Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабындағы «шумернаме» бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 12:58, доклад

Краткое описание

Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» еңбегі 1975 жылы алғаш рет 1975 жылы жарық көрді. Ол өзі бұл жайлы былай дейді: «1975 жылы алғаш орыс тілінде жарық көрген осы еңбегімнің содан бері қаншама жылдар өтсе де туған халқымның тілінде – қазақ тілінде жарық көре адмауы мен үшін аса өкінішті жайдың бірі еді. Әрине, оған сол кезеңнің саясаты, уақыт, заман кінәлі болатын. «Аз и Я» кітап болып басылып шыққан күнінен бастап Орталықтың қаһарына ілікті де, басқа тілге аудару, кітап етіп шығару былай тұрсын, шыққан кітаптың өзі түгел таралып үлгермей

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баяндама Коси.docx

— 27.49 Кб (Скачать документ)

     ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

     АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

            МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PHD  ДОКТОРАНТУРА ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

 

 

         Баяндама

Тақырыбы: «Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабындағы «шумернаме» бөлімі»

 

          Орындаған: Толымбекова А.Е.

                                     Қабылдаған: Қосымова Г.

 

                         

                               Алматы, 2013

 

 

    Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» еңбегі 1975 жылы алғаш рет 1975 жылы жарық көрді. Ол өзі бұл жайлы былай дейді: «1975 жылы алғаш орыс тілінде жарық көрген осы еңбегімнің содан бері қаншама жылдар өтсе де туған халқымның тілінде – қазақ тілінде жарық көре адмауы мен үшін аса өкінішті жайдың бірі еді. Әрине, оған сол кезеңнің саясаты, уақыт, заман кінәлі болатын. «Аз и Я» кітап болып басылып шыққан күнінен бастап Орталықтың қаһарына ілікті де, басқа тілге аудару, кітап етіп шығару былай тұрсын, шыққан кітаптың өзі түгел таралып үлгермей жатып дүкен сөрелерінен, кітапханалардан дереу жойылсын деген   үкіммен қуғынға түсті...Сөйтіп қуғынға түскенінее қарамастан кітаптың ешкім сызып тастай алмас өмірі жалғаса берді.Содан бері ғылымда қаншама өзгеріс, жаңалықтар, өзгерістер болды. Сөйтіп, міне, «Аз и Я» деген кітабым  қазақ тілінде жарық көрді». Бұл кітаптың аударушысы Сәбетқызы Ақатаев, өлең жолдарын аударған Қадыр Мырзалиев, арнаулы редакторы Сайын Мұратбеков бола тұғын. Бұл кітап екі бөлімнен тұрады. Сол еңбектің екінші бөлімі шумернаме, яғни түркі жазбалаларына арналған. Бұл кітаптың екінші бөлімінде түркілердің мәдени тарихына деген  еуропалықтардың жансақ пікірлері жайлы біраз пікірлер мен көзқарастар баян етіледі. Дәл ғылымда бар да,гуманитарлық, яки діл емес ғылымдар – тілтану мен тарих бар. Кейінгі екеуі жалған үнді-европалық нұсқауларын арқа тұтады. Бұлар 19 ғасырдағы Европада арийшілдік  індет негізінде қалыптасты да, соның кеселінен әлі де арыла алмай келеді. Адамзат баласының көне тарихы 19 ғасырдың саяси және мәдени картасына қарап отырып пайымдалды. Со лкездегі көшпелі ата-бабамыз көресісін ғылымнан көрді. Бұл жайлы автор былай баяндайды: «Олардың 19 ғасырдағы шұрқ-шұрқ тесік, жамау-жамау киіз үйлерін, қайыршылық тұрмысын көргенде европалық ғалымдардың жиіркеніп қапалғаны соншалық, мына құладүз дала мен Европаның арасында сонау көне замандарда мәдени байланыстар болу мүмкіндіігі туралы ойлаудың өзі күпірлік саналды... Г.Потанин  түркі-моңғол эпосының батыс европалық эпосқа тигізген ықпалына арналған кітабында кез-келген халықтың тарихы бірде тасып, бірде қайтып жататын толқын секілді екендігіне, оның мәдени шарықтау шегі мен құлдырау кезеңдері болатындығын ишара етіп, көшпенділердің шынайы мәдени бейнесін дәл көрсетуге тырысқан болатын. Бірақ ресми ғылым бұ л кітап жөнінде жұмған аузын ашпады. Тіпті сынағ да алмады. «Роланд туралы жырды» моңғол эпосымен қалай салыстырасың, бұл Луврды киіз үймен салыстырғанмен бірдей еді, әрине- дейді ғалым. Археологтар сол заманда европалық мәдениетттің тарихын дәріптейтін деректерді ғана іздеді. Енисей мен Орхон тастарындағы жазу Скандинавияның көне жазуларына ұқсайтын. Скандинавиялық халықтардан тек финдер ғана Азиядан шыққан. Демек, тастағы жазуларды солтүстікке аоа келген, бәлкім, солар болар?  деген тұжырымдамалар қалыптаса бастады. Финдер ібірліік жазу үлгілерінің тұңғыш атласын шығарды. Бұл атласқа Скандинавияның барлық мамандары назар аударды делінеді. Ол жазулардың оқу тәсілін 1893 жылы даниялық В.Томсон ашты. Жазу түркіше тілде жазылған болып шықты. Бұл оқиғадан кейін скандинавиялық ғалымдардың сібір жазуына деген көңілі тез суып кетті. Бірақ бұл хабар түркілердің өткен тағдырына деген теріс көзқарасты тойтара алған жоқ, тіпті, керіснше, түркі руникасын зерттеуге кері әсерін тигізді. Түркілердің жазуы ешбір дәлелсіз ирандықтардан алынған деген желеуге де иек артты.

       1970 жылдың  көктемінде  Алматы қаласына жақын Есік кентінің төңірегінен Алтай қорғандарына ұқсас ескерткіш табылды. Қорған б.д.д. 5-4 ғасырларға жатады. Еренқабырғаның жуан шыршасынан жасалған сағанаға жерленген жас көсемнің сүйегі төрт мың алтын әшекей бұйымдармен безендірілген: алтын кісе, алтын қару-жарақ, алтын дулыға...

      Есіктен  табылған бұйымдардың көркемдік тұрпаты Алтай, Қара теңіз жағасы мен Теріскей Қап тауының қорғандарынан шыққан алтын заттарға ұқсас. Есік қорғанынң сырт жағынан ойып таңбаланып жазылған тостаған табылды. Жазуды Орхон-Енисей әріптеріне ұқсас 26 таңба бар екен. Бұған да европалық ғалымдар баса назар аудармады. Бұл тостаған да арамей жазуынан, тегі Иран болуға тиіс деп тегіс жаба салды.

        Орхон-Енисей  жазуының  шығуы туралы мәселе 19 ғасырда даниялық ғалым В.Томсон  мен финн О.Доннердің еңбектерінде  тұңғыш та соңғы рет қарастырылды. Сібір руникасының Ираннан шыққандығы  туралы болжамды айтуын О.Доннер  айтса,да, кейін оны не қайта  қарап, толықтырып көрген еемес.  Күллі иран алфавиттерінің көне  түркі таңбаларымен жай салыстырғанда-ақ  неше түрлі сорақы сопаң етіп  шыға келетініне қарамастан, үндемеді. Авестина жазуы Иранда пайда  болып б.д.7 ғ.дейін қолданылды. Жорамал  бойынша Орхон-Енисей жазуы нақ  осы кезеңде пайда болған.

      1896-1897 жылдары  Әулие-Ата  (қазіргі Жамбыл облысы, Тараз қаласы) қаласының төңірегінен  В.А.Каллаур мен финн археологы  Гейккель екеуі Мунк және О.Доннермен бірлесіп, руникалық жазуы бар бес тас тапты. Кейбір әріптердің «С» тұлғасы бұрын аяқталғаан Орхон әріптерінен едәуір өзгешелеу екен, ал бірнеше әріптің ұқсас нұсқалары табылмады. Бұларды тауып, түсіндірмелер жазған авторлар Әулие-Ата әріптерінің   орхон жазуынан анағұрлым ертерек шыққандығы туралы жорамал айтты. Монғолияда табылған күлтегін қабірінің басындағы құлпытастағы жазу уақытша этолон ретінде қабылданды да, мезгіл қытай жылнамашыларында кездесетін атаулар бойынша, біздің дәуіріміздің 8 ғасыры деп анықталды.

       Талас  тастарындағы жазулар ең ерте  дегенде біздің дәуіріміздің 5-7 ғасырлары  деп  белгіленді. Бірақ бұл  дұрыс емес пікір еді. Автордың  айтуы бойынша мұны онынншы  ғасыр деп айтуға болар еді  дейді. Себебі Талас әріптерінің  өзгешелігі әуелгі Орхон жазуының  бұрмалануынан болуы мүмкін дейді.

      Ағамыз: «Шетелдік зерттеуші мен авторларға өкпе артпай-ақ қоялық, өйткені олардыңң бізге назар аудармауына өзіміздің өзімізге назар аудармауымыз себеп болып отыр»- дейді.

       19 ғасырдыың  аяғында түркі руникасының кілтін  Томсен тапты, сонан соң ол  жазулар В.Радловтың, Мелиоранскийдің  және басқалардың көмегінің нәтижесінде  оқылатын болды.

     Одан беогі  кезде, 20 ғасырдан бастап, дәл жарты  ғасыр бойы руника жазуын зерттеу  алға басты деп айту қиын.

          1951 жылдың өзінде, Е.И.Убрятовтың  «С.Е.Маловтың ғылыми және қоғамдық  қызметі туралы» деген мақаласында  С.Е.Малов Орхон-Енисей жазуы мен  ескерткіштерінің тілінің КСРО-дағы  бірден-бір маманы аталған.Ол  кезде С.Е.Малов жеккелеген жазу  нұсқаларына орай , жалпы көлемі  ондаған беттен аспайтын үш-ақ  мақала жариялаған еді.

        Қалған  зерттеулер археологтардың, профессор  С.В.Кисселев пен Л.А.Евтюхованың  есімдерімен байланысты. Олар Алтай  қорғандарының сыртында жазуы  бар бірнеше күміс және алтын  ыдыстар тапты. Табыстарын түсіндіруге олар жалпы алғанда көлемі он бес беттен тұратын еңбек арнапты. Мұнда текст нұсқасы көрсетіліп, аудармасы беріліпті.

   « 50-жылдардан кейін Маловтың атластары жарық көрді, көне түркі  жазбаларын зерттеу ісінің  біраз жандануы, міне,  осы тұс болды» - дейді автор. Бірақ бұл олардың  көпшілігі – томсен – Радлов- Малов аудармаларына негізделген лингвистикалық сипаттағы еңбектер еді.

           Археологияда абсолютті  хронология тәсілін қолдану бірсыпыра күтпеген нәтижелер берді. Радий – көміртегі зерттеу тәсілі археологиялық мұрағаттардың - ағаш, мата, от пен ошақ орнындағыы көмір қалдықтары секілді органикалық заттардыың жасын, 30 мың жылдан аспаса, әдеуір дәлірек  анықтауға мүмкіндік береді.

                                «Шумер» атауы хақында

  Ғалымдар «шумер»  жайында Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың   хатшысының сына жазу кестелерінен  «құпия шумер құжаттарын» оқыған  кезде алғаш рет естіген еді.  Одан кейін Ефраттың төменгі сағасында қазба жұмыстары жүргізіліп, Ассирия-Вавилон цивилизациясына дейінгі бір меймәлім цивилизация ашылды. Ол шумер цивилизациясы деп аталады. Ал шумерлер өздерін басқаша – саг-іг, яки қарабастар деп атаған. Шумердің этимологиясын  жасаған  ұлы ғалым Марр еді. Ол сөздің сыртқы формаларына ғана мән берді. Оны орыстың «сумерки» деген сөзімен салыстырды. Бірақ бұл жансақ пікір.

    Шумерлердің таңбалары  бойынша шумер Суб-йер,яғни –  сулы, нулы ел деген мағынаны  берген (суб-ар, суб-ир).

   Махмут Қашқари  (11 ғ.аяғы) ссуварлар мен булгарлар  «кыфчактар» сияқты түркіше сөйлейді, олар да «Рус пен Рум» елдеріне»  дейінгі жерлерді мекендейді  деп жазады.

        Енді түркі зертттеуші ғалымдарының ішінде Хоммельге келер болса, ол шумер мен түркі тілдерін салыстырған  болатын. Онда кеткен қателік:

  1. Бұл тілдердің қайткен күнде де туыстық қатынасын дәлелдеуді шарт еткен.
  2. Салыстыру үшін сөздіктің әр саласынан он шақты ғана сөз тобы алынды.

        Осының  нәтижесінде Хоммель келекеге  ұшырауға дейін барған екен. Хоммельдің  зерттеуі ғылымға жанаспайтын  үлгісі ретінде қабылданды. Хоммель  түпкі ата сөздердің тұрпаттарын  салыстыру орнына шумер тілі  қорынан мысалдар алып, оларды  әртүрлі түркі сөздерімен салыстырды. Осындай қателіктер көлденең тартылды.

           Хоммельдің сәтсіздігін бетке  ұстай отырып, ғалым сематиалық  лексем ұяларын салыстырған. Сематикалық  ұяларды салыстыру – шумер  мен түркі тілдері туыс тілдер  ме? – деген негізгі саулға  да жауап берді.

         Туыс тәлдер, алайда тектілік  жағынан туыс емес демекпіз. Бұлардың туыстығы қазіргі өзбек, дүнген, малайя, шеркес, урду, иран, осетин, араб тілдерінің туыстығы секілді. Мұндай туыстықты мәдени туыстық деуге болады. Бұлар бір діннің ортақтығы негізінде қалыптасқан мәдени федерациялық тілдер.

           Бірақ тілдердің ең көне және кейінгі  кезеңдегі мәдени туыстық ұғымдарын ажырата білген абзал.

         И.М.Дьяконовтың «Шумер» атты мақаласында : «Білімнің қазіргі деңгейі емлелік форманттар туралы материалдарды да, негізгі сөздік қордың сан есімі де, туыстық атаулары да, дене мүшелердің аттары да және т.б. сол сияқты сөздер басқа тілдердің осындай іспеттес материалдарында байланыс барын танытпай жатыр. Бәлкім, бұл шумер тілінің алғашқы фонетикалық жүйесінің дауысты дыбыстардың сіңуі ассимиляциялануы мен ақырғы дыбыстардың жоғалып кетуі әсерінен қатты бүлініп, көмескеленуімен байланысты болар. Сондықтан қазіргі шумер тілін оқшау қалған оның қандай да басқа бір тілмен туыстығы анықталмаған тіл деп есептеуге тура келеді»- делінеді.

                    «Алайда, қазіргі ғылым деңгейі мен И.М.Дьяконовтың мақаласындағы лексикалық материалдың өзін-ақ шумер тілінің қазіргі түркі тілдерімен мәдени туыстығын анықтауға жетіп те жатыр» - дейді автор. И.М.Дьяконов жүзден асатын шумер сөзін мысал ретінде алса, Олжас ағамыз 60-на тоқталған. Неге алпыс дейсіздер ғой? 60  - шумер есебінің ең жоғарғы өлшемі.

    Бұл шумер лексикасын  түркі лексикасымен салыстырудың  қысқаша кестесінде «Құдай» және  «Адам» атаулары салыстырылған.  Шумер сөзі әліппе тәртібімен  емес, мағыналық (семантикалық) ұя  бойынша орналастырылған.  И.Дьяконов  ұсынған «ата» формалар бір  жұлдызшамен, автор ұсынған «ата»  формасы екі жұлдызшамен берілген. Түркі қатарында тірі түркі тілі диалектілік ерекшеліктер бар сөздердің нұсқалары жақшаға алынды. Түркі тілдерінің көпшілігіне тән сөздерге  «жалпы түркі» деген белгі қойылған. Шумер қатарыындағы сөздердің жазылу нұсқалары жақша ішінде берілген.

          Мысал, 

                         Адамға байланысты сөз табы

Шумер сөздігі                                                    Түркі сөздері                         

АДА әке                                                             Ата (АДА) әке (жалпы түркі)

                Табиғатқа байланысты сөз табы

АМАР бұзау, жас төл               МАРА малдың жас төл саналатын  мерзімі 

                               «Құдай табы»

АШ сызық, бір (единица)              АШ (АШ,ЕС,ИШ) кес, тігіле. Жасанды

                                                   түрлері: КЕШ,  (КАС, КЕС, КИС)кес,  сыз

                                          Фонетика

     1. Дауыссыз дыбыстар: т, д тек жіңішке дауыстылар алдында ғана жіңішкереді. Шумер тілінде  ті-ші өмір. «Зі»  нұсқасы алдында «ді» диалектикалық түрі болғандығын көрсетеді.

  2.  Шумерлер сөзді  «қалыптастыруға», яки оның консонанттық  (дауыссыз дыбыстар) құрылымын бір  дауысты дыбыспен толықтыра түсуге  тырысады: дінгір, сікіл, удун, амар, думу.Мұның өзінде бұл процеске  морфологиялық  құрылым көмескі,  тұтас қабылданатын ауысқан сөздер (тума-думу, тенгір-дінгір, табір-дібір)  кіретін секілді.

  3. Шумер сөздерінің  түп нұсқаларын қалпына келтіруге  кедергі жасайтын тағы бір  ерекшелік – ақырғы дыбыстардың  түсіп қалатындығы. Олар көбіне  дауыссыз дыбыстар. Соңғы дауыссыз  дыбытың түсіп қалуы түркі  тілдеріне де тән. Мысалы, оғыз, қыпшақ лексемдерінің арақатынасын  салыстырып көрейік: сулук-сұлу  – таза, әдемі; тірік –тірі  –тірі.

Орхон-Енисей жазуындағы текстерде  «к» форманты өктемдік етсе, қыпшақ тілінде «ма»  «к» басып тастайды.

  1. Шумер тіліндегі ұяң дауыссыздар түркі тіліндегі қатаң дауыссыздарға сәйкес келеді: теңгір-дінгір, ут-уд,терік-дірік және т.б.

                                Морфология

1. Шумер тілі жөніндегі  материалдар бойынша түркі тіліндегі  сөз жасаудың  (тұйық рай) –  «зат есім» сұлбасы жайындағы  пікір түйіндеуге болады. Уру-құру;урук-қала

2. түркі тіліндегі «бұйрық  рай+ма –зат есім сұлбасы сақталып  келеді: ту-ту (бала ту), тума –  ұрпақ

3. «бұйрық » рай +ен  (ан) –өткен шақ есімшесі» сұлбасы  нәтижелі  қызмет етіп отыр: ер  –соңымнан ер (жүр)

Информация о работе Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабындағы «шумернаме» бөлімі