Дарындылықтың қайнар көзі- мектеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 22:47, статья

Краткое описание

Дарындылық—сана мен жүйкенің сапалық көрсеткіші. Ол өзіне танымдылық, белсенділік, зерделілік, жеке дамулық ерекшеліктерін біріктіреді. Д.Ж.Рензули айтуы бойынша дарындылық дегеніміз-үш байланыстың үйлесімділігі: жоғары интеллектілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталық. Дарындылық - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Баланың дарындылығын анықтаудың негізі мектептен басталады. Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дараындылықтың қайнар көзі-мектеп 2013 .doc

— 75.00 Кб (Скачать документ)

БҚО. Бөкей Ордасы ауданы.

Ұялы ауылы. Ш.Жексенбаев атындағы

 орта жалпы білім  беретін 

мектеп-балабақшасының

қосымша білім беру педагогі

Султанова Нурия Амантайқызы

 

Дарындылықтың қайнар көзі- мектеп.

 

    Дарындылық—сана мен жүйкенің сапалық көрсеткіші. Ол өзіне танымдылық, белсенділік, зерделілік, жеке дамулық ерекшеліктерін біріктіреді. Д.Ж.Рензули айтуы бойынша дарындылық дегеніміз-үш байланыстың үйлесімділігі: жоғары интеллектілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталық. Дарындылық - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Баланың дарындылығын анықтаудың негізі мектептен басталады.

    Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қойды: 
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру; 
2.Жан-жақты ақпараттандыру; 
3.Коммуникативті бейімдеу; 
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету; 
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады: 
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады; 
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды; 
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді; 
4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады; 
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады: 
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге; 
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға; 
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге; 
4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыруға; 
        Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анасымен бірігіп құрады. 
Мектеп психологы пән мұғалімдерімен бірігіп отырып, сауалнама арқылы оқушының дарындылық сферасын анықтайды. Оқушының дарындылығы анықталған кезде, дарынды оқушының жетекшісі, психолог оның жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттейді,баланың сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне үнемі бақылау жасап, талдау жүргізеді, әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, білім деңгейін анықтайды,психо-педагогикалық диагностика жүргізеді. 
     «Ел болашағын білімді ұрпақ анықтайды» деп елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, болашақ ұрпақтың саналы да сапалы болуын анықтау мақсатында оқу жылының басында мектебіміздегі дарынды оқушылармен    мектеп психологы Б.Сихова мен ҚБП Н.Султанова психологиялық  сауалнама өткізе отырып, нәтижесінде дарынды балалар орталығы құрылып, жұмыс жоспары жасақталды. Мектеп бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда ұстаздарымыз аянбай тер төгуде. Оқушылар қабілеттеріне байланысты топтарға бөлінді. Әр бағыт бойынша жұмыс жоспары құрылды, жұмыс жоспарының орындалуына, оқушылардың шығармашылық ізденіс жұмыстарына бақылау түрлері белгіленді. Осындай игі істердің арқасында бірнеше оқушылардың дарындылық, шығармашылық қабілеттері ашылып, жоғары жетістіктерге жетті. Дарынды оқушымен жұмыстың нәтижесін жылда өткізілетін пән олимпиада жетістіктерінен көруге болады. Былтырғы оқу жылында 15 оқушы қатысып 8 оқушы орындарға ие болса, осы оқу жылында 13 оқушы қатысып, оның 12 –сі жүлделі орынға ие болды.

Дарынды балалардың пәндік секцияларын құру арқылы оқушылар топтарға бөлінді. Олар: пәндік, драма, көркемсөз, көркемөнерпаздар (би, ән), спорттық бағыт: волейбол, баскетбол, шахмат, шашка, тоғызқұмалақ, туризм, футбол, шебер қолдар, сурет  болып 7 бағытқа бөлінді. Ұстаздар оқушылардың білім дағдысын қалыптастыруда, өз бетінше ізденіске  баулу мақсатында  оқушыларды халықаралық  интеллектуалдық  марафондарға, сайыстарға үнемі белсене қатысуына  ықпал етіп отырды. «Ақбота» интеллектуалдық марафонынан 13 оқушы ІІІ орын алды. 11а сынып оқушысы Ишанов Нұрберген  орыс тілі пәні бойынша өткен «Русский медвежонок» интеллектуалдық марафонынан І орынға ие болды. (мұғ. Ж.М.Дюсенгалиева). Аудандық «Мұқағали оқулары» байқауынан 8 сынып оқушысы Серікқалиева Гүлсая ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. (мұғ. Г.Зұлқарнаева). Республикалық «Физика-математика» конкурсына 9 сыныптың 5 оқушысы: М.Бадайтов, Г.Ибраймова, А.Сарсенғалиев, М.Оразайұлы, Т.Харесовалар қатысып, үздік білім көрсеткені үшін мақтау қағазымен марапатталды. (мұғ.Г.Н.Салихова, Б.Қ.Хисметова). Аудандық пәндер олипиадасына мектебімізден 13 оқушы жолдама алып, 12 оқушы орын алды. 8 сынып оқушысы С.Шапиоллаев қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орын алды. (мұғ. Ж.Дюсенгалиева),  10а сынып оқушысы А.Сарсенғалиев  тарих пәні бойынша І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. (мұғ.В.Танатова). 9ә сынып оқушысы Н.Темирова информатика пәні бойынша ІІ орын (мұғ. Ш.Байқуатова), химия пәні бойынша 8  сынып оқушысы О. Оразайқызы ІІ орын, 10а сынып оқушысы Э.Какимова ІІ орын. (мұғ. М.Мұхамжарова), 10а сынып оқушысы Г.Ибраймова физика пәні бойынша І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды (мұғ. Ж.Базарбаева), 8  сынып оқушысы А.Қалмияр Қазақстан тарихы пәні бойынша І орын (мұғ. М.Қапизова). 8 сынып оқушысы А.Серікқалиева математика пәні бойынша ІІІ орын (З.Губайдуллина), 8 сынып оқушысы О.Амангелдиева қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орын ( мұғ Г.Садықова), 11а сынып оқушысы Ж.Шәкірова қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын (Г.Ситказиева), 10а сынып оқушысы Т.Харесова құқық пәні бойынша І орын (М.Қапизова), 9а сынып оқушысы А.Исатаева биология пәні бойынша ІІІ орын (Г.Садыкова). Қадыр Мырза Әлі жылына орай ұйымдастырылған аудандық  Қадыр оқуларының І бөлімі бойынша «Сөздің бәрі құдіретті...» атты мәнерлеп оқуынан ІІ орынды 6ә сынып оқушысы Б.Ерназарова иеленіп келді. Облыстық VІІІ аймақтық «Жас дарын»  байқауынан «Театрлық өнер» бөлімі бойынша 10а сынып оқушысы Г.Қайдарғалиқызы ІІІ орынды иеленді. (мұғ.Г.Ситказиева), «Сәндік өнер» бөлімі бойынша 10а сынып оқушысы А.Сағынова ІІІ орын (мұғ.С.Ильясова), «Ақпараттық-кітапханалық қызмет» бөлімі бойынша 10а сынып оқушысы Қ.Салихова ІІІ орынды (мұғ.Г.Зайтова) иеленіп,  жолдама, мақтау қағаздарымен марапатталды. Аудандық «Балдәурен» балалар шығармашылық фестиваліне көркемсөз оқудан 8а сынып оқушысы Г.Серікқалиева (мұғ. Г.Зұлқарнаева), вокал жанры бойынша «Тарту» тобы (мүшелері  8а сынып оқушысы А.Исатаева, 9ә сынып оқушысы А.Құсайынова, 10ә сынып оқушысы А.Әнесова (мұғ. С.Уталиев) І орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен бірге облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңнен Г.Серікқалиева дипломант атанса, «Тарту» тобы ІІІ орынды алып, ауылға жеңіспен оралды. Облыстық «Математикалық регата» байқауына 7 сыныптың (О.Оразайқызы, А.Қалмияр, А.Теміров, Е.Өмірзақов (мұғ. З.Губайдуллина) 4 оқушысы қатысты. Облыстық “Жайық ұландары-болашақ қырандары” слетіне мектебімізден 6 оқушы жолдама алып, облыстық кезеңіне қатысып, алғыс хатпен марапатталды. (Г.Өмірзақова, Э.Шынболатова, А.Шәкіров, М.Бадайтов, А.Қалмияр, Д.Бақтығалиев). Мектеп оқушыларының жүрекжарды шағын жұмыстары газет беттерінде жарияланды. Атап айтар болсақ, 5 сынып оқушысы Б.Ерназарованың «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», 9а сынып оқушысы Э.Какимованың «Салтанатпен сап құрған «Озаттар керуені»», 10а сынып оқушысы Ж.Шәкірованың «Ұстазым, менің, ұстазым...» тақырыбындағы жұмыстар газет беттерінде орын алды. Дарынды оқушыларды дамыту, қатарын молайту мақсатында мектепішілік әр түрлі білімділік сайыстар, дебаттар үнемі оздырылып тұрды. «Білімді ұрпақ-болашақ кепілі» атты тақырыпта оқу озаттарының дәстүрлі VIII слеті оздырылды. Слет барысында оқушылардың білімдерін анықтау мақсатында І кезеңінде тест тапсырмасы беріліп, қорытындысында М. Рамазанова, Е.Өтегенова (3-сынып), Г.Сатыбалдиева, М.Наурызова (4- сынып), Б.Маратова (5-сынып), Ү.Халықова (6-сынып), О.Оразайқызы (7-сынып), М.Бадайтов, А.Сарсенгалиев (9-сынып) үздік білім көрсеткендері үшін алғыс хатпен марапатталды.. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбектерін бағалай отырып, ата-аналарды мектеп-балабақша директоры А.Алиева «Алғыс хатпен» марапаттады.

Айта берсек, мектебімізде суырылып «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған дарынды  оқушыларымыз жеткілікті. 
Міне, осындай биік жетістіктерге қол жеткізген дарынды шәкірттеріміз өздерінің жоғары дәрежедегі ерекшеліктерін мықты тағылыммен ұштастыратын қоғам қайраткері болмасына кім кепіл? 
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендетіп, оның тұтқасын, тізгінін ұстайтын, сол арқылы елімізді әлемге танытатын да біздің дарынды, қабілетті ұл-қыздарымыз болмақ.Дарынды балалар – ұлт болашағы

Дарынды балаларды анықтау – нақты  бір баланың дамуын талдауға байланысты ұзақ мерзімді процесс. Дарындылықты бір  реттік тестілеу процедурасымен анықтай салу мүмкін емес. Сондықтан да дарынды баланы бір сәтте таңдаудың орнына оны арнайы бағдарламамен оқытуда (қосымша білім беру жүйесінде), немесе дербестендірілген білім беруде (жалпы білім беретін мектеп жағдайында) біртіндеп, кезең-кезеңімен анықтауға күш жұмсау керек.

Психометрикалық тесттер дарынды балаларды идентификациялау бағдарламасының аясында қосымша  ақпарат көздерінің бірі ретінде  қолданылады. Бірақ ол да баланы «дарынды»  немесе «дарынды емес» деп шешім  шығарудың жалғыз критерийі емес. Дарынды балаларды анықтау мақсатында қолданылатын психология-педагогикалық мониторинг бірқатар талаптарға жауап беруі керек:

1) баланың  бейімділіктерінің кең спектрін  қамтуға және ақпараттың түрлі  көздерін қолдануға мүмкіндік  беретін оның мінез-құлқы мен әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты;

2) идентификациялау  процесінің ұзақтығы;

3) баланың  бейімділіктері мен қызығушылықтарына  барынша сәйкес келетін әрекет  саласындағы мінез-құлқына талдау;

4) балалар  әрекетінің өніміне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, математикалық есептерді шешу тәсілдері және т.б.) сарапшыларды (белгілі бір пән саласы бойынша жоғары білікті мамандар – математик, шахматист, филолог, инженер, т.б.) тарта отырып, сараптамалық баға бергізу;

5) баланың дарындылық белгісін анықтауда оның психикалық дамуының актуалдық деңгейі ғана емес, оның жақын даму аймағын да ескеру керек. Ерекше бағдарламамен проблемалық сабақтар өткізу, баланың психологиялық «кедергіден» өтуіне игі ықпал ететін тренинг әдістерін қолдану тиімді;

6) нақты  бір баланың өзіндік ерекшелігі  мен дарындылық түріне сәйкес  таңдалатын көптеген психодиагностикалық  процедураларды қолдану арқылы  тексерудің көпкезеңділігі;

7) диагностикалық  тексеруді шынайы өмірлік жағдаят  жағдайында, табиғи экспериментке ұқсас формада жүргізу;

8) зерттеушілік  әрекетті модельдейтін және балаға  барынша әрекет еркіндігін беретін  пәндік жағдаятты қолдану;

9) балалар  мен жасөспірімдердің пәндік  олимпиадалардағы, конференциялардағы, спорттық жарыстардағы, шығармашылық  байқау, фестивальдардағы жетістіктерін талдау;

10) психодиагностиканың  экологиялық валидті әдістерін  – баланың шынайы жағдаяттағы  шынайы мінез-құлқын бағалауға  мүмкіндік беретін - әрекет нәтижесін  талдау, бақылау, әңгімелесу, ата-аналар  мен мұғалімдердің сараптамалық бағасын тірек ету;

Дегенмен  дарындылықты анықтаудың кешенді амалы  да қателіктерден толық арылта алмайды.

Дарынды балаларды анықтауда дифференциялау қажет:

а) берілген жас ерекшелігі кезеңінде қол  жеткізілген, дарындылықты дамытудың  өзекті (актуальды) деңгейі;

б) әрекеттің  сан түрінде жүзеге асырумен байланысты болатын дарындылықтың нақты  байқалуының ерекшеліктері;

в) баланың  дамытылуы тиіс әлеуеттік мүмкіндіктері.

 

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ ҮЛГІ ЖОСПАРЫ

Кезеңдер

Жұмыс түрі

Орындаушы

Мерзімі

Бақылау

1

Зерттеу:

сынып оқушыларының білім деңгейі тексеріледі;

психологтар тарапынан тест, тренингтер ұйымдастырылады;

отбасы  жағдайы зерттеледі.

Пән мұғалімдері,

Психолог, ата-ана.

ІХ

2

Нәтижемен жұмыс:

дарындылықтың түрлерін анықтап білу;

балаларды дарындылық түрлеріне қарай жіктеу немесе топтастыру;

ата-анамен жұмыс.

Пән мұғалімдері

ІХ

3

Дамыту жұмыстары:

бала  біліміндегі кемшін тұстарды анықтап, толықтыру;

қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықтау;

бейімділіктері  бойынша жұмыс тақырыптарын белгілеу;

әңгімелесу-түзету (коррекциялау) жұмыстары.

Пән мұғалімдері

Психолог

Х

Практикалық

4

Жұмыстың жүргізілу барысы:

тапсырма-күнделігін толтырту;

оқушының  жұмысын жүйелі тексеру, көмек көрсету;

коррекциялық  жұмыс.

Пән мұғалімі,

психолог

ХІ

5

Оқушыларды :

мектепішілік  байқауға қатыстыру;

аудандық (қалалық) байқауға қатыстыру;

мектепішілік  конференция, жобалар жарысы, пікірсайыстар  өткізу;

түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаға қатыстыру;

өзіндік рефлексия, тренингтер.

Пән мұғалімдері, психологтар, тәлімгер, ата-аналар, оқу ісінің меңгерушісі.

ХІІ –  ІІ

6

Нәтижесін жариялау, жарыққа шығару, презентациялау:

ақпарат құралдарының көмегімен жариялау;

облыстық  деңгейдегі байқауларға жеңімпаздарды  ұсыну;

Пән мұғалімдері, әкімшілік, психолог.

ІІІ –  ІҮ

Қорытынды

7

Мектепішілік жалпы қорытынды:

Диагностикалау;

Мониторингілеу;

Оқушылардың шығармашылық есебі;

Жазғы тапсырма беру.

Пән мұғалімдері, ата-аналар, психологтар,әкімшілік.

Ү


Тағы  да бір айта кететін жайт , балаға «сен дарындысың,осындай жетістіктерге жетесің» деп алдын ала айтуға болмайды. Өйткені,бала алдына қойған мақсатына жете алмаса,ынталығы төмен түсіп,бұл жағдай психологиясына кері әсер қалдыруы әбден мүмкін.

Оқушылардың даралық қабілетін танып білу ,дамыту үшін 1.Балалардың қабілет деңгейі,құрылымы әр алуан болатынын ескеру керек.Оны анықтауға психологиялық тестілер ,зерттеу,бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі. 2.Әр балада қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы шығармашылық жұмыстарын жүргізе білген жөн.

Елбасымыздың  халыққа арнаған дәстүрлі жолдауында білімді жаңғырту жолдарымен тәрбие бағыттары анықталып, мақсаттар  қойылды. Осы жолдауды іске асыру  үшін білімді, сауатты, дені сау, тәрбиелі ұрпақты тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті.


Информация о работе Дарындылықтың қайнар көзі- мектеп