық негiзi, ғылыми жаңалығы сипатталады.

 

 

 

 

 

1 Мектеп жасына  дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу  түрлері  
және педагогикалық ерекшеліктері

  1. 1 Балабақшаның әр түрлі тобындағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы

 

 Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің басты нысанасы- баланы сәбилік шағынан қарапайым еңбек дағдыларына баулу, еңбек туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Балабақшадағы еңбек тәрбиелік- білімдік жұмыс жүйесін ұйымдастырудың амалы ретінде маңызды орын алады. Бау- бақшада, гүлзарларда және табиғат мүйісінде үнемі жұмыс жасау өсімдіктер мен жануарларға деген ынта- ықыласты арттырады, балалардың табиғаттағы заттарды сүюіне және оларға ұқыпты қарауына көмектеседі, еңбексүйгіштік пен басқа да адамгершілік саналарының қалыптасуына ықпал етеді. Істелген істің мәнін, оның мақсатын жете түсінуі үшін балалардың қандай да болмасын бір тәсілді меңгеріп қана қоймай, оның неліктен керек екендігін де түсінгендері өте маңызды. Сондықтан дәндерді себуді, көшеттерді отырғызуды, аквариумге суды үстеп құюды және басқа да еңбек түрлерін көрсете отырып, түсіндірулер арқылы толықтыру қажет болады. Балаларды еңбекке үйретуде қолданылатын әдіс түрлеріне үлкен адамдардың еңбегімен, тәрбиешінің өзінін еңбек үлгісімен  танысу, балаларға әртүрлі еңбек түрлерін тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешінің кейде бүкіл топтың істеген жұмысына баға беруі жатады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі