Интернет журналистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 09:54, курсовая работа

Краткое описание

Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

интерент журналистика.docx

— 64.76 Кб (Скачать документ)

“Электронды үкіметтің” интеграциясын  тереңдетуге келетін болсақ, бұл  да өте маңызды мәселе. Мұндай нақты  перспективалық жобаларды іске асыру  үшін бізде Ұлттық инновациялық қор, Шағын және орта бизнесті қолдау қоры жұмыс істейтінін атап өтейін. Мемлекет инновацияларды іске асыру үшін құрған сол инфрақұрылымдарды бүкіл 100 пайызға  пайдалану керек. 2005 жылы Астана қаласында  Байланыс және  ақпараттандыру агенттiгiнiң “Oracle” корпорациясының  және Ақпараттық-технологяиларды дамыту  қорының ұйымдастыруымен “Ақпараттық қоѕам құру  үшiн жаңа технологияларды  қолдану”,–деген тақырыпта конференция өттi. Осы конференцияда электронды ақпараттық жүйенiң  тиiмдiлiгi «зейнетақы төлеу  жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының бас директоры Алмас Құрмановтың келтiрген деректерiнен  де аңғарылған едi. Оның сөзiне қарағанда, бүгiнде  орталық  орталықтандырылған ақпараттық  жүйенi  енгiзудiң азаматтардың жеке әлеуметтiк кодын дайындауға  және мәлiметтер  базасын басқару  жүйесi  негiзiнде  зейнеткерлердiң жалпы  санының 10 пайызына  зейнетақыларын төлеуге қол жеткiзiлiптi. 2006 жылдың 12  желтоқсанынан бастап барлық веб сервистердi,  шлюздер мен интернет порталдарды ортақ  алаңда кешендi тестiлеу  жұмыстары басталды. 2007  “электронды үкiмет”  қызметiн алу љшiн елiмiздiң  барлық  аумағында 460  қолжетiмдi  қоғамдық  пунктер ашылады. Айта  кететiн жайт, “электронды үкiметтiң”  өңiрлiк бағыттары “электронды әкiмдiктер”  болады.  Ол да қазiр  сынақ ретiнде  бiрнеше  обылыста қолданылуда.  Оның iшiнде Шығыс  Қазақстан  облысында жылдың  аяғына дейiн 110  ақпараттық және 20 инерактивтi, Астанада 356  ақпараттық және 14  интерактивтi, Алматыда 115  ақпараттық және 5  интерактивтi  қызметтер көрсетiледi.

Қазақстан  Республикасындағы “электронды үкiмет”  бағдарламасын жасау мемлекеттiк саланы реформалап, жекеменшiк салалардың  бәсекелестiгiн арттыру  жолында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (ИКТ)  пайдалануға жан-жақты  мүмкiндiк тудыруға бағытталғаны белгiлi.  Мұның  бәрi елiмiздегi әкiмшiлiк реформаларын  тереңдеп  жүргiзуге көмектесетiнi айқын [8].

2004 жылы 10 қарашада  Қазақстан  Республикасы Президентiнiң № 1471 Жарлығымен 2005 –2007 жылдар аралығында  Қазқстан Республикасы “электронды үкiметiн”  құру  туралы мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлуi  елiмiздегi  мемлекеттiк  қызмет  көрсету саласына  түбегейлi  өзгерiстер әкелгенi мәлiм. Осыған  дейiн әлемде  демократияның қалыптасуы мен нығаюына  тек белгiлi саяси жағдайлар  ғана әсер етiп келген едi. Бұған  дейiн мұндай  жағдайды   жасаудың  екi ғана жолы мәлiм болатын. Бiрiншiден,  iшкi революциялық жағдайлар. Екiншiден, сыртқы күштердiң ықпалы.  Әлемде  жүрiп жатқан ақпараттық революция  үшiншi баламалы жолды көрсетiп,  нұсқап отыр. Бұл  белгiлi  билiк  құзыреттерi мен бiрқатар  басқару мiндеттерiн қоғаммен ерiктi   түрде бөлiсу.  Мұндай жағдайда қоѕам атынан  түрлi  бiрлестiктер мен ассоциациялар, жекеменшiк  сала, бизнес   өкiлдерi,  мемлекеттiк мекемелер мен көптеген  өзге  де құрылымдар бiрiктiретiн  азаматтар, “қоғам” және “қоғамдық күштер”  деп аталатын  күштер саяси  сахна  төрiне шыға алады.

Бұл үшiншi жол  ақпараттық технологиялардың кең  тарауының, әсiресе Интернеттiң жаппай  таралуының есебiнен  мүмкiн болып отырғанын  тағы да  еске сала кетуiмiз керек.  Қазақстанда “электронды үкiмет” құру  мемлекеттiк  бағдарламасын  түзуге Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004   жылғы 19 наурыздағы “Бәсекелестiкке қабiлеттi  Қазақстанға, бәсекелестiкке қабiлеттi  экономикаға, бәсекелестiкке қабiлеттi ұлтқа”  делiнген Халыққа  жолдауы мұрындық болғанын  айтып  өтуiмiз керек. Бұл бағдарламаны өмiрге  әкелушi  ұйым – Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру  және байланыстар  агенттiгi едi. Аталмыш  бағдарламаның басты мақсаты –  азаматтар мен  ұйымдарды тез әрi  сапалы мемлекеттiк  қызметтер көрсетумен  қамтамасыз ету,  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдана отырып, мемлекеттiк органдардың  тиiмдi қызмет ету қабiлетiн  қамтамасыз ету.  Қазақстан Республикасы “электронды  үкiметi”  орталығының директоры А. Қасенованың  Интернет жүйесi  арқылы мәлiмдеуiне қарағанда, елiмiздегi “электронды  үкiметтi” қалыптастыру 2005-2007  жылдарға   белгiленген.  Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшiн 2005-2007   жылдар аралығында республикалық бюджеттен 51,9  млрд.  теңге  бөлiнiп отыр. Бұның iшiне мемлекеттiк органдарды бiртұтас  тасымал орталығын  құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған 31, 9 млрд. теңге көлемiндегi шығындар да енгiзiлген [12].

2005 жылы – 4,5 млрд. теңге,  ал 2006 жылы 25,3  млрд. теңге, ал 2007  жылы 22,1 млрд, теңге  жұмсалу көзделген. Сонымен қатар  ақпараттандыру бағдарламасын  жүзеге  асырып жатқан  жергiлiктi бюджеттерден жылына 150 млн. доллар бөлiнедi. Жеке инвестициялар,  халықаралық және отандық  қаржы  ұйымдарының гранттары жұмсалуы көзделген /2/.

Былтырғы  жылғы “электронды  үкiмет”  құру шаралары  интернет  арұылы аұћпараттандыру iсiн  толыұ аяұтап,  биылдан бастап  интерактивтi кезеңдi  iске асыруға бағытталған едi. Жоғарыда  бiрнеше рет атап өткенiмiздей, “электронды үкiмет” дегенiмiздiң   өзi орталық үiмет органдары  жұмысының бағытын,  атқарған  шараларын, яғни барлық ақпараттарды интернет,  яки  ақпараттық  технологияларды пайдалану  арқылы халыққа  таратып отыру.

Бұџны аталған  мемлекеттiк бағдарламаның және  ондаған миллиард теңге  көлемiнде   шығын  жұмсалып жасалып жатқан аса маңызды  iс-шаралардың негiзгi  мәнi деп бiлуiмiз керек.  Осы шараның  алғышарты  және  заңдық  негiзi  ретiнде  Парламент былтыр “Ақпараттандыру туралы” және Қазақстан Республикасының кейбiр заң  актiлерiне осыған байланысты  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заң  жобаларын  қабылдады.  Үстiмiздегi жылдың 11  қаңтарында Елбасы  оларға қол  қойып,  жарияланған  күнiнен бастап ол заңдар  күшiне  ендi.  Осы заңда “электронды үкiметке” мынадай анықтама берiлген: “Ол – мемлекеттiк  органдардың  электрондық қызмет   көрсетулердi ұсыну жөнiндегi  жұмыс iстеу тетiгi”.

Электронды үкiмет үдерiсiн  енгiзу  барысында  былтыр  Үкiмет 8 қаулы қабылдады және осыған байланысты 60-тан  артық ведомстволық бұйрықтар шыѕарған. Соның iшiнде 2006  жылдың 12 сәуiрiнде “электронды үкiметтiң” WWW. e. gov. kz. атты веб-порталы iске қосылғанын да айта кетуiмiз керек. Аталмыш  заңда веб-порталға “электрондық  үкiметтiң” барлық электрондық  қызмет көрсетулерi мен электрондық ақпараттық ресурстарына  қол жеткiзудiң  шоғырлы түйiсiн беретiн ақпараттық  жүйе  деген түсiнiктеме айтылған. Осы веб-порталға бүгiнгi  күнге дейiн  барлық  орталық  мемлекеттiк  органдардан 933 ақпарат түсiп,   халыққа  жеткiзiлдi.

Айта кететiн бiр мәселе,  порталға  түскен барлық  ақпараттар  қазақ,  орыс және ағылшын тiлдерiнде берiледi.

2006 жылдың  соңғы  статистикалық мәлiметтерiне  қарағанда, веб-порталдың   қызметiн барлығы 1287 қолданушы ашыпты. Бұл  орта есеппен күнiне 400 адам оның  қызметiн пайдаланды деген сөз [9].

Мұның  бәрi  елiмiздегi “электронды үкiметтi”  iске асыру жөнiндегi аса маңызды   шаралардың  атқарылып  жатқанынан хабар бередi. Дегенмен, жағдай  соншалықты  көңiл  көншiтерлiктей деуге әлi тым ерте екенiн айтушылар да қоғамда аз емес. Бiздiң  дәуiрiмiз – ақпарат ғасыры.  Қай ел ақпарат көзiн тиiмдi,  орнықты әрi жылдам пайдалана бiлсе,  сол мемлекет өз мүмкiндiгiн  ертерек iске қоса  алатыны  жалпыға белгiлi қағида.  Ал жоғарыда айтылған “Электронды үкiметтi  қалыптастырудың  мемлекеттiк бағдарламасы” аса маңызды  стратегиялық құжат  болумен қатар,  оны жүзеге  асыру елiмiздiң  экономикалық, әлеуметтiк  және саяси ахуалына  ерекше ықпалын тигiзетiн құжат екендiгi  хақ.  Осы орайда “Ана тiлi”  газетiнде  жарияланған  белгiлi ақын,   Қоғам қайраткері М. Шаханов  мырзаның “Электронды  үкiметтiң”  көлеңке бұрылыстары” атты мәлiмдемесi  аталмыш  бағдарламаға бөлiнген 51,9 миллиард  теңгенiң қалай  жұмсалып отырғандығына   қоғамның назарын  аударғанын айта  кетуiмiз керек.  Депутат М. Шахановтың  мәлiмдеуiнше, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру  және байланыс агенттiгi төрағасының орынбасары  Қ. Есекеев қаржылардың қалай жұмсалып жатқаны жайлы орнықты жауап бере алмаған  көрiнедi. Одан әрi  депутат Мәдениет және ақпарат министрлiгi тiл комитетiнiң төрағасы Ерден Қажыбек  екеуi қастарына осы саланы жетiк бiлетiн мамандарды ертiп, агенттiкке ат басын тiрейдi. “Көзiмiз анық жеткен  мәселе мынау, – дейдi Мәжiлiс  депутаты М. Шаханов, – үш жылда  бағдарламаға бөлiнген 51,9  миллиард  қаржының 4,2 миллиарды биылғы  жылдың есебiнен осы агенттiкке берiлiптi. Бiрақ  агенттiк  басшылары компьютердi қанша басып iздегенiмен мемлекеттiк  тiлге арналып жасалған  бағдарламаны  көрсете алмай әлекке түстi. Өз ана тiлiнде күнделiктi айналыста жүрген ауызекi  сөздердiң   өзiн  зорға  айтатын бұл жiгiттер бiздiң: “Электронды қызмет ауқымын мемлекеттiк тiлге көшiруге тиiстi ресурстарды жинақтайтын порталы, бiрыңғай  үйлестiру орталығы  құрылды ма, оған  отандық өнiм  жасаушылар  қатысты  ма, немесе  қазақша  терминология   қаншалықты деңгейде әзiрлендi?”  деген  сұрақтарымызға орнықты жауап  қайтара алмай, бастарын қасиды” [30].

Бiр  ғажабы, елiмiздегi  ақпараттандыру  саласында “Электронды  үкiмет” құрудың  бiрiншi сатысы ресми  түрде аяқталды десе де болады. Оның нормативтiк  құқықтық  базасы  қалыптастырылды.  Әлгi  ресми ақпараттарға сенсек,  орталық  және жергiлiктi  атқарушы органдардың 95 пайызы  өздерiнiң веб-сайттары арқылы  халыққа  ақпараттар бере бастады делiнген.  Тағы бiр түйткiлдi мәселе,  болашақта халыққа  кемiнде 85 түрлi  қызмет атқаруға тиiс “Электронды  үкiмет” бағдарламасынан осы салаға  тiкелей қатысы бар Тiл комитетi  шеттетiлген, тiптi тiзiмге  енгiзiлмеген  де болып  шыққан.

“Қасымыздағы  мамандарды  ерекше күдiкке бұрған  жайттың бiрi әлгi бағдарламаның  жүзеге  асырылуына биылғы бөлiнген қаржының 1,7  миллиарды  Қаржы  министрлiгiне жол тартқан.  Ау, сонда 1,7 миллиард  теңгемен  Қаржы министрлiгi “Электронды үкiмет” бағдарламасына  қандай үлес қоспақшы? Бағдарламаға бөлiнген  жалпы соманы  таратып айтсақ: 2005 жылға бөлiнген 4,5 миллиард, 2006 жылѕа – 25,3 миллиард теңге жоспарланса, 2007  жылға – 22,1 миллиард бөлiнбекшi. Бұл, әрине,  аз дүние емес. Қолынан  бермегендi  жолынан бұрып алып кететiн,  жолбарыстың өзiн  түгiмен,  поезды бүкiл  жүгiмен  бiлдiртпей жымыра салатын қазiргi  заманда осыншама  ақшаның қаншасы  үкiмет мүддесiне жаралып,  қаншасы   құпия қалталарға сүңгитiнiн ешкiм дөп басып айта алмайды.  Бiрақ  қасымыздағы бiлгiр мамандардың  пiкiрiне  құлақ асар болсақ осы  миллиардтаған ұшан-теңiз  қаржының  едәуiр бөлегi желге ұшуы  тиiс”,-деп ойын түйіндейді депутат.

Электронды үкiмет  жүйесi  мемлекеттiк мекемелер мен  азаматтар арасындағы   өзара байланысты қалыптастырып, қызмет  көрсетудi  жетiлдiредi.   Қызмет көрсету  барысындағы  шығындарды едәуiр   төмендетiп, уақытты  үнемдейдi дегенмен,  мұның  өзi  оп-оңай, жеңiл  атқарыла салатын шаруа болмай шықты.   Елiмiзде электронды үкiмет жобасын жүзеге  асыру жүмыстарының қыр-сырына терең үңiлiп,  соңғы  жылдары   Қазақстан интернет сайтына,  оның iшiнде ресми сайттардағы мемлекеттiк  тiлдiң жағдайына  өзге  журналистерден гөрi  көбiрек  қалам тербеп жүрген “Түркiстан” газетiнiң тілшісі Гүлбиғаш  Омарованың мақалалары  да мұны жиi дәлелдейдi.

Г.  Омарованың  аталмыш газетте  әр кезде  жарияланған “Мемлекеттiк тiл: Интернетте, Парламентте және сотта” (21 көкек, 2005 жыл,  және “Мемлекеттiк тiл,  қазақи интернет кеңiстiгiнде” (5 мамыр, 2005 жыл) және басқа  да мақалалары  өзiне арқау етiп  алыпған тақырыпты терең бiлуi,  жан-жақты  зерттеулерiмен  ерекшеленетiнiн айта кетуiмiз керек. Аталмыш  мақалаларда автор елiмiздегi “электронды үкiметтiѓ” құрылу тарихына, оның  сандық  көрсеткiштерiне    ұмтылмайды,  қайта үкiмет сайттарының қалай  жұмыс iстеп,  тұтынушыларға қаншалықты көмегiн тигiзiп, отырғанын нақты  мысалдармен,  Интернеттiң   өзiнен алып көрсетедi. Рас,  жоғарыда келтiрiлген  аса қомақты қаржыны игеру мәселесiн былай  қойғанда,  әр министрлiктiң жеке  сайтының қазақ тiлiнде сөйлеуi бүгiнгi  күннiң басты талабы  болумен қатар,   ең  әуелi мемлекеттiк органдардың өз  мүддесi болуы шарт.  Себебi,  қазiргi күннiң  өзiнде барлық  министрлiктердiң  дерлiк өз  сайттары бар. Олар бiрнеше   жылдан берi орыс тiлiнде, iшiнара кейбiрi ғана қосымша мемлекеттiк тiлде халыққа  қызмет етiп келе   жатқаны  мәлiм. Ал бұл мәселеге “электронды үкiметтi  қалыптастыру бағдарламасынан”  қаржы бөлудi  күтудiң  қажеттiлiгi бар?  Мәселен,  орыс және ағылшын тiлiндегi  сайттарды жасауда  министрлiктер мемлекеттiк бюджеттен арнайы ақша бөлудi  қажет етпейдi ғой.  Мiне,  осындай  сандаған аса маңызды  сұрақтарға жауап iздеген Гүлбиғаш Омарова “Түркiстан”  газетiнiң бетiнде  жарияланған “Мемлекеттiк тiл және ресми интернет” атты мақаласында Қазақстандағы ресми сайттарға  биылғы жылдың  басында тағы да шолу жасапты.   Журналист 2005  жылы да осындай  шолу жасаған болатын, яғни  аталмыш мақала екi жылғы жағдайға шолу  жасауымен ерекшеленедi /31/.

2007 ж. 9 сәуірде ҚР Перзиденті  Н.Ә.Назарабевтың авторлық телебағдарлама  жетекшілеріне, яғни БАҚ өкілдерімен  сұхбатында электронды үкімет  жайлы «31» телеарнадағы «Центр  внимение» авторлық бағдарламасының  жүргізушісі А.Байтасов былай  деп сұрақ қойып еді:

- Жаңа технологиялар туралы, бірақ мемлекеттік қзымет жүйесіндегі  жаңа технологиялар туралы әңгімені  одан әрі жалғастырсақ деймін. Батыс елдерінде ададмарды кез  клеген құжат пен қызметті  Интернет арқылы ала алатыны  жақсы мәлім, яғни адамдық фактор  алынып тасталады, шенеунік пен  мемлекеттік қызметтерді тұтынушының  арасында байланыс жоқ. Сіз  халықпен байланыс орнатудың  осындай электронды форматын  еннізу жөнінде Үкімет пен  әкімдіктерге біраздан бері айтып  келесіз, бірақ электронды  құжат айналымсы бізде әзірге тым ауыр қозуғалуда. Бұл үдерісті қалайша тездетуге болады? Егеменд ел болғалыдемократиялық қоғамның озық үлгілерін енгізуге мұрат еткен, оны табысты жүзеге асырып келе жатқан, әлі алда талай демократиялық қоғам қүндылықатын халық игілігіне жұмсауға ниет еткен Елбасы жауабы төмендегіше:

«Егер сіз біздің 15 жылдағы  өмірімізді ой елегінен өткізер болсаңыз, онда мен алғаш рет бірдеме  ұсынған кезде, ешікм ештеңе ұсынбағанын  көрер едіңіз. Екіші рет айтқан кезде аздап қозғалыс басталады. Ал үшінші рет мен үкімет міндетті атқара алмады дегенді айтмаын, сонда  ғана нәтижелер пайда бола бастайды.

Халыққа электронды қызмет көрсету азаматты шенеунікпен байланыста болудан құтқарады, жемқорлық пен  парақорлықты жояды. Адамға біреудің алдында  тұрып бас киімін умаждаудың қажеті болмайды. Егер біз «электронды үкіметті»  игерер болсақ, онда адам үйінде компьютер  алдында отырып-ақ, кез келген анықтаманы алып, мәселелерін шешіп, ақшаларын  аударып және тағы басқа да жұмыстар орындай алар еді».

Бүгінде бұл бағытта үлкен  жұмыстар жүргізілуде. Биыл 18 тіркеу орталықтарын біріктіретін Ұлттық куәліктеу орталығы құрылады. Кеденде, Қаржы, ауыл шарушаылғы министрліктері мен өзге де ведомостволарда, әкімдіктерде электронды жүйе құрылуда. Кейін олардың бәрін біріктіру  қажет.

Бірақ бұл жұмыста өзге де маңызды мәселе бар. Ол – біздің халықты электронды сауаттылыққа оқыту.

Шағын ғана Эстониямен келе жатқанында қала сыртындағы жолдарда ыңғайластырылған құрылғылар тұрады. Солар арқылы ел туралы барлық қажетті  ақпараттарды алуға, қандай да бір қызмет түріне ақша төлеуге болдаы. Олармен  жұмыс істеп үйрену соншалықты күрделі  емес. Өйткені қазіріг кезде адамдардың бәрі компьютерлермен жұмыс істей  біледі ғой. Тек мұның барлығы  қажет екенін түйсініп, құлық қоя  білгені жөндігін Елбасы журналистермен сұхбатында баса ескертті.

Информация о работе Интернет журналистика