Интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 20:37, реферат

Краткое описание

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Он-лайн оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқыту теледидарын құру қажет» деп көрсетілген. Солардың бірі білім берудегі ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы компьютер мен интерактиті тақта болып табылады. Сондықтан кез келген білім саласында интерактивті тақтаны оқыту құралы ретінде барлық пәндерде оқытуға пайдалынады.
Кез келген оқытушы өзінің пәнін қызықты өткізуге, және де оқушыларының білімін арттыруға тырысады. Қазіргі кезде көптеген білім салаларында интерактивті тақталарды қолдану кең өріс алып келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жако .docx

— 18.55 Кб (Скачать документ)

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА  ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНУЫ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Он-лайн оқыту тәжірибесін  дамытып, елімізде оқыту теледидарын  құру қажет» деп көрсетілген. Солардың бірі білім берудегі ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту  құралы компьютер мен интерактиті тақта болып табылады. Сондықтан кез келген білім саласында интерактивті тақтаны оқыту құралы ретінде барлық пәндерде оқытуға пайдалынады.

Кез келген оқытушы өзінің пәнін қызықты өткізуге, және де оқушыларының білімін арттыруға  тырысады. Қазіргі кезде көптеген білім салаларында интерактивті тақталарды қолдану кең өріс алып келеді.

Қазақ тілі пәнін оқытудың оқушы қызығушылығын арттыруда  өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан  оқушылардың мектепте алатын білімі мен тәрбиесін жетілдіруде оқытудың жаңа формасы тиімді болмақ. Қазіргі  кезде оқыту үрдісінде сын  тұрғысынан ойлау, жаңа ақпараттық технологияларын  сабақта қолдану бастауыш сынып  оқушыларының ойлау қабілеттерін, белсенділігін  арттырады. Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты  тиімді жеткізуіне көмектеседі. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды  және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың  зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.

Интерактивті тақта –  барлық сыныпта оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте  тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі  мультимедиялық ресурстардың көмегімен  жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы.  
Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесінді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.  
Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін мектептерде егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.

Орыс тілді мектептерінде  қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сондықтан  сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық  ережелер, анықтамалар сөз үйретудің  техникасы ретінде қарастырылады.  
Қазіргі уақытта орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытудың тиімділігі жоғары түрлі оқыту технологиялары қолданылады, соның бірі ИКТ.

Интерактивті тақта сабақты  түрлендіруге көмегін тигізіп, оқытудың барлық кезеңінде, яғни, бастауыш мектепте оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді.

Интерактивті тақта бастауыш сыныптар үшін өте қолайлы. Оқушылардың  қызығушыларын арттыруда, сабақ  барысында дидақтикалық материал түрінде  қолдануға, жаңа тақырыптар меңгерген  кезде мұғалімге түсіндіру барысында, оқушыларға тақырыпты меңгеруге көмекші ретінде қолданылады. Әр тұлғаның қайталанбас мүмкіндігін есепке ала отырып, әр оқушының өзіндік дамуына, өзіндік ізденуіне ықпал ету арқылы оның ой - өрісін кеңейту, біліктілігін нығайту. Бұл технология оқыту әдісінің тиімділігі, баланың жеке тұлға ретінде

ашылуы, оның жан – жақты дамуына табиғи әсер етеді.

Интерактив (ағыл.бірлескен  әрекет) өзара әсер ету деген мағынаны білдіреді. Интерактивті оқыту әдісі  – оқушының оқу үрдесін ұйымдастыруға  толық қатынасын белсенді тұлға  болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі.  
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану әр ұстаздың міндетіне айналып келеді. Бірақ бұл технологияларды біз қалай қолдануымыз керек?  
Мұғалім бұрынғыдай дайын білім бермейді, оқушыларға өз бетімен ізденуге нұсқау ғана береді. Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім алдымен келесі міндеттерге мән беру керек Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану;

1. Ақпараттық технологияларды зерделеу;

2. Тиімді тәсілдерді анықтау; 

3. Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану;

4. Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау.

Қазіргі кезде сабақта  әдістемелік мақсатқа қарай келесі бағдарламаларды қолдануға болады:

1. Тренажер – бағдарламалар;

2. Бақылаушы - бағдарламалар; 

3. Тәлімгерлік бағдарламалар; 

4. Көрнекіліктер бағдарламалары;

5. Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар

Тренажер – бағдарламалар  оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге, пысықтауға арналған.

Бақылаушы - бағдарламалар  бақылауға қажетті тұрақтылықты, көпнұсқалылықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін  қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің  сапасын жоғарлатып, оқытушының еңбек  өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады.  
Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өндейтін бағдарламалар.  
Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.

Дәстүрлі оқыту әдісімен салыстырғанда интерактивті оқытуда  мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі  өзгереді, мұғалім белсенділігі оқушы  белсенділігімен ауысады. Мұғалімнің міндеті – оқушының ынта – ықыласына  жағдай туғызу. Мұғалім оқу үрдісін  ұйымдастыруда оқушының тек көмекшісі  болады. Интерактивті оқыту әдісін соңғы кездері қарқынды оқыту  технологиясында кеңінен қолдануда.

Бүгінгі таңда өскелең  ұрпаққа сапалы білім беру барысында  осы аталмыш технология нәтижелі жетістік, оқушылар бірінші болып  интерактивті тақтаның педагогикалық  мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалап, оны іс жүзінде тиімді

қолдану тәсілдерін үздіксіз зерттеу үстінде.

Шынында да, интерактивтік  тақта сабақты түрлендіруге көмегін  тигізіп, яғни оқытудың барлық кезеңінде, әсіресе бастауыш сыныптарда қазақ  тілін оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді.

Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде интерактивті тақта оқыту әдісінің бір түрі болып саналады.

Мәтінді көре отыра тыңдауды қалыптастыру мәдениетін сөз етсек, ең алдымен, жаңа техникалық құрал –  жабдықпен, яғни интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу технологиясы алға тартылады. Қазақ тілі сабағанда  интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу  технологиясындағы автономды түрде  меңгеріп негіздеуіне мүмкіншілік береді.

Интерактивтік тақта арқылы дидактикалық материалдармен қоса неше түрлі дыбыстарды оқушаларға естіртуге  болады мысалы: құстардың үнін, судың  дыбысын т.б. Сонымен қатар айта кетерлік мұғалім ғана емес оқушыда  тақтаны қолдана алады, мысалы айтқанда заттарды үлкейту немесе керісінше  кішірейту, бір затты биік немесе аласа түрін көрсету, тақтада  мұғалім арқылы дайындалған тапсырмаларды орындау.

Сабақта интерактивті тақтаны  қолдану оқушының пәнге деген  қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.

Қорыта келе интерактивті әдістеме оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдану ұстаздар жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу  әрекетін мәнді, қызықты пайдалы  етеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». – Егемен Қазақстан газеті. 19/І-2006. №16. 
2. Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жаңару жолында». – Егемен Қазақстан газеті 3/ІІІ-2005. №13 
3. «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы». – Егемен Қазақстан газеті. 16/І-2004. №5. 
4. «Тәрбие тағылымдары» /озық іс-тәжірбиелер жинағы/. – Алматы, 2007. 
5. Н.Түндебаева. Орыс тілді аудиторияларда қазақ тілін коммуникативтік оқыту технологиясы. Қазақ тілі және әдебиеті орыс мектебінде, 2007. № 10. – 3-7 б. 
6. И.К. Кубаева Научно-методические основы обучения казахскому учащихся 5-7 классов в концепции неосферного образования. – Москва, 2007.

 


Информация о работе Интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі