Еркіндік құқығы
Реферат, 25 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Құқықтық мемлекет құрудың және тұлға еркіндігін қамтамасыз етудің бірден-бір бастауы – конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету маңызды мемлекеттік міндет болып табылады. Заңдылық – бұл бүкіл қоғам мен мемлекет өмірінің іргетасы әрі қалыпты қызмет істеуінің ажырамас шарты. Президент Н.Назарбаев: «Қоғамды жаңғырту және демократияландыру жолындағы міндеттерді шешу еліміздің Конституциясы мен заңдарын қатаң басшылыққа ала отырып қамтамасыз етілуге тиіс. Заңға бойұсынуды санамызға сіңіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып қалады…», – деп бірнеше рет атаған болатын.
Прикрепленные файлы: 1 файл
каз кукыгы.docx
— 20.35 Кб (Скачать документ)Құқықтық мемлекет құрудың және тұлға еркіндігін қамтамасыз етудің бірден-бір бастауы – конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету маңызды мемлекеттік міндет болып табылады. Заңдылық – бұл бүкіл қоғам мен мемлекет өмірінің іргетасы әрі қалыпты қызмет істеуінің ажырамас шарты. Президент Н.Назарбаев: «Қоғамды жаңғырту және демократияландыру жолындағы міндеттерді шешу еліміздің Конституциясы мен заңдарын қатаң басшылыққа ала отырып қамтамасыз етілуге тиіс. Заңға бойұсынуды санамызға сіңіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып қалады…», – деп бірнеше рет атаған болатын.
Ал осы орайда Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету және Конституцияны уақыт талабына сәйкестендіру жолында Ата Заңның үстемдігін, тікелей қолданылуын және қорғалуын қамтамасыз етіп отырған Конституциялық Кеңеске маңызды рөл беріледі. Өзі қызмет атқарып отырған уақыт ішінде, мемлекетіміз ұстанған тұлға еркіндігінің кепілдіктерін нығайту, саяси өмірді қарыштап дамыту бағытында ол 140-тан астам нормативтік қаулы шығарып, Парламентке 15 жолдау жіберді.
Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы өзінің алғашқы жолдауларының бірінде Конституциялық Кеңес атап өткендей, Конституцияның қызмет атқаруы қоғамдағы конституциялық заңдылық режімін қамтамасыз етеді. Бұл саяси-құқықтық режім қоғам өмірінің барлық субъектілерінен конституциялық нормаларды қатаң және бұлжытпай сақтауды және орындауды талап етеді. Конституция мен заңдарды орындау – бұл өмірдің қажетті әрі тұрақты ережесі, ал заңдарды Конституцияға сәйкестендіру – конституциялық заңдылық сақталуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам.
Негізгі Заңның 74-бабына сай Конституциялық Кеңес ел Конституцияға сәйкес емес деп тапқан заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды немесе тиісінше бекітілмейді және күшіне енгізілмейді. Конституциялық Кеңес адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды. Конституцияның 78-бабына сәйкес «соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік- құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік-құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Азаматтардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің Конституция мен заңдарды сақтауға, «өзге адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге» міндеттілігі Конституцияның 34-бабында бекітілген конституциялық заңдылық талаптары арасында ең маңыздыларының бірі болып табылады. Конституция мемлекеттік органдардың қызметіне де осындай талаптар қояды. Мәселен, Негізгі Заңның 62-бабының 7-тармағында және 69-бабының 3-тармағында: «Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс…», сондай-ақ «Үкіметтің қаулылары және Премьер-Министрдің өкімдері Конституцияға, заң актілеріне, Республика Президентінің жарлықтары мен өкімдеріне қайшы келмеуге тиіс», – деп белгіленген.
Бұдан да маңыздысы, Конституция жеке тұлғаның құқықтары табиғи жолмен пайда болатындығы туралы доктринаны қабылдап, заңдар және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы адам құқықтары мен бостандықтарына қарай анықталады деп бекітті. Бұл конституциялық новелла халықаралық деңгейде танылған адам құқықтары саласындағы негізгі қағидаттардың бірі – жалпы адами құндылықтардың және тұлға еркіндігінің мемлекет алдындағы басымдығын алғаш рет жүзеге асырды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының және тұлға еркіндігі туралы өзге де маңызды халықаралық құқық актілерінің барлық ережелері Қазақстанның қолданыстағы Конституциясында баянды етілген.
Конституциялық Кеңестің бірқатар нормативтік қаулыларында тұлға еркіндігінің конституциялық өлшемдері айқындалған. Өзінің алғашқы қаулыларының бірінде (1996 жылғы 28 қазандағы № 6/2) Конституциялық Кеңес, адам құқықтары мен бостандықтарының тізбесіне мемлекет Республика Конституциясының және соған сәйкес келетiн басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердiң нормаларымен белгiлеген шекте кепiлдiк бередi. Адамның аталған құқықтары мен бостандықтарын абсолюттi деп тану олардың ел аумағында тұратын әр адамға, оның Республика азаматы болуы-болмауына қарамастан, қолданылады дегендi бiлдiредi. Конституция белгiлеген құқықтар пен бостандықтардан адамды ешкiм, соның iшiнде мемлекет те, Конституция мен соның негiзiнде қабылданған заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда, айыра алмайды.
Негiзгi Заңда адамның, оның құқықтары мен бостандықтарының ең қымбат қазына деп танылуы, конституциялық түрде ұйымдасқан қоғамның негiзiн құрайтын және әркiмге өзiн-өзi қалай ұстауын заң шеңберiнде таңдауына заңды түрде танылған және мемлекет қорғайтын мүмкiндiк беретiн консттуциялық құрылыстың түбегейлi қағидаты болып табылады. Конституцияның «Адам және азамат» деп аталатын II бөлiмiнде баянды етiлген адамның және азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтары, солардың iшiнде құқық субъектiсi ретiнде танылу құқығы, өмiр сүру құқығы, жеке басының бостандығына құқығы, қадiр-қасиетiне қол сұғылмауына құқығы, сөз еркiндiгi және басқалары, әркiмге тумасынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады және олардан ешкiм айыра алмайды, ал бірқатар құқықтар мен бостандықтар, оның үстiне, – ешбiр жағдайда да шектелмейтін құқықтар болып табылады.