ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының рухани және материалды мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 14:44, реферат

Краткое описание

ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының рухани және материалды тақырыбын бастамас бұрын, жалпы мәдениет туралы түсінік беріп өтсем. Мәдениет – адам еңбегінің ерекшелігі, оның іс -әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды. Мәдениет – бұл тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Содержание

І. Кіріспе
Мәдениет дегеніміз не?
Негізгі бөлім:
* Қазақ халқының мәдениетіне жалпы шолу
* Қазақ халқының мәдениеті түрлері
ІІІ. Қорытынды:
ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениетінің маңызы

Прикрепленные файлы: 1 файл

сөж тарих.docx

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Семей  қаласының  Шәкәрім атындағы  мемлекеттік  университеті

 

 

 

 

 

 

 

       СӨЖ

                                                                  Тексерген: Мухаметжанова Н. А

                                                                  Орындаған:  Калибекова М. Н 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Семей 2015 ж 

ХV-XVIII  ғасырлардағы  қазақ халқының  рухани және материалды мәдениеті

Жоспар:

І. Кіріспе 

Мәдениет дегеніміз не?

Негізгі бөлім: 

* Қазақ халқының мәдениетіне жалпы шолу

* Қазақ халқының мәдениеті түрлері 

ІІІ. Қорытынды:

ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениетінің маңызы

 

ХV-XVIII  ғасырлардағы қазақ халқының рухани және материалды тақырыбын бастамас бұрын, жалпы мәдениет туралы түсінік беріп өтсем. Мәдениет – адам еңбегінің ерекшелігі, оның іс -әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды.  Мәдениет – бұл тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады. Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең қолданылуы 19 ғ-да Мәдениет өрлеу дәуірінде тарихшылар мен этнографтардың еңбектерінде ерекше орын алды. Тіпті сол кезде «Мәдениет тарихы» деген пән де пайда болды. Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. .

Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.

Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.

 Қазақ  халқының мәдениеті сонау ғасырлардан, біздің ата-бабаларымыздың нұсқауымен келе жатыр.

ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп , қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті және рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол заманға қарай жаңарып, өзгеріп отырды. Қазақ халқының мәдениеті – өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз атабабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды.Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөнінідегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі , бай әдеби мұралар, көркем өнердің  сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.

 

                                       Мәдениет 


 

           Рухани                                            Материалды

 

Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. 

Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Мысалы, эпос жанрын алайық. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де – осы эпостарымыз. Кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда – поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер «Иллиада» мен «Одессеяны» тудырса, Шығысымызда үнділер «Махабхарата» мен «Рамаянаны» тудырған, одан кейін Шығыс Европада «Үлкен Этта», «Кіші Этта», «Каллевала» сияқты құранды эпостар туған. 

 

                               Рухани мәдениет 

 


 

Түркі дәуіріндегі                                 Моңғол елінің жаулап

Рухани мәдениет                                  алуларынан туған мәдениет

 

Қазақ халқының рухани мәдениеті өте бай, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы осы бітіру жұмыста мен қазақ халқының рухани мәдениетінің даму 
Қазақ халқы көшпелі мемлекет болғандықтан рухани мәдениеттің оның өмірінде Тәуелсіз Қазақстан халықтары бай рухани мәдениетті пайдалана отырып, ХХІ ғ рухани мәдениет Қазақ халқының қалыптасуымен қатар жүрді.  
І.1. Түркілер дәуіріндегі рухани мәдениет.  
Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер –Суға өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай ертедегі орта ғасырлардағы барлық түркі тілдес тайпалардың наным-сенімінде қасиетті осы сипатталған наным-сенімдер ежелгі түрік тайпаларына, оның ішінде оғыздарға, 
Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралған, олардың ішінде 
Алдыңғы орта ғасырларда будда дінінің негізгі миссионерлері рөлін соғдылар бұдан бұрын атап өтілгеніндей, VI ғасырдан бастап түріктер будда дініне көше бастады. 
VII-VIII ғасырларда несториандық ілім Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында Ұлы Жібек жолының бойымен келесі бір дін — манихей діні 
Манихей дінінің Жетісу мен Қдзақстанның оңтүстігінде, бірінші кезекте, отырықшы Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тұрғындары арасында тағы бір дүние жүзілік Б. з. б. ІІ-І мыңжылдықта Сібір мен Орталық Азиядағы Орта және Орталық Азияның ғұндардың (хунну) тайпалық одағы құрған.Алайда, Қазақстанның онтүстігі мен Жетісудың далалық өңіріндегі тілдік жағдай VІІІ-Х ғасырларда, алғашында Ертіс өңірінде көне түрік тілдес көлемді түрік тобының тілдерімен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда отырықшы-егіншілікпен айналысқан. Сонымен, біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың ортасы мен екінші жартысын Орта Азия мен Қазақстан аумағында тұрған халықтар ертедегі дәуірдің Алматы маңындағы сақ обасын қазған кезде табылған күміс тостағандағы VІ-VІІ ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген. 
Деректемелерде түріктер «қажетті адамдардың, жылқының, алым-салық пен малдың санын» Түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде, кеш дегенде VII ғасырдың ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында Iжартысында руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік Монғолияның негізінен Орта Азия мен Қазақстан аумағында руналық ескерткіштердің екі тобын бұл ескерткіштердің бәрі Батыс түрік кағанаты мен Қарлұқ мемлекетінде 
Ертедегі түріктердің руна жазуы XI—XII ғасырлардан кейін қолданудан шығып түріктердің руналық жазуымен қатар Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда соғды Монғолия мен Енисейдің руналық текстері маңызы зор тарихи құжаттар екі жазудың да композициясы әбден ұқсас.   

І.2. Моңғол жаулап алуларынан  кейінгі құрылған мемлекеттердегі мәдениет.  
Бұл кезеңнің рухани мәдениеті Дешті Қыпшақ аумағында ежелгі түрік, 
Фольклор. Ауызекі халықтық-поэтикалық шығармашылық Алтын Орда халқының рухани мәдениетінің ол кезеңдегі фольклордың ең ертедегі үлгілері ғарыштық, тотемдік, этиологиялық құл иеленушілік мемлекеттерде алғашқы қауымдық мифтер циклдерге айналдырылып қана фольклор жанрлардың арасында әдет-ғұрыптық өлеңдер, ертегілер батырлық жырлар, мақалдар әдет-ғұрып өлеңдерінен айырмашылығы ертегілер тәрбиелік, көңіл көтеру мақсатында айтылды, халық арасында жалпы Шығыс ертегілері мен ғибратты-новелла сипаттағы мысал. Бұл кезенде Алпамыс, Қобыланды, Сайын, Қозы Көрпеш туралы ертеден , Қобыланды батыр туралы эпостың көне негіздері де VІІІ-ІХ ғасырларда,«Ер Сайын» эпосы да нақ осылайша қалыптасқан.

Қазақ халқының материалдық мәдениеті – бұл елдің күнделікті өмірде,тұрмыстық жағдайда қолданылу сипатына жататын бірегей заттар. Бұрынғы кезде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй болған. Оның ең басты себебі киіз үйдің көшіп - қону кезінде ыңғайлы, тез жиналып және құрастырылуы болды. Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыста да қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде (XVIII— ғ. екінші жартысынан) пайда болған.

Киіз үй: «Бөгде елдің мәдениетіне зер салғанда өзіміз пір тұтатын қасиетті ғана мойындап, бізде жоқтың бәріне мұрын шүйіру, сөйтіп ол халықты әлі балаң деп қарау — тарихшылар үшін аулақ жүретін методологиялық аберрация. Мәселен, Европа мен Алдыңғы Азияның халықтары цивилизацияға тұяқ іліктірісімен қалалар салып, көздің жауын алатын ғимараттарды дүниеге әкелді. Түркілер болса үй салмады, бақша баптамады, себебі олар қытымыр табиғат құрсауында отырып төңірегіндегі қылтанақ атаулыны аз уақытта отынға айналдырар еді. Алайда, әрі кең, әрі жылы, көш-қонға қолайлы киіз үйге қарағанда тас лашық пен балшығы баттасқан үйді қолайлы деп ешкім де дәлелін беземес. Табиғатпен тамырлас көшпелілер үшін мұндай киіз үйлерде тұру астамшылық емес, кажеттілік болған»,— деп жазыпты белгілі ғалым Л. Н. Гумилев. Ойды ой қозғайды, әйгілі ғалымның киіз үй көшпелілер үшін қажеттілік дәуінде сан тарау мағынаның өрісі жатыр. Қөпшілікке белгілі, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрын Евразияның мол отына тұнып тұрған байтақ даласында көшпелі өмір салты қалыптасты. Дамудың басқаша жолын «таңдау» бұл далада мүмкін емес еді. Бұл осынау табиғаты қытымыр болса да жері шүйгін ен даланың тылсымын түсініп, тілін табу ғана емес, сол дала төсінде аз ғана күш жұмсап мол өнім алудың, «қосымша өнімді әрі тез, әрі оңай түсірудің жедел шыңдалған өмір сүру тәсілі болатын. Былайша айтқанда, көшпелілердің тек қана өзіне тән өмір салты, өнім өндірісі қалыптасты. Жер төсін тырмалаған отырықшыларға қарағанда көшпелілердің өндірістік негізі әлде қайда берекелі болады. (Акишев). Біздің жыл санауымызға дейінгі IV—III ғасырлардың өзінде-ақ тек жылқы малының өзі төрт-бес мыңға жеткен байлар пайда бола бастады (Бичурин). Бұл даладағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуы сол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегінен алапат-айбарын асыртып қана қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен үндес салт-дәстүрді, моральдық-этикалық қарым-қатынасы, өнердің алуан түрін орнықтырды. Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжірибесі, өмірлік қажеттілігі, ой өрісі, талғам татымы шегіне жеткен мүмкіндіктің айғағы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұрып, сол мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құраған. Осынау шегіне жеткен өнер туындысы көшпелілердің күн-көріс мұқтажынан бастап рухани талғам-талабына дейін қызмет еткен. Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әлем еді. Бұл ретте, киіз үйді адамзат баласының ұзына тарихында жасалған материалдық мұралардың ішіндегі бірегей айғақтардың бірі деп қарауға негіз мол.

 

Ыдыс-аяқ. «Шешесін көріп-қызын ал, ыдысын көріп асын іш», — деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Демек ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяқ мәселесіде шет қалмаған. Оған үлкен мән бергендігіне жоғарыда бір ауыз сөз куә.Ата-бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі терісінен, мыс, жез сияқты металл бұйымдарын жасаған.

Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға да айрықша ден қойған. Соның ішінде қымызға арналған түрлері назар аудартады. Негізінен, бұл ыдыстарды қайыңнан, табылып жатса, оның безінен жасауға тырысатын. Өйткені, қайың мықты келеді. Мұқият өңдеген қайың, әсіресе, оның безі қара шұбарланып, қосымша әшекейсіз-ақ әдемі болады. Шеберлердің айтуынша, әбден кепкен қайыңда бөтен иіс те, шайыр да болмайды, сондықтан оған құйылған қымыздың дәмі де бұзылмайды.

Қымызға арналған ағаш ыдыстар: тегене, ожау, шара, сапты аяқ, тостаған, күбі, піспек. Ел ішінде бұл ыдыстардың түрлері күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылса, оның сәнделіп жасалған ғажайып түрлері де аз болмаған.

Ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстардың біразын мал терісінен жасаған. Ондай ыдыстың ең үлкені — саба.

Саба — молшылықтың, байлықтың белгісі. Жылқылы ірі байлар сабаның мөлшерін бәсекелесіп үлкен жасауға тырысқан. Мысалы Қызылорда Есеней деген атақты бай алты айғырдың терісінен саба тіктірген. Оны «тай жүзген» деп атаған. Мұндай сабаларға ас берерде немесе ұлы дүбір бір дуан елді шақырып той жасарда биенің сүтін сауып, жинап, құйып қымыз ашытқан.

Тегене — үлкен дөңгелек, шұңғыл ыдыс. Сабадағы қымыз осы ыдысқа құйылады. Сыйымдылығы да мол, орта есеппен 10—15 литр еркін кетеді, әрі құйылған қымызды сапырып отыруға ыңғайлы. Әдетте, тегенелердің іші-сырты мұқият өңделіп, сыртына ою-өрнек ойылады. Сүйек не күмістелген темір әшекейлермен әр түрлі асыл тастармен безендіріледі. Кейбір тегенелердің қақпағы ағаштан жасалып, күміс әшекейлермен көркемделеді. Тегенеге құйылған қымызды сапырып, аяқ-аяққа құю үшін ағаш ожау қолданылады. Қазақ арасында қымыз сапыратын ожаудың екі түрі жасалды. Оның ішінде Қазақстан жеріне ең көп тараған түрі — ұзын сапты ағаш ожау. Мұндай ожаудың сабын сүйектеп, күмістеп, оюлап безендіретін болған. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс аудандарында ожаудың қысқа сапты түрі де кездеседі. Ожаудың қай түрі болсын, мұқият өңделіп, сырт пішіні әркелкі жасалады. Қымыз ішуге арналатын үлкенді-кішілі шара, сапты аяқ, тостаған сияқты ыдыстарды да қайыңнан шауып, кейде сыртына ою ойып, күмістеп безендіреді.Саптыаяқ – саптыаяқ деп әдетте ағаштың безінен ойылған сабы бар бақыраш тәрізді шұңғыл ыдысты, яғни ағаштан жонып жасаған аяқты айтады.

Зерен – қымыз, шұбат құятын қадірлі ыдыс. Көлемі де, сырты да шараға ұқсас болады. Қатты ағаштан ойылып жасалады. Шұңғыл жиегі қалың бүйірі тіктеу келеді. Жиегінен, бүйірінен ойып, сәнді ою-өрнек жасалады орнықты болу үшін жалпақ, шығыңқы түбі болады. Түсін біріыңғай келтіру үшін ағаш қабықтары бояуымен қанықтырады.

Информация о работе ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының рухани және материалды мәдениеті