Бұқаралық ақпарат құралдары туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:41, реферат

Краткое описание

Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бұқаралық ақпарат құралдары т.doc

— 109.00 Кб (Скачать документ)

8-бап. Ақпарат агенттігі     

1. Ақпарат агенттігі - Қазақстан  Республикасының заң актілеріне  сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық  сипаттағы хабарлар мен материалдарды  жинауға, қайта өңдеуге және  таратуға бағытталған заңды тұлға.  
      2. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуге тиіс.  
      3. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасауға міндетті.  
      4. Ақпарат агенттігіне осы Заңның 2, 10-баптарының күші қолданылады.      

9-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері      

1. Баспагер - бұқаралық ақпарат құралының  өнімін өндіруді материалдық-техникалық  жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.  
      2. Егер меншік иесі бұқаралық ақпарат құралының әрі баспагері болмаса, меншік иесі мен баспагердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі жеке шартпен белгіленеді.      

10-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою      

1. Қазақстан Республикасының аумағында  таратылатын, WEB-сайттардан басқа,  бұқаралық ақпарат құралдары  уәкiлеттi органда мiндеттi түрде  есепке қойылуға тиiс. 
      2. Есепке қою, қайта есепке қою үшiн бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi не оның уәкiлдiк беруi бойынша әрекет ететiн тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетiн арыз бередi. 
      3. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалатын тәртiппен алым алынады. 
      4. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою туралы арыз түскен күнiнен бастап он бес күн iшiнде қаралуға тиiс. Арызды қараудың қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi не мынадай негiздер бойынша: 
      1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атпен және сол аумаққа таралатын бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса не оның аты бұрын құрылған бұқаралық ақпарат құралының атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас болса; 
      2) егер арыздың мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса; 
      3) егер арыз бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салу туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл өтпей тұрып берiлсе; 
      4) егер бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алым төленбесе; 
      5) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай бұқаралық ақпарат құралын қайта есепке қою туралы арызға бұқаралық ақпарат құралына меншiк құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нотариалды түрде куәландырылған көшiрме жазбасы қоса тiркелмесе; 
      6) егер есепке қоюға шығарылуын (эфирге шығуын) бұрын сот тоқтатқан бұқаралық ақпарат құралының атымен (атының бiр бөлiгiмен) және тақырыптық бағытымен немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын бұқаралық ақпарат құралы мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешiмiмен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi не бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде арыз берген жағдайда, есепке қоюдан бас тартады. 
      5. Мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған күннен бастап үш ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығаруға кiрiсу құқығын сақтайды. 
      Теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаның, ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған күннен бастап алты ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығаруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кiрiсу құқығын сақтайды. 
      Бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) сот тоқтатып қойған жағдайларды қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығару мерзiмiн өткiзiп алған, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкiлеттi органның шешiмiмен бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп танылады. 
      6. Бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесi ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты, басылымның не хабардың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы және шығарылу мерзiмдiлiгi өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға тиiс. 
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.      

 11-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы арыз     

1. Бұқаралық ақпарат құралын  есепке қою туралы арызда: 
      1) бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнiң атауы орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны; 
      2) бұқаралық ақпарат құралының тiлi (тiлдерi); 
      3) шығарылымның болжалды мерзiмдiлiгi; 
      4) негiзгi тақырыптық бағыты; 
      5) таралу аумағы; 
      6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты; 
      7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс. 
      Арызға: 
      жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын 
растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесi; 
      заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелерi; 
      бұқаралық ақпарат құралын есепке қою үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi. 
      2. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою кезiнде өзге талаптарды алға тартуға тыйым салынады. 
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.      

 12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату     

 Таралымы: 
      - жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын; 
      - ресми, нормативтік және өзге де актілерді; 
      - сот практикасының бюллетеньдерін; 
      - кабелдiк желiлермен таратылатын теле-, радио-, бейне-,  
кинохроникалық бағдарламаларды, егер қызмет көрсету аумағы бiр ғимаратпен немесе кешенмен шектелген болса, есепке қою талап етiлмейдi.  
      Ескерту. 12-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.     

13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтата тұру және тоқтату     

1. Бұқаралық ақпарат құралын  шығару (эфирге шығару) меншік иесінің  немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.  
      2. Басылымдардың бір немесе бірнеше нөмірінің шығарылуын, сондай-ақ радио және теледидар бағдарламаларының эфирге шығуын, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын уақытша тоқтату, тоқтата тұру деп түсініледі. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтату тұру үш айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.  
      3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты үгіттеу немесе насихаттау, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнiмдердi көрсету, осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 3-2-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 14-бабының 3-1-тармағының, 15  және  16-баптарыныңталаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұруға негіз болып табылады. 
      4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсiздiгіне нұқсан келтiрудi, соғысты насихаттау және үгiттеу, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттау, сондай-ақ белгiленген мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру себептерiн жоймау бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтатуға негіз болып табылады. 
      5. Меншік иесінің не соттың шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.  
      Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтату оны есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға әкеп соғады. 
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 67-ІІІ (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 

3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату     

14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату      

1. Бұқаралық ақпарат құралдарын  таратуды меншік иесінің шешімі  бойынша оның өзі не шарт  негізінде немесе өзге де заңды  негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ  ұйымдар мен азаматтар жүзеге  асырады.  
      2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тек қана мөлдiр ораммен буылып-түйiлген күйiнде және бөлшек саудада соған арнап әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатуға жол беріледі, олардың орналасқан жері мен ондағы сату ережелерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.  
      Порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы радио, теледидар бағдарламаларының эфирге шығарылуына, сондай-ақ кино және бейне өнiмiнiң көрсетiлуiне, қатiгездiк пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады.  
      3. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады. 
      Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалау темекі шегушіліктің алдын алу мен оны шектеу туралы және жарнама туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. <*> 
      3-1. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радио бағдарламаларын ретрансляциялау телерадио хабарларын тарату арналары арқылы берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң: 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап елу процентiнен, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жиырма процентiнен аспауға тиiс.  
      Бұл талап кабелдiк және эфирлiк-кабелдiк теледидарлар тарататын хабарларға қолданылмайды. 
      4. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралы таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттiк органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшіне енген шешімi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi. 
      Ескерту. 14-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181, 2003.12.19. N 509 Заңдарымен.     

15-бап. Шығарылым деректерi     

1. Мерзiмдi басылымның әрбiр шығарылымында  мынадай мәлiметтер болуға тиiс: 
      1) бұқаралық ақпарат құралының атауы; 
      2) бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi; 
      3) бас редактордың (редактордың) тегi және аты-жөнi; 
      4) есепке қою туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi және оны берген органның атауы; 
      5) басылымның мерзiмдiлiгi; 
      6) бұқаралық ақпарат құралының рет нөмiрi мен жарық көрген күні; 
      7) таралымы; 
      8) баспахананың атауы, оның мекен-жайы және редакцияның мекен-жайы. 
      2. Бұқаралық ақпарат құралы эфирге әрбiр шыққан сайын, ал үздiксiз хабар таратқан жағдайда тәулiгiне кемiнде төрт рет өзiнiң атауын жариялап отыруға мiндеттi. 
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.     

16-бап. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi даналары мен теле- және радиохабарлар материалдарын сақтау     

1. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi  тегiн даналарын, соның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарын олар әзiрленген күнi бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi немесе оның тапсыруы бойынша үшiншi тұлға Ұлттық Мемлекеттiк кiтап палатасына, Ұлттық кiтапханаға, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң кiтапханасына, уәкiлеттi органға жiбередi.  
      2. Бұқаралық ақпарат құралдарының (теледидар, радио хабарларын тарату) редакциялары эфирге шығарған өз хабарларының жазбаларын бiр ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өздерiнiң эфирлiк жұмысының тіркеу журналында көрсетуге және оны соңғы жазба жасалған кезден бастап кемінде бір жыл сақтауға міндетті. Тарихи немесе мәдени жағынан құнды жазбалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сақталады. 
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтармен және ұйымдармен қатынасы     

17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар     

1. Редакция пайдаланылатын  туындыларға құқықты, оның ішінде интеллектуалдық меншікке авторлық және өзге де құқықтарды сақтауға міндетті. 
      2. Оқырмандар хаттарын жариялау кезінде олардың мәтінін қысқартуға және оның мазмұнының мағынасын бұрмаламай редакциялауға жол беріледі. 
      3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралы редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға ешкімнің де міндеттеуге құқығы жоқ.     

18-бап. Ресми хабарлар     

1. Мемлекеттік органдардың ресми  хабарлары бұқаралық ақпарат  құралдарында Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес орналастырылады.  
      2. Мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, олардың меншік нысанына және кімге қарайтынына қарамастан, өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатынынан басқа ақпаратты тең шарттарда беруге міндетті.  
      2-1. Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып отырған ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге не беру мерзiмiн немесе беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жауабын беруге мiндеттi.  
      Қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.  
      Бұқаралық ақпарат құралынан қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн мемлекеттiк органдарға немесе өзге де ұйымдарға өтiнiш келiп түскен жағдайда, осы өтiнiш бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей тиiстi органдарға жiберiлiп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабарлануға тиiс.  
      3. Сұралып отырған мәліметтерді беруден бас тартылуға бұқаралық ақпарат құралының өкілі мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығына қысым жасайтын заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға арналған заңда көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға, ал одан соң сотқа шағым жасауы мүмкін.  
      Ескерту. 18-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.     

19-бап. Теріске шығару құқығы     

1. Азамат немесе заңды тұлға  өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді, егер мұндай мәліметтер таратушы олардың шындыққа сәйкестігін дәлелдемесе, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы.  
      2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.  
      Егер аталған мәлiметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы адресатқа мiндеттi түрде хабарлануға тиiс.  
      Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгілейдi.  
      3. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.  
      4. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, адiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған болса, олар мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қоса олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.  

5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері      

20-бап. Журналистiң құқықтары     

  Журналистiң: 
      1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;  
      2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;  
      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;  
      4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;  
      5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға; 
      6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге; 
      7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге; 
      8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға; 
      9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға; 
      10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.     

Информация о работе Бұқаралық ақпарат құралдары туралы